Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2015 в 20:40, реферат

Описание работы

«Жаратылыстану» ұғымы екі сөзден құралған — «жаратылыс» (табиғат) және «тану» немесе «білу». Бұл сөздің синонимі ретінде «табиғаттану» деген терминді келтіруге болады. Қазіргі кезде жаратылыстану термині дәл жаратылыстану ұғымын білдіреді. Дәл жаратылыстану — бұл толығынан қалыптастырылып дайындалған (көбіне математикалық формулалармен) Ғаламдағы бар немесе бар болуы мүмкін барлық нәрселер туралы нақты білім (ғылым). Дегенмен, бұл ғылымның Табиғат туралы білімдердің ақырғы қорытындысы емес екендігі айқын, ол тек адамзатқа өзінің қазіргі даму кезеңінде белгілі болып отырған білім жетістігі ғана.

Содержание работы

Кіріспе
Жаратылыстану ұғымының мазмұны

Негізгі бөлім
Табиғат жаратылыстанудың бірыңғай зерттеу объектісі ретінде
Жаратылыстанудың даму кезеңдері
Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Реферат.docx

— 56.50 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

 

Кіріспе

Жаратылыстану ұғымының мазмұны

 

Негізгі бөлім

Табиғат жаратылыстанудың бірыңғай зерттеу объектісі ретінде

Жаратылыстанудың даму кезеңдері

Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаратылыстану ұғымының мазмұны

 

«Жаратылыстану» ұғымы екі сөзден құралған — «жаратылыс» (табиғат) және «тану» немесе «білу». Бұл сөздің синонимі ретінде «табиғаттану» деген терминді келтіруге болады. Қазіргі кезде жаратылыстану термині дәл жаратылыстану ұғымын білдіреді. Дәл жаратылыстану — бұл толығынан қалыптастырылып дайындалған (көбіне математикалық формулалармен) Ғаламдағы бар немесе бар болуы мүмкін барлық нәрселер туралы нақты білім (ғылым). Дегенмен, бұл ғылымның Табиғат туралы білімдердің ақырғы қорытындысы емес екендігі айқын, ол тек адамзатқа өзінің қазіргі даму кезеңінде белгілі болып отырған білім жетістігі ғана.

Жаратылыстануды не нәрсе қызықтырады? Танымның осы өте кең саласының алдында тұрған проблемалар сан алуаи: ғаламның құрылысы мен пайда болуынан Жердегі керемет құбылыс — тіршілік өмірдің молекулярлық механизмдерін танып білуге дейін.

Ертеректе орыс тіліне «табиғат» деген сөздің синонимі ретінде өте кең тараған латын термині «натура» (паіига) енген еді. Осы сөздің негізінде тек қана европа елдерінде (Германияда, Швецияда, Голландияда) жаңа «Nаtиrwis-sепsсһаft» ұғымы пайда болып, бұл кейіннен халықаралық термин «натурфилософия» (табиғат философиясы) деген сөздің негізі болды.

Бүкіл Әлемдегі барлық заттардың құрылысы, пайда болуы, дамуы, құрамы немесе органикалық тіршілікті зерттеу проблемалары алғашқыда «физика» немесе «физиология» іліміне жататын. Сонау ерте замандарда Аристотель (б.з.д. 384-322) оларды «физиктер» немесе «физиологтар» деп атады, өйткені ежелгі грек сөзі «физис» «табиғат» деген ұғымға өте жақын, алғашында пайда болу, жасау дегенді білдірді. Мұндай анықтама XX ғасырда өмір сүріп отырған біз үшін біршама таңданарлық болуы мүмкін. Орта мектепте жаратылыстық ғылымдар деп әдетте физиканы, химияны, биологияны, астрономияны, географияны есептейді. Ал жоғары мектепте жаратылыстық ғылымдар саны оларды тар мамандандырылған пәндерге бөлуге байланысты көбейе түседі.

Қазіргі кезде жаратылыстанудағы ғылыми зерттеулер шеңбері айрықша кең. Жаратылыстық ғылымдар жүйесіне негізгі ғылымдар — физика, химия және биологиямен қатар көптеген басқа ғылымдар — география, геология, астрономия, тіпті, жаратылыстық және гуманитарлық ғылымдар шекарасында тұрған ғылымдар да, мысалы, психология енеді.

