Латн тлн мадени магынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2014 в 10:54, реферат

Описание работы

Ежелгі тілдер жайлы сөз қозғалғанда, ең алдымен еске латын мен грек тілдері келеді. Әрине, грек тілінде және оның әртүрлі диалектлерінде гректер сөйлейтіні түсінікті, ал латын тілі римдіктердің тілі болды. Бұнда енді: «неге римдіктер латын тілінде сөйледі?»-деген сұрақ пайда болады.
Латын тілі (Linqua Latina) – бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі. Лация – сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды.

Содержание работы

 Кіріспе
Латын және көне грек тілдерінің шығу көздері.
 Негізгі бөлім
Медицина ғылымы мен терминологияның дамуына
қосқан көне ғалымдардың (Гиппократ, т.б.) үлесі.
Әдеби латын тілінің дамуындағы кезеңдері.
Латын тілі – ұлы ақындардың тілі
 Қорытынды
Латын тілінің жалпы мәдени (гуманитарлық) мағынасы.
V Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Латн тлн мадени магынасы..docx

— 27.08 Кб (Скачать файл)

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

 

 

 

 

 

Латын тілі және қазақ тілі кафедрасы

 

CӨЖ

Тақырыбы: Латын тілінің мәдени мағынасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              

                                                             Орындаған: Ганиев Н

                                                             Тобы: 101 «а» MIK

                                                         Қабылдаған: Кудайбергенова Ж

 

 

 

Шымкент 2014

 

Жоспар

 

I Кіріспе

Латын және көне грек тілдерінің шығу көздері.

II Негізгі бөлім

Медицина ғылымы мен терминологияның дамуына

қосқан  көне ғалымдардың (Гиппократ, т.б.) үлесі.

Әдеби латын тілінің дамуындағы кезеңдері.

Латын тілі – ұлы ақындардың тілі

III Қорытынды

Латын тілінің жалпы мәдени (гуманитарлық) мағынасы.

IV  Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ежелгі тілдер жайлы сөз қозғалғанда, ең алдымен еске латын мен грек тілдері келеді. Әрине, грек тілінде және оның әртүрлі диалектлерінде гректер сөйлейтіні түсінікті, ал латын тілі римдіктердің тілі болды. Бұнда енді: «неге римдіктер латын тілінде сөйледі?»-деген сұрақ пайда болады.

Латын тілі (Linqua Latina) – бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі. Лация – сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды.

Грек тілімен қатар латын тілі Еуропаның ежелгі мәдениетті халықтарының  тілдері қатарына жатқызылады. Жалпы тараған лингвистикалық классификация бойынша латын тілі өлі (яғни қазіргі кезде қолданылмайтын) италийлік тілдерге жатады. Италилік тілдер қатарына Италияда б.з.д І ғ. екінші ширегінен б.з І ғ. аралығында мекендеген ежелгі италилік тайпа тілдері жатады (тарихқа мәлім оск, умбр, сикул және т.б). Өз кезегінде италилік тіл үндіеуропалық тіл тобына жатады, сонымен қатар бұл топқа грек тілі, үнді тілдері, ирандық, славяндық, балтық, германдық және т.б тілдер жатады. Латын тілінің атауы Тибр өзенінің төменгі ағысында орналасқан Лациум (Latium) тарихи аймағында мекендеген ежелгі италилік латын тайпасымен тығыз байланысты. Лациумнің орталығы б.з.д VIII ғ. латын тайпасы негізін қалаған Рим қаласы болды. Оның негізін латындар мен сабиндік ауылдардан тұрған, ал саяси және мәдени жағынан гректер мен этрускілер үстемдік етті. Б.з.д 753 жылы Римнің қалыптасқан уақытында мемлекеттің басты құрамын италиктер құрап, екі диалектикалық топ – латын - фалилік және оск - умбрилік топтарды қалыптастырылған-ды. Латындар алғашында ежелгі Лация территориясында өмір сүрген, оның шекаралары-Тибр және Аниен өзендері, Апенин, Вольск таулары мен Тиренн теңіз аралығы.Римдік жаулап алу соғыстары кезінде олардың тілі бүкіл Италияға, кейін бүкіл антик әлеміне тараған. Латын хаты ежелгі римдіктермен пайдаланылып, Батыс Еуропа халықтарының көптеген хаттарының негізі болған. Латын алфавиті алғашқы уақытта көп түрлі алфавиттердің бір түрі еді, ал финикилік алфавитті гректер мен басқа халықтармен қабылданып алудың нәтижесінде қалыптастырды. Латын жазуын  батысгректік жазуға жақын және шығысгректік ионилік алфавиттен ерекшеленетін этруск  алфавиттерінің бірі де қолданылған. Көптеген әріптердің жазылуы аталып кеткен алфавиттерде өзгеріссіз сақталса, осы әріптердің дыбыстық мағынасы өзгеріске ұшырағаны байқалады. Латын алфавиті ежелгі грек алфавитіне ұқсас келеді. Антикалық тарихи әдепке сәйкес жазу өнері Лациумге гректермен Пелопоннестен әкелінген, олар Рим орталығында орналасқан Паланиге көшіп қоныстанған. Латын алфавиті мен жазуы пайда болуының әртүрлі нұсқалары бар. Ең кең таралған нұсқаларына сәйкес латын жазуы б.з.д ІХ ғ. қалыптасқан грек алфавит жазуының негізінде жасалған. Себебі Италияның оңтүстік бөлігінде бұрыннан көптеген грек қалалары мен тұрғылықты аймақтары орналасқан және гректер мен латындар арасында мәдени байланыс ерте орнатылып, тұрақты болған. Мысалы,Рим қаласының маңында орналасқан Габий қаласында да грек мәдениеті үстемдік етіп, онда антикалық аңыздарға сәйкес келешек Римнің негізін қалаушылар – Ромул мен Рем сауат алған. Әрине,латын жазбасы «тез» пайда болды деп айтуға болмайды, тіл қалыптасу жолында барлық процестер ұзаққа созылады, кейде көптеген мыңжылдықтар аралығында қалыптасады, латын тілі мен латын алфавиті де баяу және өз ретімен дамыды.

Б.з.д ІІІ ғ. бастап Римнің экономикалық және саяси жағдайы жоғарлай бастайды. ІІІ ғ. аяғында Орталық қала Лациум өз билік астына италиялық қалалармен аймақтарды біріктірді. Үш Пуни соғысы (ІІІ ғ.орт. –ІІ ғ. орт.) нәтижесінде римдіктер Батыс Жерорта теңізі мен Карфагенді өзінің мықты қарсыластарын жеңген. Б.з.д І ғ. аяғында Римнің қол астында бүкіл Жерорта теңізі, Испаниядан Грецияға, Азия мен Египетке дейін, қазіргі Франция территориясы, Англия мен Германиянің кейбір бөліктері және т.б жерлер енген. Кейінгі дәуірлерде империялық Рим мемлекеті жоғарғы билікке ие болды. Италиянің бірігуі нәтижесінде латын тілі римдік мемлекеттің ресми тіліне айналды. Әртүрлі халықтарға жататын және әртүрлі тілде сөйлейтін Италия аймақтарындағы тұрғындар римдік азаматтықты алып, өзінің біріккен  тұтас мәдениетінің бір бөлігі ретінде сезді.

Латын тілі  бүкіл Апенин түбегіне тараған, кейін тіпті Галия мен Испания халқымен қабылданып алынды.

Латын алфавитінің қазіргі бізге үйреншікті аяқталған түрі б.з.д  VI-ІІІ ғ.ғ қалыптасқан. Латын жазбасының алғашқы ескерткіштері (тастағы және әртүрлі нәрселердегі жазбалар) ежелгі грек жазуымен туыстығын көрсететін архаикалық әріп жазбасымен ерекшеленді. Көптеген ежелгі латын жазбалары жазуды оңнан солға қарай жазған, тек б.з.д ІV ғ. жазу сол жағынан оңға қарай бағытталып тұрақты орнатылды.

Римнің ежелгі жазу ескерткіштерінің  көбі жоғалған, олардың мазмұны туралы пікір тек ежелгі авторлардың шығармаларында кездеседі. Ежелгі Римде медицинанның дамуына ерекше көңіл аударды. Тит Лукреций Кардың 6 кітаптан тұратын «Табиғи заттар» трактаты сол уақыттағы энциклопедия және Рим халқының философия, медицина, табиғат білімі саласында алдыңғы көзқарастарды бейнелейді. Лукреций еңбегінде медицина сұрақтарына  біліктілікпен жақындайды. Өте ұсақ қозғаушы бөлшектер, атомдар, тірі организмнің ауыр құрылысы, бірте-бірте өсімдік және жануар әлемінің дамуы, организмдердің өзгешелігі және белгілердің мұрагерлікпен берілуі, организмдердің бейімделмей қырылып қалуы туралы ойын айтады. Кейбір ауруларға өте дәл сипаттама береді. Лукрецийдің алтыншы кітабында жұқпалы аурулар, олардың пайда болуы туралы баяндалады да аурудың пайда болу концепциясын ұсынылады. Ол су, тамақ және басқа заттар арқылы жұғу мүмкіншілігі бар екеніне назар аударады, өзіне айқын емес нұсқауларды белгілеу арқылы, инфекция туралы айтады.

Рим медицинасы туралы толық мағлұмат Авл Корнелий Цельс еңбегінде беріледі. Еңбектердің едәуір бөлігі құрып кетіпті, бізге жеткені «Медицина туралы» деген атпен VI-XIII кітаптары. Онда гигиена, патология, терапия және хирургия білімдері туралы баяндалған. Цельс ежелгі гректер, александрлықтар және үнді дәрігерлерінің еңбектерін толық қарастырып талдап қорыттынды жасаған. Әсіресе Цельс хирургияға көп көңіл бөлген, өзі де дәрігерлік тәжрибемен айналысқан, құлдарды емдеген. Оның трактаты медицина терминологиясының дамуына өте маңызды табыс енгізді, ал шығармаларының тілі – классикалық. Плинийдің айтуы бойынша, бұл «алтын латын тіл» заманы.

Бірінші рет медециналық терминдерді Гиппократ қолданды. Грецияда дәрігерлерді дайындайтын мектептер болған. Кіші Азия, және Кос қалаларындағы мектептер әйгілі болды. Кос аралығындағы мектептің әйгілі өкілдерінің бірі Гиппократ (б.ғ.д. 460-377).

Гиппократ құлиеленушілік дәуірдегі атақты дәрігерлердің бірі Гиппократтың отаны Кос аралы болып табылады. Барлық туыстары 18 ұрпақ бойы медицинамен айналысты. Олар өздерінің тәжірибесін ұрпақтан ұрпаққа беріп отырды. Гиппократ медицинаны діни сенімнен арылтып, медициналық бақылауды жүйелеп оған философиялық түсініктеме берді. Гиппократ бірінші рет организмнің сыртқы ортамен байланысын көрсетті. Ол адам организміне тағамның судың, ауаның әсерін зерттейді. Гиппократтың айтуы бойынша адам организмде 4 маңызды сұйықтық болады деп есептеді: қан, шырын, сары және қара өт. Осы көрсетілген сұйықтардың біреуінің өзгеруі ауруға алып келеді. Дәрілік заттардың осы сұйықтарға әсер етуімен байланысты. Сұйықтардың организмде біреуінің мысалы, қанның артық мөлшерде болса – сангвиниктер, сары өт – холериктер, шырындар – флегматиктер, қара өт – меланхоликтер. Сұйықтардың көлемі сыртқы ортаның факторларына байланысты. Сонымен қатар Гиппократ  гигиенаға, уақытқа және т.б. өте көңіл бөлді.

Гиппократтың терапевтік жүйесінде негізгі орынды диета, диеталық емдеу алып жатыр. Ол дәрілік емдеуге де қарсы болмаған, ол өзінің аз ғана сыналған дәрілер жиынын қолданған Гиппократ дәрітануға көп мән берген. Дәрілер олардың жай қасиеттері, егер осылар сипатталса, сен оны тек есте жақсы сақтауың керек. Олардың ішінен сен ауруларды емдеуге болатынын барлығын меңгеруің керек, яғни олар қалай және қанша мөлшерде қай ауруды қолданылатынын білуің керек. Өйткені дәрі танудың басы, ортасы және соңы осы болып табылады.

Гиппократ шөппен емдеуге де көп көңіл бөлген. Ол дәрілік зат табиғатты жақсы жағдайда сақтауға ұмтылған, сондықтан оларды сақтаудың әдістерін анықтаған, оны антикалық дәріханалардағы қазба жұмыстары дәлелдейді. Ол өсімдік сығылған шырындарды шыны ыдысты беруді (сақтауды), жапырақ, гүл және тамырлардың балшықтан жасалған банкада сақтауды ұсынған, т.б. Гиппократ кезінде емделу үшін кеңінен өсімдіктер және жануар текті заттар қолданылған. Өсімдіктер ішінен горчичник, анар, қауын, шайқұрай, золототысячникті, ирис, майкене, қалақай, жуа (пияз), мак аюқұлақ, жалбыз, анепаны, қарағай, асқабақ, сарымсақ, шатыраш (шалфей), т.б. барлығы 230 жуық өсімдік кездеседі.

Жануар текті дәрілік заттардан қой майын, бұқа майын, үйрек майын, қаз майын және сонымен қатар қамбала балық майын, кифаль, окунь майларын т.б. қолданған.

Гиппократ уақытынан бізге дейін медициналық мазмұнды шығармалары жетті. Ол «Гиппократтың жинағы» деп аталып ішінде 70 жуық дәрілер жинағы бар. Үлкендердің ауруларымен қатар Гиппократ педиатрия балалардың ауруларына көп назар аударған. Гиппократтың педиатрияда қалдырған мұралары ежелгі дәрігерлердің ары қарай жұмысына өз әсерін тигізді. Орта ғасырдың европалық дәрігерлері, Шығыс елдері өкілдеріне, Ибн-Сина және т.б. қайта өрлеу дәуірі дәрігерлеріне өз әсерін тигізді.

Атақты дәрігер антында Гиппократ дәрігер мен ауру арасындағы арақатынасты, сонымен қатар дәрігерлердің бір-бірінің арасындағы (өзара) қатынастарын анықтаған. Біршама өзгерген түрде бұл міндет қазіргі уақытқа дейін көптеген елдерде медициналық факультет бітірген дәрігерлер анты және бүкіл халық алдындағы міндеттемесі ретінде қалып отыр.

Ежелгі дәуірдің дәрігері Галеннің  арқасында медицина қызметінде дуализм жарық көрді. Гален медицина саласындағы 125 еңбектің авторы (бізге тек 80 жетті). Ең маңыздысы: «Адам  денесіндегі  бөліктердің  қызметі», «Анатомия  туралы», «Терапевтік  әдістер», «Ауру  денелердің  бөлшектері», «Дәрілердің  құрамы туралы». Галеннің  бірнеше еңбектері  «Гиппократтың  жинағымен» таныстырды. Гален Александрияға келгенде, онда  адамдар мүрдесімен жұмыс істеу тоқтатылғандықтан, ол маймылдар, шошқалар, иттер  мен  тағы  басқа жануарларды  зерттеумен айналысты. «Анатомиялық бұлшық еттер туралы» трактатта  300  бұлшық ет бар екені баяндалған, олардың ішінде адамдарда болмағандары да бар. Галеннің анатомия жүйесін, сүйектерді, сіңір, бұлшық еттерді, ішкі  мүшелерді, әсіресе жүйке жүйесін сипаттауда қызметі зор. Ол бас миы және  жұлын бөлімдерінің құрылысын  түсіндірді. Жүректің анатомиялық құрылысын, күре  тамырдың ағу жолын дұрыс түсіндірді. Жүректің қоршауын қанға өткізгіш деп санады. Бұл дұрыс емес көзқарас XVI  ғасырға дейін дұрыс деп саналды.

Гален  дәрігерлік  тәжрибемен  кең  шұғылданды, тәжірибелі  хирург болды және анатомияның фундаменті хирургия – деп  санады.

Галеннің айтуы  бойынша, механикалық  және  физико – химиялық табиғи шикі зат өңдеу арқасында, бірнеше дәрі – дәрмек  тобы пайда болады, бүгінгі  уақытқа  дейін дәрі – дәрмектер  «Галеннің  препараты»  деп  аталады.

Б.з.б. I ғасырдың аяғында көп жерлерді жаулап алған Рим үлкен мемлекет боп саналды, оның жерлері Британия және Испаниядан басталып Кіші Азия және Египетпен аяқталды. Осы үлкен территорияны ежелгі республика заңымен емес, басқаша басқарды. Рим империясы V ғасырға дейін өмір сүрді; осы уақытта еуропалық өркениетінің негізі салынды.

Б.з.д Ш  ғасырда «Рим әлемі» орнатылды, онда латын тілі мемлекеттік тіл ретінде болды. Негізі - әдеби латын тілі болды. Латын тілінің дамуын 3 кезеңге бөлуге болады. Латын тілінің әдеби нормасы рим жазушылары мен ақындардың шығармаларында белгіленген. Гүлдену кезеңді классикалық немесе «алтын латын» деп атайды. Бұл кезеңде бай лексика философиялық, саяси, ғылыми және техникалық мәселелерді суреттейді. Классикалық тілдің әдемілігі үлгі.

Одан кейінгі классикалық («күміс») латын тілі - б.з. I-II ғасырларында дамыған. Бұл уақытта әдеби тілдің фонетикасы мен морфологиясы қалыптасты. «Күміс» латын тілі кезінде стилистика тереңдетіле зертеліп дамуда болды.

«Алтын» және «Күміс» кезеңдерінде латын тілі бір қалыпты дамыды. Бірақ латын тілінің дамуы ауыр жолмен кетті, сол себептен таза классикалық тілді жоғалтты.

Б.з. II – VI ғасырларында латын тілінің үшінші, соңғы (поздняя латынь) кезеңі дамыды. Халық тілі мен жазу латын тілінің арасындағы айырмашылық кетті. Рим империясы құлағаннан кейін латын тілі роман тілдерінің дамуына себеп болды. Жазуда латын тіліне жаңа сөздер еніп, XVIII ғасырға дейін Ватиканның саяси және ғылыми тілі болды. Ботаника және медицинада латын тілінде жазулар жазылды.

Біздің заманымыздың басында Рим мемлекеті үлкен жерге ие болды, сондықтан романизация басталды. Үшінші кезеңнің ерекшелігі - әдеби және халық сөйлеу тілдерінің бір-бірінен айырылуы. Бұл жүйе Рим аймақтарында ерте басталды. Мысалы, Солтүстік Африкада б.з. I-II ғасырларында латын тілінде сөйлеу бөлек қалыптасты. Библия латын тіліне аударылып «Вульгата» деп аталды.Үлкен жерлердің басып алынуы 400 жылдай болды, бұл уақытта сөйлеу латын тілі көптеген өзгерістерге ұшырады. Сондықтан бұл кезеңнің тілін – ережеге сай жатпайды деп атауға болады.

Классикалық білім салт – дәстүрі негізгі орын алады. XIX ғасырда Ресейде бір қатар классикалық гимназиялар болды, оқуы Еуропаға ұқсады.

Әлем мәдениетінде латын поэзиясы үлкен орын алады.Ұлы латын ақындардың шығармалары мәдениеттің негізі болды. Гуманитарлық білімнің шарты - латын поэзиясын білу. Латын поэзиясының гүлденуі - б.з.б. I ғасыр. I ғасырдағы Лукреция және Катулл ақындарының шығармалары түгелдей бізге жетті.

Гай Валерий Катулл (б.з.б. 87-54 жылдары өмір сүрген) лирикалық бағыттың ақыны. Катуллдың 116 өлеңі бір жинаққа жиналды. Катулл әр уақытта сүйікті ақын боп қала берді. Оның белгілі жолы «Odi et  amo» («Жек көремін және сүйемін») мақал-мәтелге айналды. Ең атақты рим ақындары – Вергилий, Горации және Овидий болды.

Публий Вергилий Марон (б.з.б. 70-19 жылдары өмір сүрген), ол эпос жанрының ірі уәкілі болды. Оның шығармалары «Буколики» немесе «Эклоги». Ең басты шығармасы - «Энеида», ұлттық рим эпосына айналды. Осынан біз белгілі жолдар табамыз: «Сенің, римдық борышың – бүкіл халықтарды билеу! Міне өнерің сенің: әлем құқығын жазу,  берілгендерді аяу ...». Ол ұлы Еуропа ақындарына үлгі болды.

Квинт Гораций Флокк (б.з.б.65-2 жылдары өмір сүрген) лиро-эпостық және сатира жанрының уәкілі. Гораций Еуропа мәдениетінің классикалық ақыны болды - өмірдің ұстазы.

Публий Овидий Назон (б.з.б.43ж.-б.з.18ж.) элегия және эпос жанрының уәкілі. Овидий махаббат лирикасы туралы элегия жинағын және монументалдық поэмалар жазды. Латын поэзиясының әлемі өте бай. Лукреция, Катуллдан кейін Лукона, Перана, Стация, Марциала аттары шықты.Уақыт келе жата классикалық латын тілінде қарапайым халық сөйлескен жоқ. Ол «өлі тіл» деп аталды. «Дұрыс» айтылуы да ұмытылды. «Өлі тіл» жоғалған жоқ, оны әдебиетте, ғылымда, философияда қолданды.Латын тілі қазіргі уақытта да ең маңызды мәдениет саласына жатады.

Информация о работе Латн тлн мадени магынасы