Салыстырмалы әдебиеттану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 16:15, лекция

Описание работы

Cалыстырмалы әдебиеттану ғылымын зерттеп жүрген кейбір ғалымдар оның қазақ топырағындағы негізін салушысы М.Әуезов екенін айтады. Алайда, негізін салу, ірге тасын қалау деген сөз, қалай дегенмен де сол ғылымды қалыптастырды, дамытты, өркендетті деген сөз емес. Өйткені «негізі қаланған» дүниенің жалғасы болмаса, іргетасы қаланған құрылыстың үстіңгі қабаттары салынбаса, онда ол шаруа істелінбегенмен пара-пар деген сөз. Осы реттен келгенде қашан да, қайда да «негізі қаланды» деп мақтанудың реті болмас еді. Мақтану былай тұрсын, әлгі «негіз қалаушының» еңбегі далаға кеткен, желге ұшқан болар еді. Осы тұрғыдан келгенде басталған істің жалғасын тапқаны, іргесі қаланған дүниенің шаңырағы көтеріліп, керегесін жайғаны мұрат емес пе?!

Файлы: 1 файл

Салыстырмалы әдебиеттану Д.Мәсімхан.doc

— 69.00 Кб (Скачать файл)

Cалыстырмалы әдебиеттану ғылымын зерттеп жүрген кейбір ғалымдар оның қазақ топырағындағы негізін салушысы М.Әуезов екенін айтады.  Алайда, негізін салу, ірге тасын қалау деген сөз, қалай дегенмен де сол ғылымды қалыптастырды, дамытты, өркендетті деген сөз емес.  Өйткені «негізі қаланған» дүниенің жалғасы болмаса, іргетасы қаланған құрылыстың  үстіңгі қабаттары салынбаса, онда ол шаруа істелінбегенмен пара-пар деген сөз. Осы реттен   келгенде қашан да, қайда да «негізі қаланды» деп мақтанудың  реті болмас еді. Мақтану былай тұрсын, әлгі «негіз қалаушының» еңбегі далаға кеткен, желге ұшқан болар еді.  Осы тұрғыдан келгенде басталған істің жалғасын тапқаны, іргесі қаланған дүниенің шаңырағы көтеріліп, керегесін жайғаны мұрат емес пе?! Ал сол ұлы М.Әуезов ХХ ғасырдың 30-40 жылдарында негізін қалаған салыстырмалы әдебиеттану ғылымы қазақ елінде 50-ші жылдардан кейін мүлде сұйқыл тартып, сұйылып барды да, араға жарты ғасырдай уақыт салып, тек тәуелсіздіктен кейін ғана ғылым ретінде орнығып, қалыптаса бастады. Оның осынша кешеуілдеп, кенжелеп қалуының әрине, өзіндік себептері болмай қалған жоқ.  Ең басты себептердің бірі ретінде кеңестік кезеңде салыстырмалы әдебиеттану ғылымына «буржуазиялық ғылым» деген айдар тағылып, оны арнайы қарастырудың, әдеби зерттеу тәсілі ретінде жандандырудың мүмкіндігі болмағандығын айтуға болар еді. Екінші бір себеп, ұлттық республикалардағы ақын-жазушылардың бәрін, жаппай «ұлы орыс қаламгерлерінің, орыс әдебиетінің  шекпенінен шыққан» деген таным бел алды да,  «салыстырмалы әдебиеттану ғылымы» тұрғысынан кім не жазса да, осы бір идеяны ғана «тиянақтауға, дәлелдеуге» мәжбүр болды. Әрине, біз бұл арада «қазақ әдебиетіне орыс әдебиетінің игі ықпалы болған емес, орыс қаламгерлерінен нәр алған, үлгі-өнеге алған ақын-жазушы болған жоқ» деуден аулақпыз. Тіптен осы бағыттағы «ықпыл-әсерді, өзара үлгі-өнегені» зерттеудің өзі салыстырмалы әдебиеттану ғылымының бір бұтағы, бір тармағы ғана болатын. Яғни салыстырмалы әдебиеттану ғылымының өзі «ықпалдастық теориясы»  және «пареллель зерттеу теориясы» деп жіктелетін болса, кеңестік идеология осындағы тек  «ықпалдастық теориясына» ғана жылы қабақ танытып келді. Оның өзінде бұл теория жоғарыда айтқанымыздай тек бір бағытта, яғни одақтас республикалардан шыққан  қаламгерлердің тек «ұлы орыс қаламгерлерінің, орыс әдебиетінің  шекпенінен шыққандығын»  «дәлелдеу» үшін қызмет етуі керек болды.

