Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 12:34, реферат
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады.
Мұхтар Әуезов
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.
Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3 – 4 сандарында жарияланды. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылы маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924-1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.
Алаш қозғалысы
Алаш қозғалысының көсемдерімен бірге 1930 жылы 16 қыркүйекте тұтқындалып, 1932 жылы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Дегенмен, маусым айында түрмеден босатылып, Қазақ педагогика институтының (ҚазПИ-дің) аға оқытушысы болып қызмет істейді. Осы жылдары театр, драматургия, мәдениет пен өнер, әдебиет, фольклор тарихы, орыс әдебиетінің классиктері туралы мақалалары үзбей жарияланып тұрады. Әуезов сценарийі бойынша «Райхан» көркем фильмі (1940) түсіріледі. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады. Осы жылдары «Абай» романын жазуға кірісіп, оны 1941 жылы бітіреді. «Абай» романының жарық көруі (1942) Қазақстанның мәдени өміріндегі ерекше оқиға болды. 1943 жылы «Абай» романын талқылау үлкен науқанға айналады. 1946 жылы романның екінші кітабын жазып бітіріп, ол 1947 жылы жарық көреді. 1950 жылы роман-эпопеяның «Ақын аға» аталатын үшінші кітабы жарық көреді. 1943 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақтың мемлекеттік университетінің (ҚазМУ-дің) қазақ әдебиеті кафедрасына профессор болып орналасып, өмірінің соңына дейін сонда дәріс оқыды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында «Сын сағатта» (1941), «Намыс гвардиясы» (жазушы Әлжаппар Әбішевпен бірігіп, 1942), «Қынаптан қылыш» (1945) пьесалары мен «Абай» операсының либреттосын (1944), «Абай әндері» фильмінің сценарийін (1945) жазады. 1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясы құрылғанда, оның толық мүшесі (академик, №1 куәлік) болып сайланады, филология ғылымдарының докторы, профессор атағы берілді.
1951—1954 жылдары Әуезов
саяси-идеологиялық тұрғыдан
1955 жылы шет елге сапарға
шығып, Герман демократиялық
Әуезовтің мұраcының аса қомақты бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Әуезов жиырмадан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді. Әлем халықтары оның «Абай жолы» роман-эпопеясын айрықша құбылыс ретінде таныды. 1961 жылдың жиырма жетінші маусымында Мәскеу қаласындағы ауруханада қайтыс болды; Алматы қаласында жерленген. Сол жылы Қазақстан Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтына оның есімі берілді, одан кейін жазушы тұрған үйде мұражай-үйі (1963) ашылып, ескерткіштер орнатылды. Қазақ академиялық драма театры, Алматы, Астана, Семей және басқа қалалар мен облыстардағы аудан, ауыл, көше, мектептер Әуезов есімімен аталады. Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуы ЮНЕСКО-ның шешімімен, дүниежүзілік деңгейде (1997) аталып өтті.
Туған жері — бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы). Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасының қолында өскен. Атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш сауатын ашушы да атасы. Соның арқасында ол алты жасынан Абайдың өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып беретіндей дәрежеге жетеді.
1908 жылы хазірет медресесінде
оқып, одан орыс мектебінің дайындық
курсына ауысады. 1910 жылы бес кластық
орыс училищесіне түседі. Осы
жерде оқып жүріп «Дауыл» атты
алғашқы шығармасын жазады. 1915 жылы
Семей қалалық мұғалімдер
1918 жылы М.Әуез Семей
қаласының өкілі ретінде Омбы
қаласында өткен жалпы қазақ
жастарының құрылтайына
1919 жылы — Семей губревкомының
жанынан ашылған қазақ
1921 жылы Семей облревкомының
төралқа мүшесі, атқару комитетінің
төрағасы қызметін атқарады. 1921 жылғы
қараша айында Қазақ АКСР-і
ОАК-нің төралқа мүшелігіне
Бір қыс Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінде, төрт жыл Ленинград университетінде оқып, филология факультетін бітіреді. Сол жылы Орта Азия университетінің Шығыс факультетінің жанындағы аспирантурада оқиды.
Ұлттық теңсіздік пен сауатсыздықты, аштықты жою жөніндегі ашық пікірі мен шығармалары үшін «ұлтшыл, алашордашыл» атанып, саяси сахнадан шеттету басталған тұста Мұхаң бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысуға көшеді. Ғылыми жұмыстарды да қолға алады.
1930 жылы идеялық көзқарасы
үшін тұтқынға алынады. Тергеу
ұзаққа созылып, 1932 жылғы сәуір
айында үш жылға шартты түрде
бас бостандығынан айыру
М. Әуезов 1934-61 жылдар аралығында университетте ұстаздық қызмет атқарды. Қазақ әдебиеті кафедрасының негізін қалады. Осы жылдары студенттерге арнап «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының суырыпсалма айтыс енері», «Туысқан халықтар әдебиеті», «Абайтану» секілді жалпы және арнаулы курстардан дәріс оқыды, бұл курстардын оқу бағдарламалары мен оқу құралдарын, оқулықтарын жазды. Жазушы Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы бұл еңбегінің ҚазМУ-да бірнеше жыл бойы оқыған абайтану атты курстан құралып келген көлемді монография екендігін 1954 жылы 27 тамызда бұрынғы Семей облыстық «Екпінді» газетінің редакциясы қойған сұраққа жауап ретінде арнайы айтты.
Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының жазылу тарихында да оның университеттегі қызметінің алатын орны зор. Сөйтіп ол абайтану атты жаңа ғылымды ұлттық университетте осылайша қалыптастырды.
