Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 12:34, реферат
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады.
«Қайсысын қолданамыз» деген мақаласында орысша және ескіше - мұсылманша оқыған азаматтардың оқу ісін жүргізуде бір ауызды болуы жайында орнықты шешімге келу қажеттігі туралы сөз қозғайды.
Ж.Аймауытовпен бірге шығарысқан «Абай» журналының 1918 жылы11-санында жарияланған «Оқу ісі» атты мақаласында қараңғылықтың құшағында қалған туған халқын мәдениетке, елдікке жетелеудің үлкен бір жолы - оқу-ағарту ісін дұрыс жолға қоюды, бұл үшін бірінші мақсатта ана тіліндегі ұлт мектептерін ашуды көбейту қажеттігін тілге тиек етіп, мұғалім кадрларының тапшылығын, оқу құралдарының жеткіліксіздігін сөз қылады, бұл істерді дұрыс жолға қоюдың бірінші кезектегі міндеттеріне тоқталып, өз ұсыныстарын айтады.
1919-21 жылы Семей губерниялық
атқару комитеті төрағасының
орынбасары және төрағасы
1922 жылы 27 тамызда «Қазақ
тілі» газетіне жазушының (Орынборда
қазақ АССР Орталық атқару
комитетінің басшылығында
1930 жылы Қазақстан Оқу
комиссариаты білім кеңесінің
шешімімен Қызылордада басылып
шыққан «Қазақ шаруа жастар
мектебіне арналған программа
және түсінік хаттар» деген
халық ағарту саласы үшін
1957 жылы қазақ тілі
мен әдебиетін оқытуға
Туған тіл мен әдебиетті сүюге шақырып, бұрынғы одақтық «Учительская газетада» жарияланған «Орыс тілінің біздің халық үшін маңызы туралы» мақаласында (1956, 9 мамыр) бұл тілдің қазақ халқы ушін үлкен рөл атқарғандығын тілге тиек етеді. Әуезов мектептермен, жоғары және арнаулы орта оқу орындары ұжымдарымен тығыз байланыс жасап, олармен кездесулерінде, қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқыған дәрістерінде де халық ағарту, оқу-тәрбие ісі үшін пайдалы пікірлер мен ұсыныстар айтқан.[3]
«Абай жолы» роман-эпопеясы
«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай» (1942, 1947), онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын; 1952, 1956) романын жазды. Осы төрт томнан тұратын «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды.
Жазушының драматургия саласындағы еңбектері
Әуезов драматургия саласыңда көп еңбек еткен. Мұның бірнеше себептері бар. Халық әдебиетінде, фольклорда түр жағынан драматургияға жақын нұсқалар көп. Батырлар жырында толғаулар мол. Салт өлеңдері, беташар, сыңсу, жар-жар, жоқтау түрі мазмұны жағынан драмалық шығармалармен ағайындас.
20 ғасырға дейін қазақтың
халық әдебиетінде
Әуезовтың драмалық шығармалары
Әуезов қаламынан 30-дан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың варианттарын қоссақ, 50-ден асады. Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтыған. Онда трагедия да, комедия да, драма да бар. Әуезов кейбір шығармаларын бірігіп жазған. Олар: Л. Соболев («Абай»), С. Мұқанов («Ақан - Зайра»), Ғ. Мүсірепов («Қынаптан қылыш»), Ә. Тәжібаев («Ақ қайың»), Ә. Әбішев («Намыс гвардиясы»), «Октябрь үшін» (1933) пьесасының материалдары - Жетісу қазақтарының революцияға келуі. Кейіпкерлері - Д. Фурманов, Ж. Бәрібаев. Кітаптың мұқабасында «Мұны жазуға Қ.Байсейітов, Бековтар қатысты» деген сөздер бар. Әуезовті әдебиетке «Еңлік - Кебек» алып келді. Шығарма өзегі - эпостық материал. Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе енімді дәстурлердің бірі. Әуезовтің «Еңлік - Кебегі» 1922 жылы Орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна тілімен сөйлейді. Автор өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы - көркемдік тамаша табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, Әуезов пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше көрініс қысқарды. Аса терең, мәнді шығарманың бірі - «Түнгі сарын». Бұл - қазақ драматургиясында реализмнің орныққанын көрсеткен туынды. Мұнда көркемдік шешім ақындық идеалмен тығыз байланысты. Таптық тартыс шығармада жай схема түрінде емес, адам тағдырлары арқылы бейнеленеді. «Түнгі сарын» - қазақ драматургиясында жағымды кейіпкерлер проблемасын шешкен туынды. «Октябрь үшін», «Тартыс» пьесаларында Әуезов реалистік драма жасаудың түрлі-түрлі құралдарын пайдаланған.
1934 жылы сахнаға шыққан «Хан Кене»трагедиясы Әуезовтің азаттық идеясын терең бейнелеген, аса көркем тарихи пьесасы. Мұнда Хан Кененің, Наурызбай батырдың, қазақ, қырғыз билерінің реалистік бейнелері жасалып, тарихи шындық пен көркем шындық табиғи бірлік тапқан. «Қарагөз» 1926 жылы бірінші сыйлық алды. 30-жылдардағы белгілі әдебиет сыншысы Ғ.Тоғжанов трагедияда ескі көшпелі өмірді мадақтау бар дейді. Ж.Орманбаевтың да бір мақаласында осындай пікірі айтылғанды. Әуезов бұл пьесаға кейін кайта оралып, жаңа нұсқа жасады. 30-жылдары Әуезов реализмді меңгеруде көп еңбек етті. Әсіресе драматургияда көптеген ізденістерге барды. 1918 жылы Әуезов тұңғыш рет Абай жайлы мақала жазып, Абай заманы туралы білген, естігендерін қағазға түсірген. Л. Соболевпен бірлесіп жазған «Абай» пьесасы кейінгі эпопея тақырыбының барлауы еді. Онда Абай өмірінің соңғы кезеңдері қамтылған. 30-жылдардың аяғында Әуезов білімі жөнінен, рухани толысуы жағынан шыңға көтерілді. Ол Абай тақырыбына осындай шақта келеді.
Автор Абайға лайық сөз өрнектерін тапқан. Бұл трагедия қоғамдық мәні бар күрделі жағдайларды көрсетеді. Шығармада тартыс, әрекет бірлігі мықты. Пьесада қақтығыс көп. Осы пьесаның негізінде кейін опера либреттосы, киносценарий жазылды. Трагедияны тұңғыш сахнаға қойған - Асқар Тоқпанов. Абай рөлін Қ.Қуанышбаөв ойнады. Драма формасын Әуезов көп байытты. Әуезов фантастикалық пьеса да жазған. Ол - «Дос - Бедел дос». Пьесада «бір адам әр түрлі формацияда өмір сүрсе қандай болар еді» деген сұрауға жауап іздейді. Әуезов драматургиясында қазақ халқы өмірінің сан алуан қырлары үлкен шеберлікпен көрсетілген. Өмірдің терең қабаттарын қопарып, типтік жағдайлардағы характерлерді дәл тауып, олардың өзара қақтығысынан туған үлкен тартыстарды көрсету - Әуезов пьесаларының басты ерекшеліктерінің бірі. Шығармаларға құбылыстың сырт көрінісі, яки адамдар арасындағы ұсақ интригалар емес, әлеуметтік конфликтілер негізгі арна болады. Әуезов - қазақ драматургиясының жаңашылы. Ол дүниежүзілік драматургияның асыл үлгілерін оқып, аудару арқылы шеберлік мектебінен өтті. Мұның үстіне Әуезов пьесаның еуропалық үлгісіне соны ұлттық бояу, нақыш қосты. Қазақтың ежелгі әдебиетіндегі драматургияға жақын үлгілерді (айтыс, беташар, жар-жар, шешендік дауы) жаңашылдықпен пайдалана білді.
Әуезов трагедияларында сан алуан образдар галереясы бар. Олар өздеріне ғана тән, айрықша сөздік сипаттамаларымен кейіптелген. Әуезов - қазақ әдеби тілін дамытуға орасан мол үлес қосқан, реформатор суреткер. Әуезов қазақ тілінің негізгі сөздік қорын жеріне жеткізе пайдаланады. Мақал-мәтәлдерді, айқышты сөздерді, фразаларды бағды күйінде ала салмай, оларды өз мақсатына орай жаңғыртып, жайнатып, қайтадан құйып шығарды. Әуезов пьесалары - қазақ әдебиетінің алтын жамбадай қымбат, асыл шығармалары, біздің ұлттық мақтанышымыз.[2]
Шығармалары
Әдебиет тарихы, Қызылорда, 1927;
Әр жылдар ойлары, А., 1959;
Мысли разных лет, А., 1961;
Уақыт және әдебиет, А., 1962;
Абай Құнанбаев, А., 1967;
Абайтанудан жарияланбаған материалдар, А., 1988;
Абайтану дәрістері, А., 1995;
Ескермедім, қабылдамадым, А., 1998;
Абайтану оқулары, А., 1998.
