Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 09:32, реферат
Сөздік қор, тілдің негізгі сөздік қоры – сөздік құрамның ең тұрақты бөлігі, ондағы сөздердің негізгі ұйтқысы. Сөздік құрамға тілде бұрыннан қалыптасқан, сондай-ақ кейін пайда болған барлық сөздер енсе, сөздік қорға ең қажетті ұғым-түсініктерді қамтыған, сол тілде сөйлейтіндердің бәріне түсінікті сөздер ғана кіреді. Сөздік құрамға қарағанда сөздік қордағы сөздердің көлемі шағын болады. Қазақ тілінің сөздік қорында түркі тілдеріне ортақ, бір буынды және көп мағыналы байырғы сөздер бар.
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандарына
өмірде қойылатын талап өте жоғары.
Көпшілік олардан әдеби тілде
көркем сөйлеудің үлгісін күтеді.
Ол – орынды талап, өйткені бұл
міндетті оларға мамандығы да және
білім жүйесінің қай сатысында
да атқаратын қызметі де жүктейді.
Сондықтан ана тілі мен әдебиетінен
сабақ беретін оқытушы өзі
ғана шебер сөйлеумен қатар
Бұл мақсат, міндеттерді жүзеге асыруда магистратурада оқытылатын «Сөз мәдениеті және шешендік» пәнінің мәні үлкен. Бұл мақсаттың түпкі шешімі магистрдіңигерген базалық білімін мазмұнды да дәлелді етіп, әсерлі сөз орамдарымен жеткізе білуіне келіп тіреледі. Сондықтан жоғары білімнен кейінгі жүйеде де өндіріс пен нарықтың жылдам өзгеріп жатқан жағдайына бейімделген жаңа үлгідегі мамандар даярлауға үлкен көңіл бөлінуде. Сол себепті магистратурада «Сөз мәдениеті және шешендік» пәнін оқытуды ұйымдастыруда магистрдің сөйлеу белсенділігін арттыратын, өз ойын ашық айтуға, пікір алысуға жетелейтін жұмыстүрлерін қолдану сөйлеу мәдениетін жетілдіру мәселесінің дұрыс шешілуіне жағдай жасайды. Мұның бірнеше себептері бар: біріншіден, кәсіби біліктілікті де, жалпы мәдениеттілікті де қалыптастыруда сөйлеу әрекеті адам өмірінде үлкен орын алады, екіншіден, білім жүйесіндегі ізгілендіру жұмыстары да сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асады.
Сөз мәдениеті пәнін оқыту
Ал коммуникативтік компонент сөздің дұрыстығы,тазалығы, байлығы, қисындылығы, сөздің дәлдігі секілді мәселелерді қамтиды.
Сөз дұрыстығы жөніндегі ой-
Ғалым сондай-ақ көркем сөздің ішкі және сыртқы сындары болатынын тұжырымдай келе, «сөйлеуші тілінің дұрыстығын, анықтығын, тазалығын, дәлдігін, көрнектілігін, әуезділігін, өрнектілігін» тысқы сындар деп көрсетеді.
Сөз мәдениетінің сапалық көрсеткіштерінің бірі – сөз көркемдігі. Зерттеушілердің пайымдауынша, сөз көрнектілігіне мынадай жағдайлар әсер етеді:
- сөз иесінің ойлау даралығы, саналы әрекеті;
- сөз иесінің өзі сөйлейтін сөздің мазмұны мен оны тыңдаушыларға деген ықыласы;
- тілді, оның көріктеуші құралдарын жақсы меңгеруі;
- тілдік стильдердің ерекшеліктері мен өзіндік заңдылықтарын жете білуі;
- өзінің сөйлеу дағдыларын жүйелі түрде шыңдап отыруы;
- өз сөзіне үнемі бақылау жүргізіп, қай жерде көрнекі, қай тұста құрғақ сөзге жол берілгенін бағамдай алуы;
- өзінің алдына көрнекі сөйлеуді нақты мақсат етіп қоя білуі. [4, 115 б.].
Сөз мәдениетінде сөз сазы да басты
рөл атқарады интонация сөзге
жан беріп қана қоймай, адамның
ішкі дүниесін, сезімін, көңіл-күйін
дәл білдіруге тікелей
А.Байтұрсынұлы тіл әуезділігін
екі топқа жіктеп көрсетеді. Оның
айтуынша, «сөз әуезділігі сөз ішіндегі
дыбыстардың құлаққа
М.Балақаев тілдік нормаға «тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру» [5, 37 б.], - деген анықтама бере келіп, тілдік бірліктердің ерекшеліктерін әр адамның терең түсіне білуі әдеби тіл нормасының бұзылмауына ықпал ететіндігін де ескерткен.
Олай болса, магистр болашақ
мамандығында білім алушының тілдік
нормаларды жетік меңгергенде ғана
сауатты да әдеби тілде дұрыс
сөйлей алатындығын терең ұғынуы
тиіс. Сондықтан тілдік норманы қалыптастыру
кешенді жұмыстар арқылы жүзеге асырылатындығы
назарда болуы қажет.Өйткені
Бұл міндеттер кешенді жүргізілген жұмыстар арқылы іске асады. Сондықтан сөз мәдениетінің негізгі бағыттары кешенді жұмыстар бойынша жүргізілуі қажет.
Ондай жұмыстарды төмендегіше топтауға болады:
а) сөз мәдениетін жетілдіруде жағымды уәж тудыратын өзін-өзі талдау, бағалау және өзара талдау, бағалау жұмыстары. Бұл жұмыстар магистрлердің өз сөздеріне де, жолдастарының сөздеріне де сын көзбен, үлкен жауапкершілікпен қарап, сөйлеудегі кемшіліктерін тез байқап, түзетуге, білімдерін толықтыруға мүмкіндік береді;
ә) жүйелі түрде ұйымдастырылған ойталқы, ойбөліс те олардың сөйлеу белсенділіктерін арттырып, өз пікірлерін дәлелдеп жеткізе білуге дағдыландырады;
б) мәтін талдау және өздеріне құрастырту да магистрлердің сөз мәдениетінің жетілуіне игі әсер ететін шығармашылық жұмыстар.
Осындай жұмыстар магистрлердің өзінің
сөйлеген сөзіне мән беріп, сөзінің
мазмұндылығы, баяндауының жүйелілігі,
мәнерлілігі, сөздік қорының байлығы,
бейнелі сөздерді пайдалануы секілді
шеберліктерді игеруіне ықпал етеді.
Сөйтіп, магистр кәсіби тілде сөйлеуде
тілдік құралдарды таңдап, ойын жүйеліжеткізуге
төселеді. Магистрдің жеке тұлға
ретіндегі мәдениеті, ой-өрісі, дүниетанымы
әдеби тілде шебер сөйлей білуі
– болашақта жақсы маман