Латн тлн мадени магынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2014 в 10:54, реферат

Описание работы

Ежелгі тілдер жайлы сөз қозғалғанда, ең алдымен еске латын мен грек тілдері келеді. Әрине, грек тілінде және оның әртүрлі диалектлерінде гректер сөйлейтіні түсінікті, ал латын тілі римдіктердің тілі болды. Бұнда енді: «неге римдіктер латын тілінде сөйледі?»-деген сұрақ пайда болады.
Латын тілі (Linqua Latina) – бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі. Лация – сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды.

Содержание работы

 Кіріспе
Латын және көне грек тілдерінің шығу көздері.
 Негізгі бөлім
Медицина ғылымы мен терминологияның дамуына
қосқан көне ғалымдардың (Гиппократ, т.б.) үлесі.
Әдеби латын тілінің дамуындағы кезеңдері.
Латын тілі – ұлы ақындардың тілі
 Қорытынды
Латын тілінің жалпы мәдени (гуманитарлық) мағынасы.
V Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Латн тлн мадени магынасы..docx

— 27.08 Кб (Скачать файл)

Католик шіркеуі латын тілін ресми тіл орнына пайдаланады. Латын тілінде Ватиканның құжаттары жүргізіледі және рим папасының хаттары жазылады. Католик шіркеуінің әр қызметшісі латын тілін білу керек.

Медицинада латын тілі анатомия мен фармакологияның халықаралық терминологиясы ретінде және шипашақ (рецепт) жазуына пайдаланады. Латын тілін білгендіктен әртүрлі әлем мемлекеттің дәрігерлері бір – бірін жақсы түсінеді. Медициналық шығармалар латынша жазылған.

Анатомия мен фармакологияда латын тілі жеке орын алады. Адамның мүшелерінің әр қайсысы латын тілінде аталған. Дәрілердің атаулары да латын тілінде.

Латын тілін ғылым саласында пайдалынады, көбінесе ботаника және зоологияда. Батыс Еуропада латын тілі сабақтары жоғары білім орындары мен орта білім орындарында өткізіледі. Англия, Франция, Италия және Германияда ХVІІІ-ХХ ғасырларда классикалық филологиясы көне тілдер және әдебиет туралы ғылым  үлкен гүлденуіне жетті. Бүгінгі уақытта бұл білім аумағы өте белгілі. Көне Рим әдебиеті.Көне Рим әдебиеті - антикалық әдебиеттің екінші бөлігі, б.д.д. ІІІ ғ. ортасында Жерорта теңізінің батыс жағалауында, Италияда өркендей бастайды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен байланысты болды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен бірге дамыған, бірақ ол латын тілінде шығарылды, себебі Рим латын тайпаларының орталық қауымы болды. Римде құл иеленушілік қоғамның дамуы Грекия қоғамының дамуындай болды. Рулық құрылыстың күйреуі, құлиеленушіліктің өркендеуі, таптық қоғамның пайда болуы, құлдардың еңбегіне негізделген өндіріс, полистің (қала-мемлекет) дамуы мен күйзелісі – осының бәрі Грекия мен Римге тән болған. Экономикалық және саяси дамудың ұқсастығы болғанымен, Рим тарихының көптеген ерекшелігі болды. Ол тарихи және географиялық жағдайларға байланысты болды. Рим құрып жатқан Грекияның орнына келді. Римде грек қоғамының өтіп кеткен өмірі қайталанады, бірақ ол күрделі және өзге түрде болады. Рим әдебиеті өзінің сұрақтарына дайын жауаптарды грек әдебиетінен тауып тұрды. Грек тарихының әр кезеңдерінде пайда болған дүниетану мен идеология рим қоғамының дамуына пайдаға асты. Римдіктер өз мәдениетінің әр түрлі салаларының (философия, дін, өнер, әдебиет) дамуына гректерден материал алып пайдаланды. Римдіктер гректерден алған материалды өздерінің тарихына, идеологиясына, жергілікті мәдениет пен салт-дәстүрлеріне байланысты дамытты. Рим әдебиеті грек және Батыс Еуропа әдебиеттері арасына байланыс жасады. Қайта өркендеу дәуірінде де, XVII-XVIII ғғ.да антикалық әдебиет тек рим әдебиеті арқылы танымал болды. Сол кездерде грек драматургтары Эсхил, Софокл, Еврипидтен гөрі рим драматургы Сенека танымал болған, ал еуропалық эпостан Гомердің поэмалары емес, Вергилийдің «Энеидасы» көбірек танылған. XVIII ғ. ғана грек әдебиетіне көңіл бөлінді, ал ХІХ ғ. рим әдебиетін дұрыс бағаламай, таза еліктеу әдебиеті деп қараған. Екі әдебиеттің көп ұқсастығы болса да, жас рим әдебиеті ерте дамыған грек әдебиетінен тәуелді болса да, рим әдебиеті грек әдебиетінің жәй көшірмесі емес. Оның да көп өзгешелігі бар. Рим әдебиеті грек әдебиетінің жанрларын пайдаланып, оларды өзгертіп, жаңа түрде дамытты. Мысалы, грек трагедиясында хордың қатысуы міндетті болды, ал рим әдебиетінде оның қажеттілігі болған жоқ. Рим әдебиетінің дамуы, оның «алтын дәурі», Рим империясының пайда болуы мен күйреуі антикалық әлемнің дамуының соңғы кезеңіне келді. Рим әдебиетінің кезеңдерге бөлінуі әдеби латын тілінің дамуымен сәйкес келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. М.Н. Чернявский Латинский язык и основы фармацевтической терминологии. М.: Медицина, 2007

2.  Ботвинник М.Н., Рабинович М.Б., Стратановский Г.А. Жизнеописание    знаменитых греков и римлян: книга  для учащихся. – М. : Просвещение, 1988. – 205 с.

3.  Винничук Л. Латинский язык: самоучитель для студентов гуманитарных факультетов университетов и педагогических вузов. –  М. : Высшая школа, 1980.

4.  М.Н. Чернявский Латинский язык и основы медицинской терминологии.М.: Шико, 2007.

5. Интернет Google.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Латн тлн мадени магынасы