Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 16:16, реферат
ЖЫРАУЛЫҚ ПОЭЗИЯ – 15 – 18 ғ-лардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғ-дың орта шенінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халқының дербес әдебиеті қалыптасты. Ж. п. қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жол тартқан алғашқы қадамдарының өзінен-ақ кемелдікті, көркем келісімді аңғару қиын емес. Ж. п. сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген.
Жыраулық поэзия
Жырау мен жыршылдық дәстүрдің қазақ әдебиетіндегі қалыптасуы
Ақын –жыраулар поэзиясының зерттелуі
Ақын мен жыраудың ерекшеліктері
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ЖЫРАУЛЫҚ ПОЭЗИЯ – 15 – 18 ғ-лардағы
қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге,
негізінен, ауызша жетті. 15 ғ-дың орта шенінен
бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен
жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп,
қазақ халқының дербес әдебиеті қалыптасты.
Ж. п. қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған
ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан
нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың
тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру
нәтижесінде кемелденді. Қазақ әдебиетінің
ортақ арнадан оңаша жол тартқан алғашқы
қадамдарының өзінен-ақ кемелдікті, көркем
келісімді аңғару қиын емес. Ж. п. сұлулық
пен сезімнің шеңберінде шектелмеген.
Содан да болар, Ж. п-да мейлінше терең
танымдық ойлар буырқанып, ұдайы философиямен
шендесіп жатады. Онда өмір мен болмыс,
заман және адам туралы толғанады. Қоғам,
дін, этика, адамгершілік, қарыз пен парыз,
ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік,
о дүние мен бұ дүние жайлы сан-салалы
ойлар тоғысқан философиялық туындылар
Ж. п-ның терең дүниетанымдық сипатын аңғартады.
Ж. п-ның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл
Дешті Қыпшаққа даңқы кеткен Қодан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған жыраулар жаңа
әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне
мұраны жалғастырушылар деп те саналады.
Елге, ер-азаматқа ақылгөй болған жыраулар
қазақ поэзиясының болашақта ұмтылар
бағыт-бағдарын, идеялық тұғыры мен көркемдік
биігін айқындап кетті. Асан Қайғы туралы
аңыздар ноғай, қырғыз, қарақалпақ халықтарында
да сақталған. Мұндағы деректер арасында
алшақтық жоқ деуге болады. Асан Қайғы
– көптеген нақыл сөздердің, филос. толғаулардың
авторы. Ол ел іргесінің берік болуын армандайды.
Өз өлең, толғауларында мемлекетті нығайту,
елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін
насихаттайды. Осы орайда академик-жазушы
М.Әуезов “Қазақ халқы өзінің тарихы жолында
Асан есімін өктемдікке қарсылықтың символындай
сезді. Ел мұңын жоқтаған ақындардың Асан
есімін ауызға ең алдымен алатыны да осыдан”
(“Уақыт және әдебиет”. А., 1962, 57-б.) деп
атап көрсетті. Сахара эпосын тудырушылардың
бірі, ірі эпик ақын, ерлік жырларын шығарушы
жорық жырауы әрі нәзік лирик болған Қазтуғанның
(15 ғ.) біздің дәуірімізге жеткен жырлары
табиғат аясындағы көшпендінің болмыс,
тіршілік, өзін қоршаған орта туралы түсінігін
бейнелейді. Жырау қиялының байлығы, суреттеу
тәсілдерінің кемелдігі мен әсемдігі
сол дәуірдегі қазақ поэзиясының биік
өресін, өзіндік сипатын танытады. Қазтуғанның
ұлттық бояуы қанық, афоризмдерге, көркем
түстерге бай толғаулары туған әдебиетіміздің
таңдаулы үлгілері қатарына жатады. Ж.
п-ның дамып, өркендеуіне Доспамбет пен Шалк
Жырау мен жыршылдық дәстүрдің қазақ әдебиетіндегі қалыптасуы
Тарих қашан да өз перзенттерінің құнды мұраларымен қымбат, әрі барлық кезеңдердің сарапшысы.Ерлігі мен еркіндікке құштар күрестерге, батырлығы мен бостандық дегенде жан салмайтын байламдарға,шешендер мен ел тағдырын шешетін сәтте ақыл-парасатымен, дана-сәуегейлігімен өмір шырдығын толғап жеткізуші жырауларға толы бүгінгі күнге өз жемісін жеткізіп отыр.
Тарих толқынында қазақ әдебиеті үшін жарқын белестерге толы бір кезең XV-XVIIIғасыр әдебиеті. XIII-XIV ғасыр моңғол шапқыншылығы зырдаптарынан бас көтеріп, жаңа заман, жаңа өмірге бет бұрған халықтың жаңа шежіресі басталды. Алтын Орда құлап ноғай, қазақ рулары дербесеігін алып бөлініп шығып, Ақ Орда халқының жеке мемлекет болып қалыптаса басталу тарихында да заман өз қиындығын кездестірді. Бірінші орынға елдікті,қазақ ұлтының біртұтастығын мақсат еткен қайырымды хандармен бірге, елді басып –жаншуға, өзге елдермен қазына үшін соғыстырып ел берекесін кетіруге, халықты қалың тобыр деп қана түсінетін қатігез хандар да кездесті. Осы бір аға мен іні хандық үшін жауласып,әке мен бала билік үшін араздасып, аждаханың аузындай хан тағы үшін бала әкесін,іні ағасын жұтқызып жіберіп жатқан, хандар билігі жиі-жиі ауысып, ел басына біркелкі заман орнату қиынға соққан кезеңдерде ел қамы үшін , ұлт жаны үшін тарих төріне әдебиеттің құрметті өкілдері жыраулар келген еді. Моңғол шапқыншылығының зардабы кезіндегі сопылық әдебиеттен кейін, XV ғасырдан бастап қазақ мәдениеті алға өрлеп әдебиет, музыка,ғылым саласы қайта жанданды. Осы бір кезде тарих тұғырында да, әдебиет әлемінде де елеулі орны бар жыраулар поэзиясы қалыптасты.
XV ғасырдың біріншісі жартыснда
Жәнібек пен Керей хандардың қазақ хандығын
құрып, қазақ деген елдің дербес өмір сүруіне
байланысты осы кезеңде қазақтың төл әдебиеті,
әдеби тілі қалыптаса бастады.Сонау қазақ
фольклорынан бастау алып ертегі-аңыздар,
жұмбақ-жаңылтпаштар, эпостық жырлар сияқты
халықтың, халық ауыз әдебиетінің еншісінде
ғана емес, жеке авторлық шығармалар дүниеге
келді. Мұндай жыр иелерін жырау деп, олрдың
жырларын толғап, халық арасында таратушылар
жыршы деген атқа ие болып,әдебиетте жеке
сипат ала бастады.
Осы тұста жыршы кім? Жырау кім? Жыршы
мен жыраудың ақыннан айырмашылығы неде?
деген сұрақтар туады.
Ең алдымен жырға келетін болсақ, «Жыр-(көне
түркі тілінде «иыр»)- 1.кең мағынада поэзиялық
шығармалардың жалпы атауы...2.тар мағынасында
қазақ халық поэзиясындағы 7-8 буынды өлең
өлшемі, поэзиялық шығарма жанры» деген
анықтама «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында»
берілген екен. Ал, зерттеуші Ш.Ш.Уалиханов
«Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде»
атты еңбегінде «Жыр дегеніміз рапсодия.
Ал жырламақ деген етістік тақпақтап айту
деген етістік тақпақтап айту дегенді
білдіреді.Барлық далалық жырлар қобыздың
сүйемелдеуімен тақпақтап айтылады»,-деп
көрсеткен екен.
«Тіл бас жарады, бас жармаса тас жарады»
деп сөз өнерін, тіл тағылымын ардақ тұтқан
қазақ халқы сонау XV ғасырда да жырларды
қадірлеген болуы керек. Поэзиямен жаны
егіз көшпенділер бесіктен туғаннан бастап
жыр әуеніне елітіп өскен. Соның әсері
болуы керек жыр тарих сахнасында да талай
хандарға, сұлтандарға, әмірлерге, өз ықпалын
тигізіп, халықтың игілігіне айналғаны
анық. «Қазақтардың бүкіл өлеңдерінің
түп негізі ретінде қазақтар өздері «өлең»
және «жыр» деп айтатын екі түрлі өлең
түрін қабылдауға болады.
1.Өлең.
2.Жыр.
Өлшем жағынан минусин татарларының
батырлық жырларына ұқсас, өлеңге қарағанда
ол екі буыннан төрт буынға дейін мүлде
еркін араласып келіп отыратын үш бунақтан
(көбінесе екі бунақтан) құралады.Ұйқас
соңына келуі қажет, бірақ қалай ұйқастыру
ақынның еркінде» деп белгілі зерттеуші
В. В. Радлов түсінік бергендей жыр қазақ
поэзиясының арғы атасы іспеттес.(Радлов
В. В. «Алтын сандық» Алматы 1993 жыл 10- бет)
жалпы жыр өлшемі поэзияда ерте туған
өлшем. Ғалымдардың зерттеуінше жырлардың
ұйқас түрлері 10-ға жуық. Жыр негізінен
дара ұйқасты және аралас ұйқасты болып
екіге бөлінеді.Аралас ұйқастың өзінің
салалары көп.
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі.
Әдебиетте де тарихта да маңызды орын
алар тұлға. «Жырау - өз жанынан шығарып
айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды
орындайтын халық поэзиясының өкілі жырау
атауы-«жыр» сөзінен туындайды» деген
түсінік жырауға «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында»
берілген. Өз жанынан суырып шығарып жырлайтын
жыраулар XV ғасырда ғана туа салған жоқ.
Жырау тұлғасының тарихы тереңде. «Сәугейлік,
батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат
құбылыстарына т.б. жайларға қарай болжам
жасау, абыздың бір міндеттерін атқару
– көне дәуір жырауларына тән қасиет»
- делінген жоғарыда аталған еңбекте. Иә,
жыраулық мектептің түп негізі абыздардан
басталады. Ел ертеңі жайлы болжам жасап,
данышпандығымен дараланып жүрген жыраулар
хан сарайында отырып, алдағы болар қауіп-қатерді
болжап отырды. Хандардың түсін жорып,
халық арасындағы қарым-қатынастардың
қалай бағыт алатынын болжап, оны жыр жолдарымен
жеткізіп, абыздық дәстүрді әдебиетпен
байланыстыра дамытты.
Иә, жыраулар өз заманындағы нағыз
халық жанашырлары бола алды. Олар жыр
шығарып, толғау айып, тек өнер иесі ғана
болып қойған жоқ, жаугершілік заман болып,
ел басына күн туған кезеңдерде атқа қонып,
жауға аттанған батыр, қолбасы болды. Сол
қызметтерді атқара жүріп, ел қорғау, халықты
азат ету мақсатын паш ететін сарбаздарын
жігерлендіретін, патриотизмді насихаттап
немесе хан, уәзірлерге пікір қосып, кемшіліктерін
бетіне басып, қаймықпай ашық жеткізетін
міне осы жыраулар болды. Бұл пікірге мысал
келтіретін болсақ, Доспамбеттің
Арғымаққа от тиді,
Қыл мықынның түбінен.
Аймедетке оқ тиді,
Отыз екі омыртқаның буынынан,
Зырлап аққан қара қан
Тыйылмады жонның уақ тамырынан.
Сақ етер тиді саныма
Сақсырым толды қаныма
Деген жолдарынан жыраулардың қолбасы,
батыр болып, әрқашан алғы шепте жүріп,
жоу оғынан жараланып, елі үшін жан аямағанын
байқаймыз.
Таза, мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады.
Таза, мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады. – дейтін Асан қайғының
терең философиялық толғаулары да осы
жыраулардың еншесінде.
Қазақ әдебиетінде есімі ел аузында сақталып,
аңызға айналып жүрген жыраулар өте көп.
Дегенмен оларды зерттеудегі бір қиындық
жыраулар шығармаларының ауызша таралып,
бүгінгі кезге ауыздан-ауызға таралу арқылы
жеткендігінде болып отыр. Уақыт өткен
сайын ұмытылып немесе біреулердің өз
жанынан қосып өзгертулері нәтижесінде
жеткендігінде.
Жыр және жыраулар туралы деректер М.Қашқаридің
«Диуани-лугат-ат түрк» еңбгінде кездеседі.
Оның еңбегінде Шөже жырау (XI ғасыр) туралы
сөз болады. Онда Шөже жырау – жырау әрі
көп жыр білетін жыршы екендігі жайлы
айтылады. Сонымен қатар Қорқыт (IX ғасыр),
Сыпыра жырау (XIV ғасыр) есімдері арқылы
біз жыраулық поезияның тамыры әріде жатқандығын
білеміз. Дегенмен XV-XVII ғасырлар жыраулар
поэзиясының дамып, жетіліп кемелденген
шағы болып табылады.
XV-XVII жасалған әдебиет ел мүддесін,
жұрт мақсатын алдыңғы орынға қойды. Бұл
кезеңдегі жыраулар поэзиясы әдебиетте
өзіндік түр тауып, ұлттық сипатта қалыптасты.
Қазақ елінің ұлттық болмысын, ерекшелігін
саралап көрсетіп, тарихын, салт-санасын,
дәстүрін таңбалайтын келер ұрпаққа тәрбиелік
өредегі ұлы туындылар қалдырды.
XV- XVII ғасырдағы жыраулар поэзиясы
қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған
ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан
нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың
тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру
нәтижесінде қанат жайды. Діни, тәрбиелік,
қоғамдық, әлеуметтік, ерлік пен ездік,
қарыз бен парыз, о дүние мен бұ дүние тағы
басқа жайындағы философиялық туындылар
жыраулар поэзиясының терең дүниетанымдық
сипаты болды. Жыраулық поэзияның алғашқы
өкілдерінің бірі деп Сыпыра жырау Сұрғылтайұлы,
Асан қайғы (Хасан), Қазтуған Сүйенішұлы,
Доспамбет жырау, Тіленішұлы Шалкиіз,
Жиембет жырау, Марғасқа жыраулар болды.
Олар жаңа әдеби салаларды қалыптастырушылар
ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар
болып табылады. Олар шығарған әдебиет
үлгілері – негізінен заман, қоғам, өмір
жайлы ойлы сырлы толғаулар, ақыл-өсиет
түріндегі шешендік сөздер, мақал тақілетті
тұспал-дидактикалық термелер сондай-ақ
елді жеңіске бастаған батырлардың көзсіз
ерлігін жырлаған. Ерлік эпосы, ел қожаларын
дәріптейтін мадақ жырлар, қайғылы қазаға
байланысты азалы сөз, естірту жоқтау
немесе қара қылды қақ жарған әділ қазы,
я болмаса табан асты тапжылмастан сөз
бастап, терең оймен жұртты ұйытқан ақыл
иелерін қошамет тұтар арнаулар болатын.
Солардың бірі Сыпыра жыраудың келер ұрпаққа
арнаған жыры бата іспеттес және онда
болашаққа деген сенім мазмұны да ұялаған.
Көп ішінде сөйлесем,
Жас жігіт саған қарасам –
Қара лашын тұйығынсын
Асылыңа қарасам –
Құс алатын қырғисың
Қызыл тілге келгенде
Сар садақтың оғындай
Көлденеңдеп сырғисың
Көрмегеннен сұраймын,
Асылыңды білдірші
Қай ұлыс елдің, жарқыным?!
Сөзді жұптап, түйдектеп
Бәйге атындай шұлғисың! – деп келетін
жыраулар поэзиясының ауқымы шектеулі
емес. Қоғамдық-әлеуметтік, тарихи жағдайлардың
кейбір мәселелеріне байланысты, халықтың
көңіліндегі мұң-мұқтажын болжау, танып
тоқтам айту, сол жыраулық мақаммен сөйлеу,
жыраулық сарынмен жеткізу де кездеседі
қазақ әдебиетінде. Мысалы, Махамбет поэзиясының
Қазтуған, Шалкиіз, Марғасқа жырларымен
астарласып жатуы.
Жалпы жыраудың қазақ қоғамында атқарған
қызметіне келетін болсақ – сөз өнерін
сүйеніш етіп, шешендігін шебер пайдаланып
жүрген жыраулардың аса бір ел тарихындағы
халық қамы үшін маңызды рөл атқарған
тұсы қазақ хандығы дәуірі болды. Бұл кезеңде
әр жыраудың өзіндік тарихи орны, әр хан
тұсында саяси-әлеу Қандай заманда болмасын
кез-келген хан, сұлтан тұсынан бірлі-жарым
жырау табылып отырды. Олардың ханға жағымды,
хан өзіне ақылшы тұтатыны да, ақылсыз
келген хандар жұрт арасына іріткі салушы
ретінде түсініп жағымсыз көретіндері
де болды. Бірақ жыраулардың қай-қайсысы
да халық жанының жанашыры болып, барлығының
поэзиясы бірге ең әуелі қазақ халқының
құралу дәуіріндегі қыйлы күйді жеткізді.
Жыраулардың арасында кейбірі хандарды
мадақтап жыр арнаған болса да, халықты
үгіттеп ханға жығып беру мақсатында жыр
айтқандар болған жоқ.
Жыраулар поэзиясының негізгі сарындағы
туған жер, ұлт-азатық күрес, сонымен қатар
насихат, өнеге ғибрат, нақыл сөз үлгілерін
көптеп кездестіреміз.
Жыршы кім? деген сұрауға «Қазақ әдебиеті
энциклопедиясында»: «Жыршы – жыр айтушы,
таратушы. Жыршылар домбыраның не қобыздың
сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады.
Сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды»
деген жауап бар. Жыршы жыраулармен бірге
өмір сүрген және оған дейін де болған.
Әдебиет тарихында жыршылар орны ерекше.
Себебі, бүкіл жыраулар поэзиясы болсын,
эпостық жырлар болсын, халық ауыз әдебиетінің
барлық үлгілері осы жыршылар арқылы жеткен.
Жыршылар кейде өз жанынан белгілі бір
тарихи оқиғаларды дастан етіп жырлағандықтан
жыраулар деп те аталып жүрген. Қазақ халқы
жыршыны әнші, шешен, жырау адамдармен
қатар қойып, қадірлеген. Жыршылар өздері
жырлайтын шығармаларын, толғауларын
белгілі бір аспаппен сүйемелдеп (домбыра,
қобыз) кейде әуенге салып жырлаған. Жыршылар
тек жырды жеткізуші ғана емес ұлы өнер
иелері де болып табылады.
Шығармаларының сарыны мен тақырыбы
бірыңғай болып келетін және бірегей тарихи
тақырыптарды, әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді,
қолбасы батырлар мен елбасылардың ісін,
жер мәселесін жыр ғып толғап отырудан
басқа көркемсөз шығарушы өнерпаз ақындардың
да қазақ әдебиетінде қалыптасу тарихы
ертеде. Ақындардың жыраулардан айырмашылығы
сонда оның тақырып ауқымы кең адам жандүниесінің
өнері. Заман өзгеріп әдебиеттің сарыны
да басқа бағытта қанат жая бастады.
XVIII ғ аяқ кезі XIX ғ поэзиясында «жырау»
деген атақ өте сирек қолданылды. Бұрынғы
ауыр сазды толғаулар айтар жыраулар орнына
енді әзіл аралас жеңіл терме, шырқап салар
әндер, өлеңдер, жүрекке назды әсер етер
лирика түрлері (табиғат, махаббат), айтыстардың
қыздырмасы болар небір шабытты жырларды
төгіп жырлар ақындар поэзиясы пайда болды.
Ақындар поэзиясы өзінің мазмұн маңызымен
де, түп, стиль, бағыт ерекшеліктерімен
де өзгешеленеді. Өмірдің барлық саласында
тақырып етіп, өлең өнері жаңа сатыдан
көрінді.
Қазақ халқының XV-XVIII ғасырлары қалыптастырған
жыраулар поэзиясы кейіннен дарынды ақындар
өнеріне ұштасты. Жыраулар поэзиясы да
фольклорлық сипатта болғанмен авторы
халық қана деп түсінетін ұғымнан алысырақ,
анығырақ авторы белгілі бір тарихи тұлға
болатын, қоғамдық-әлеуметтік маңызы зор
көркем сөз туындылары дүниеге келді.
Ол туындылар әдеби өмірдің қалыптасу
жолдарынан мәлімет беретін, тарихтың
сырларын айқындайтын құнды дүниелер
болды.
Әсіресе, ауыз әдебиеті оның ішінде
эпостық жырлар сол кездері биік сатыға
көтерілді. Бұрынғы эпос жырлары «Ер Сайын»,
«Ер Көкше», «Қыз Жібек», «Күлше қыз» сынды
жырлар осы кезде жырланып жаңа нұсқалары
пайда болды. Бұл кезең жырдың, жыршының
және жыраудың өрлеу кезеңі. Бұл кезеңде
қазақ әдебиетінің өзіндік әдеби стилі
қалыптасып, қазақ халқының мәдениеті
жанданады. XV-XVIII ғ халық басынан өзінің
ауыр даму кезеңдерін өткергенмен, әдеби
ілгерілеп, дами берді.
Ақын-жыраулар поэзиясының зерттелуі
Хандық дәуір әдебиетінің
жиналуы, жариялануы ХІХ
Бірінші кезеңге ХІХ ғасырдың
екінші жартысынан бастап Кеңес үкіметі
орнағанға дейінгі кезең
Екінші кезең. 1917-1959 жылдар аралығында жиналып, жариялануы, зерттелуі.1920-30 жж. әдеби журналдарда, оқулықтар мен хрестоматияларда бұрынғы ақын-жыраулар поэзиясының нұсқалары жарық көре бастады. Олар туралы ғылыми пікірлер де бой көрсетті. Кейіннен жыраулар әдебиетінің өсуіне С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов үлкен үлес қосты. 1940 ж. бері қарай ақын-жыраулар шығармашылығын зерттеу жандана бастады.
Үшінші кезең. 1959 жылғы әдеби мұра жайлы мәселе көтерілген конференциядан кейінгі және осы күнге дейінгі зерттелуі. Бұл салада Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов, Х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин, Ы.Дүйсенбаев, Ә.Дербісалин т.б. еңбектерін атауға болады.
Кейіннен ақын-жыраулар шығармаларын
топтап жариялау қолға алынды. Осы
мақсатпен 1962 ж. «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы
қазақ ақындарының шығармалары»
Жырау. Жыршы. Ақын. Сан ғасыр сынынан өтіп, халық көкірегінде жатталып, жыраудан жыршыға ұласып, біздің дәуірімізге жеткен сұңғыла сөз зергерлері ХV-ХVІІІ ғғ. әдебиетінің өкілдері – Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Қожаберген, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар, Шал, Көтеш сынды ақын-жыраулар.
Атадан балаға, жыраудан жыршыға көшіп, негізгілері ғана сақталған. Ендеше, ХV-ХVІІІ ғғ. қазақ поэзиясы оны туғызған жыраулар мен ақындардың талант-дарынын әйгілеп, олар өмір сүрген заман жайлы сыр шертеді.
Жыраулық – үздіксіз жалғасып келе жатқан көне әдеби дәстүр.
Жыраулық - әрісі оғыз-қыпшақ, берісі ноғай-қазақ дәуірінен бері қарай үздіксіз жалғасып келе жатқан көне әдеби дәстүр. Қазақтағы «жыр», «жыршы», «жырау» сөздерінің арғы тегі бір, мұның бәрі «жыр айту», «жырламақ» ұғымымен терең астасып жатыр.
Жыраулардың, көбінесе, елдік, қоғамдық мәні зор аса ірі әлеуметтік мәселелер төңірегінде ой толғап, бүгінгі мен болашақты болжап айтатын мақал-мәтел іспеттес түйінді тұжырымдар арқылы табиғат пен адам өмірін өзара астастыра, шендестіре жырлайтыны мәлім. Бұл пікірді қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтан бастап, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, М.Мағауин, З.Ахметов, Х.Сүйіншәлиев, Ә.Дербісәлин тәрізді әдебиет тарихына қалам тартқан зерттеушілердің бәрі де түгелдей мақұлдайды.
Жырау – белгілі бір
дидактикалық не әлеуметтік тақырыпқа
орай жыр үлгісімен ауызекі суырып
салып айтатын қалыпты
Жырау – ақпа-төкпе, суырып салма өлең сөзді қару еткен өнер адамы, халықтың қамын ойлай білетін парасаты мол ел ағасы, қысылғанда жол табар ақылшысы, уақыт, оқиға сырын, замана бағыт-бағдарын ақыл таразысына салып сынай салмақтай білетін, болжағаны болып, айтқаны келетін тапқыр да көреген дана абызы. Қисық кеткенді қылышпен емес, сөзбен сілейтіп, бұйрық берер әміршісі, бетің бар, жүзің бар демей тура айтар өткір де әділ биі, жөні келгенде жыр мен қаруды бірдей жұмсап жауға аттанар жауынгер қолбасы болған. Ол ел тағдырын шешер ірі оқиғалар, аса мәнді көкейкесті мәселелер туралы толғанған. Жыраулар әлеуметтік мәні зор, келелі мәселелерді жырласа, ақындар өмірмен қоян-қолтық, бетпе-бет келіп, сан қилы тақырыпта өлеңдер шығарған.
Ақындық поэзияда тақырып ауқымының кеңдігіне қоса, сезімге құрылған лирикалық сипат басым болып отырса, жыраулық толғауларда әлеуметтік өмірдің әр алуан көріністері мен заман жағдайын сипаттайтын ой-болжам, асқақ эпикалық үнге көбірек мән беріледі. Осы ерекшеліктерді М.Әуезов дәл басып танып: «Жырау демек ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Жыраудың мақсаты, міндеті не болса сол, көңілашар, әлдене дерлік сөзді айту емес. Ол заман сынын, дәуір болжалын, тарихи оқиғаның мазмұнын, бағасын сөз қылады»-деп бағалайды. Ал ақындық дарынның ерекшелігін Е.Ысмайылов: «Ақын өмірдегі құбылысты, тарихи оқиғаны өзінің ой-өрісі дәрежесінде таниды. Ақынның сезінуі, ол сезгенін қабылдауы шапшаң, ол тез көріп, тез әсер ала біледі, алған әсерін ұғып есіне сақтауы да күшті, тұрақты. Ақын естігенінен гөрі, көзі көргенін тез сезіп, жылдам жырлап кетеді»,-деп жазады.