«Психологтардың мақсаты адам мен жануарлардың мінез-құлықтарын зерттеу болып табылады.Бір жағынан психология жоғары жүйке қызметі физиологиясы саласында жұмыс жасап және мидың қызметін бақылайтын био-логтардың ғылыми жетістіктеріне сүйенеді. Екіншіден, бұл ғылым әлеуметтану саласынан да білімдерді пайдалана отырып, әлеуметтік, қоғамдық құбылыстармен де шұғылданады. Мысалы,әлеуметтік психология қоғамдағы адамдар топтарының қарым-қатынасын зерттейді. Психология барлық жаратылыстық ғылымдардың білімдерін жинақтап, жаратылстық білімнің жоғарғы сатысы мен мақсаты Адам мен Қоғамды танып білу болатын ғылымдар арасына қойылған көпірше қызметін атқарады,

Гуманитарлық ғыдымдардың Табиғатты зерттейтін ғылымдармен өзара тығыз байланыста екені жақсы белгілі. Экономистерге география мен математиканы, философтарға натурфилософия негіздерін білмей болмайды; әлеуметтанушылар психологтармен өзара байланыста әрекет етеді, ал ескіден қалған суреттерді қалпына келтірушілер қазіргі заманғы химияның көмегіне жүгінеді. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Бізді қоршап тұрған күрделі дүниенің бастаулары .Табиғаттың ғажап үйлесімді құрылысында жатқандығын, онымен (Табиғатпен) үнемі өзара қарым-қатынаста болатындығын ұмытпауымыз керек. Мысалы, бірнеше күн ас-су ішпей керіңізші! Мүмкін, тыныс алмай өмір сүру тәсілін білетін шығарсыз? Біздің барлығымыз да — Табиғаттың перзенттеріміз. Ал оның зандарын зерттеп, танып білетін ғылым — табиғаттану немесе жаратылыстану.

Бұл ұғымның кең тараған екі анықтамасы бар.

1. Жаратылыстану — бұл  Табиғат туралы біртұтастық ретіндегі  ғылым.

2. Жаратылыстану — бұл  біртұтас бүтіндік ретінде қаралатын  Табиғат туралы ғылымдардың жиынтығы.

Бір қарағанда бұл екі анықтама әр түрлі. Шынында да, олардың біріншісінде Табиғат туралы бір ғана ғылым жайында айтылады, ал екіншісінде, жаратылыстану туралы Табиғатты зерттейтін көптеген ғылымдар ретінде айтылған. Шын мәнінде бүл екі анықтаманың арасында үлкен айырмашылық жоқ, өйткені, «ғылымдар жиынтығы» деген ұғым жекелеген ғылымдардың қарапайым жиыны емес, керісінше, бірімен бірі өзара тығыз байланыстағы, бірін-бірі толықтырып отыратын жаратылыстық ғылымдардың бірыңғай кешенін білдіреді. Бұл бір ғылым.

Жаратылыстанудың ғылым ретіндегі арнайы жаратылыстық ғылымдардан айырмашылығы — ол табиғат құбылыстарын бірнеше ғылымдардың позициясынан, неғұрлым жалпыға ортақ заңдылықтар мен тенденцияларды «іздеп таба отырып» зерттейді, Табиғатқа жоғарыдан қарап зерттеген тәрізді болады. Орта мектепте жекелеген жаратылыстық пәндерді оқығанда сіздер, мүмкін, әрбір пәннің -химия, физика немесе географияның өз ерекшеліктері бар екендігін байқаған шығарсыздар. Жаратылыстану өз ауқымына енетін ғылымдардың ерекшелігін мойындай тұра, Табиғатты біртұтас бүтін ретінде зерттеуді өзінің басты мақсаты етіп қояды.

Жаратылыстануды оқып үйрену не үшін қажет? Табиғаттың нақты біртұтастығын, Табиғаттағы сан алуан заттар мен құбылыстардың жасалу негізін және одан туындайтын микроәлемдер мен макроәлемдерді: Жер мен Ғарышты, физикалық және химиялық құбылыстарды өзара, өмір тіршілігімен, санамен байланыстырып тұрған негізгі зандарды дәл ұғынып түсіну үшін керек.

Жекелеген жаратылыстық ғылымдардың зерттеу нәтижелері арқылы Табиғаттың біртұтастығын танып білу мүмкін емес. Шындығында сіз адамның жекелеген мүшелерінің қызметін жақсы білесіз делік, бірақ сіз осы мүшелердің жұмыс жасау заңдылықтарын үнемі біле бермейтін шығарсыз. Сондықтан орта мектеп дәрежесінде пәндерді — физиканы, химия мен биологияны — жекелеп оқып үйрену Табиғатты біртұтастық тұрғысынан танып білудің алғашқы сатысы ғана бола алады, басқаша айтқанда, оның заңдарын жалпы жаратылыстық-ғылыми тұрғыдан танудың бастамасы деген сөз. Енді біз табиғатты танудың екінші сатысына шығуымыз керек.

