Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы дефис арқылы жазылатын сөздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 20:14, практическая работа

Описание работы

Қос сөздер, негізінен, дефис арқылы жазылады: бара-бара, жақсылы-жаманды, бірде-бір, жап-жақсы, апыр-топыр, сарт-сұрт.
Дефиспен жазылатын қос сөздердің түрлері мыналар:
а) Бір сөздің қайталанып айтылуынан жасалған қос сөздер: биік-биік, лек-лек, лып-лып, тырс-тырс, көп-көп, алуан-алуан, жүре-жүре.

Содержание работы

КІРІСПЕ
Қазақ тіліндегі дефис арқылы жазылатын сөздердің сипаты.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Абай жолы роман-эпопеясында кездесетін дефис арқылы жазылатын сөздер.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Айкон.doc

— 96.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Ғылым  және білім министрлігі

Е.А.Букетов атындағы Қарағанды  мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

Практикалық жұмыс

Тақырыбы: Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы дефис арқылы жазылатын сөздер.

 

 

 

 

Дайындаған: ___________________

       

                       ___________________

 

Тексерген:     ___________________

                      

                       ___________________

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды - 2012

 

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ

Қазақ тіліндегі дефис  арқылы жазылатын сөздердің сипаты.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Абай жолы роман-эпопеясында кездесетін дефис арқылы жазылатын сөздер.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тіліндегі дефис  арқылы жазылатын сөздердің сипаты.

Қос сөздер, негізінен, дефис арқылы жазылады: бара-бара, жақсылы-жаманды, бірде-бір, жап-жақсы, апыр-топыр, сарт-сұрт.

Дефиспен жазылатын қос сөздердің  түрлері мыналар:

а) Бір сөздің қайталанып айтылуынан жасалған қос сөздер: биік-биік, лек-лек, лып-лып, тырс-тырс, көп-көп, алуан-алуан, жүре-жүре.

Мұндай қос сөздердің арасына –ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе, -ды, -ді, -да,-де, -шы, -ші дәнекерлері және шығыс септік жалғауы қосылып та жасалады. Ондайда дәнекерлер қос сөздің бірінші сыңарына қосылады да, олардан кейін дефис қойылады: көзбе-көз, қолма-қол, бетпе-бет, жылма-жыл, жанба-жан, бірме-бір, көшші-көш, баршы-бар, қараптан-қарап, жылдан-жылға, бостан-босқа, тектен-тек, турадан-тура.

Бір сөздің қайталануынан жасалған кейбір қос сөздердің екінші сыңарына шығыс, көмектес, барыс жалғаулары немесе –ла+п, -ле+п жұрнақтары да жалғанады: бір-бірден, шет-шетінен, өз-өзінен, бас-басына, бет-бетімен, топ-тобымен, рет-ретімен, бір-бірлеп, мың-мыңдап, бірте-біртелеп, ақырын-ақырындап, қыт-қыттап, аз-аздап.

Бір сөздің қайталануынан жасалған кейбір қос сөздердің екі сыңарына да септік жалғаулары (шығыс және барыс) жалғанады: жылдан-жылға, қолдан-қолға, күннен-күнге, тектен-текке, сақтан-саққа.

Жалғау бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөздердің кейде бірінші сыңарына, кейде екінші сыңарына жалғанып айтылады. Екі вариантында да араларына дефис қойылады: бір-бірімен – бірімен-бірі, бір-бірінен – бірінен бірі, өз-өзінен – өзінен-өзі, т.с.с.

Алдыңғы сыңарына ІІІ жақ тәуелдік жалғауы жалғанып та бір сөздің қайталануынан қос сөз жасалады: аттысы-атты, жаяуы-жаяу, бары-бар, бірі-бір.

Бір етістіктің болымды және болымсыз тұлғада тұрып қайталануы арқылы да қос сөз жасалады: барар-бармастан, келер-келмесі, кірер-кірместен, айтты-айтпады, барды-бармады.

ә) Қарсы мәнді сөздердің қатар келуі арқылы жасалған қос сөзлер: ертеді-кеш, жақсы-жаман, күн-түн, азды-көпті, кешелі-бүгінді.

б) Екі сыңары да мағыналы қос сөздер. Олар көбінесе жинақтау мәнін білдіреді: ата-ана, мал-жан, құрт-құмырсқа, ыдыс-аяқ, ұрыс-қағыс, ат-арба, жаздым-жаңылдым, тапқан-таянған, билеп-төстеп, сылап-сипап, төрт-бес, он-он бес, отыз-қырық.

в) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз (бұл күнде түсініксіз) қос сөздер. Бұлардың түсініксіз компоненттері  басқа түркі, моңғол тілдерінде жеке қолданылатын немесе көнерген сөздер болады: бала-шаға, жолдас-жора, киім-кешек, жол-жөнекей, жүн-жұрқа, келін-кепшек, көрші-қолаң, кәрі-құртаң, телегей-теңіз, хабар-ошар, қиын-қыстау, құда-анда, көл-көсір, тоқты-торым.

Көбінесе қомсыну, кеміту мәнінде  айтылатын жігіт-мігіт, ат-мат, жүрек-мүрек сияқты сөздердің бір сыңары мағынасыз тұлға болады.

Күшейткіш буын қосылып жасалатын  қос сөздердің де бір сыңары мән-мағынасыз болады: тәп-тәуір, жап-жақсы, тұп-тура, дұп-дұрыс, сүп-сүйкімді, қып-қызыл, қап-қара, ап-алыс, мып-мықты.

Араларына да, де, та, те шылауын салып, етістіктің бұйрық рай тұлғаларынан жасалған анықтама (сипаттама) тіркестер дефис арқылы жазылады, шылау сөз бірінші компонентке қосылады: аста-төк (байлық), ұрда-жық (міңез), уда-шу (айғай), келде-кет (болып отыр).

г) Екі сыңары да түсініксіз қос сөздер: алай-түлей, кәкір-шүкір, қиян-кескі, үбірлі-шүбірлі, алда-жалда, апақ-сапақ, алқам-салқам, дел-сал, жапа-тармағай, жым-жылас, жым-жырт. Қос сөзден жасалған одағайлар мен еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің де сыңарлары жеке алғанда мағынасыз сөзболады: жарқ-жұрқ, гу-гу, тарс-тұрс, сарт-сұрт, пай-пай, аһ-уһ, шөре-шөре, әукім-әукім, быт-шыт, қалт-құлт.

Плеоназмдардың (қосақтап қолданылған  мағыналары бірдей немесе жуық сөздердің) көпшілігі дефис арқылы жазылады: ел-жұрт, дау-жанжал, күш-қайрат, ұшы-қиыры, ар-намыс, аз-кем, ен-таңба, шам-шырақ, айып-шам, шет-жағасы, хал-ахуал, мүкі-тақы (мүкі – «аздап», тақы – арабша «аздап»).

Екі компоненті бір-бірімен мағыналас ала-бөле, желе-жортып, баса-көктеп, жуып-шайып, өсіп-өну, қырып-жою, кекеп-мінеу, жылап-еңіреу сияқты етістіктер де плеонастық қатарлар түзіп, дефис арқылы жазылады. Бұлардан екінші сыңары әр түрлі тұлғада өзгеріп отыруы мүмкін. Ондай жағдайда да дефиспен жазыла береді: жуып-шайып, жуып-шайды, жуып-шайғалы отыр, өсіп-өнді, өсіп-өне бермек, өсіп-өндік.

Ал тұлғасы жағынан осыларға ұқсас, бірақ біреуі негізгі, екіншісі көмекші етістік болып келетін (яғни тең мағыналас емес) айта сала, келе сала, көре сала, ести сала, ала бере сияқты етістіктер бір-бірінен бөлек жазылады.

Тең мағыналы немесе қарама-қарсы мағыналы екі сөзден жасалған термин мәнді күрделі анықтауыштар дефис арқылы жазылады: оқу-ағарту жұмысы, әкімшілік-басқару жұмыстары, халық-азаттық қозғалысы, салыстырмалы-тарихи әдіс, ғылыми-көпшілік әдебиет, үгіт-насихат жұмысы, орысша-қазақша сөздік, есеп беру-сайлау жиналысы.

Екі сөзден тұратын ғылыми дәреже, атақтардың және қызмет дәрежесін немес  мамандықты көрсететін атаулардың арасына  дефис қойылады: премьер-министр, вице-президент, тілші-фонетист, т.с.с.

Машиналар мен олардың бөліктерінің және де өзге де техникалық жүйелердің күрделі атаулары дефис арқылы жазылады. Олардың басым көпшілігі орыс тілінен енген сөздер болып келеді: дизель-мотор, стоп-кран, вакуум-аппарат, телефон-автомат.

Күрделі өлшем атаулары дефис арқылы жазылады: тонна-километр, адам-күн, киловатт-сағат, вольт-ампер (бірақ: вольтметр), ватт-сағат (бірақ: ваттметр). Бұл ережеден еңбеккүн сиқты бірер сөз тыс тұрады. Орыс тілінен енген немесе орыс тілі үлгісімен жасалған статус-кво, х-сәуле, альфа-сәуле, м-1, ОСВ-2 сияқты атаулар дефиспен жазылады. Орыс тілі орфографиясы бойынша қолданылатын жер-су және кейбір халық аттары дефиспен келсе, дефис қазақша жазуда да сақталады: Орехово-Зуево, Соль-Илецк, Нью-Йорк, Рио-де-Жанейро, Лос-Анжелос, коми-зырян, угро-фин. Орыс тілінде дефиспен жазылатын Қазақстан, Орта Азия жеріндегі топонимдер қазақша түрінде дефиссіз (кейде бөлек) жазылады: Алматы (орысша бұрынғы жазылуы Алма-Ата), Ыстықкөл (орысша-Иссык-куль), Қызылорда (орысша Кызыл-Орда).

Екінші сыңары біріншісін айқындайтын  қосалқы мүшелі күрделі атаулар дефис арқылы таңбаланады: зауыт-институт (әрі институт ретінде қызмет ететін зауыт), зауыт-филиал (филиал болып саналатын зауыт), кафе-бар (бар типтес қызмет ететін кафе), вагон-ресторан (ресторанға арналған вагон), гараж-тұрақ, диван-кереует.

Орыс тілінде дефиспен жазылатын кісі аттары (көбінесе фамилиялары) қазақша жазуда да дефис арқылы таңбаланады. Бұлар, негізінен, орыс халқы және Европа, Америка т.б. халықтары өкілдерінің аты-жөндері болып келеді: Немирович-Данченко, Новиков-Прибой, Книппер-Чехова, Жолио-Кюри, Дон-Жуан, Дон-Кихот. Соңғы екі есімнен жасалған донжуандық, донкихоттық деген жалпы есімдер қосылып, кіші әріппен жазылады.

Араб халқы есімдерімен келетін  әл, аш, ар, аз, әд, бен сияқты элементтерден  соң дефис қойылады, олардың өздері кіші әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады: Абд ар-Рахнан әл-Халиси, Ибрагим әл-Муфти, Авадх бен-Солех бен-Галеб, аз-Закир Руки ад-Дин Бейбарс, әл-Фараби, әл-Кинди.

Араб атауларында келетін демеуліктер  де алдыңғы сөзден бөлек, ал өзінен кейінгі сөзден дефис арқылы жазылады: жами’ат-тауарих, әл-Маджмағу л-илмий («Ғылым академиясы» деген мәндегі тіркес), Китаб әл-Хамаса (Батырлар туралы кітап).

Түркі,парсы т.б. халықтар есімдерінің соңында келетін паша, бей, бек, зәде, оглы сияқты тұлғалар да дефис арқылы кіші әріппен жазылады: Турсун-заде, Нахас-паша, Измаил-бей, Абдулла-бек.

Түркі, монғол хандары есімдерінің  соңында келетін хан сөзі дефиссіз бөлек жазылады (ал орыс жазуында бұл дефис арқылы таңбаланады): Шыңғыс хан (орысша - Чингиз-хан), Тәуке хан (орысша - Тауке-хан).

Реттік сан есімдер цифрмен жазылса, өзіне қатысты сөзбен араларына дефис қойылады: 7-сынып (жетінші сынып), 15-үй (он бесінші үй), 50-километр (елуінші километр). Кейде реттік сан есім жасайтын, -ншы, -нші, -ыншы, -інші жұрнақтары көрсетіліп жазылуы мүмкін, ол күнде де дефис сақталады: 7-нші сынып, 15-інші үй, 50-інші километр. Айды, жылды көрсететін цифр мен ай атын білдіретін сөз және жылы деген сөздердің арасына дефис қойылмайды: 8 наурыз, 1 қазан, 1987 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай жолы роман-эпопеясында кездесетін дефис арқылы жазылатын сөздер.

 

атар-атпаста

Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң атар-атпаста өзі оятып алып тұрғызып еді [2; 15].

кей-кейде

тұс-тұсына

ағызып-ағызып

Кей-кейде өзіне таныс Көкүйірім мен Буратиген, Тақырбұлақ сияқты қоныс-құдықтардың тұс-тұсына келгенде бала оқшау шығып, астындағы жарау құла бестісін ағызып-ағызып та алады [2; 15].

қалған-ау

    • Сорлы бала қыстай іш құста болып қалған-ау, – деседі [2; 15].

бар-ды

Байтастың да аяғының басына ілген  ұзын қайың сойылы бар-ды [2; 15]. бірде-бір

Содан жаңағы қауіпті деген Есембайға  жеткенше, артына бірде-бір қараған жоқ [2; 15].

жапа-жалғыз

Көз ұшына кетіп ұзап, ылғи жапа-жалғыз шауып отырған [2; 15].

қоян-қолтық

Тақ иек артпадан, өкпе тұстан жүргіншіге жауды қоян-қолтық, құшақтастыра түсетін ұры сай, жасырын жыралары да бар [2; 16].

ішек-сілесі

Қараса, бұның шоқпарын тартып ап, ақ боз аттың алдынан көлдеңен шығып, қазір ішек-сілесі қатып, үнсіз күліп тұрған бағанағы бала шәкірт [2; 16]. 

жапа-жалғыз

– Жапа-жалғыз ұзап кетіп, жауға жем боласың! – деп, екі жолдасы тағы тежей бергісі келді [2; 18]. 

біріне-бірі

Жер ошақтардан шыққан түтіндері де біріне-бірі қосылып ұласып, тұтасқан көкшіл мұнардай тарайды [2; 19]. 

сұп-сұр

Бірақ өңі сұп-сұр, зор денелі, бурыл сақалды Құнанбайдың жалғыз көзі бұларда емес [2; 20].  

жазыла-жазыла

Өлерінде: «Жазыла-жазыла қожа молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас!» деп кеткен Тонтай сөздері де көптің есіне түсті [2; 23].

сақал-шашы

оқта-текте 

Сақал-шашы бір реңдес, қара бурыл Сүйіндік оқта-текте бір қарап қойғаны болмаса, Құнанбайға тесіле қарамайды [2; 27].

дел-сал

жым-жырт

Бірақ Құнанбайдың мына сөзі үндемеске де қоймайды, үндеуге де жібермейді. Дел-сал етті. Үй іші бірталай уақыт жым-жырт отырды [2; 28].

бір-бір

қайырған-ды

«Тергеп алып, білгеніңді қыл» дегенді, аяқтап келгенде әрқайсысы да бір-бір қайырған-ды [2; 29].

анау-мынаудан

қысылып-қымтырыла

Бұл, әсіресе, мал көбейтіп, жерді мол қамтуға тырысатын, көптігіне сеніп, анау-мынаудан онша қысылып-қымтырыла қоймайтын ауылдар [2; 30].

тұпа-тура

қолма-қол

Содан әрі қазіретпен не деп жауаптасудың бабын таба алмаған және, тіпті, шүлдіреген, кітапшылаған тілін ұға алмаған Жұмабай тағы бір ойдағы әңгімесін тұпа-тура, қолма-қол бастап еді [2; 32].

анық-танығы

– Бәсе, сол анық-танығы мәлім емес [2; 33]...

күндіз-түні

Күндіз-түні егілген жаспен, еңіреген зарлылар арысын тастап кетерлік дәрмен де таба алмас еді [2; 34].

азын-аулағы

қысы-жазы

Азын-аулағы болса, осы қыстау маңын қысы-жазы жесе де, Бөктер шөбінің тұмсығын сындыра алмайды [2; 34].

жиырма-отыздай

ешкі-лақ

қой-тұяқ

Жалғыз үйдің қолындағы бары - жиырма-отыздай ешкі-лақ, қой-тұяқ пен бір бұзаулы сиыр, екі торпақ болатын [2; 34].

бірде-бір

Қодар соны танып, Қамқаны дәл өз ішінен шыққан Құтжаннан бірде-бір кем сүйген емес [2; 34].

өзді-өзі

Бірақ екеуі де өзді-өзі ішінен Құтжанға тілеуін, зар болғанын, арманда қалдырғанын айтады [2; 37].

ыстық-ыстық

Әрқашан жанкүйер жақын қабіріне ыстық-ыстық жастар төгеді [2; 37]. 

қайта-қайта

Қайта-қайта бас қояды [2; 37]. 

ұзақ-ұзақ

Үндемей иіндері тиісіп, көздерін алмай, ұзақ-ұзақ отырысады [2; 37]. 

арс-арс

    • Жап аузыңды! – деп арс-арс етті [2; 40]. 

тиер-тиместей

Батырға біткен зор денесі созылған уақытында,   бұрынғысынан   да ұзарып нар   түйенің бойына теңелгендей, аяғы жерге тиер-тиместей болды [2; 41]. 

жапыр-жұпыр

Бірақ дәл осы кезде, үнсіз тұрған жиын жақтан жапыр-жұпыр дауыстар естіліп калды [2; 42]. 

қойны-қоншында

– Шариғаттың шын бәлесін түпке сақтапты ғой. Бұл шариғат та айлаға құрық бере беретін болды ғой. О да Құнанбайдың қойны-қоншында десейші, - деді [2; 43]. 

өксіп-өксіп

өз-өзіне

Ол оқ бойы ұзап кетіп бара жатып, өз-өзіне ерік беріп, өксіп-өксіп жылап келе жатыр [2; 46]. 

жапа-жалғыз

Құлазығандай жапа-жалғыз [2; 46]!

қып-қызыл 

Көзі де қып-қызыл боп ісіп кетіпті [2; 46]. 

у-шу

ызың-ызың

Дүние у-шу, ызың-ызың [2; 48]...

қой-қозы

Даладағы қой-қозының шуы да алыстап барып сөнген болатын [2; 49].

жым-жырт

Үй іші сияқты дала да бүгін дағдыдан тыс жым-жырт [2; 49].

Информация о работе Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы дефис арқылы жазылатын сөздер