Қазақ дәстүрлерде жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 17:38, доклад

Описание работы

Қазіргі кезеңде патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм мәселесі барлық қоғамдық, мемлекеттік, саяси, мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауында «оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттілігін» ерекше ескерткен және олардың ең бастыларының қатарында «патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық» аталып өткен, сонымен қатар, «бұл құндылықтар меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс». Ендеше, патриотизм идеясы жастарға білім мен тәрбие берудің барлық бағдарламаларынан көрініс табуы керек, жалпы көпшіліктің де одан хабардар болғаны жөн.

Файлы: 1 файл

Доклад Смагулова.docx

— 28.36 Кб (Скачать файл)

«Қазақ дәстүрлерде жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу»

Баяндама  мазмұндамасы(дерек):

Отаншылдық - отан сүйгіштік, патриотизм (грек, patris - Отан) адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі казак өркениетінде отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналды. 

   Қазіргі кезеңде патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм мәселесі барлық қоғамдық, мемлекеттік, саяси, мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауында «оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттілігін» ерекше ескерткен және олардың ең бастыларының қатарында «патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық» аталып өткен, сонымен қатар, «бұл құндылықтар меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс». Ендеше, патриотизм идеясы жастарға білім мен тәрбие берудің барлық бағдарламаларынан көрініс табуы керек, жалпы көпшіліктің де одан хабардар болғаны жөн.

   Қоғамдардың даму  тарихы патриотизмнің мемлекет  тарапынан қажетті және пісіп  жетілген өзгерістерді жүзеге  асырудың басты ресурсы екендігін  көрсетті. Мемлекет, партия, қоғамның  белсенді бөлігі аса маңызды  реформаларды жүзеге асыру кезінде  сәйкесінше символиканы, құндылықтарды,  идеалдарды, мақсаттар мен принциптерді, бір сөзбен айтқанда, идеологияны  қалыптастырады және оларды қорғай  отырып дамытады.

   Мұндай мәселелер  қазіргі таңда тәуелсіз даму  жолына енді ғана түскен мемлекеттердің  көпшілігінің алдына қойылуда. Ендеше  бүгінгі патриоттық идея да, патриоттық  тәрбие де қазіргі заман адамдарына, олардың талғамдары мен мүдделеріне  сай анық та түсінікті түрде  болғаны жөн. Қазіргі заманғы  патриоттық идеология мемлекеттің  құрылу процесіндегі барлық жетістіктерді,  сондай-ақ ұзақ мерзімді басымдықтар  мен талаптарды да назарына  алуы керек.

   Өз халқыңның тарихының  өнегелі жақтарын білу, өз еліңнің  кешегі және бүгінгі қаһармандарын  мақтаныш ету, олардың ерлігіне  тағзым ету, оларға сай болу  патриотизмнің басты құрамдас  бөлігі болып табылады. Бұл тұрғыда  алғанда, республикамыздың оқу-тәрбие  мекемелерінде белгілі деңгейде  әр түрлі шаралар жүргізілуде.  Қазақстан тарихы мектептерде,  орта арнаулы және жоғары білім  беру мекемелерінде оқытылуда,  тарихтың жарқын беттері бұқаралық  ақпарат құралдары арқылы насихатталуда,  қаһармандарымыздың есімдері ұлықталып,  олардың аттары елді мекендерге, көшелерге, мектептерге, түрлі  мекемелерге берілуде. Алайда тарихтың  ақтаңдақтарын жеткіліксіз оқып-үйрену, түрлі тарихи және ғылыми теориялардың  арасындағы келіспеушіліктер мен айырмашылықтар, жастардың төл тарихына деген қызығушылығының айтарлықтай аз болуы, өзге, әсіресе батыстық идеология мен теориялардың басымдық ықпалы бұған көп кедергі жасауда. Көп ретте жастардың бұқаралық, тіпті кейде арзан мәдениетке елтіп, этномәдени, дәстүрлі, ұлттық бастаулардан алыстап кетуі, өкінішке қарай, қалыпты және кеңінен тараған үрдіске айналды. Біздің ойымызша, одан шығудың басты жолы - қазіргі білім беру мекемелерінде этномәдени білім мен тәрбие беруге ерекше көңіл бөлу.

   Патриоттық сезім  отбасынан басталады. Өкінішке  орай, нарықтық қатынастардың кеңінен орын алуы, ересектердің тәрбиеге жеткіліксіз көңіл бөлуі, ата-аналардың уақытының жетіспеушілігі мен қолдарының тимеуі отбасындағы жастар тәрбиесінің рөлін түсірді. Әрине, мұндай жағдайларда өзінің ескі арнасын жоғалтқан патриоттық, отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру мен оған тәрбиелеудің жаңа жолға оңайлықпен түсіп кетепеуміз анық.

   Патриоттық сананы  қоғамдық өмірде бекітетін бірден-бір  институт - жоғары оқу орындары  мен басқа да білім мен тәрбие  беру мекемелері. Олардың көмегімен  патриоттық сана қоғамдық өмірге  бекітіліп, мемлекет тарапынан  қолдауға және бағдарлауға ие  болады. Студент жастар қоғамның  әлеуметтік құрылымында ерекше  орын алады. Ендеше, қазіргі студент  жастар өздерінің тұлғалық-кәсіби  нығаюға бет алуының жоғары  деңгейімен, шығармашылық потенциалымен,  Қазақстанның әлеуметтік жаңғыру  процесіне шынайы іс жүзінде  қатысуға деген белсенді қызығушылығымен,  қоғамдық өмірдің түрліше жақтарына,  өзінің әлеуметтік бағдарларына  деген даралық көзқарастарымен  ерекшеленуі тиіс. Олар еліміздің  әлеуметтік-саяси, экономикалық  және мәдени дамуының анықтаушы  күші де болып табылады. Олай  болса, студент жастардың тұрмысы  мен болмысына, тәлімі мен тағылымына  үстірт қарауға болмайды. Бұл  туралы Президент Қазақстанның  әлеуметтік жаңғыртылуына қатысты  жақында жазылған Бағдарламалық  тапсырмалық мақаласында ерекше  ескерте келіп: «Мен жас ұрпақтың  ел болашағы үшін маңызын атап  көрсетіп келдім және атап  көрсете беремін. Мемлекет әрбір  жас адамның өз еліне міндетті  түрде қажет болуы үшін бәрін  де жасайды» - деген болатын. Осы  ұстанымды басшылыққа алатын  болсақ, бізге, жоғары оқу орындары  ұстаздарына, тек оқу және оқыту  процестерін төңіректемей, жастар  болмысына әсер ететін құбылыстарды  тұтастыра қарағанымыз жөн.

   Қазақстанның егемен  мемлекет ретінде қарқынды дамуы  тәрбие процесін жөнге келтіру  мен оның бағыттарын айқындаудың  қажеттілігін нақты түрде ұғынуға  әкелді. Бүгінгі таңда Қазақстан  Республикасында білім беру мен  денсаулық сақтау ісінің дамытылуының  «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік  бағдарламасы басым бағыттар  қатарына азаматтылықты, еңбексүйгіштікті, адамгершілікті, адам құқықтары  мен бостандықтарына құрметпен  қарауды, Отанға, отбасына, қоршаған  ортаға деген сүйіспеншілікті  қалыптастыруға бағытталған білім берудің тәрбиелік қызметін қосады. Мемлекетіміздің жоғары мектептері де осы бағыттарды басшылыққа ала отырып, оқу-тәрбие ісімен белсенді айналысуда. Студент жастарды азаматтылық, патриотизм, еліміздің қарқынды сатылап дамуы идеяларының рухында тәрбиелеуге бет бұрған оқу орындарының ішінде үлкен оқу тәрбиелік потенциалы бар, Қазақстанның жетекші оқу орындарының бірі болып табылатын Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті де бар.

       Республика көлемінде де, жекелеген оқу-тәрбие мекемелерін алсақ та патриоттық тақырыпқа байланысты іс-шаралар қазақстандық патриотизмнің заманауи болашағын кешенді түрде қарастыруды талап етеді. Алайда, нақты мақсаттарсыз, жоспарларсыз, жүйеленген міндеттерсіз бұған қол жеткізу мүмкін емес.

      Біздің университеттің тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты: рухани дүниесі бай, денсаулығы мықты, жоғары азаматтылығы гуманизммен ұштасқан, әлеуметтік тұрғыда белсенді, бастамашыл, толерантты, шығармашылықты, инновациялық, әлеуметтік-мәдени өзгерістерге қабілетті XXI ғасырға лайықты, елін сүйген патриот тұлға қалыптастыру мен дамытуға жағдайлар жасау. Тәрбие қызметіміздің басты міндеті: студенттердің корпоративтік рухын көтеруге бағытталған, жеке тұлғаның рухани және шығармашылықты үздіксіз дамуына, өзін-өзі дамытуына, кәсібилік, бәсекеге қабілеттілік, сыни көзқарас пен ойлаудың стандартты емес үлгілерінің болуына, мәдени-толеранттылық, белсенді жасампаздық бастау, тағы да басқа адами ұстанымдарды қалыптастыратын тәрбие беру жүйесі мен тәрбиелік ортаны құру мен қолдау. Аталған міндеттер мен мақсаттар болашақ студент жастар бойында корпоративтік рухты қалыптастыруға; университеттік қауымдастықпен бірлесу сезіміне тәрбиелеуге; университеттің дәстүрлерін құрметтеуге, сақтау мен молайтуға; білім алуға деген жауапкершілікті күшейтуге; азаматтық және патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді қалыптастыруға; мемлекеттің Рәміздері - Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, Туын, Гимнін мақтаныш етіп, оларға құрметпен және қастерлеп қарауға; қоғамдық-саяси сауаттылық негіздерін қалыптастыруға; студенттерді заңдылықтарды, қоғамдық және ұжым өмірінің нормаларын құрметтеу рухында тәрбиелеуге; ұлтымыздың өткені мен мәдени мұрасына құрмет көрсетуге; Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің мәдениетіне толерантты түрде қарауға; әр түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге және үн қосуға даяр болу сияқты иммунитет қалыптастырады деген ойдамыз.

   Осылардың ішінде біз патриоттық тәрбие мен қоғамдық-саяси сауаттылықты қалыптастыруға басымдылық береміз. Өйткені патриотизм жастармен қоғамдық сана негізінде ұғынылуы керек. Студенттер бойында қоғамдық-саяси сауаттылықтың негіздерін қалыптастыру, олардың заңдылықты, қоғамдық өмір нормаларын қастерлеуге, біздің халқымыздың тарихи өткені мен мәдени мұрасына құрмет көрсету рухында тәрбиелеу егемен, тәуелсіз ел үшін — қажеттілік.

   Жалпы, кез келген  істі белгілі бір жүйемен, қағидамен  жүзеге асырмай болмайды. Бұл жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие ісіне де тікелей қатысты. Біздің медицина университеті де тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысында осындай қисынды басшылыққа алады. Ол қағиданың негізгілері: тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жүйелілігі; студент жастардың мүдделері мен қажеттіліктерінің басымдықтарын мойындау; патриоттық тәрбие берудің басымдылығы; дүниетаным тұтастығы, белсенділік, табандылық және креативтілік; университеттік қауымдастық өкілдерінің ұрпақтар сабақтастығы; ЖОО өмірін, оның ішінде жалпы жұмысы мен тәрбие жұмысын демократияландыру; өзін-өзі басқару элементтерінің болуы мен осы шараларға тікелей қатынасу; білім алудан тыс тәрбие қызметінің әр түрлеріне ерікті қатынасу; Қазақстан Республикасының, ТМД елдері мен алыс шет елдердің жоғары оқу орындарымен студент жастарды тәрбиелеу мәселелері бойынша әріптестік т.б.

   Университеттің тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру біртұтастықта, өзара байланыстылық пен өзара шартталуда жүзеге асырылады. Тәрбие мәселесіне осындай біртұтас, кешенді тұрғыдан келу өзінің кәсіби даярлығы мен тұлға ретінде қалыптасуы мен өсуінің қажеттілігі мен әлеуметтік маңыздылығын ұғынатын, бәсеке мен елдің инновациялық дамуы жағдайында болашақ кәсіби қызметін жүзеге асыру мен карьерасын құруға деген мүмкіндіктерін қамтамасыз ете алатын студент тұлғасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

   Біз патриоттық  тәрбие беру шеңберінде азаматтық-патриоттық  тәрбие, қоғамдық-саяси және құқықтық  тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие  беру секілді бағыттарды дамытуды  көздейміз. Аталмыш бағыттар бойынша  жұмыстар студенттер бойында  нық азаматтық ұстаным мен  патриоттық сананы қалыптастыруға  септігін тигізеді.

   Патриотизмге тәрбиелеудің  ұзақ мерзімді мақсаты - азаматтарды  біріктіру, азаматтарға Тәуелсіздіктің  құндылықтары мен жетістіктерін  ұғындыру, оларды мемлекеттік рәміздер  мен идеология төңірегіне топтастыру. Бұл - ұзақ мерзімді мақсат. Оған  қол жеткізудің басты жолы - толеранттылық,  бірлік, өзара көмек, қайырымдылық  т.б. Бұлар біздің мемлекетіміздің  басты жоспарлары мен мақсаттарында  толықтай көрініс тапқан, алайда  олар жалпы ұлттық құндылықты  бағыттарды нығайту бойынша жастар  саясатын жоспарлы жүргізбейінше  жүзеге аса алмайды. Жастар  үшін осындай тәрбиелік мәнді  істердің бірі - әр түрлі деңгейлер  мен мазмұндағы тәрбиелік шаралар,  мемлекеттік мерекелерді атап  өту, түрлі патриоттық акцияларды  ұйымдастыру мен жүргізу. Олардың  ішінде жыл сайын өткізіліп  отыратын ҚР мемлекеттік рәміздерінің  күнін тойлау ерекше орын алады.

 

     Кешенділік, салмақтылық, орнықтылық, ерлік, толеранттылық, қарапайымдылық, еңбекке қабілеттілік, шын берілгендік пен жауапкершілік - патриоттық тәрбие саясат ағынындағы қазіргі заманғы шаралардың басты сипаттары. Сондықтан қазақстандық патриотизм мен елдің экономикалық әлеуеті тығыз байланысты. Қазіргі патриотизм XXI ғасырдағы Қазақстанға қажетті еңбек өнімділігі мен мәдениеттің ұйымдастырылуына бара-бар деуге болады: бүгінгі күні ол халықтың ішкі «жинақтылығын», халықтың қоғам мен мемлекет мүдделеріне белсеңді түрде қызмет етуін білдіреді. Патриотизм іс-әрекет ретінде барынша керек нәрсе және қоғамды консолидациялау ісінде жүйені қалыптастырушы күш ретінде көрінеді.

  Қазіргі жағдайдағы  қазақстандық патриотизмнің басты  және қажетті мәні неде? Біріншіден, бұл бастамалардың белсендірілуі,  шығармашылық және жасампаздық  жұмыс, барлық ішкі, жасырын потенциалдың  көрінуі, эгоизмді шектеу, азаматтық  иденттілікті кеңейту. Бұл бағыт  бойынша бізге алынған білімдерді  іс жүзінде қолданып қана қоймай, шығармашылық тұрғыдан келе алатын, ғылыми іздене білетін және  ұжымшылдық рухта тәрбиеленген  жоғарғы білікті мамандар дайындауымыз  қажет. Біздің оқу орнымызда  жеке тұлғаның әлеуетін ашатын  және білім алушыларды біліктер  мен дағдыларға ғана емес, корпоративтік  этикаға, ұжымшылдыққа, өзінің қоғамға  керектігін сезінуге де үйрететін  көптеген үйірмелер, секциялар  жұмыс жасайды. Кезінде жай  ғана үйірмешілер болып ізденістерін  бастаған бұл ғылыми үйірмелер  бүгін тек медицина саласының  ғана емес, өзге де салалардың  көрнекті қайраткерлеріне айналған  көптеген мамандарды, ғалымдарды  тәрбиелеп шығарды.

  Екіншіден, бұл кеше  мен бүгіннің байланысы, ұлттар  мен ұлыстардың дәстүрлерінің,  мәндерінің, құндылықтарының тоғысы. Патриотизм құрдан-құр, жалаң  орында тумайды. Оның қайнар  көздері - ел тарихын терең  білуде, оның тәуелсіздігі мен  гүлденуін қамтамасыз еткен, оған  күш салған аға ұрпақтардың  іс-әрекетін ұғыну мен құрметтеуде  жатыр. Президент өзінің бағдарламалық  мақаласында: «Қазақстандықтардың  өмір сүру ұзақтығын арттыру,  демек зейнет жасындағы, бірақ  еңбекке қабілетті жастағы адамдар  санын арттыру денсаулық сақтауды  дамытудың нақты нәтижесі болып  табылады» - дей келіп, алдыңғы  аға ұрпақтың мол тәжірибелерін  пайдалану қажеттігін ескертеді.  Білім мен ғылым саласында  еңбек еткен аға ұрпақтың Тәуелсіз  Қазақстанның егеменді дамуындағы  орны ерекше. Алайда кешегі өтпелі  кезеңде білім мен ғылым саласында  айта қаларлықтай өзгерістер  болды, қойылар талап өз деңгейінде  болмады. Бұрынғы аға ұрпақтардың  көбі әр түрлі себептермен  білім-тәрбие, ғылым саласынан кетсе,  жастар жағы заман ыңғайына  қарай прагматистік жолға түсті.  Нәтижесінде ғылымның, білім мен  тәрбиенің әлеуеті біраз төмендеді,  ұрпақ байланысы мен жалғастығы  үзілді. Осыны дер кезенде түсінген  университет басшылығы, оның ректоры,  профессор Е. Бекмұхамбетов тәжірибелі  мамандардың білігін мүмкіндігінше  кеңінен пайдаланып, көптеген түйінді  мәселелерді олармен кеңесе отырып  шешуде. Ал ондай үлгінің жас  маман кадрлар үшін де, студент жастарға да берер тәлім-тағылымдары зор. Осыған сәйкес университетте аға буын өкілдерінің, ғалым-профессорлардың жас студенттермен және қызметін жаңа бастаған мамандармен кездесулері ұйымдастырылып отырады. Олар үнемі өз тәжірибесімен бөлісіп, өскелең ұрпақтың тәлімгерлері де бола білуде. Осы бір шараға «Батыс Қазақстан медицинасы мен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің мұражайы» да көп көмек көрсетуде. Бір айта кететін жайт, біздің университетте тек Қазақстанның Батыс өңірінің студенттері ғана емес, басқа да аймақтардан, алыс және жақын шет елдерден келген студенттер, көптеген ұлттың өкілдері де білім алады. Олардың арасында тығыз, достық қарым қатынастар мен өзара түсіністік орнаған. Барлық мемлекеттік, облыстық, қалалық және университеттік көлемдегі іс-шараларда олар бір жанұяның баласындай қатынасып, бір-бірінің дәстүрлері мен қүндылықтарына құрметпен қарайды. Ұлтаралық келісім - жалпыға бірдей қауіпсіздіктің, тұрақтылықтың, Қазақстанның қарқынды экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени және рухани дамуының ең өзекті кепілі. Келісім мен бейбітшілікте өмір сүре отырып, біз өз ұлтымыздың тілінде білім алуға, кітаптар шығаруға, теле және радиохабарлар тыңдауға деген мүмкіндіктер секілді маңызды оқиғаларға ерекше көңіл бөле бермейміз. Бұл Қазақстанның - барлығына бірдей тең мүмкіндіктер берілген елдің шынайы құндылығы. Толеранттылық, мәдениеттер диалогы, поликультурализм, жаһандану қазіргі таңда тарихта бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде, олар жай ғана философиялық түсініктер емес, этносаралық және конфессиялар аралық қатынастардың формаларының дамуының практикалық шарттары.

Информация о работе Қазақ дәстүрлерде жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу