Қазақ философиясының еркешеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 19:50, курсовая работа

Описание работы

Қоғамдық сана - қоғам өмірінің барлық саласын қамтып көрсететін әр түрлі рухани құбылыстардың жиынтығы болып табылады. Қоғамдық сананың негізгі формаларына жататындар – мораль, өнер, дiн, философия, ғылым, саясат, құқық. Салыстырмалы түрде жақын кезеңнен бері экологиялық, экономикалық және басқа да қоғамдық сананың формалары мен түрлері анықтала бастады. Бұл қоғамдық сананың барлық түрлері, формалары мен деңгейлері өзара байланыста болып, бір-біріне әсер етеді.

Содержание работы

Кіріспе_________________________________________2
Саяси және құқықтық сана________________________3
Моральдық және эстетикалық сана_________________8
Діни және атеистік сана__________________________11

Файлы: 1 файл

философия.docx

— 47.75 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

                        Жоспар:

  1. Кіріспе_________________________________________2                                                     
  2. Саяси және құқықтық сана________________________3
  3. Моральдық және эстетикалық сана_________________8
  4. Діни және атеистік сана__________________________11

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      1.

                                      Кіріспе                                                                                                                                            

    Қоғамдық сана - қоғам өмірінің барлық саласын  қамтып көрсететін әр түрлі  рухани құбылыстардың жиынтығы  болып табылады. Қоғамдық сананың  негізгі формаларына

жататындар – мораль, өнер, дiн, философия, ғылым, саясат, құқық. Салыстырмалы түрде

жақын кезеңнен бері экологиялық, экономикалық және басқа да қоғамдық сананың

формалары мен түрлері  анықтала бастады. Бұл қоғамдық сананың барлық түрлері,

формалары мен деңгейлері өзара байланыста болып, бір-біріне әсер етеді. Идеялар мен

теориялар, құндылықтар мен  нормалар, мұраттар мен үрдістер жүйесі ретінде идеология

ерекше орын алады. Идеология  өмір сүретін қоғамдық қатынастарды не дамытады,

немесе, тежеуге қабілеті бар. Алдымен идеология коғамдағы  экономикалық қатынастарды

белгілі бір қоғамдық таптың тұрғысынан бейнелейді. Қоғамдық сананың қалыптасуы бір

жағынан материалдық - экономикалық өмірдің ықпалынан туындаса, екінші жағынан,

саяси және экономикалық өзгерістер азаматтардың дайындықтарына сәйкес келетін

қоғамдық сананың кемелденуіне байланысты сәтті жүзеге асуы мүмкін. Дәлірек айтқанда,

коғамдық сана прогрессивті үрдістер мен әлеуметтік мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін

басқа кеңістікті қалыптастыруға қабілетті.

     Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңінде қоғамдық сананың екі

құрамдас бөлігі: әлеуметтік және этникалық ерекшеленді. Олардың екеуі де қайшылықты

болатын, өйткені қоғамдық сана көп деңгейлі, кеп векторлы болып көрініс берді. Егер

әлеуметтік өлшем жөнінде  айтатын болсақ, онда бұл жерде  екі үрдіс бір-біріне қарсы

тұрды. Бір жағынан, ұжымшылдық пен патернализмнің социалистік құндылықтарына

тұрақты бағдарлар сақталып келді, өйткені, жаңа әлеуметтік-экономикалық парадигмаға

ауысу трагедия, құндылықтар  жүйесінің күйреуі, идеологиялық вакуумға сырғу ретінде

қабылданды. Екінші жағынан, нарық, демократия, азаматтық қоғам, жеке еркіндіктер

сияқты жаңа құндылықтар жүйесіне қарай ұмтылу байқалды. Бірінші позицияны еркін

бәсекелестік құндылықтарын  қабылдамайтын негізінен, аға ұрпақ өкілдері ұстанды, ал

екіншісін, негізінен, жаңалыққа  құмар, әдеттен тыс әрекеттерге бейім, прагматикалық

құндылықтық бағдарларды  ұстанған, қалайда табысқа жетемін деген, тіптен, "ескірген" ар

мен ұят туралы түсініктерден  бас тартуға дейін баратын жастар ұстанды.

Қоғамдық сананың екі  әр қилы векторы ұрпақаралық өзара қатынастарды таңбалай түсті.

Сонымен қатар марксистік идеологемалардың девальвациялануы құндылықтардың

инфляциялануын білдірмейді. Ақиқат, Игілік, Әсемдік, Махаббат, Берілгендік, Ар-ұят

сияқты мәңгілік, әмбебап  құндылықтар орнықты болып қала беретіні белгілі. Сонымен

қатар нарықтың құндылықтарын  әлеуметтік параметрлері бойынша түзетпелер

енгізбейінше қабылдауға болмайтындығын түсіну қажеттігі тұрды. Яғни болашақта жаңа

құндылықтар жүйесін қалыптастыру, қазақстандық қоғамның ерекшеліктері  мен өзіндік

қасиеттеріне сәйкес келетін  қоғамдық сананың басқа дүниетанымдық модельдерін

анықтау қажеттілігі тұрды.

    Осындай қиын да, әрі кезек күттірмейтін міндеттерді шешуге қоғамдағы экономикалық,

әлеуметтік және саяси реформалардың тиімділігі тәуелді болды. Қоғамдық санадағы

әлеуметтік және этникалық өлшемдердің қатынастары енді түбегейлі өзгергенін байқатты.

Кеңестік дәуірде әлеуметтік құрамдас бөлік басымдық танытқан болатын, өйткені, ұлт

мәселесі кеңес халқы үшін принципті түрде шешімін тапқан деп есептелген болатын. Тек

қана астыртын, ұжымдық  бейсаналықтың қатпарларында бедерсіздікке, ұлттық әлем

бейнелері мен ұлттық мәдени мұраны жоғалтуға деген қарсылық пісіп-жетіле бастаған

болатын. Тәуелсіздік халық рухының және қазақтың ұлттық өзіндік санасының барлық

күшін қозғауға салды. Қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананың этникалық факторы

бірте-бірте басымдық таныта бастайды. Барлық әлеуметтік мәселелер, жекешелендіру,

ұлттық капиталдың қалыптасуы, шаруашылықтың нарықтық құрылымының  қалыптасуы,

демократия мен азаматтық  қоғамның қалыптасуының дамуы - осы  барлық мәселелердің

 

                                                   2.

арқауы негізгі мәселе - этникалық сала ауқымында өзіндік  ерекше сипатқа ие бола

бастады.                                                                                                                                  

                             

                                2.  Саяси және құқықтық сана

     Саяси сана — өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы.Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.

Саяси сана деңгейлері:

     Саяси сана деңгейлері — қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады. Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғүрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады. Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық түрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Теориялық саяси сана стихиялық түрде туындамайды, оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар қалыптастырады.

Саяси сананың функциялары:

     Саяси сананың функциялары — саясаттың институтционалдық емес элементі ретінде келесі функцияларды орындайды: когнитивті, яғни, саяси субъектілер функцияларын орындау мен модификациялау үшін қоғамның әрдайым білімді жетілдіру мұқтаждықтарын көрсету; коммуникативтік, яғни, субъектілердің өзара және билік институттарымен саналы өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету; идеялық, яғни, саяси әлемді өзінше түсінуге субъектілердің қызығушылық танытуын түсіндіруі. Қазіргі заманның елеулі ерекшеліктерінің бірі – адамзат қоғамының демократиялық даму жолына түсуі, жалпы¬адамзаттық қазыналарды ту етіп көтеріп, оларды басшылыққа алуы. Бұл ерекшеліктердің ойдағыдай өрістеп, жан-жақты өрбуінің кепілі – саяси мәдениет. Ол әдетте адамның саяси өмірді оңды қалыптастырудағы рөлін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен қоғамдық өмірдегі әр түрлі саяси жағдайда өзін-өзі ұстау ерекшеліктерін, қандай болмасын мемлекеттік құрылыстың, сондай-ақ белгілі бір саяси жүйенің сын-сипатын, өріс-өзгерісін, саяси процестің бағытын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.Саяси мәдениет деп өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесін айтады. Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың топтардың, таптардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени білуі, осы жүйенің аясында жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді. Сонымен қатар саяси мәдениет адамның белсенді саяси өмірге дайындық дәрежесін де білдіреді.Саяси мәдениет саяси өмірде еркін іс-әрекет

                                                  3.

жасауға көмектеседі.

Сол арқылы адам даңғойлыққа ұрынбай, елдегі және әлемдегі саяси өмірдің 

алуан түрлі оқиғаларына өзінің жеке қатынасын анықтауына мүмкіндік  туады. Саяси өмірге еркін араласып, оның белсенді атқарушысы, субъектісі бола алады. Сондай-ақ дүниетанымдық  белсенділік жеке адамның саяси  мәдениеті үшін айқындаушы рөл атқарады. Өйткені мұнда таптық, жалпыхалықтық  мүдделер барынша көрініс тауып, соның нәтижесінде жеке адамның  қоғамдық, саяси позициясы қалыптасады.Саяси  мәдениет категорияларының құнды қатынастары  құрылымындағы келесі деңгей өкімет пен өкімет қатынастары мәселелеріне байланысты.Әрбір адамның азаматтық  міндеттері мен құқықтарына деген  көзқарасы оның билік институт¬тарындағы іс-әрекеттеріне баға беруі арқылы қалыптасады. Бұл орайда саяси мәдениет құрылымының қалыптасу детер¬минанты  ретінде өкіметтің өз мәдени деңгейі  көрінеді.Саяси мәдениеттің атқаратын  қызметі. Өмірде саяси мәдениет мынандай қызмет атқарады:

– танып-білу міндеттері. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру арқылы субъектілер саяси  салада ойдағыдай қызмет етерлік  біліммен қаруланады. Сөйтіп адамдар  қоғамдық дамуды және сасаттың өзін айқындайтын  заңдар мен негіздерді танып біледі. Бұл міндеттер қоғамдағы басқарудың әдіс-тәсілдері, құралдары қандай болатынын, саяси жүйенің жұмыс істеуі, мемлекет пен қоғамдық жұмыстарды басқаруға  көпшілікті қалай қатыстыру керектігін қамтиды;

– аға ұрпақтың саяси тәжірибесін  кейінгі ұрпақтың қабылдап алып, оны  одан әрі жалғастыру міндеттері. Олар тарихи сабақтастықты, саяси процестің  тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз етеді. Қандай партия немесе қоғамдық саяси қозғалыс болмасын өзінің іс-әрекетінде бұрынғы ұрпақтың саяси тәжірибесін, салт-дәстүрлерін пайдаланбай тұра алмады. Соның арқасында олар алдағы ағалардың қателіктерін қайталамай, алға қойған мақсаттарына тезірек жетуі  мүмкін;

– саяси өмірді реттеу, тәртіпке келтіру  міндеттері. Олар саяси жүйенің дұрыс  жұмыс істеп, ойдағыдай дамуын, қоғамдық тәртіптің саналы түрде нығаюын, саяси тұрақ¬тылықты, кемшіліктерге  төбестікті, қоғам алдындағы жауап¬кершілікті, ұлттық және әлеуметтік-таптық қатынастарды рет¬теуді қамтамасыз етеді.

– саяси психологияны дамыту міндеттері. Олар адамдар¬ды қоғамдық-саяси қызметтерге  қатысуға ынталандырады, саяси белсенділікті  арттырады, белгілі бір тосын  саяси жағдайларда өзін-өзі қалай  ұстап, жылдам шешім қабылдауға тәрбиелейді;

– қарым-қатынас, байланыс жасау міндеттері. Саяси мәдениетті игеру арқылы тілек, мақсаттары бірдей адамдар топтасады, сөйтіп олар саяси қатынастардың  ережелерімен қаруланады, одақтастар және қарсыластармен саяси әңгімеге келіп, тіл табыса алатындай шеберлікке дағдыланады;

– қазыналық міндеттер. Олар жеке адамға (топқа, ұйымға) саяси өмірдің  қазына жүйесінен өз мақсат-мүдделеріне  сай келетін ең құндыларын таңдап алуына мүмкіндік жасайды.

     Бұл міндеттер елдің  жедел алға басуына және қоғамның  өзін-өзі билеуіне бағытталған  талаптарын ақтайтын саяси қазыналарды  қорғап, сақтауға жәрдемдеседі.Саяси  сананың тағы бір ерекшелігі  – мемлекетке, саяси партиялар  мен ұйымдарға қатынасы болуында  жатыр. Айталық, американдықтар  мемлекетке сыншыл, кейде жат  көзбен қарайды, 

                                                      4.

ал немістер болса мемлекетке әрқашан  түзу ниет білдіреді.Немесе партияға деген  көзқарасты, қатынасты алайық. Францияда  бірпартиялық – жөнсіз, қисынсыз болып  саналады. Сондықтан онда бірпартиялық бола қоюы мүмкін емес. Ал кейбір елдерде  бірпартиялықтың ешқандай сөкеттігі  жоқ. Саяси сананың мәдениеті  «еркіндік», «теңдік», «әлеумет¬тік қорғау», «автономия», «төзімділік», т.б. сияқты саяси қазы¬налардың қайсысына  бірінші орын беріп, артық көруінен де байқалады. Оңшылдар, солшылдар, радикалдар, либерал¬дар деп бөліну де содан  келіп шығады.Саяси мәдениетке тікелей  қатысты тағы бір ұғым – ол саяси  мінез туралы категория. Саяси мінез  немесе саяси мінез-құлық – басқару  процесіне қатысты адамның ойлары мен іс-қимыл¬дары болып табылады. Саяси мінез-құлыққа адамның ойлары, сезімі, пікірі, мақсаты, нанымы, яғни ішкі әлемінің көрінісі кіреді. Оның нәтижесі мынандай іс-қимылынан білінеді: сай¬лауға  қатысы, наразылығын білдіруі, жиналыстар мен нау¬қандарға қатысуы. Кең көлемде  саяси мінез-құлық кез келген жағдайда: отбасында, бизнесте, шіркеуде, мешітте байқалуы мүмкін. Алайда бұл  термин мемлекеттік институттар  шеңберін¬де өрістейтін іс-қимыл  әрекетіне байланысты қолданылады.Саяси  сана мәдениетінің тағы бір маңызды  элементі – саяси тіл. Жалпы тілдің қолданысында да мәдениет болатындығы  белгілі. Тіл мәдениетіне тікелей  қатысты бұл күндері жиі айтыла басталған мәселе – сөздерді орнымен  жұмсамау, мән-мағынасына жете үңілмеу, мақал-мәтел, фразеологизмді өзгертіп қолдану сияқты сәтсіздіктер.Тағы бір  мәселе, шаршы топ алдында ауызша сөйлеу жайы. Бұл күндері теледидар  мен радиодан немесе жиын-жиналыс  мінбелерінде, қысқасы, шаршы топ  алдында ойымызды еркін, жатық, әсерлі етіп айтып беру дағдымыз мәз емес. Көбіміз топ алдында мүдір¬мей, жинақы түрде әсем сөйлей алмаймыз. Енді-енді жандана бастаған бұл істе тілге деген жауапкершілік пен  ықылас болса, орысша сөйлеп келген адам қазақша да сөйлеп, тыңдаушысын сүйсіндірер  Қоғамдық жағдайларға, сонымен қатар  көпшілік арасында кең тараған ереже, қалып, үлгілерге байланысты саяси  мәдениет әр түрлі болады. Мұны мәдениеттің  әр түрлілігі дейді.Қоғамның жеке топтарының саяси мәдениеті де болады. Оны  субмәдениет дейді. Мысалы, Алматы мен  Шымкент тұрғындарының саяси  ойлауы мен өзін-өзі ұстауында  шамалы ғана өзгешелік байқалса, Қазақстан  мен Балтық жағалауы республикаларының  саяси мәдениетінде елеулі айырмашылықтар бар. Бұрынғы КСРО-ны тұтасымен алсақ  та соны байқауға болады.Саяси мәдениетті қалыптастыруда ең алдымен мемлекет қатысады. Ол бұл міндетін заң шығару, атқару және сот органдары арқылы атқарады. Мемлекет ұлттық саяси рәміздердің  қалыптасуын қатаң қадағалайды. Айталық, республиканың туын, елтаңбасын, әнұранын, ақшасын, т.б. қалыптастырады. Мемлекетпен қатар саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғамдық ұйымдар, әсіресе  партиялар да қатысады. Саяси мәдениетті қалыптастырушы күштерге зерттеушілер әрдайым діни ұйымдарды да қосады. Саяси мәдениетті қалыптастыруда ақпарат  құралдары көп рөл атқарады. Қазір  олардың биліктің төртінші саласы деп  жүргені тегін емес. Дамыған өркениетті елдерде бизнес те саяси мәдениеттің  қалыптасуына ықпал етеді. Саяси  мәдениетті қалыптастыруға тікелей  және мақсатты түрде қатысушылардың қатарына академиялық қауым да жатады... 

Информация о работе Қазақ философиясының еркешеліктері