Қазақ философиясының еркешеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 19:50, курсовая работа

Описание работы

Қоғамдық сана - қоғам өмірінің барлық саласын қамтып көрсететін әр түрлі рухани құбылыстардың жиынтығы болып табылады. Қоғамдық сананың негізгі формаларына жататындар – мораль, өнер, дiн, философия, ғылым, саясат, құқық. Салыстырмалы түрде жақын кезеңнен бері экологиялық, экономикалық және басқа да қоғамдық сананың формалары мен түрлері анықтала бастады. Бұл қоғамдық сананың барлық түрлері, формалары мен деңгейлері өзара байланыста болып, бір-біріне әсер етеді.

Содержание работы

Кіріспе_________________________________________2
Саяси және құқықтық сана________________________3
Моральдық және эстетикалық сана_________________8
Діни және атеистік сана__________________________11

Файлы: 1 файл

философия.docx

— 47.75 Кб (Скачать файл)

          ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ  ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ.  
Құқықтық нақтылыкты, кұкықтық және құкык жүйесінің дамуына ыкпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқыктық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құкықтық сана қоғамдык сананын нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар. 
                                                         5.

Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген және тілек  ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар  мен мақсаттардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құкықтық актінің  жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі  әсері. 
Құқыктық сананың мәні онын бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген зан нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасып белгілей отырып, құкықтық сана құқыктың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құкық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін. 
Құкыктық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, коғамдық сананың баска нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің экономикалык санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашкы негіздерінін. бірі ретінде, адамгершілік санамен қатынастары — ізгілік пен зұлымдык тұрғысынан, кұқыктык санамен катынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады. 
Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи мазмұнымен күшті. Құкык туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпакқа сол аркылы беріліп отырады. Өткендегі құқықтық жетістіктердің казіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы соның арқасында болады. Мысалы, рим кұкығының Батыс Еуропа елдерінде қабылдануы, кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құкықтык жүйелерінің батыс конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен конструкцияларын кабылдауы. Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, реттеу әдістері мен жауапкершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болады. 
Құқықтық психология болып жатқан окиғалар мен кұбылыстардан кызбалықпен, тіпті есі кете терең өсер алуға қабілетті адамға тән психикамен байланысты. Ол кұкықтык санада көбінесе стихиялы түрде, құыққа және құқықтық шындыққа көзқарас бейнеленетін сезім, көңіл күйі, сүйкімділік пен сүйкімсіздік, реніш түрінде қалыптасады. Мәселен, бұл жасаған қылмыс.

    Философияда қоғамдық — сана қоғамдық болмыстан туындайтын идеялар мен көзқарастардың материалдық қатынастардың жемісі. Сонымен қатар сана болмысының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізіп оны дамытуға үлесін қосады. Ал, қоғамдық сана құрамдық жағынан алып карағанда көптеген түрлерге бөлінеді: саяси, көркем, теориялық, кәдімгі, эстетикалық, діни, атникалық және т.б. Құқықтық сана қоғамдық сананың бір түрі, бөлігі болып саналады. Басқа саналардың түрлеріне қарағанда құқықтық сананың өзіне ғана тән ерекшеліктері бар: 
1. Құқықтық сана мемлекетте қалыптасқан құқықтық жүйе әділ сот қызметтерінің айнасы болып табылады. Құқықтық реттеу барысында адамдар құқықтың әділеттілігін немесе оны қолдану барысындағы заңсыздық пен бассыздықтан туындайтын әрекеттер мен көріністерді ой-өріс, сана арқылы ой-елегінен өткізіп баға береді. Соның нәтижесінде индивидтердің мемлекеттегі әділеттілікке деген көзқарастары қалыптасады. 
2. Құқықтық сана қоғам тапқа бөлініп, мемлекет пен құқық пайда болғанда қалыптасады және әртүрлі мағындағы қасиеттерге ие болады. Мысалы, құл иеленуші мемлекетінде құл иеленушілердің құқықтық саналары негізінде құлдарды қанау, басып жаншу, баю

                                                       6.

сияқты  ұғымдармен уланған болса, керісінше, құлдардың құқықтық санасының негізгі өзегі — азаттық, тектік, бостандық (Мысалы, б.ғ.дейінгі I ғасырдағы Римдегі Спартак, б.ғ.дейінгі I-II ғасырлардағы Қытайдағы «Сары тартқандар» және «Қызыл қастар» көтерілістері және т.б. сондай қарулы көтерілістер). Таптық қоғамда сана да таптық сипат алады. 
3. Құқықтық сана саяси мазмұнға, сипатқа ие болады. Мемлекеттегі саяси процестер мен бағыттар әрқашанда құқықтық санаға өзінің әсерін тигізеді. Заңның өзі қоғамда жүргізіліп отырған саясатқа тәуелді. Мысалы, сталинизм кезінде саясат тоталитарлық жүйені және жеке адамның басына табынушылықты мемлекеттік дәрежеде нығайту болса, қоғамдық кұқықтық сана сол саясаттың тікелей әсерінен халықтың құқықтық санасына «халық жауы» ұғымын жаппай қабылдатты, заңды екенін сіңірді. Фашизм де сондай сана қалыптасты. 
4. Құқықтық сана қоғамның қондырмасынан орын тебеді, оның құрамындағы саяси, көркем, эстетикалық, теориялық, кәдімгі, діни, этикалық саналардың түрлері мен тығыз байланыста қалыптасады және дамиды. Бірақ, бір сананың түрі құқықтық 
санаға мол әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда индивидтің құқықтық санасы непрогрессивтік, нерегрессивтік, неконформистік, нениглистік және инфантильдік қасиеттер мен мінез-құлықты қабылдауы мүмкін. 
Құқықтық сана дегеніміз қоғамдық сананың формасы ретінде қабылданған адамдарды (мемлекеттегі заңдарға, құқыққа, олардың қағидалары мен мәніне әділ сотқа және тілегіндегі құқыққа деген идеялар, теориялар және сезімдердің жүйелік жиынтығы. 
Құқықтық сананың экономикалық негізін жеке адамдардың меншікке деген қатынастары құрайды. Сонымен қатар құқықтық сана құқықтың өзімен, құқықтық мекемелермен толыққанды дәрежеде әрекеттестікте болады. Атап айтқанда, әрекеттестік пен қарым-қатынастық бұзылған жағдайда бүкіл құқықтық реттеу дағларысқа үшырауы әбден мүмкін. Құқықтық сананың қоғам өміріне мынандай әсері бар: 
1. Құқықтық сана құқық жасау процесіне белсенді түрде өзінің әсерін тигізеді. Халықтың, депутаттардың, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалардың құқықтық саналары неғұрлым жоғары болған сайын сапалы заңдар қабылданады, субъектизм мен лоббизмді шектейді, жалпы ұлттық мүддені жеке топтық, таптық, партиялық мүддеден жоғары қояды. 
2. Құқықтық сана мемлекет қабылдаған нормативтік-құқықтық кесімдерден өзінің көрінісін табады. 
3. Қоғамда қалыптасқан құқықтық сананың деңгейі құқық қолдану процесінде ерекше рөл атқарады, әділеттілік пен әділетсіздікке барудың айқын барометрі. Мысалы, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғаның жеке адамнан пара алуы, бюрократияға жол беруі ақпараттық араластықтың нәтижесінде бүкіл халықтың құқықтық санасын дағдарысқа ұшыратып, нигилистік көзқарас қалыптастырады. 
4. Құқықтық сана құқық бұзушылықпен күресудің, оның алдын алудың мүмкіндіктерін тудырады. Құқықтық сана деңгейі жоғары болған сайын мемлекеттегі қоғамдық тәртіп те нығая түседі.

