Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 15:29, реферат
Мағжан қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі. Ол артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кетті. Жарты ғасырдан аса оның есімін де, шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейн ғана ұлы ақынымен сағына қауышты. Мағжаның туып өскен жері - Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Булаев ауданы. әкесі Бекен - көзі ашық, өжет, қайратты, парасатты адам. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап, өз балалары мен басқа да ауыл балаларының оқуына қамқорлық жасайды. Зерек Мағжан төрт жасында осы мекте есігін ашады, хат таниды, шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте танысады.