Ал  салыстырмалы әдебиеттану ғылымының тағы бір үлкен саласы – адамзат ақыл-ойының, сана-сезімінің, эстетикалық аңсарының, арман-мұратының үндестігін, сәйкестігін, тамырластығын, қанаттастығын, өзектестігін, сарындастығын айқындауға бағытталған, сөйтіп бүгінгі жер бетіндегі діні, тілі, түрі бөлек халықтардың  өмір сүру мұраты, әлемді қабылдауы мен тануы, махаббаты мен ғадауаты қарайлас, о баста шынымен де Адама ата мен Хауа ана дейтін бір тектен, бір атадан жаралған  «Адамзат» деп аталатын бір жұрт екендігін дәлелдеуді мақсат тұтатын  «пареллель зерттеу» деп аталатын бұтағы мүлде шеттетіліп келді. Әрине, кеңес одағында өмір сүретін халықтардан бір ғана «кеңес ұлтын» жасауды мақсат тұтқан қызыл империяға бұл бағыттағы танымның да, теорияның да ұнай қоймасы екібастан анық болатын.

Сөздің  осы тұсында салыстырмалы әдебиеттану  ғылымының «параллель зерттеу» деп  аталатын бұтағына қысқаша тоқтала  кету қажет секілді.  Жалпы салыстырмалы әдебиеттану ғылымының отаны Францияда бұл зерттеу тәсілі, әсіресе, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қауырт бел алып, қысқа мерзім ішінде әлемнің әдебиеттану, мәдениеттану ғылымына ғылыми зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі ретінде орныққаны белгілі. Алайда салыстырмалы әдебиеттану о баста Францияда екі әдебиеттегі немесе екі қаламгер шығармашылығындағы тек нақтылы аргументтерді (оқиға, сюжет желісі, образдар, сөз кестесі, ой өрнегі т.с.с.), ондағы өзара ұқсастықтарды салыстыра қарастырып, оның тарихи, әлеуметтік себеп-салдарын, кім кімнің ықпал-әсеріне ұшырады деген мәселені ашуды ғана мақсұттайтын. Яғни өзара ықпал-әсері болмаған әдебиеттерді,  өзара ұқсас материалдық аргументтері жоқ шығармаларды салыстыру обьектісі етпейтін. Бұл принциптің басты өкілі Павл Ван Тигменнің «Салыстырмалы әдебиеттану туралы» (1931ж.) деп аталатын еңбегі ұзақ жылдар бойына әлем оқырмандарының негізгі оқулығы болып келді.