                                                     7.

                                   3.Моральдық және эстетикалық сана

      Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады. Моральдың бірқатар ерекшеліктері бар:

  • Моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық негізін құрайды және жалпылама сипатта болады;
  • Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті, тиісті болып табылады;
  • Мораль әлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс қалыптарынан жоғары қойылады;
  • Мораль мемлекеттік күшпен танылмайды, ол адамның еркіндігі аясымен байланысты.

     Мораль —  тарихи кұбылыс, этиканың зерттеу  объектісі. Мораль деп — белгілі  бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан  адамдар арасында қалыптасқан  адамгершілік құлық нормалары  мен ұстанымдарының жиынтығын  айтамыз. Мораль жеке адамның  қоғамда өмір сүре алу, басқалармен  үйлесімді қарым-қатынаста болу  кабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын  болсақ, мораль — ізгілік, адамгершілік  ережелерінің жиынтығы екен. Моральдык  нормаларды ұстану арқылы әрбір  жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады. Мораль адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым-қатынас жолында туындап отырған қарама-қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасқан. Мораль өзінің түп-тамырымен сонау қадым замандарға жалғасып жатыр.Бізді өзіміздің ең көне тегімізден алшақтататын уақыт арақашықтығына орасан зор екендігін көзге елестету үшін мынадай шаманы алуға болады. Адамның қалыптасуының тарихи кезеңін тұтас жүз пайыз деп алсақ, соның тек бір пайызы ғана біздің "өз есімізді білген" тарихи уақыт болып табылады. Яғни адамзаттың мақтан тұтар бес-алты мың- жылдық мерзімдегі мәдени-өркениеттік кезеңі оның алдындағы адамзаттың қапастағы "тарихымен" салыстырғанда түкке тұрмастай шамада. Ол — бізге таңсық, түсінгенімізден түсінбегеніміз көп уақыт мерзімі. Адамдардың бірлесе өмір сүру тәжірибесінен, мәдениеттің дамуынан Моральдық нормалар шыққан және оның орындалуын қоғамдық пікір қадағалап отырады.Ынтымақтастық пен адамгершілікті нығайтатын қалыптар мораль ережелері болып қабылданады. Жеке тұлға қоғамның әдеп мәдениетін игеру барысында өз мінез-құлқын реттей алатын қабілетке ие болып, айналасында болып жатқан оқиғаларға Моральдық баға бере алады. Нәтижесінде адам кісілік қасиеттерін дамыта алатын субъектіге айналып, оның бойында ар-ұят, жауапкершілік, парыз, намыс, ізгілік секілді жоғары Моральдық, кісілік қасиеттер қалыптасады. Моральдық сана тек таңдау мүмкіндігі бар жерде ғана әрекет етеді. Мәжбүрлеп істелген іске моральдық баға

беру қиын. Сондықтан  Моральдық санада мотив, пиғыл, мақсат мәселелері алдыңғы қатарға шығады. Моральдық сананың үш сатысы болады. Біріншісі, адамның ішкі тылсым дүниесін, яғни моральдық қажеттіктер мен қабілеттерді, эмоциялар мен сезімдерді, т.б. қамтиды. Әдептік сананың екінші сатысына рационалды ақыл-ой елегінен өткен моральдық түсініктер жатады. Рационалды Мораль, әдетте әр түрлі әдептілік ережелерінен, адамгершілік туралы этик. теориялардан тұрады. Моральдық сананың үшінші сатысы моральдық интуиция (түйсік) болып табылады. Моральдың негізгі бөлігіне іс-әрекет, мінез-құлық жатады. Моральдық мінез-құлықта мотив-мақсатты, құрал мен нәтижені айыра білу қажет. Әлеуметтік қатынастардың түрлі салаларына сәйкес кәсіптік, отбасылық, тұрмыстық, т.б. Мораль түрлері айқындалады.[2]

    Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 мың жыл бұрын – Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниегекелді.Ежелгі Грекия мен Римде кеңінендамыған. Демокрит, Аристотель, Эпикур, Лукреций Кар, т.б. өз еңбектерінде сұлулықтың объективті негізі – шындық өмірдің заттық қасиеттерінде, байланыстарында, қатынастарында, заңдылықтарында деп білді. Ал Платонға сәйкес, сұлулық дегеніміз абс., мәңгілік және өзгермейтін, сезімнен тыс идея, өнер туғызатын сезім иірімдері осы идеяның көрінісі ғана табылады.Қайта өркендеу дәуіріойшылдарының,жазушыларының, суретшілерінің (Ф.Петрарка, Л.–Б. Альберти, Леонардо Винчи, А.Дюрер, Бруно, Монтель, т.б.) еңбектерінде адамгершілік сипаттағы реалистік бағыттар дамыды. Ағарту дәуірінің теорияшылары (У.Хогарт, Дидро, Руссо, Винкельман, Лессинг, Гердер), сондай-ақ олардың дәстүрлерін жалғастырушылар (Шиллер мен Гете) өнердің шындық өмірмен байланысын' орнықтырды. Кант эстет. пікірдің мүлдем “мүддесіздігі” туралы қағида ұсынды. Ол сұлулықты пайдаға, көркемдік форманың толымдылығын–идеялық мазмұнға қарсы қойып, формалистік Эстетиканың дамуына ықпал етті. Гегель өз еңбектерінде Эстетикалық қызметті түсіндіруге негіз ретінде тарихнама принциптері мен қарама-қайшылықтарды алды, мұның өзі оған эстет. қызметті капит. өндірістің қарама-қайшы сипатымен салыстыруға, Эстетикалық ұғымның жай-жапсарын түсіну үшін еңбектің мағынасын анықтауға мүмкіндік берді. Алайда объективті идеалист бола отырып, Гегель өнерді абс. рухтың бірін жәнежетілмегеформасыретіндеайқындады.Фейербах сұлулықты тікелей заттар мен құбылыстардың физ. қасиеттерінен, ал эстет. сезімдер мен талғамдарды – биол. заңдылықтардан, адам “табиғатынан” алып көрсетуге тырысты. Эстетика орыс демократтары Белинскийдің, Чернышевскидің, Добролюбовтың еңбектерінде реалистік өнер, заңдылық, өнердің идеялылығы мен халықтығы принциптерін жасау, т.б. мәселелерде көтерілді. Қазіргі философия ғылымында Эстетикамәселесі мен міндеттері көбінесе мына жәйтпен айқындалады: адамның дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінуі бір-бірімен тығыз байланысты үш нәрседен тұрады: 1) объективті шындықтағы эстет. ұғым; 2) субъективті эстет. үғым (эстет. сана); 3) өнер (субъективті және объективті эстет. ұғымдардың бірлігі ретінде). Эстетика дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің объективті негізін адамдардың қоғамдық мәнісін және табиғат пен қоғамды өзгертуге бағытталған жасампаздық күштері ашылатын олардың шығарм. қызметінің іс жүзіндегі көрінісі ретінде анықтайды. Негізгі эстет. категориялар – сұлулық пен сұрықсыздық, асқақтық пен пасықтық, трагед. және комед. болса, олар қоғамдық байланыста, адам өмірінің әрбір саласында – өндірістік-еңбек пен қоғамдық саяси қызметте, табиғатқа көзқараста, мәдениет, тұрмыста, т.б. жағдайларда дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып түсінудің көрінісі ретінде байқалады. Эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің субъективті жағы – ішкі сезімдерді, талғамдарды, бағалауды, күйзелісті, идеяларды, мұраттарды

                                                          9.

