Қазақ дәстүрлерде жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 17:38, доклад

Описание работы

Қазіргі кезеңде патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм мәселесі барлық қоғамдық, мемлекеттік, саяси, мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауында «оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттілігін» ерекше ескерткен және олардың ең бастыларының қатарында «патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық» аталып өткен, сонымен қатар, «бұл құндылықтар меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс». Ендеше, патриотизм идеясы жастарға білім мен тәрбие берудің барлық бағдарламаларынан көрініс табуы керек, жалпы көпшіліктің де одан хабардар болғаны жөн.

Файлы: 1 файл

Доклад Смагулова.docx

— 28.36 Кб (Скачать файл)

  Үшіншіден, бұл - Отанның  мәнін және оған қатысты міндеттемелерді  ұғынуға бағытталған патриоттық  білім мен тәрбие беру идеяларын  бастапқы деңгейден ең жоғары  деңгейге дейін жүзеге асыру.  Патриотизм санмен өлшеуге көнбейді  және адамдарды біріктіретін  сезімдерден көрініс табады. Олардың  ішіндегі ең бастысы - әр адамның  өзінің туған жері мен тұрақты  еңбек етіп жатқан жерін өз  Отаны ретінде қадір тұтуы,  территориялық бірлікке деген  махаббат пен қамқорлық, жергілікті  дәстүрлерді құрметтеу, сол аймаққа  деген өмірінің ақырына дейінгі  адалдығы. Өзінің туған жерін  қабылдаудың кеңдігіне байланысты, аталмыш индивидтің санасының  тереңдігіне қатысты оның отанының  шекаралары өз үйінің, ауласының,  көшесінің, елді мекенінің, қаланың  көлемінен аудандық, облыстық, аймақтық  және республикалық шеңберге  дейін жетуі мүмкін. Патриотизмнің  жоғары деңгейін иеленген жандар  үшін олардың сүйіспеншілік ауқымы  Отан деп аталатын сол бір  мемлекеттік құрылымның шекараларымен  сай келуі тиіс. Сондай-ақ мемлекеттік  Рәміздерді білуге арналған конкурстар  мен олимпиадалар, «Бұл - біздің Ту!»,  «Бұл - біздің Елтаңба!», «Бұл - біздің  Гимн!» патриоттық акциялары,  Қазақстан тарихын білуге арналған  конкурстар мен олимпиадалар, өзге  ұлт өкілдері болып табылатын  студенттер арасында (факультетаралық,  ЖОО аралық) мемлекеттік тілді  білуге арналған конкурстар, әдеби конкурстар, патриоттық әндер конкурстары, мемлекеттік мерекелер - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, Наурыз мейрамына, Қазақстан халқының бірлігі күніне және т.б. арналған мерекелік бағдарламалар өткізіледі. Университетте халық шығармашылығының дәстүрлерін дамытатын шығармашылық ұжымдар - «Жастар» би ансамблі, ВИА, «Ювентус» хоры жұмыс жасайды және олардың репертуарына Қазақстанның музыкалық-көркемдік мәдениетінің шығармалары енгізілген.

Тәуелсіз елдің биік те қасиетті ұғымдарының бірі - отансүйгіштік  біздің халықты біріктіретін Қазақстанның бірлігі мен жалпыұлттық идеясының  негізі болып табылады. Ол аса маңызды  стратегиялық, ұлттық, мәдени және т.б. проблемаларды шешуге бағытталған  қоғамның маңызды мобилизациялық ресурстарының  формасы. Мемлекеттің саяси құжаттарында нақты белгіленген патриотизмнің  ықтималды нәтижесі ел азаматтарының  нақты іс-әрекеттерінен көрінуі  тиіс. Себебі, азамат, патриот болу үшін батыр немесе асқан ерекше адам болудың  қажеті жоқ. Тек өз Отанынды жеткілікті дәрежеде сүюің, ол үшін қам жеуің, оның барлық қиындығы мен қуанышын бірге  бөлісуің қажет. Жақындағы Бағдарламалық  мақаласында Мемлекет басшысы сынға  алған, «мен қоғам ішіндемін» деген  масылдық психологиядан, «қоғам, немесе, көпшілік солай болса мен қайтем»  деген әрекетсіздікке, бойкүйездікке  бастайтын ойдан «Отан менде  жатыр» деген ойға көшу абзал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақ дәстүрлерде жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу