Жыраулық поэзия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 16:16, реферат

Описание работы

ЖЫРАУЛЫҚ ПОЭЗИЯ – 15 – 18 ғ-лардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғ-дың орта шенінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халқының дербес әдебиеті қалыптасты. Ж. п. қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жол тартқан алғашқы қадамдарының өзінен-ақ кемелдікті, көркем келісімді аңғару қиын емес. Ж. п. сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген.

Содержание работы

Жыраулық поэзия
Жырау мен жыршылдық дәстүрдің қазақ әдебиетіндегі қалыптасуы
Ақын –жыраулар поэзиясының зерттелуі
Ақын мен жыраудың ерекшеліктері
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Жыраулық поэзия.docx

— 48.49 Кб (Скачать файл)

Жыраулар мен ақындардың шығармашылығында олардың төл шығармалары  да, оларға әріден жеткен бағзы жырлар да, сол дәуірде туған эпостық  туындылар да болуы мүмкін. Демек, жыраулар мен ақындар желілі жырларды тудыруға ат салысып, өздері қадір тұтқан поэзиялық мұраларды жырлап, таратқан.

Жыршы – ауыз әдебиетінің  дәстүрін сақтаушы, батырлық, тарихи, ғашықтық жырларды айтып таратушы. Ірі өнерпаз  жыршылар жырларды өзінше өңдеп не суырып салып шығарып та айтқан. Бұл жағынан қарағанда ерте кезден жыршының тұлғасы екі түрлі болған деп ұққан дұрыс. Біреулерінде қандай да қоғамдық-тарихи оқиғаны жырлап айту, суырып салып өлең шығару қабілеті айқын көрінсе, ал басқаларда шығарылған жырды жаттап, өзінше өзгертіп, өңдеп  айту, орындаушылық шеберлігі басым  болған. Жыршы негізінен тек бұрыннан белгілі поэзиялық нұсқаларды айтушы, орындаушы деп санау кейінгі  кезеңдегі жыршыларға қарап қалыптасқаны сөзсіз. Қазақ поэзиясында суырып салма шығармашылық кең өрістеген  ертерек замандарда жырды шығарып  айтушы мен дайын нұсқаларын орындаушы  арасында ондай шек болмаған. Жыршылық өнері, жыр айту өзгешелігі ауызша поэзияның  туу, даму заңдылықтарына негізделеді. Сөзге шешендік пен ой өткірлігіне  дауыстың әуезділігі, аспаптық сүйемел, орындау шеберлігі елеулі міндет атқарады.

 

ХVІІІ ғ. ақын-жыраулар елдік, ерлік, өмір, дін, заман хақында толғанған. Олар көне шығыс поэзиясы дәстүрімен өмірдің өтпелілігін жырлап, ізгілік  пен инабатты дәріптеген. Заманының  ойлы перзенті ретінде өмірдің сан  алуан мәселелерін сарапқа салып, философиялық, дидактикалық түйін-тұжырымдар жасап, жер-суды, атаменді қорғау, ел бірлігін сақтау мәселелерін жырлаған.

Өткен ғасырлармен салыстырғанда, ХVІІІ ғ. халықтың ауыз әдебиеті мазмұны  жағынан байып, әр алуан бола бастады. Онда қалың бұқараның ел ішіндегі жағдайларға қарсы наразылығы барған сайын айқын білінді. 1723 ж. оқиғаларға байланысты эпикалық жырлар мен өлең-әндер  туды. Соның бірі «Елім-ай» әні  болды. «Қап қағылған», «Шаңды жорық» сияқты аңыз жырлары шықты. Бұл шығармалардан  ел-жұртынан безіп, босқан халықтың зарлы  үні, қайғылы мұңы естіледі.

ХVІІІ ғасыр әдебиетінде  ең алдымен, сыртқы жауға қарсы ерлік  күреске үндеу, ел бірлігін сақтайтын  басшыны жырлау сияқты сарындар күшейді. Сыртқы жауға қарсы күрес кезінде  шыққан әдеби шығармаларда таптық санадан  гөрі елді қорғау арманы алғы сапқа  қойылды. Шапқыншылардан елді азат ету  үшін күреске үндеу, осы мақсатпен  жорыққа аттанған ерлерді дәріптеу ең негізгі мәселе, өзекті сарын  болып отырады. Тек сыртқы жау  қаупі арылып, ел есін жиып, бір-бірін  түгендесер шақта ғана халық өз ішіндегі озбырларға қарсы үн шығарып, наразылықтарын айта бастады. Хан, төре, мырзалар көрсеткен  қорлық-зомбылықтарға қарсы күрес  идеясы жырланды.

Ақын-жыраулар мұрасында  сол дәуірдегі талай тайпалар басынан өткен тарихи оқиға іздері сайрап жатыр. Әр дәуірдің ірі, іргелі оқиғалары, көрнекті адамдары, тариха тұрғыда нақты дәлдікпен көріне қоймаса да, жыраулар мен ақындардың өз басы жағдайлары, жыр жолдарында кездесетін адамдармен қарым-қатынасы, олардың сыртқы-ішкі бейнелерінің кейбір көріністері, сол замандағы бірқатар оқиғалар хақындағы деректер анық байқалады. Егер Асан жырламаса Жәнібек, Шәлгез жырламаса Темір, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар жырламаса Абылай, Махамбет жырламаса Жәңгір хан поэзия жолдарында қалмас еді.

 

 

 

 

 

                             Ақын мен жыраудың ерекшеліктері

 

   Ақындық және жыраулық  поэзияның өзіндік сипат-белгілерін  бұлардыңөмір шындығын суреттеудегі  көркемдік тәсілдері мен белгілі  бір тарихи кезеңде аренаға  шыққан авторларының нақтылығынан, ғасырлар бойы өзара үзілмейкеле  жатқан дәстүр жалғастығын танытатын  стильдік ерекшеліктерінен де  көреміз. Дәл осы аталған поэзияның  жазба әдебиетіміздің негізін  қалаған ұлыАбайға дейін де, одан  кейін де қалыпты үлгілерден  табиғаты өзгеше, жеке бір өнімді  арна болып дамып келгені де  мәлім. Белгілі бір дәуір талабына  орай ұлыАбай бір кезде:Шортанбай,  Дулат пенен Бұқар жырау,Өлеңі  бірі – жамау, бірі – құрау.Әттең,  дүние-ай, сөз таныр кісі болса,Кемшілігі  әр жерде-ақ көрініп тұр-ау, – деп, өзіне дейінгі бір топ ел ішінде аты белгілі ақын, жырауларды қатты сынғаалса да, олардың шығармаларын оқып білмеді, үйренбеді, яки бәрін бірдей жалғыз шумақпен мансұқ, етті деудің өзі қазіргі әдебиет тарихы деңгейіненқарағанда әрі орынсыз, әрі артық айтқандық болар еді.Бірыңғай импровизация дәстүрінде туып, егіз бір арнадан нәр алып келгенсол ақындық поэзия мен жыраулық толғаулардың жырлайтын тақырыбы мен жанрлық ішкі мүмкіндіктерінде де өзіндік елеулі өзгешеліктері бар. Ақындық поэзияда тақырып ауқымының кеңдігіне қоса, сезімге құрылған лирикалық сипат басым болып отырса, жыраулық толғауларда әлеуметтік өмірдің әралуан көріністері мен заман жағдайын сипаттайтындай ой-болжам, асқақ эпикалық үнге көбірек мән беріледі. Осы ерекшеліктерді М.О.Әуезов кезінде дәл басыптанып: «Жырау демек, ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыданбөлек өз жанры бар. Бұның сөз үлгісі, шығармасы – толғау. Жыраудың мақсаты,міндеті – «не болса сол көңіл ашар», «әлдене» дерлік сөзді айту емес. Ол замансыны, мезгіл, дәуір болжалын, тарихи оқиғаның мазмұн бағасын сөз қылады.Көбінесе әрі жырау, әрі би болады»  — деп бағаласа, ақындық дарынныңерекшелігін Е. Ысмайылов: «Ақын өмірдегі құбылысты, тарихи оқиғаны өзініңой-өрісі дәрежесінде таниды. Ақынның сезінуі, ол сезгенін қабылдауы шапшаң,ол тез көріп, тез әсер ала біледі, алған әсерін ұғып, есіне сақтауы да күшті,тұрақты. Ақын естігенінен гөрі, көзі көргенін тез сезіп, жылдам жырлап кетеді», – деп жазады.Ақындық және жыраулық поэзияның табиғи өзгешеліктері мен оныңфольклорлық туындыларға қатысы, жазба әдебиетпен байланысы алғашқызерттеулерде жалпы әдеби процесті ашу және әдебиет тарихын қай ақын,жыраудан бастау керек деген сол кездегі аса маңызды мәселелерге орай сөзболып келді. Бұл проблема қазақ әдебиеті тарихына арналған көп томдықеңбектер мен кейбір теориялық мәселелерге арналған жеке монографияларда да,белгілі бір ақын, жыраулардың өмірі мен творчествосына арналған ғылымимақалалар мен орта мектеп оқулықтарында да үзбей әңгімеленді. Алайда, біздесоңғы кезеңге дейін осы мәселеге арналған күрделі еңбектер болмай келді. Бұлтұста, ең алдымен, М. Мағауиннің «Қобыз сарыны» атты кітабы менҚ.Сыдиықовтың «Ақын, жыраулар», Е. Тұрсыновтың «Қазақ ауыз әдебиетінжасаушылардың байырғы өкілдері» деген зерттеулерін, Ә.Дербісәлиннің«Дәстүр және жалғастық» атты монографиясы мен «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» атты коллективтік еңбекті бөліп атауға болар еді.М. Мағауин аталған зерттеуінде XV-XVIII ғасырларда жасаған ақын,жыраулар творчествосын алғаш рет жеке алып арнайы қарастырумен қатар, сол кітаптың «Ақын және жырау» деген соңғы тарауында бұл күрделі мәселені жырқұрылысы (ұйқас, ырғақ, бунақ, тармақ, т.б.) ерекшеліктері тұрғысынан дабайыпты ашып талдайды. Ал, Е.Тұрсыновтың жоғарыда айтылған еңбегінде қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін сақтап таратушы, жасаушы ақын, жырау, сал, сері,сыншылардың шығу тегі, типтік ерекшеліктері мен түп тамыры әлеуметтік,қоғамдық аспектіде қарастырылса, Қ.Сыдиықов өз зерттеуінде жыраулық дәстүрдің жалғасу жолдарына, оның бүгінгі дәуірдегі сипат, ерекшеліктеріне зер салады.

 

 

 

 

 

                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 
1. І.Есенберлин «Көшпенділер» Алматы, «Есенберлин атындағы қор», 2002 ж 
2. М.Мағауин «Ғасырлар бедері» Алматы, «Жазушы» 1991 ж 
3. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» Хрестоматия. Құрастырған: М.Мағауин Алматы, «Ана тілі» 1993 ж 
4. «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» Редакциялық коллегия Алматы, «Ғылым» 1982 ж 
5. Ш.Ш. Уалиханов «Таңдамалы» Алматы «Жазушы» 1985 ж 
6. Х.Сүйіншәлиев «VIII-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті» Алматы, «Мектеп» 1989ж 
7. Ә.Қоңыратбаев «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» Алматы, «Санат», 1994 ж 
8. «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» І том. Құрастырған: Т.Кәкішұлы. «Қазақ университеті», Алматы, 2001 
9. «Тарихи жырлар» І том Алматы «Білім» 1995 ж 
10. «Бес ғасыр жырлайды» І том. Алматы «Жазушы» 1989 ж.

 


Информация о работе Жыраулық поэзия