Қаламгер Қазақ университетінде қызмет ете жүріп, студент жастардың шығармашылық тұрғыдан өсіп-жетілуіне ерекше мән берді. Әсіресе әдеби бірлестік жұмысын жандандыру, онда талантымен көзге түскен жастарға қамқорлық көрсету, ақыл-кеңес беру арқылы студент жастардың шығармашылық белсенділігін өлшеусіз арттырды. Мұнын жарқын бір мысалы - Әуезовтің 1960 ж. 26 желтоқсанда ҚазМУ-да әдеби бірлестіктің ұйымдастыруымен өткен жастар поэзиясының кешінде сөйлеген сөзі («Жыл келгендей жаңалык. сеземіз»). Кезінде жазушының өзі басшылық жасаған әдеби бірлестік 1961 жылдан бастап «Әуезов атындағы әдеби бірлестік» деп аталып, оның өмірін, шығармашылық қызметін, ұстаздық ұлағатын тану мен танытудың үлкен мектебіне айналды. Әр жылы желтоқсанның соңғы онкүндігі мен қыркүйектің соңғы он күндігі «Әуезов күндері» ретінде әдеби шығармашылық мейрамына айналған.
Филология факультетінде қызмет жасайтын «Әуезов аудиториясы» да ірі шығармашылық ұяға айналды. Онда өтетін түрлі ғылыми мәжілістер мен мәслихаттар, көрнекті ғалымдардың лекциялары - өзінің ғылыми-практикалық маңызының жоғарылығымен бағалы. Жазушының 100 жылдығы тұсында университеттің ғылыми кеңесінің мәжіліс залының төріне ілінген гобеленнен тоқылған үлкен бейнесі, филология факультетінің фойесіне қойылған үлкен қола мүсіні мен фойе қабырғасына орнатылған мемориалдық тақта М. Әуезов есімін университетте мәңгі қалдыру мақсатында жасалған іс-шаралар еді.
Әуезовтің өмірі мен шығармашылық мұрасын оқып үйрену, танып-таныту ісінде университет студенттеріне оқытылатын жалпы және арнаулы курстардың атқаратын қызметі өте жоғары. «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Әдебиеттану ғылымына кіріспе», «Әдебиет теориясы», «Мұхтартану», «М. Әуезовтің шығармашылық шеберханасы» секілді пәндер аясында жазушының шығармашылығы, шеберлігі, поэтикасы және шығармашылық еңбек психологиясы ғылымының қазіргі жетістіктері негізінде оқытылады. Аталған пәндердің оқу бағдарламалары мен оқу құралдары, оқулықтары Қазақстанның барлық университеттерінде бірдей қолданылуы Әуезовті тану мен танытудағы үлкен жетістіктерге жатады.
Университет студенттері Әуезовтің өмірі мен шығармашылық мұрасын оқып үйреніп қана қоймай, оларды зерттеуге де белсене араласады. Жыл сайын қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жөнінде курс жұмыстары, диплом жұмыстары жазылады. Ғалымдар зерттеу еңбектерін жазып, кандидаттық, докторлык диссертацияларын қорғайды. 3. Қабдоловтың «Менің Әуезовім», Р. Нұрғалиевтің «Әуезов және алаш», Ж. Дәдебаевтың «Мұхтар Әуезов», Ө. Күмісбаевтың «М. Әуезов және Шығыс» т. б. еңбектер 1997 жылдың жетістіктері. Бұған 1997 ж. 23-24 қыркүйекте өткен «Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті» атты халықаралық ғылыми симпозиумды және оның университет баспасынан жеке том болып шыққан материалдарын қосуға болады. Түркия, Өзбекстан, Кыргызстан, Қытай елдерінен келген баяндамашылар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы қазақ ғалымдарына бұған дейін белгісіз болып келген ірі мәселелерді көтеріп, симпозиумның ғылыми-теориялық деңгейін арттыра түсті.
ҚазМУ ғалымдарының Әуезовтің өмірі мен шығармашылық өнері туралы мақалалары «Қазақ университеті» газетінде, республикалық газеттер мен журналдарда, шетелдік басылымдарда жарық көрді. Солардың ішінде 3. Қабдолов пен Ж. Дәдебаевтың Анкарада түрік тілінде шыққан «Мұхтар Әуезов хақында мақалалар» атты кітапта жарияланған мақалалары Әуезовті түркі әлеміне жана қырынан танытуға жол ашты. Сонымен қатар Қазақ радиосы мен теледидарында бірнеше хабар ұйымдастырылды, университеттің телестудиясында «Мұхтар Әуезов және әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті» атты 40 минуттық бейне фильм жасалып, орталық теледидардан көрсетілді.[2]
Ол 1961 жылы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы Кремль ауруханасында операция кезінде қайтыс болды.
1961 жылы қайтыс болғаннан
кейін Республика Үкіметі
Ағарту ісі
Мұхтар Әуезов|Мұхтар Әуезовтің халық ағарту туралы ойларының өмір жолының әр кезеңінде көрініс беріп отырады. Әуезов ғылыми-педагогикалық, мемлекеттік және қоғамдық қызметінде өмір бойы халық ағарту, оқу ісі, ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне жете көңіл бөліп, бұл туралы көптеген мақалалары мен жұртшылық алдында сөйлеген сөздерінде айтқан.
«Сарыарқа» газетінде 1917 жылы жарияланған «Оқудағы құрбыларыма!» атты алғашқы мақалаларының бірінде жас жазушы оқуда журген қурбы-құрдастарын уақытты бос өткізбей, халықты оқу-білімге бастап, үлгі көрсетуге шақырса