Сөздік қор жане антоним создер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 09:32, реферат

Описание работы

Сөздік қор, тілдің негізгі сөздік қоры – сөздік құрамның ең тұрақты бөлігі, ондағы сөздердің негізгі ұйтқысы. Сөздік құрамға тілде бұрыннан қалыптасқан, сондай-ақ кейін пайда болған барлық сөздер енсе, сөздік қорға ең қажетті ұғым-түсініктерді қамтыған, сол тілде сөйлейтіндердің бәріне түсінікті сөздер ғана кіреді. Сөздік құрамға қарағанда сөздік қордағы сөздердің көлемі шағын болады. Қазақ тілінің сөздік қорында түркі тілдеріне ортақ, бір буынды және көп мағыналы байырғы сөздер бар.

Файлы: 1 файл

3. Сөздік қор жане антоним создер.docx

— 66.33 Кб (Скачать файл)

Сөздік қор, тілдің негізгі сөздік қоры – сөздік құрамның ең тұрақты бөлігі, ондағы сөздердің негізгі ұйтқысы. Сөздік құрамға тілде бұрыннан қалыптасқан, сондай-ақ кейін пайда болған барлық сөздер енсе, сөздік қорға ең қажетті  ұғым-түсініктерді қамтыған, сол тілде  сөйлейтіндердің бәріне түсінікті  сөздер ғана кіреді. Сөздік құрамға  қарағанда сөздік қордағы сөздердің көлемі шағын болады. Қазақ тілінің сөздік қорында түркі тілдеріне ортақ, бір буынды және көп мағыналы байырғы сөздер бар. Негізгі сһздік қорға қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан байырғы төл сөздері енеді: туыстық атаулары (ата, құда, нағашы); мал (сиыр, түйе, құлын); хайуанат (қасқыр, түлкі, қоян); ағаш (қарағай, емен, тобылғы); киіз үй (шаңырақ, кереге, уық); заттың сапалық, сындық атаулары (жақсы, қатты, жылы), т.б. Ежелден тілге әбден сіңісіп, жалпыхалықтық сипат алған кірме сөздер де (кітап, ғылым, намаз) сөздік қорға жатады. Сөздік қордың басты белгісі – тұрақтылық, онда жалпыхалықтық сипат басым келеді. Сөздік қордағы сөздер жаңа сөз тудыруға ұйтқы болып, сөздік құрамды байытады. Мысалы, жер сөзінен жершіл, жерлес, жер үй, жертөле, т.б. сөздер жасалған. Негізгі сөздік қорға стильдік қабаттасулар тән емес, оларды стильдік салалардың жеке түрлеріне телуге болмайды.

Негізгі сөздік қор – тілдің негізін құрайтын, сөздік құрамның қалыптасуы мен сөзжасамда маңызды рөл атқаратын, жалпыхалықтық сипатқа ие бір буынды сөздер. Негізгі сөздік қордың жалпы саны аса көп емес. Қазақ тіліндегі Негізгі сөздік қорға енетін тұлғалар көне дәуірден жалғасып келе жатқан барлық түркі тілдеріне ортақ сөздер. Мысалы, ал, ар, ас, ана, отыр, бар, мен, бес, жан, жас, т.б. Осы тұрғыдан Негізгі сөздік қор сөздік құрамнан ерекшеленеді. Сөздік қорға тек көне түркілік атаулар ғана енсе, сөздік құрамға тіліміздегі барлық сөздер – диалектілер, кірме сөздер, жаргондар, қарапайым сөздер, сленгтер, т.б. жатады. Негізгі сөздік қорға тән басты белгілер: а) тұрақтылық; олар тұлғалық және мағыналық жағынан тұрақты болады. Қазіргі қазақ тілінің Негізгі сөздік қорындағы көптеген сөздерді бірнеше ғасыр бұрын жазылған ескерткіштерден кездестіруге болады. Мысалы, 5 ғасырдағы Талас, Орхон-Енисей ескерткіштерінде сіз, ұғлан, өзім, көк, боз, ұлығ, ат, күн, т.б.; 11 ғасырдағы Ж.Баласағұн мен М.Қашқари еңбектерінде ат, қой, күн, кел, өкін, т.б. сөздер кездеседі. ә) Сөз тудыруға ұйытқы болады; сөздік құрамның дамуына байланысты Негізгі сөздік қор да өзгеріске ұшырайды. Негізгі сөздік қордағы бір буынды түбірлерден көптеген туынды сөздер жасалады. Туынды сөздер жаңа сөз тудыра алғанымен, Негізгі сөздік қордағы сөздердің сөзжасамдық қабілеті бірдей емес. б) Жалпыхалықтық сипаты; Негізгі сөздік қорға енетін сөздер бүкіл халыққа түсінікті және үнемі қолданыста болып, баршаға ортақ қызмет атқарады.[1]

Негізгі сөздік қор — сөздік құрылымның негізгі ұйытқысы, қайнар бұлағы шығу арналарының ең маңызды бөлігі. Сөздік құрамға қарағанда негізгі сөздік қордың сан мөлшері, көлемі әлдеқайда шағын болады. Өйткені оған кез келген сөз кіре бермейді. Қоғам, адам өміріндегі ең қажетті ұғымдарды білдіретін жалпыхалықтық сөздер ғана кіреді. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорының құрамы біркелкі емес. Оның негізінде түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер жатыр. Бұлар көбінесе бір буынды көп мағынапы сөздер: тау, көл, жер, тас, үй, күн, тун, ай, жыл, айт, бар, кел, жүр, сен, мен, ол, бір, екі, уш, төрт, көк, ақ т. б. Сонымен бірге негізгі сөздік қорға ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың байырғы төл сөздері кіреді. Мысалы,

  • туыстық атаулар: ата, ана, қарындас, нағашы, жиен, бөле, құда, құдағи, жеңге;
  • мал атаулары: түйе, жылқы, сиыр, бота, құлын;
  • хайуан атаулары: қасқыр, түлкі арыстан, қоян, қарсақ;
  • ағаш атаулары: қайың, қарағай, мойыл, емен, тобылғы, шырша;
  • киіз үй атаулары: шаңырақ, туырлық, кереге, уық, бақан;
  • жұмыс құралдарының атаулары: күрек, балта, балға, ұршық, құрық, пышақ, біз;
  • сапалық, сындық, атаулары: жақсы, жаман, жеңіл, ауыр, қатты, жұмсақ, жылы, суық т. б.

Ежелден сіңісіп, жалпыхалықтық сипат алған кейбір кірме сөздер жатады. Мысалы, дастарқан, астар, жеке, жәрдем, жанжал, жануар, сыпайы, қорек, қошемет, зиян, орамал, ораза, намаз, нан, кітап, базар, мектеп, ғылым, рет, самауыр, бөтелке, бәтіңке т. б.

Негізгі сөздік қордың басты белгілері

Негізгі сөздік қордың мынадай басты белгілерін көрсетуге болады. Бұл белгілер арқылы негізгі сөздік қордың сөздік құрамынан өзіндік ерекшелігін көрсетумен бірге, оған қандай сөздер енетінін анықтауға болады.

  • 1. Негізгі сөздік қорға тән басты белгі — тұрақтылық. Оған бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп, барша ұрпақ үнемі қолданып келе жатқан сөздер кіреді. Осы күнгі қазақ тілінің негізгі сөздік қордағы көптеген сөздерді бұдан бірнеше ғасыр бұрын жазылған ескерткіштерден кездестіруге болады. Мысалы, Ү ғасырдан қалған Талас ескерткіштерінде: ат, ер, сіз, тул, отыз, уғлан, өзім, көк, боз, ұлығ, кішіг, оң, теріс, ат, күн, қыз, бар, кел, оқы, біл, оң, алты, отыз т. б.; XI ғ. Қашғаридың сөздігінде: мен, сен, ол, екі, уш, алты, тоғыз, ат, өгіз, қой, ай, күн, тун, теңіз, ақ, қызыл, қара, бар, кел, оқы, өкін т. б. сөздер сақталып қалған. Негізгі сөздік қордың тұрақтылығы жайында сөз болғанда, мынандай жайт есте болуы керек. Негізгі сөздік қордың тұрақты сипаты бар дегенге қарап, ол тіпті де өзгермейтін құбылыс деп ұқпау керек. Сөздік құрамның дамуы барысында негізгі сөздік қор баяу болса да өзгеріске ұшырайды. Қазіргі тілдің негізгі сөздік қор — тарихи дамып отыратын категория, ол бірнеше ғасырдың жемісі. Сондықтан негізгі сөздік қор тек бір буынды сөздерден тұрады деп ойлауға болмайды. Оған неғұрлым кейін пайда болып, жалпыхалықтық сипат алған, қазақтың байырғы сөздері, кейбір кірме сөздер де кіреді (жоғарыда келтірілген мысалдарды қараңыз).
  • 2. Негізгі сөздік қорға тән екінші басты белгі - оның сөз тудыруға ұйытқы болатындығы. Негізгі сөздік қор болмаса, сөздік құрам молайып байымас еді. Әсіресе негізгі сөздік қордағы бір буынды түбір сөздерден қаншама сөз жасалып отырған. Мысалы, бір-біріне жақын екі мағынада қолданылатын күн сөзінен әр түрлі сөзжасам тәсілдері арқылы: күндіз, күнгей, күнсу, күнім, күнелту, күндес, күншіл, күндеу, күнделік, күн ұзақ, күн ілгері, күн бұрын, күн шуақ, күншығыс, күнбатыс, күнбағыс, күн тәртібі, күн көру, күн ара т. б.; жер сөзінен: жершіл, жергілікті, жерлеу, жерлес, жерсіну, жерсіз, жермай, жер- төле, жеркепе, жер шары, жер ошақ, жер серігі, жер үй, жерұйық т. б. сөздер жасалған. Жоғарғыдағы мысалдарға қарап, тек бір буынды түбір сөздер ғана сөз тудыруға қабілетті екен деп ойлауға болмайды. Бірқатар туынды сөздер жаңа сөз жасауға негіз бола алады. Мысалы, ек сөзінен туған егін сөзінен егінші, егіншілік, егіндік; жи сөзінен жасалған жинақ сөзінен жинақты, жинақтылық, жинақы сияқты сөздер туған. Негізгі сөздік қорға енетін сөздердің сөзжасам қабілеті де бірдей емес. Мысалы, өте көне замандардан белгілі екеніне қарамастан, сан есімдерден туған сөздер өте аз. Ал зат есім мен етістік түбірлердің көпшілігі сөзжасамда аса өнімді қызмет атқарады.
  • 3. Негізгі сөздік қордың үшінші басты белгісі — оның жалпыхалықтық сипатында. Негізгі сөздік қорға енетін сөздерді қазақ тілінде сөйлейтін адамдардың барлығы тек түсініп қоймайды, оны күнделікті өмірінде үнемі қолданып отырады. Бұл арада адамдардың қызмет, білім дәрежесіне, кәсібіне, жас мөлшеріне байланысты шек қойылмайды.
  • 4. Негізгі сөздік қорға енетін сөздерге стильдік қабаттасулар тән емес. Оған кіретін сөздерді стильдік салалардың жеке түрлеріне телуге болмайды. Өйткені ол лексиканың ең негізгі саласы, жалпыхалықтық қолданыстағы сөздер.[2]

СӨЗДІК ҚОР МЕН СӨЗДІК ҚҮРАМНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ

(БАЙЛАНЫСЫ)

Бір тілдегі сөздерді төл  ж“не кірме деп белудің өзі  тек дердін шыгу тегін, төркінін саралап көрсету үшін гана алынған шарпы белгі. Бұл бөлініс негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның шегін көрсетіп бсре алмайды, Өйткені төл сөздер тума болғаидықтан, бәрі бірдей негізгі сөздік қорға жатады да, ал кірме сөздер кірмс болкандықган, оған кіре алмайды_ десек, ғылым үшін үлкен ағаттық болар еді. Белгілі сөздің негізгі сөздік қорға жату-жатпауы, онын біреуі тума (төл), екіншісі кірме болуына қарай смес, әр сөздің жалпы халықтық, сипаты мен сөз тудырудағы қабілетгіліпне карай танылады. Сөздің тілде көп өмір сүруі нсмесе аз өмір сүруі де негізгі сөздік қорға деп-бір шартты белгі болып табылмайды. Мәсслеи, шидем, сәукелс, кебеже, асадал, қорамсак, қит кию, отқа салар, жылу, жаназа, підия, аптиек, иманшарт сияқты архаизмдер тілдс қншама ұзақ уақыт өмір сүрсе де, негізгі сөздік корга дәл казі алмайды. Ал, электр, спутник, космос, космонавг, космодром-синтетика, капрон, лавсан, тәрізді термин сөздер тілге кезде енгеніне қарамастан, жалпы халықтык, сипат алып отыр.Негізгі сөздік кор ор түрлі жолдармен, әсіресе сөз тудырғыштық амалдар арқылы тілдің бүкіл лексикалық жүйесін әрдайым’ сабақтастырып, байланыстырып отырады.

Сөздік құрамдагы белгілі контексте  керегіне карай қолданылып жүрген көнерген сөздер де бір заманда негізгі сөздік қорлы болып, реполюцнядан кейін ғана мән-ыағыпалары ескіріп пассив сөзге айналган. Әрбір тілдің сөз тудыру тәсілі, бір жағынан нсіізгі сөздік қор мен грамматиканы жалгастырып, өзар байланыстыратын аралық дәнекер (звено) болса, екінші жағынан ол негізгі с“здік қор мсн сөздік қүрамды да ұштастыра отырып аралық қарым-қатынастын түрлері мен нормаларын белгілеп бсреді. Неіізгі сөздік қор ысн сөздік құрамның ара-жігі сіресіп катып калған өзгермейтін дүние емсс. Керісіншс, бұлар іштей бір-біріне игілікті осер ету арқылы үнемі жанарып толығуда жаңгырып өзгеруде болады. Демек, бұлардыц ара қатынасы жылжымалы, өзгермейтін, әрі шартты дсп түсіну керек.

ФРАЗЕОЛОГИЗМ ЖӘНЕ ҮЙЫТҚЫ СӨЗДЕР

Тұрақты сөз тіркестері мен күрделі  сөздер сөздікке берілгенде бірінші сөздің алфавиттік тәртібіне қарай орналастырылады. Фразеологизмдердің бірінші сөзі көп жағдайда ұйытқы сөз деп аталады. Әсіресе сып есімдерден (ақ, ала, кец, кер, көк, қара,қоңыр,қызыл,сары), сан есімдерден (бір, екі, үш, төрт, бес, алты,жеті,тоғыз,он,он екі,қырың, мың), бірлі-жарым етістік-терден болған ұйытқы сөздер әрқашан фразеологизмнің біршші сөзі болып жүмсалады. Мысалы: ақ айыл, ақ боран, ақ білек, ақ жарқыи, ақ жауын, ақ жем, көк айыл, көк долы, көк бақа, дауыл, көк жал, көк майса, көк мылжың, бір шүйке, бір үзім,бір ілім,бір отар,бір үйір, бір қора, екі жүзді, екі қабат, талай, екі ұшты, қырық жамау, қырық, қырық пышақ, өлгенде көрген, өлер жері, өлгсн-тірілгенін жақсы көрді, өлдім-талдым дегенде, өле жаз-қорқады, өлеріне көрінді, өлмегенге өлі балық, өлмегенге қара жер, ішкен асын жерге қойды, ішкен-жегенін мұрнынан шығарды, ішкені алдында, ішпегені артында, ішкені ірің, жегені желім, ілінсе кетті, іреп сойды, алып қашты, жабулы казан жабуымен, жатып ішер, жазбай таныды т. б. Ұйтқы сөз фразеоло-гизмдердің бірінші сөзі болып келуі басты шарт болып табылмай-ды. Екі компоненгті зат есімнен болган фразеологизм-де ұйтқы сөз біріпші болып та, соңынан скінші болілп та тұра ‘береді. Дегенмен үйтқы сөз фразеологпзмдердіц бірінші басқы ком-понсіпі болып қолданылуы өте жиі үшырасатындығын жоқ-ка шығаруға болмайды. Мұны мына төмендегі фразеологизмдердің

құрылым-құрылысынан айқынкөруге  болады.Мысалы:

Тіс сөзіне қатысты фразеологизмдер. Оның ішінде есім фразеологизмдер: а) сүт тіс,.күрек тіс, қасқа тіс, мандай тіс, ақыл тіс, үры тіс, азу тіс, қой тіс, жылқы (ат) тіс, сиыр тіс, бұзау тіс, ит тіс, сойдақ тіс, қашау тіс, сары тіс, маржан тіс, ұрғашы тіс, еркек тіс (тараққа қатысты) т. б. ә) тіс қаққан, тіске басар тіс гимеген, тісі шыккан, тісі каладаіі, тісі меруерттей т. б. Етігтік фразеологизмдер: тіс жарды, тіс жармады, тісі батпады, тісін басты, тіске басты, тісіи батырды, тісінен шыгармады, тісін қайрады, тісі шықты, тісі тісіне тимеді, тісің барда ысқыр, тіске сыздық етті, тісінің сыздығына сақтады т. б.

Бел сөзіне қатысты фразеологизмдер. Онын ішінде есім фра-зеологизмдер: а) кұмырсқа бел, кузен бел, таспа бел, қақпац бел, күдері бел, қынай (қынама) бел, бұран. бел, қыз бел, асқар бел, аш бел, т. б. ә) бел ағаш, бел бала, бел құда, бел омыртқал орақ, белі жок, бел ауру, бел күрек, бел ата (сы), елді атабел немересі, бел орта, бел ортасында, т. б. Етістік фразеел байлады (буды), бел бермеді, бел (і) кетті, бел көрді, бел көрсетті, бел қайысты, бел қылды, бел ұстасты, бел шешпеді, бел шешті, бел бүкпеді, белі бүгілді, бел көтерді, бел болды, белге шықты, бел жазды, бел суытты, белін сындыр-ды, белі ауырмайды, бел асты, белі шойырылды, белге көтерме болды, бел күшке кірісті, бел қызығын көрді, бел омыртқасы үзілі шықпай жатып т. б. Тілдегі кез келген сөз фразеологизмдерге ұйтқы сөз бола алмайды. Халықтың өзімен қоса жасасып келе жатқан байырғы сөздік қордағы сөздер ғана ұйытқы сөз бола алады. Сөздің сапа жағынан қаншалықты да-мығандығын көрсететін бірден-бір белгі — оның көп мағыналық сипат алып, туынды мағынада жұмсалып, әлденеше фразеоло-гизмдерді тудыруға себеп болуыңда. Осы ретте қазақ тілін-дегі фразеологизмдерді жасаудағы анотомиялық атаулардың қызметі айырықіпа екендігін атай кеткен жөн. Әсіресе көз, қан, бас, ауыз, қол, бет, аяқ, жүрек, тіл, қүлақ, қабақ, төбе, кеуде, көкірск тәрізді адамның дене мүшелері сөзге арқау, ойға тірек-гаяныш болып, тіліміздегі фразеологиэмдердің бай қорын жасау-дағы мінсіз қызметі бір төбе екендігін анықтадық.

ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСЫ

Сөйлеу кезінде тынан жасалынбай, даяр қалпында колдану жағынан мақал-мәтелдер фразеологизмдерге. ұқсайды. Ма-қалдар негізінен екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында іс-әрекеттің шарты мен жағдайы айтылып, соңынан сол пікірді түй-індеп қорытындылайды. Я болмаса, екі нәрсені бір-бірінс қарсыт қойып, салыстырады. Мысалы: Жақсымен жолдас болсаң, же-терсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсақ, қаларсыц уятқа. Сұлу-сұлу емес, сүйген сүлу. Суьщ ширатады, жылы жасытады. Аягы жаман төрді былғайды, Аузы жаман елді былғайды. Балық аулай алмаған суды лайлайды. Ағың барда жер таны, желіп жүріп, Асың барда ел таны беріп жүріп, т. б. Мақал—тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі. Сондықтан да бұрыннан келе жатқан даяр материал болғандығына қарамастан жұрт мақалдарды айтуға да, сонымен қабат тыңдауға да соншалықты құмартып тұрады. Мақал-мәтелдердің адам баласының өмірінде камтымайтын саласы жоқ. Соның бәріне аз сөзбен көп магыналы етіп білдіреді. Халық: Түз астық дәмін келтірсе, Мақал сөздіц сәнін келтіреді, Мақал—сөздің атасы, Сөздіц көркі—мақал, Мақалсыз сөз — татымсыз аспен тең,— деп тұжырымдайды. Мақал-мәтслдердің фразеол-огизмдерге жуықтайтын жері тек тілдегі даяр тұрған материал болғандығында ғана емес мақал-мәтелдердің көпшілігінде кейде тұжырымды оймен қатар бейнелі ишарат жатады. Мәселен, Құс қанатымен ұшады, құйрыгымен қонады дегенде біз құстың ұшып-қонуын ойламаймыз, ең алдымен, адам туралы, күнделікті өмір-тіршілік туралы ойлаймыз. Құстарды ұшырып-кондырып тұратын олардың қанаты мен кұйрығы болса, сол сияқты адам да бір мен бірі селбесіп, бір-бірінің тілін тауып, бірлесіп, қол ұстасып өмір сүрмесе болмайды екен ғой деген ойга келеміз. Сол сияқты Ит тойған жеріне, ер туган жеріне, Қісі елінде сүлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол дегендердегі ит пен ерді, жат ел мен туған елді бір-біріне қарама-қарсы шендес-гіріп қолдану арқылы тұжырымды оймен бірге астарлы мәнмағына беріп түр. Мақал-мәтелдср жайдан-жай айтылмай^ белгілі мақсатты ойды жузеге асыру үшін, тындаушының жан сезіміие ерскше әсер ету үшін қолданылады. Фразеологизмдер сияқты мақал-мәтслдер де обден қалыптасқан, орныққан, орны бекем болады. Бұлардың коміюненттерін де өзара алмастыруға немесе басқадай сөзбен езгертуге келмейді. Сонымсн қатар сыртқы түрі жағынан яғни өздерінін семантикасы мен құрылым құрылысы жагынан мақал-мәгелдердін, фразеологизмдсрден елеулі өзгешеліктері болады. Фразсологизмдердің мағыналары астарлы бейнелеу мәнде келеді. Ал макал-мәтелдердін көпшілігі

игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатвнда_ болады.Мақал мен мәтелдср қаншалықты ауыс мағынада айтылганымен, құрамын-дагы сөздер өзінің байырғы лексикалык мағыналарынан қол үзіп, онша тасаланбайды. Сөз саны жағынан макал-мәтелдерге қараганда фразеологнзмдерде өге шектеулі, көпшілігіне екі, я үш компонентті болады. Мысалы: қол бала, қолы ұзын, қолы тар, қол артты, қолды болды, қолы алдына сыймады,қолды жепсіз байлайды,қол-аяғы балғадай,жеткендей,екі қолын төбесіне қойды,екі өкпесін клына алып жүгірді,қолынжылы суға малды,біреудің қолымен от көседі,т. б.Мақал мен мәтелдер де мән-мағанасымен қатар құрылым-құрлысы жағынан да сан түрлі болатындығы белгілі.Өзінің құрамы жағынан фразеологизмдерге мақалдан гөрі мәтелдер бір табан жақын келеді.Мақал белгілі бір ұғымды тікелей білдірсе, мәтел белгілі бір ұғымды жамалап,меңзеп,тұспалап атайды.Мысалы:Бөрік кигеннің намысы бір,Саусақ илікпей,ине ілікпейді,Палуанға оң,терісі бірдей,Ат аунаған жерде түк қалады,Қорыққан бұрын жұдырықтар,Кісідегінің кілті аспанда,Алған қолым береген,Сұлуынан жылуы,Көрмегенге көсеу тан,Жығылсаң нардан жығыл,Сүйгенін шұнағым дейді,Көңіл жүйрік пе,көк дөнен жүйрік пе,Соқыр атқа қотыр ат үйір,Бұралқы ит үргнімен жағар,Ит үреді,керуен көшеді,ебін тапқан екі асайды,т.тб.

Мақал-мәтелдерде ұғымнан гөрі нақтылы  бір ойды түйінден айту басым болды.Сондықтан бұлардың сыртқы құрылым-құрылысы сөйлем ұқсайды.Ал фразеологизмдер керісінше, нақ-тылы бір ұғымды астарлап айтып,сыртқы формасы жағынан жеке сөзге теңесіп тұрады.Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер талай замандар бойына жасалып,ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Алайда бұлардың жасалып,қалыптасу мерзімінде үлкен кере-ғарлық бар.Мақал мен мәтел әр заманның өзіне лайық күнбе-күн туып көбейе береді.Қазіргі біздің советтік дәуірде пайда болған мақал-мәтелдерден өзі қаншама.Мысалы:Табы бірдің-ары бір, Еңбексіз елге сыймас,Есепсіз колхоз-есіксіз үй,Егін ексең тыңға ек,онан өнер өнім көп,Еңбегі жоқтың өнбегі жоқ,Опасызда Отанжоқ,Жолдас қадірін жорықта білерсің,Сынның өзі ащы бол-ғанмен,жемісі тәтті,Жылылық күннің көзінде,даналық Ленин сөзінде,Партия айтса болғаны, женістің қолга қонганы, Партия қайда болса — жеңіс сондай, Партия сөзі — барлық женістің көзі, т. б. Фраяеологпзмдер мақал-мәтелдер тәрізді күнбе- күн көбейіп, тез дамып отырмайды. Тұрақты тіркес болу үіпін, белгілі ситуациялық жағдай қажет. Әсіресе идиомның шеңберіне енген сөз идиомалану, лексикалану , грамматикалану заңымен даму-өзгеру процестерін басынан өткізу үшін талай уақытты (заманды) қажет етеді. Сол себептен |болса керек, фразеологизмдерді, әсіресе, идиомды бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударуға онша көнбейді.Ал мақал-мәтел-дер тілден тілге сөзбе-сөз де, емін-еркін де аударыла береді.

Информация о работе Сөздік қор жане антоним создер