Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 23:11, реферат
Осы кағанаттың құрамына енген тайпалык, одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін алапат қақтығыстар мен жойқын соғыстарды басынан кешті. Тұс-тұстан қаумалаған дұшпандардың шапқыншылығынан қорғанған түркі ру-тайпаларының жорықтары қол бастаған ержүрек, дана іскер басшылардың ерлік істерімен, оған тіреу болар ел бірлігімен жүзеге асты. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын кағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды.
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ
2. КӨНЕ ТҮРКІ ДАСТАНДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
er аtym sаgundа ayrsym — ер атым Сағуннан айрылдым немесс ер атам Сағыннан айрылдым.
Оқылған сөйлемнің алғашқы мазмұны қандай да бір азамат өзіне берілген атағынан немесе шенінен айрылғандығын білдіреді, ал екінші варианттағы сөйлемнің мәні бойынша атасы Сағыннан айрылған, қол үзіп қалған деп тұжырым жасауға болады.
Орталық Азия мен Қазақстан
жерлерінен табылып жатқан руникалық
түркі жазбалары Орхон
Орхон-Енесей
жазбасы — Орхон және Енесай өзен бойларында
табылған көнетүркі жазуымен жазылған жазбалар. Оның ішінде әйгілі Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құлпы
Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарының тілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.
Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған.
Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген.
Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмид, т.б. бергенін ХVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.
1893 жылғы қарашаның 25-күні Дания корольдік ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен.
Дәл осы кезде академик В.В.Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей, В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, аударып шықты.
Орхон жазба жәдігерліктерін
ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеген
білікті ғұламалар М.Жолдасбеко
Л.Н.Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп біледі.
Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер. «Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. «Күлтегін» жырының авторы – Йоллығтегін Түрік қағанатының күш қуаты артты, жері барынша кеңіді, ел тұрмысы түзелді. Түрік қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы ерекше орын алады. Ол Елтеріс қаған, Бөгі қаған және Білге қағандарға кеңесші болған. Тоныкөк ел қамын ойлаған ақылгөй, дана қарт. Түрік қағанатына төрт жағынан жау қаптағанда, Тоныкөк ақыл кеңесімен де, тапқыр сөзімен де, батырлық істерімен де қағандарға көмектесіп отырады. Орхон жазба жәдігерліктері ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар. Екіншісі – руна жазуындағы бұл жәдігерліктерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды.
Орхон жәдігерліктерінің ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама қайшы екі түрлі көзқарас орын ала келді. Бірі – Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме дәл жазылған тарихы деп қарады.
Орхон жазба жәдігерліктерінің ішінде «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өзінің идеялық мазмұны, композициялық құрылысы, көркемдік бейнелеуі жағынан қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық жырларының алғашқы үлгілері болып табылады.
Қорытынды
Жазудың пайда болуы қоғамдық қатынастың дамуына әсер етпей қоймайды. Тегінде Орхон жазуының негізгі түрлері құлпытастарға ойылған жазба түрінде сақталған, әсіресе түрік қағандары Білге қағаны, Күлтегін, Тоныкөк басына қойылған құлпытастарда өте-мөте жақсы жазылған.
Тасқа жызылған дастандарымыз баға жетпес асыл мұрамыз. Бұл көне жазба ескерткіштер арқылы басқа этнос өкілдері бізді мойындайды. Сонау 5-6ғ-дан бастап мәдениетіміздің болғанын көрсетеді. Дастандар болмашы дүниелер жайлы немесе қарапайым сөздермен жазылмаған. Ерекше сюжеті, композициялық желісі бар үлкен дүние. Жазба әдебиеттің өсіп-өркендеу процесін, халықтық эпостың табиғатын, сөз өнерінің түп тамырын зерттеп білуде руналық жазба ескерткіштері ғылым үшін аса құнды материал болып табылады. Бұл көне түркі ескерткіштеріндегі жазбалар жастардың өмір тануына, өзінің арғы тегін білуіне, елін, жерін сүйуге тәрбиелейтін асыл арналардың бірі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
[1] Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті.- Алматы: Атамұра ,2005.-336 бет.
[2] Жолдасбеков М. Шын мен шыңырау. Оғамдық-саяси басылым.-Астана,2002.-328бет.
[3] Қыраубайқызы А. Ежелгі әдебиет. – Алматы: Қазақ университеті. 1999.
[4] Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, Алматы, Қазақ энциклопедиясы, 1998 ж. 5-том
[5] www.abai.kz