Осыдан келіп жаратылыстанудың қос міндеттен тұратын мақсаттары шығады.

Жаратылыстанудың мақсаттары:

1. Барлық физикалық, химиялық  және биологиялық құбылыстардың  органикалық бірлігін құрайтын  жасырын байланыстарды анықтау.

2. Осы құбылыстардың өзін  тереңірек және нақтырақ танып  білу.

Бұл — Табиғатты іс жүзінде танып білудің нәтижесіне байланысты шыққан бағдарлама.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғат жаратылыстанудың бірыңғай зерттеу обьектісі ретінде

 

Жаратьшыстану ғылымы физикаға, химияға, биология мен психологияға бөленетіні белгілі. Физиктер тек қана әр түрлі материалдық денелермен ғана емес, жалпы материяны зерттейді. Химия әр түрлі заттармен айналысады. Биологияның зерттейтін заты — тірі организмдер (ағзалар), ал психология — адам психика-сының құпияларын танып-білумен шұғылданады.

Дегенмен, бұлайша бөлудің шартты екендігін ұмытпау керек. Өйткені Табиғаттың өзі біртұтас, ол өзін танып білу үшін адамдар ойлап тапқан ғылымдарды білмейді. Көбінесе әр түрлі жаратылыстану ғылымдарының зерттеу шеңберінде айналып кел-генде бір ғана табиғи құбылыс тұрады. Ол әр түрлі көзқарас пен әр түрлі жаратылыстану ғылымдарының позициясынан зерттеледі. Зат туралы өзіндік ғылыми түсінігін құру үшін бұл ғылымдардың әр-қайсысы өздерінің арнайы әдіс-тәсілдерін қолдануға бейім тұрады. Бірақ «құшақ жетпесті құшу» мүмкін емес. Бұл ғылымдардың әрқайсысы зерттеліп отырған күрделі құбылыс туралы арнайы білім-дердің тек бір бөлігін ғана «бере» алады. Зерттеліп отырған заттың біртұтас бүтіндігі туралы нақты дәл білімді осы арнайы ұғым-түсініктерді біріктіріп, әр түрлі ғылымдардың қиылысу нүктелерін тауып. жекелеген жаңалықтардың арасындағы өзара байла-ныстарды анықтап іздеп тапқанда ғана алуға болады.

Зерттеу обьектілерінің бірлігі бірнеше дәстүрлі жаратылыстық ғылымдардың тоғысуынан шығатын жаңа пәнаралық ғылымдардың пайда болуына әкеледі. Олар — биофизика, физикалық химия, физикалық-химиялық биология, психикалық физика және басқалары.

 

Биология


Биохимия                                 Биофизика

 

Физическая химия

 

Химия                                 Физика


Химическая физика

 

Геохимия                                 Геофизика

 

Геология

 

Бүгінгі күні, мысалы, барлық химияны физикалық деп атауға болады. Бұл химиялық құбылыстары таза химиялық тәсілдермен түсіндіру мүмкін болмағандықтан туындайды, сондықтан осы жерде физиканың көмегі керек болады. Физика мен химияның бұлай бірігуі жоғарыда айтылғандай, әр түрлі ғылымдарға бөлуді білмейтін Табиғаттың біртұтастығының нақты көрінісі.

Мұндай бірігу тенденциялары немесе жаратылыстық-ғылыми білімдердің кірігуі ертеректе пайда бола астады. 1747-1752 жылдардың өзінде М. В. Ломоносов (1711-1765) химиялық құбылыстарды түсіндіру үшін физиканың әдістерін қолдану қажеттілігін дәлелдеді. )Ол жаңа ғылымға физикалық химия деген ат ойлап қойды.

Жаратылыстық ғылымдарға физика, химия және биологиядан басқа да, мысалы, кешенді сипаттары баргеология мен география да жатады. Геология біздің ғаламшарымыздың құрамы мен құрылысын бұлардың миллиардтаған жылдар ішіндегі эволюциялық дамуына зерттейді. Оның негізгі бөлімдері — минералогия, петрография, вулканология, тектоника және басқалары — бұлар кристаллографиядан, кристаллофизикадан, геофизикадан, геохимия мен биогеохимиядан шығады. Сондай-ақ, география да өзінің фи-зикалық география, топырақ географиясы сияқты негізгі бөлімдерінде әр түрлі деңгейде көрініс беретін физикалық, химиялық және биологиялық білімдермен ‘суарылған». Осылайша, Табиғаттың барлық зерттеулерін бүгін физикалық, химиялық және биологиялық ғылымдардың сан алуан тарамдарын байланыстырып тұрған орасан зор тор түрінде елестетуге болады.