Салыстырмалы  әдебиеттану ғылымының «пареллель зерттеу» деп аталатын тармағының қалай  өмірге келгенін білу үшін, мына бір дерекке назар аудару керек секілді. 1954 жылы  Парижде «Халықаралық салыстырмалы әдебиеттану қоғамы» қоғамы (ICLA)  құрылған болса, сол жылы Франция мен Жапонияда, 1960 жылы АҚШ-та, 1968 жылы Германияда, 1969 жылы Канада мен Филиппинде, 1971 жылы Венгрияда, 1985 жылы Қытайда салыстырмалы әдебиеттану қоғамдары құрылып, өнімді түрде жұмыс істей бастады. 1955 жылы Венецияда ICLA-ның тұңғыш құрылтайы өтті. Оған дүниежүзінің көптеген елдерінен  салыстырмалы әдебиеттанушы  ғалымдар шақырылып, алғаш рет өзара ой-пікір алмасып, тәжірибе бөлісті. Ал екінші құрылтай 1958 жылы АҚШ-та шақырылып, оған әлемнің 43 елінен маман қатысты.  Дәл осы құрылтайда  АҚШ-тың Рене Вэллек, М.Блок бастаған  ғалымдары салыстырмалы әдебиеттану ғылымының сипаты мен міндетіне жаңаша анықтама берді. Сөйтіп олар аталған ғылымның франциялық «ағымына» –  яғни нақтылы фактілерді (rapports de facts) салыстырумен ғана шектелуге үзілді-кесілді тойтарыс берді. Әсіресе Рене Вэллектің: «Шын мәніндегі әдебиет зерттеу ісі тек өлі фактілерге (inert fakts) ғана назар аударумен шектелмей, есесіне ондағы құндылықтар мен сыр-сипатқа көбірек көңіл бөлу керек. Тарихи зерделеу тәсілінің бір кемшілігі – ол, әдеби зерттеуді тек ‘нақтылы байланыстармен’ (factural relations) ғана айналысатын деңгейге түсіріп, әдебиеттің өз бойындағы эстетикалық құндылықтар мен әлеуметтік сыр-сипатты бір жаққа сырып қойды. Осылайша салыстырмалы әдебиеттану ғылымы өзінің басты нысанасынан айырылды. Өйткені әдеби шығарма тек бастамалар мен ықпалдардың ғана жиынтығы емес. Оған өзінше бүтін бітім ретінде қарау керек… Бізше болғанда, салыстырмалы әдебиеттануды лингвистикаға айналдырмай, оның әдебиеттік сипатын тұғыр ете отырып, әдебиеттің адам баласының ең  қымбат құндылықтарын сақтаушы әрі жаратушы екендігін басты назарда ұстауға тиіспіз», – деген сөзінен кейін әлемдік салыстырмалы әдебиеттану ғылымына жаңа өріс ашылды. Осылайша тура осы құрылтайдан бастап, салыстырмалы әдебиеттану ғылымы мынадай негізгі үш салаға жіктелді. Бірінші: нақтылы байланыстарды зерттеу ағымы немесе ықпалдастық теориясы. Екінші: эстетикалық құндылық ағымы немесе пареллел зерттеу теориясы. Үшінші: Әдебиеттің өзге ғылымдармен қатысын зерттеу ағымы немесе пәнаралық байланыстар (interdisciplinary) теориясы.

Сөз болып отырған кезеңнен бастап АҚШ  салыстырмалы әдебиеттану ғылымының негізгі орталығы болумен бірге, салыстырмалы әдебиеттанудың “параллель зерттеу” деп аталатын бағытының отанына да айналды.

Параллель зерттеу, – аты айтып тұрғандай, екі әдебиетті, екі мәдениетті қатар  алып қарастыратын, жалпы ғылыми зерттеу жұмысындағы орныққан,  іргелі әдіс-тәсілдердің бірі. Ал әдебиетте салыстырмалы әдебиеттану ғылымының бір тармағы ретінде, әлемдік әдебиеттану ғылымында зерттеудің бір түрлі тәсілі ретінде ертеден орныққан ғылыми  әдіс. Аталған зерттеу тәсілі екі ел әдебиетіндегі шығармалардың, әдеби ағымдардың, жазушылардың арасында нақтылы, өзара ықпал-әсер, ауыс-күйіс, қарым-қатынас болмаған жағдайда да, оларды адамзаттың эстетикалық мәдениетінің жанды, бүтін тұлғасы ретінде қарастыра отырып, ондағы эстетиткалық құндылықтар байланысын, таным мен талғамдағы ұқсастықтар мен өзгешеліктерді  зерделеуді, тарихи талдау, салғастыра қарастыру арқылы олардың ішкі мәнін, өзекті қасиетін, негізгі ерекшеліктерін ашуды басты мақсат етеді.

Қысқасы сөз болып отырған зерттеу  тәсілі – екі немесе одан да көп елдің әдебиетін, екі немесе одан да көп елдің жазушыларын, олардың шығармашылығын салғастыру арқылы, ондағы эстетикалық құндылықтарды айқындайды, шығармадағы ұлттық ерекшеліктерді, дәстүрлі, әлеуметтік мәселелерді, әдеби заңдылықтарды ашады, сол арқылы әдебиеттің даму деңгейін, халықтардың дүниетаным, талғам, талабын анықтайды.

Салыстырмалы  әдебиеттану пәнінің қажеттілігі  мен көккейкестілігін қазақ әдебиеттанушы  ғалымдары тым ертеде-ақ аңғарғанымен, жоғарыда айтқанымыздай, оны ғылым ретінде қалыптастыруға, орнықтыруға, дамытуға кеңестік илеология мүлде мүмкіндік берген жоқ. Бір қызығы, батыс Еуропа елдерінде әлемдік салыстырмалы әдебиеттану көркемдік үдерісті игеруге бағытталған негізгі пән ретінде XIX-ғасырдың аяғынан бастап-ақ жоғарғы оқу орындарында оқытыла бастағанына қарамастан, тіпті кеңестік кезеңнің өзіндегі орыс ғалымдары  В.М. Жирмунский, М.П Алексеев, Н.И Конрад, И.Г.Неупокаева т.б. компаративист-ғалымдардың салыстырмалы әдебиеттануға арналған еңбектері академиялық сипатта болғанына қарасмастан, қазақстандық жоғарғы оқу орындарында тек әдебиеттанудың өзге де салалары ішінде үзінді-қыстырма ретінде сөз болғанымен, толық, жүйелі, арнайы түрде оқытылмады деуге болады. Алайда біздің әдебиеттанушы ғалымдарымыз “қызыл идеология рұхсат етпейді” деп, мүлде қол қусырып қарап отырған жоқ. Яғни М.Әуезовтен бермен қарайғы қазақ ғалымдары салыстырмалы әдебиеттану ғылымын жеке-дара, өзінше ғылым ретінде қарастырмағанымен, Қожанасырдың “жауын-жауынның арасымен жүргеніндей”, өзге еңбектерінің ара-арасында, басқа тақырыптардың орайында салыстырмалы әдебиеттану ғылымына жиі-жиі соғып, аталған ғылымды теориялық та, практикалық та тұрғыда орнықтыруға ат салысты. Сондай ғалымдардың бірі һәм бірегейі осы біз сөз еткелі отырған академик Рымғали Нұрғали десек,  артық та, асыра да айтқандық болмайды.

Басын ашып айтар бір нәрсе, өмір бойы қазақ  әдебиетін, оның түрлі жанрлары мен  өзекті мәселелерін, ондағы Алаш рухын  жеріне жеткізе зерттеген  академик Р.Нұрғалидың барлық  әдеби-зерттеу мұраларын қарап отырсақ, ғалымның салыстырмалы  әдебиеттану ғылымының да бірегей білгірі екендігі, аталған ғылымның өткен-кеткенімен, қыр-сырымен жан-жақты хабардар, жай хабардар емес, тіпті оның  үлкен теоретигі екендігі менмұндалап көрініп тұрады. Мәселен әлемге әйгілі американдық компаративистер. Р.Вэллек пен О. Воррен: «Өзінің сөз жүзілік қолдануында «салыстырмалы әдебиеттану» термині, ең алдымен, ауыз әдебиетін, әсіресе фольклорлық мотивтерді және олардың ауысуларын зерттеуі мүмкін… Өзінің басқа бір мағынасында бұл термин екі немесе одан көп әдебиеттер арасындағы байланысты зерттеуді білдіреді» десе, қазақ ғалымы Р.Нұрғали: “еш уақытта еш бір елдің әдебиет, өнері томаға-тұйық қалыпта, ұлттық шеңбердің ішінде ғана өсіп жетілген емес. Ана топырағында жаратылған өнер басқа жұрттардың  озық, асыл қазыналарынан нәр алып байығанда ғана өркен жаймақ. Әдебиеттің интернационалдық сипаты – көптеген халықтар өнері мен тәжірибесін қорыта отырып, байлам, тұжырым жасайтын теориялық мәні бар, күрделі проблема”, – деп атышулы ғалымдардың сараптамасымен сарындас, тіптен олардың  пікірін толықтыра түсетін, ғылыми жүйелей түсетін ойларын ортаға салады. Әрине, бүгінгі күні әлде кім жер шары дейтін ортақ мекенде іргелес жасап келе жатқан халықтардың ақыл-ойының, мәдениеті мен өнерінің өзара ықпалдастықта дамитындығы туралы айтса, ол әрине, еш қандай жаңалық та, ерлік те болмас еді. Ал “сендер қазан төңкерісінің арқасында ғана адам қатарына қосылдыңдар, ұлы орыс халқының арқасында өркениетке жеттіңдер” деген жалғыз ұранмен ғана өмір сүргізген, қылышынан қан тамып тұрған  кеңестік кезеңде бұндай  пікір айту,  ғалыми парасаттылықты былай қойғанда, ерлікпен пара-пар болатын.

Әіресе, адам баласы жер шарының қай түкпірінде жасамасын, қай нәсілге жатпасын, қандай діни нанымды ұстанбасын,  олардың өмірлік түпкілікті ұстанымы, тіршіліктегі өзекті принциптері, басты адами арман-мұраттары  шамалас, сарындас болатыны жасырын емес. Соның әсерінен белгілі бір суреткер қай елде туып, қандай мәдени ортада өскеніне қарамастан, оның шығармаларын көп жағдайда дүниежүзіндегі өзге халықтар да соншалық етене, таныс, жылы қабылдайды. Бұның себеп-салдарын академик  Р.Нұрғали өзінің “Телағыс” атты монографилық зерттеуінде былайша баян етеді: “Үлкен талант – мейлі қайраткер, мейлі суреткер, мейлі санаткер болсын – бір ұлттың шаңырағында туса да, тек сол елдің шеңберінде қалмаса керек. Өйткені, тіл, дін, сенім әр түрлі болғанымен сезім, әсемдікке құштарлық, арман адам баласына ортақ”. Міне көріп отырғанымыздай, ғалым бұл сөзінде “салыстырмалы әдебиеттану” ғылымының атын айғайлап айтпағанымен,  сол “адам баласына ортақ арманды, сезімді, әсемдікке құштарлықты” ашуда салыстырмалы әдебиеттану ғылымының атқарар рөлінің ерекше екендігін меңзейді. Демек академик Р.Нұрғали қазақ әдебиеттану ғылымын байыпты байламдармен байытатын, тың теориялық толғамдармен толықтыратын, қала берді әдеби шығармашылықтың өзін соны қырларға, тың өрістерге шығаратын салыстырмалы әдебиеттану ғылымы деп есептейді. Біздің бұл айтқандарымыздың бәрі ғалымның ғылыми еңбектеріндегі жалпы салыстырмалы әдебиеттанудың теориясына қатысты толғаныстары. Бірден ескерте кетейік, “толғаныстары” дегенде,  бұл әсте академик Р.Нұрғалидың осы бағыттағы пікірлерінің тұяғы түгел сөзі емес. Мақала көлемін ескере отырып, біз ғалымның салыстырмалы әдебиеттанудың теориясын байытуға да ат салысқанын дәлелдеу тұрғысынан, оның бұл бағыттағы  пікірлерінің бірен-саранынан  ғана үзінді келтіріп отырмыз.

Ал  салыстырмалы әдебиеттану ғылымының  теориясы бар да, сол теория негізінде  нақытылы шығармаларды салыстыра, салғастыра қарастыру бар. Академик Р.Нұрғали қазақтың белгілі бір ақын-жазушысының шығармашылығын  өзге елдің белгілі бір қаламгерімен арнайы салыстыра  қарастырмағанымен, салыстыра, салғастыра зерттеу тәсілін әр кезеңдегі еңбектерінде ұтымды пайдаланып отырғанын атап айту парыз. Бұның өзі, бір жағынан, қазақ еліндегі салыстырмалы әдебиеттану ғылымының қалыптасуы мен өркен жаюына игі ықпал етіп отырған болса, тағы бір жағынан, қазақ фольклорының, әдебиеті мен өнерінің, ақын-жазушыларының, бір ауыз сөзбен айтқанда қазақ руханиятының  әлемдегі «менмен» деген әдебиеттердің еш қайсысынан кенже қалып жатпағанын дәлелдеу, соған өзіміздің  де, өзгенің де назарын аудару, көзін жеткізу. Тегінде салыстырмалы әдебиеттану ғылымы кез-келген ел үшін осындай қадір-қаиетімен құнды, қажетті дейтін болсақ, бүгінгідей жаһандану заманында, қазақ елі үшін, қазақ руханияты үшін, оның ғаламдық рухани кеңістіктен өз орнын берік иеленуі үшін де сондай құнды, қажетті ғылым.  Ал академик Р.Нұрғалидің артында қалған ғылыми-зерттеу еңбектерін қарап отырғанда, оның аталған ғылымның қазақ әдебиеттану ғылымы  үшін көкейкескестілігі мен қажеттігін ту ертеде-ақ аңғарып, сол жолда біраз байыпты еңбектер жасап кеткенін аңғару қиын емес. Сөзіміз құрғақ болмау үшін, мысалға жүгінейік. Ғалым жалпы театр тарихы, орта ғасырлардағы грек-рим  жұртының театры мен драмматургиясы туралы айта келіп:  «Типологиялық жағынан «Дель арте» театры қазақтың айтысына ұқсас. Қазір айтыс тек фольклордың бір нұсқасы ретінде ғана зерттеліп жүр. Асылы, айтыс өнері ұлттық драма мен театрдың  ежелгі үлгісі ретінде тексерілуі керек», – дейді. Бұл пайымдаудан саналы оқырман, сахналық қойылым үлгісінің қазақ топырағындағы тарихы да әріде жатқанын аңғарады, жай аңғарып қана қана қоймайды, туған халқының рухани байлығымен марқаяды, мақтанады. Негізінде отансүйгіштік, ұлттық патриотизм тәрбиесі, міне осындай ұлттық мақтаныштарды ұрпақ санасына сіңіруден басталмақ.

Орыс  әдебиетінің алтын ғасыры дүниежүзі  халықтарының сөз өнеріне орасан зор ықпал еткенін еш кім де, еш қашан да жоққа шығармақ емес. Алайда бұл деген сөз жержүзінің ойшылдары мен ақын-жазушыларының бәрі орыс мәдениетінің шәкірті болып қалды дегенді білдірмесе керек. Өкінішке орай, кеңестік кезең тұсында біздің әдебиеттанушыларымыздың  дені   ұлы Абайды да, ұлы Мұхтар Әуезовті де орыс ойшылдарының  шәкірті етіп көрсетуге тырысты. Кремлге керегі де сол болатын. Алайда сол кер заманның өзінде профессор Р.Нұрғали салыстырмалы әдебиеттану ғылымының  принциптері негізінде Абай ұлылығын орыс ойшылдарымен шендестіре, салғастыра қарастырды. «Өмірлік материалды пайдалану, сюжетке сүйек боларлық оқиғаларды сұрыптап таңдай білу кездейсоқ нәрсе емес, талант қуатына, дүниетаным шеңберіне сабақтас процес екендігі белгілі. Абай Құнанбаев пен Иван  Тургеновтың өзара байланыссыз бір сюжетке шығарма жазулары екі алыптың іштей туыстығын аңғартса керек. Біз «Масғұт» поэмасы мен  «Шығыс аңызы» әңгімесін айтып отырмыз. Екі туынды арқауы да «Мың бір түндегі» Хасан шебер басындағы оқиғадан алынғаны анық. Тургенов қысқа ғана әңгіме жазса, Абай поэма шығарған».  Демек, ғалымның бұл арада қазақтың Абайы  анау айтқандай, тек орыс ойшылдарынан үйренуші, орыс қаламгерлерінен тағылым алушы ғана емес, талант қуаты, парасат-пайымы,  дүниетаным деңгейі тұрғысынан қандай хакіміңмен де  қатар тұра алатын  ұлы ойшыл екенін меңзеп отырғаны анық.

Информация о работе Салыстырмалы әдебиеттану