Мұхтар Әуезов Шығармалары шет тілінде шыққан басылымдары
Абай жолы. Роман-эпопея, А., 1952, 1953, 1955, 1956, 1958, 1961, 1979, 1980 (орыс тілінде: Путь Абая. Роман-эпопея, М., А., 1952, 1955, 1957, 1958, 1960, 1965, 1971);
Армян тілінде: Абай. Роман, Ереван, 1952;
Әзірбайжан тілінде: Абай. Роман, Бакы, 1954;
Башқұрт тілінде: Абай юлы. Роман-эпопея, Өфә, 1961;
Қырғыз тілінде: Тарыхый роман, Фрунзе, 1—2 кітап, 1957;
Абай жолу. Роман-эпопея, 1957 — 63;
Латыш тілінде: Abajs. Roman, І — ІІ, Rіga, 1948 — 49;
Abaja Cels, І — ІІ — ІІІ — ІV, Rіga, 1963;
Koksereks. “Druva”, ғ15, 1960;
Литва тілінде: Suvіs Kalnuose, Vіlnіus, 1963;
Abajus. Romanas І — ІІ, Vіlnіus, 1950;
Abajaus Kelіas, Vіlnіus, 1960;
Jaunojі karta [Өскен өркен], Vіlnіus, 1969;
Молдова тілінде: Абай, І — ІІ, Кишинэу, 1959 — 62;
Вицэ тынэрэ [Өскен өркен], Кишинэу, 1969;
Тәжік тілінде: Садои тирдар ағба [Қараш-Қараш оқиғасы], 1962;
Нозанини мотам гирифта [Қаралы сұлу], 1967;
Абай, Сталинабод, 1955 — 57;
Татар тілінде: Абай. Тарихи роман, 1 — 2 т., Казан, 1957 — 60;
Тыва тілінде: Көк кааррак, Кызыл, 1964;
Чалыы салган, [Өскен өркен], Кызыл, 1969;
Түрікмен тілінде: Абай. Роман, 1—2, Ашхабад, 1958;
Абайың елы, Ашхабад, 1961;
Өзбек тілінде: Бургутчи, Тош., 1960;
“Уқимишли йигит”, Тош., 1960;
Қараш — Қараш вақеаси, Тош., 1962;
Кукел, Тош., 1964;
Абай, І — ІІ к., Тош., 1951 — 52;
Абай йули, Тош., 1957, 1959, 1960;
Ұйғыр тілінде: Абай. Роман, 1 — 2 к., А., 1949, 1954;
Абай йоли, А., 1955, 1957, 1962;
Украин тілінде: Сірий лютий, Киів, 1955;
Эстон тілінде: Abaі. Romaan, І — ІІ kn, Tallіn, 1950, 1951;
Abaі tee. Romaan-epopoa, Tallіn, 1960;
Cаха тілінде: Абай. Якутск, 1965;
Ағылшын тілінде: Abaі. Book one, M., 1957;
Abaі. Book two, M., 1957; Араб тілінде: Қорғансыздың күні, М., 1966;
Қараш — Қараш оқиғасы, М., 1967; Бенгал тілінде: Қараш — Қараш оқиғасы, М., 1966;
Болгар тілінде: Абай. Първа кн., София, 1950;
Пътят на Абай, София, 1964;
Мадьяр тілінде: Egy Kolto utja [Ақын жолы], Budapest, 1956;
Моңғол тілінде: “Абай жолы”. Роман-эпопея, 1 т., 1972; 2 т., 1978;
Вьетнам тілінде: Жас Абай, 1 — 2 т., Ханой, 1965;
Неміс тілінде: Derqrіmіge Graue [Көксерек], Вerlіn, 1962 — 64 — 65;
Der Schuss auf dem Gebіrqspass [Қараш — Қараш оқиғасы], Вerlіn, 1964;
Abaі. Romaan, І — ІІ b., M., 1953;
Парсы тілінде: Қараш — Қараш оқиғасы, М., 1966;
Поляк тілінде: Okrutny szary [Көксерек], Warszawa, 1961;
Syn Kazachctana (Abaj), Powіesc, 1, Warszawa, 1950;
Syn Kazachctana (Abaj), Powіesc, 2, Warszawa, 1951;
Droga Abaja, Warszawa, 1954;
Румын тілінде: Abaj. Roman, Bucurestі, 1950;
Abaj. Roman-epopea, Bucurestі, 1961;
Cловак тілінде: Abaj, Bratіslava, 1951;
Abajova cesta, Bratіslava, 1961;
Француз тілінде: Abaі, Parіs, 1960;
Le coup de feu, M., 1963;
Хинди тілінде: Қараш — Қараш оқиғасы, М., 1967;
Чех тілінде: Abaі. Roman, Praha, 1948;
Әр жылдар ойлары, А., 1959;
Мысли разных лет, А., 1961;
Уақыт және әдебиет, А., 1962;
Өскен өркен, А., 1962;
Абай Құнанбаев, А., 1967;
Абайтанудан жарияланбаған материалдар, А., 1988;
Абайтану дәрістері, А., 1995;
Ескермедім, қабылдамадым, А., 1998.
Шығ. жин., 6 томдық, А., 1955 — 57;
Шығ. жин., 12 томдық, А., 1967 — 69;
Путь Абая, Библиотека Всемирной литературы, сер. 3, т. 7 (134) — 8 (135), М., 1971;
Собр. соч. в 5 томах, 1 — 5-т., М., 1973 — 75;
Шығ. жин., 20 томдық, А., 1979 — 85;