Жаратылыстанудың негізгі принципі бойынша Табиғат туралы білімдердің эмпирикалық (тәжірибелік) тексеріс арқылы дәлелдену мүмкіншіліктері болуы керек. Бұл деген сөз әрбір білім эмпирикалы тексерістен міндетті түрде өтуі керек деген ұғым емес, бірақ әрбір теорияның қабылдануында тәжірибе нәтижелері негізгі аргумент болып табылады.

Осы жерде бір жағынан, жаратылыстық пен техникалық ғылымдардың, екінші жағынан, фундаментальдік және қолданбалы ғылымдардың айырмашылықтарын ескеру қажет. Жаратылыстанудың техникалық ғылымдардан айырмашылығы оның. Әлемді өзгертуге емес, оны танып білуге арналғанында жа-тыр, ал математикадан өзгешелігі — оның әр түрлі математикалық белгілер жүйесін емес, табиғат жүйесін зерттеуінде.

Фундаментальдық ғылымдар — физика, химия, астрономия — бұлар Әлемнің базисті (негізгі) құрылысын зерттейді, ал қолданбалы ғылымдар — фундаменттік ғылымдардың нәтижелерін күнделікті өмірдегі әртүрлі танып-білу мен әлеуметтік-тәжірибелік мақсаттарды шешуге қолданады. Осы тұрғыдан қарастырғанда барлық техникалық ғылымдарды қолданбалы ғылымдар қатарына жатқызуға болады, бірақ та барлық қолданбалы ғылымдарды техникалық ғылымдарға кіргізуге болмайды. Мысалы, металдар физикасы және жартылай өткізгіштер физикасы теориялық қолданбалы пәндерге жатады, ал жартылайөткізгіштер технологиясы — практикалық қол-данбалы ғылымға жатады.

Жаратылысты-ғылыми және гуманитарлы мәдениет

Итальяндық кернекті физик және астроном, дәл жаратылыстануды жасаушылардың бірі Галилео Галилей (1564-1642) былай деген: «Кім де кім жаратылыстану ғылымдарының мәселелерін математиканың көмегінсіз шешкісі келсе, ол өзінің алдына шешілмейтін міндет қояды. Өлшенетін затты өлшеу керек және өлшенбейтінді өлшеуге келтіру керек».

Дәл жаратылыстануға қажетті математика қарапайым санау мен әр түрлі қарапайым өлшемдерден басталады (мысалы Евклидтың геометриясынан). Өз дамуына қарай дөл жаратылыстану бірте-бірте жоғары математиканың жетілген арсеналын қолданады.

Математика қисындық түйін және Табиғатты танып-білу құралы ретінде — ежелгі гректердің туындысы. Математикамен олар біздің заманымызға дейін алты ғасыр бұрын шындап шұғылдана бастаған. Б. з. дейінгі VI ғасырдан бастап гректерде Табиғаттың ұтымды құрылғаны жөнінде ұғым қалыптасты, ал барлық құбылыстар дәл «математикалық» жоспар бойынша өтеді деп есептеді. Табиғат философиясының негізін салушылардың бірі Платон (б.з.д. 428-384) өзінің философиялық мектебінің маңдайшасына ұран ретінде мына сөздерді жазды: «Геометрияны білмесең — кірме».

Галилео Галилей өз шығармаларының бірінде оппоненттерінің бірінің келтірген түкке тұрмайтын дәлелдерін салмақтай отырып, оларға нағыз философияны, тек қана математика тілін білетін адамға түсінікті, Табиғаттың ашық кітабы ретінде қарсы қояды.

Неміс философы Иммануил Кант (1724-1804) өзінің «Жаратьшыстанудың метафизикалық бастауларында» былай дейді: «Табиғат туралы кез келген жеке ілімде шын ғылымды онда математиканың қаншалықты барлығына (қолданылуына) қарап табуға болады». Осы жерде Карл Маркстың (1818-1883) мына сөздерін де келтіруге болады: «Математиканы қолдану сәтті бол-ғанда ғана ғылым өз кемеліне жетеді».

Салыстырмалылықтың жалпы теориясымен жұмыс жасау кезінде, одан кейін де А. Эйнштейн (1879-1955) математиканы, тіпті, оның ең жаңа және күрделі бөлімдерін зерттеп қолдануда 40 өзінің білімдерін жетілдіріп отырды.

Информация о работе Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері