Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2015 в 20:04, реферат
Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмыныңЖасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.
Қорытынды: Ұлы даланың ержүрек батыры, cемсер ақыны Махамбет Өтемісұлының туғанына биыл - 210 жыл.Махамбеттің асыл жырлары мен дауылпаз күйлерін кеңінен насихаттау мақсатында аудандық білім беруді үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен Республикамыздың əр облыстарындағы орта мектептерінде «Махамбет оқулары» өтеді. Қазақ халқының дауылпаз жыршысы Махамбет өлеңдерін жаттауды насихаттау, жас ұрпақты өршіл ақын мұрасын терең игеріп, танымдық мəнін меңгеруге талпындыру. Махамбет поэзиясына деген сүйіспеншілікке тəрбиелеу, жас буынның тарихи танымдарын,
азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана -сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру - сайыстары да өтеді.Мысалы:«Мен — Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!». Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы. ), «Ұлы арман». Махамбеттің күйлерін орындаушылардың конкурсы, «Тартынбай сөйлер асылмын…» жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, əндер, музыкалық шығармалар).Сонымен
қатар Республикамздағы көптеген оркестрлер Махамбеттің күйлерін тартып,əр елге
сайыстарға барып Лауреат атанып жүргені біз үшін мəртебе.Жоғарыда аталған кезеңдер бойынша əр аудан,облыс мектептерінде сайыстар өткізіледі.Осылайша, Махамбет жырларының айбынымен қанаттанып, күмбір күйімен шабыттанған оқушылардың елжандылық сезімі, өнерге құштарлығы көрермендерді тəнті етті. Еркін елдің ертеңіне 283 баланған өскелең ұрпақтың барлығында дерлік осындай елжандылық қасиет қалыптасса, қазақ елінің болашағы жарқын болары даусыз.
Махамбет аңсаған азаттыққа қол жеткізген халқымыз ушін енді ақын мұрат еткен азат ойдың биігіне ұмтылу,шынайы демократиялық қоғам орнату парызызымыз. Махамбет – ғасырдан-ғасырға жалғаса беретін, уақыт өткен сайын қын түбінде жатпас алмас қылыштай жарқырай беретін тұғырлы тұлға. Махамбетті білмейтін қазақ жоқ. Бірақ, бұл оның адами болмысы мен айбалта-жырын көзге елестетіп, тілге оралтумен шектелмейді. Бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз десек те, Махамбеттің жүрегін кескілеген намыс пен күрескерлік бізге
қазір де қажет. Өйткені, арын таптатқан, рухын төмендеткен елдің болашағы бұлыңғыр. Махамбет улттық тұлға оның батырлығын ақындығын күйшілігін азаттық жолындағы күрескерлігін болашақ ұрпақтың санасына сіңетіндей етіп дəріптеу керек. Махамбет сияқты батыр да ақын бабаларымызды ешкашан жадымыздан шығармауымыз керек. Махамбет сияқты батыр атларымзды мақтаныш етіп,басқа елдерге осындай бабаларымыз болғанын жариялау біздің парымыз. Біздің болашағымыз үшін күрескен Махамбет атамыздын рухына басымзды иіп,еліміз үшін курескені үшін елімізді одан əрі көркейту керек. Батыр бабаларымыздың аңсаған арманы еліміздің азаттығын алу болған еді,соны жадымыздан шығармай,əрқашан мақтан тұтып,болашақ та елімізді көркейтуіміз бізге парыз.