Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2015 в 20:04, реферат
Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмыныңЖасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.
РЕФЕРАТ
Махамбет Өтемісұлы
Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмыныңЖасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.
Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан.
Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен
көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың
бірі. Ол өзі туып өскен өңірдіңҚамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Ша
1836—38 ж. И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі.
Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жұзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады.
Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Х
Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы
Қысқаша өмірбаяны
Махамбет Өтемісұлы (1803, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы - 20.10.1846, қазіргі Атырау облысы, Индер ауданы,Жарсуат ауылы Қараой жерінде - ақын, күйші, Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің (1836 -38) көсемі әрі жалынды жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, орысша оқыған. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған.
Махамбет шығармалары
Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің
рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар
қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында
ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті
сақтап қалуға тақырлы. «Мұнар күн» жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты
ашына айтты. «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен,
зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ
асынбай», «Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың
баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара
нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі
- сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей
ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық
қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі
терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында. Ақын өлеңдерінің
басты қаһарманы Исатай батыр. «
Махамбет күйлері бізге калай жетті?
Халел Досмұхамедұлы Махамбетті «алып ақын, домбырашы» десе, 1937 жылы Мұхтар Әуезов «Махамбет әрі батыр, әрі ақын-жырау, әрі домбырашы» деп жазған.
Махамбет күйлері бүгінгі күнге дәл өзінің тағдыры секілді қиыншылықтармен жетті. Махамбет күйлерін іздеп тауып, оны ғылыми айналысқа түсірген ғалым-жерлесіміз Нәубет (Нығмет) Көшекбаев. Ол ҚазМУ-да ұстаздық еткен, тарихшы.
Махамбет күйлерін алғаш орындаған-Қанаш Иманбаев. Орал облысы-ң Тайпақ ауданындағы Котельников совхозының қарапайым шопаны екен. Ұлы Отан соғысына дейін елдегі белгілі күйшілердің бірі болған Қ. Иманбаев майданда контузияға ұшы-рап, көптеген шығармаларды жадынан шығарып алады. 25 жыл қатардағы милицио-нер қызметін атқарады. Зейнеткерлікке шығып, бір қора қой алып баққан Қанаштың құлағына самал желдің әсерімен Махамбет күйлері қайта оралады. Кейін Қ.Иманбаев-тың Махамбеттің 7 күйін орындаған грампластинкасы шығады.
- Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Қаршыға Ахмедьяров Махамбет күйлерін нотаға түсіріп, өзі өңдеп,сахнада орындады.
- Махамбет күйлерін оркестр нотасына түсірген, Қазақстанға еңбегі сіңген қай-раткер, профессор, Құрманғазы атындағы мемлекеттік ұлт-аспаптар оркестрінің Бас дирижері Айтқали Жайымов. Махамбет күйлерін оркестрге түсіру үшін қаржы ізде-генде, бұрын ел басқарған, елімізге жеке еңбегімен үлес қосып жүрген «Анако» ком-паниясының президенті Сағат Қашқынұлы Түгелбаев мырза қолұшын беріп, өз қар-жысына Махамбет күйлерін оркестрге түсіртті.
™КЕЙБІР КҮЙЛЕРІ
žЖайық асу
žЖауға шапқан
Мінгені Исатайдың Ақтабаны-ай
žҚайран Нарын
žҚиыл қырғыны
žӨкініш
žШілтерлі терезе
žЖұмыр қылыш
ЖҰМЫР-ҚЫЛШ
Исатай өлгеннен кейін жалғыз қалған Махамбет тағы да күш жинап, ханнан кегін алу үшін Жайық бойындағы Байбақты еліне барады. Ол жақта Жұмыр (шын аты Садыр) және Қылыш деген батырлармен кездесіп, жолдас болады. Жасырынып жүрген, жанына екі батырды ерткен Махамбет Байбақты ауылы-ның төрелерімен отырған Баймағамбет Айшуақовтың үстінен түседі. Баймағамбет сұлтан Махамбетті ұстауға әрекет жасайды. Сол кезде Жұмыр мен Қылыш оны арашалап, ұстатпай, топтан аман алып кетеді. Махамбет осы оқиғаға байланысты «Жұмыр – Қылыш» күйін екі батырға арнаған.
Махамбе Өтемісұлының қанатты сөздері
Батыр болмақ - ойдан-ды.
Туған ұлдан не пайда - қолына найза алмаса,
атаның жолын қумаса.
Махамбет Өтемісұлы
Жауда қалса жолдасы - мақтанады несіне ер?!
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға.
Хас үлектен туған кәтепті,
Қара нар керек біздің бұл іске.
Махамбет Өтемісұлы
Ханнан қырық туғанша, қарадан біреу
тусайшы, атаның кегін қусайшы!
Махамбет Өтемісұлы
Ақсүйектің баласын қара ұлына теңгеріп, қоңыраулы найза өңгеріп,
Жесірлерге жер бердім, жетімдерге жем
бердім - сол ерліктен не көрдім?!
Махамбет Өтемісұлы
Ермін деген жігітті кеңшілікте сынама.
Халық үшін қан төгем деп,
Қараны ханға теңеп берем деп.
Ол мақсатқа жете алмай,
Дегенімді ете алмай,
Қор болдық-ау, шырақ-ай!
Махамбет
Өтемісұлының өлімі
Осыдан 160 жыл
бұрын, яғни, 1846 жылы 20 қазанда Ақжайық
өңірінде қанды оқиға орын алды. Ол атақты
ақын Махамбет Өтемісұлының жантүршігерлікпен
өлтірілуі еді.
1846 жылы қазан
айында Орынбор қазақтарының батыс бөлігінің
билеушісі, сұлтан Баймағамбет Айшуақов
патшаға адал қызмет етуге берілгендігін
дәлелдеу үшін Махамбетті өлтірудің жоспарын
жасайды. Және де ақынның өзін тірілей
қолға түсіріп әкелген адамға ескі патша
ақшасымен 1000, ал басын кесіп әкелген адамға
500 сом төлейтінін жария еткен. Мұндай
қылмысты жүзеге асыратын адамдар да табылады.
Әнуар Әлімжановтың
кітабында Махамбеттің басын Баймағамбет
сұлтанға алып барғанда Шернияз ақын да
сұлтанның жанында отырғаны жазылады.
Ықылас оны қызыл подносқа салып, бетін
мақпал матамен жауып әкеледі. Сұлтан:
“Қандай сыйлық әкелдің?” деп матаны
қанжардың ұшымен ашып қалғанда, подноста
Махамбеттің басы жатады. Шернияз әуелі
бұл кім деп ойлады ма, ұзақ қарап, ақынның
басын таныған соң, жағалай отырған адамдарды
бір сүзіп өтеді де, айқайлап далаға шыға
жүгіреді.
Ал жазушы Тәкен
Әлімқұлов “Қараой” әңгімесінде ақынның
дүниеден өтер сәтін: “Махамбеттің теңдессіз
үлкен жүрегі тынымсыз дүрсіл қағумен
болды. Жаралы арыстанның ыңыранғанындай,
тұншыққан домалақ дүрсілден Ықыластың
үрейі ұшты. Ол қазықтың қасында жатқан
тоқпақпен Махамбеттің басына ұрды. Махамбет
ақтық рет: “Әуес!” деп, сылқ түсіп, сұлап
қалды”, – деп суреттейді.
Зерттеуші-ғалым
Исатай Кенжәлиев болса “Махамбет Өтемісұлы”
кітабында қанды оқиғадан кейін жендеттер
Махамбеттің үйін тонап, інісі Хасенді,
әйелін, Бетімбай Шөкеұлын Баймағамбетке
алып барғанын жазады. “Бұл тұтқындалған
адамдарды Баймағамбет бір айдай ұстап,
әбден қорқытып жауап алады да, сосын қоя
береді”, делінген. Зерттеуші еңбегінде
жендеттердің ақынның әйелін де өздерімен
бірге ала кеткені анық жазылған.
1847 жылы 27 ақпанда
ақ патшаға адал қызмет еткені үшін сұлтан
Баймағамбет Айшуақовқа генерал-майор
атағы беріледі. Сол жылдың 30 наурызында
сұлтан қайтыс болған. Ел ішінде оның Санкт-Петербургтен
үйіне қайтып келе жатқан жолда Елек өзенінен
өтер кезде опат болғаны туралы әңгіме
бар. Сұлтанды суға батырып өлтірген топтың
басында Махамбеттің досы Асаубай болған
көрінеді. Олар осылай ақын үшін кек алған.