     Эстетиканы объективті өмірлік процестер мен қатынастарды көрсете бейнелеудің өзіндік формасы ретінде қарастырады. Өнер, көркем шығарм. оның маңызды жағы ретінде қарастырылады. Эстетика өнердің мәнісі мен оның заңдылықтарын зерттей отырып, арнаулы, теор. және тарихи ғылымдармен және өнер туралы ғылымдармен тығыз байланыста дамыды. Бірақ Эстетика– негізінен философияның бір саласы. Ол адам ақиқатқа эстет.қатынастарының (оның ішінде өнердің) жалпы заңдылықтарын зерттейді, ал өнер зерттеу ғылымдары өнердің қаз-қалпындағы ерекшелігіне назар аударады. Философия сияқты дүниетану ғылымы бола отырып, Эстетика эстет. сана мен өнердің қоғамдық болмысқа, адам өміріне көзқарасы туралы мәселені шешуді өз проблематикасының басты назарына қояды. Осы мәселенің материалистік шешімін басшылыққа ала отырып, Эстетика өнердің табиғаты мен көркем шығарм. процесінің түрлі жағын: өнердің шығу тегін оның мәнісін және қоғамдық сананың басқа формаларымен байланысын, оның тарихи заңдылықтарын, көркем образдың ерекшеліктерін, өнердің мазмұны мен форманың өзара байланысын, көркемдік әдіс пен стильдің маңызын, т.б. ғыл. тұрғыдан ашып көрсетеді.  
    Эстетика — философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. "Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі "айстетикос" сөзінен құрас- тырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда "айстетикос" — сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір өлі күнге дейін "анестезия" сезінде кездеседі.А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден-бір керініс табатын саласы өнер деп қарастырған.Бізге белгісіз, бұлыңғыр ондаған мың жыл бұрын да өнердің бастапқы белгілері байқала бастаған. Атап айтсақ, тас дәуірінің алғашқы кезендерінің өзінде-ақ адамдар өнердің алғашқы нышандарын тудырып, оны өрі қарай дамытып отырған.  Эстетика этикамен өнер мен өнегелілік қалай байланысты болса, солай тығыз байланысты. Өйткені өнер адам сезіміне әсер ете отырып, оны адамгершілік, ізгілікке тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны тамашалаған сәтте сезімге бөлену барысында жанымыз тазарады. Жан тазалығы—ар тазалығы. Олай болса, эстетикалык тәрбие — имандылық, ғибраттылық тәрбиесінің бір тарауы.

     Эстетикалық ой тарихы. Эстетика терминінің бертін келе енгеніне қарамастан, эстетикалық ой тарихы ең кем дегенде 2,5 мың жылды алып жатыр. Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың өзінде-ақ ежелгі қытай, үнді, грек ойшылдары адамдардың нақты шындықтың көптеген құбылыстарын сезім арқылы әсерлене қабылдайтындығын байқаған. Соның барысында белгілі бір кеңіл күйлері — таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану, сүйсіну, елжіреу, өзілдеу, тебірену, толқу және т.б. болғандығын тілге тиек еткен. Әрі сол күйлердің өлемге деген таза танымдық қатынастан езінің сезімдік тебіреніс сипатымен ерекшеленетіндігін білген. Осы тебіреніс-толқулар неліктен пайда болады деген сұраққа жауап іздеу барысында ежелгі дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан. Нәтижесінде, "сұлулык", "әсемдік", "аскақтык" және оған қарама-қарсы "сұрықсыздық", "мешеулік", сол сияқты "трагедиялық" жөне "комедиялық" туралы алғашқы түсініктер қалыптасады. Эстетикалық ойдың даму тарихына қысқаша шолу жасап, көз жүгіртіп етейік. Оны философиялық ғылымдардың пайда болған жері Грекиядан бастау занды. Антикалық эстетика, ежелгі грекиялық және римдік мәдениеттің құрамдас бөлігі. Антикалық эстетиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі — оның космологизмі.

Информация о работе Қазақ философиясының еркешеліктері