Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2015 в 20:40, реферат

Описание работы

«Жаратылыстану» ұғымы екі сөзден құралған — «жаратылыс» (табиғат) және «тану» немесе «білу». Бұл сөздің синонимі ретінде «табиғаттану» деген терминді келтіруге болады. Қазіргі кезде жаратылыстану термині дәл жаратылыстану ұғымын білдіреді. Дәл жаратылыстану — бұл толығынан қалыптастырылып дайындалған (көбіне математикалық формулалармен) Ғаламдағы бар немесе бар болуы мүмкін барлық нәрселер туралы нақты білім (ғылым). Дегенмен, бұл ғылымның Табиғат туралы білімдердің ақырғы қорытындысы емес екендігі айқын, ол тек адамзатқа өзінің қазіргі даму кезеңінде белгілі болып отырған білім жетістігі ғана.

Содержание работы

Кіріспе
Жаратылыстану ұғымының мазмұны

Негізгі бөлім
Табиғат жаратылыстанудың бірыңғай зерттеу объектісі ретінде
Жаратылыстанудың даму кезеңдері
Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Реферат.docx

— 56.50 Кб (Скачать файл)

Ұлы адамдардың барлық айтқандарынан (мұндай пікірлерді өте көп келтіруге болады) математиканы жаратылыстануға кіретін ғылымдарды тұтастырып біріктіретін және оған біртұтас ғылым ретінде қарауға мүмкіндік беретін «іргетас» деуге болады.

 

Жаратылыстанудың даму кезеңдері

 

Жаратылыстануды уақыт дамуына қарай зерттей отырып меңгеру  оңайырақ болады. Сонымен ғылымның өткен өміріне сапар шегіп көрелік.

Қазіргі жаратылыстану жүйесіне Табиғат туралы жаңа ғылымдармен қатар ежелгі Грек натурфилософиясы, орта ғасырлардағы жаратылыстану, Жаңа уақыт ғылымы және ХХ ғасырдың басына дейінгі классикалық жаратылытану сияқты білімнің тарихы салалары да кіреді. Бұл адамзаттың біздің ғаламшарымыздағы өз ғұмырында ұзақ жылдар бойы жинаған барлық білімдерінің нағыз түпсіз казынасы. Осы салаларды біз арнайы ғылымдардағы табиғаттың фундаментальдық идеялардың ашылуымен, ал раволюцияларды – белгілі парадигмалар мен көзқарастардың өзгеруімен  байланыстыра отырып қарастырамыз (Парадигма-осы күнгі типтік немесе базалық схема, мәселелерді қоя білу мен шешу үлгісі). «Ғылыми» революциялар» ішінен «физикадағы ғылыми революцияларды» жеке бөліп қарастыруға болады, себебі олар жаратылыстанудағы кардиналды өзгерістердің негізгі себептері болды.

Бір этаптан басқа этапқа өту және бір революциядан басқаға өту адам  ойының триумфальды түрдегі аяқ алысына мүлдем ұқсаған жоқ. Ғылымның магистральді бағытта дамуы көптеген «айнымалы жолдар», «кейін шегіну», «бір орында тұрып қалу» сияқты кезеңдер арқылы жүріп отырды. Ғылым ол кезде баяу дамыды, бірақ та   оның нәтижелері жаратылыстанудағы парадигмалардың ауысуына әкеліп тұрды. Енді осы өткен замандарға

қарай сапар шегейік.

Ертедегі Грек ғылымының даму кезеңдері

Ең ерте заманғы ғылымдарға Египет пен Междуречья жрецтері жасаған астрономияны, геометрияны және медицинаны жатқызамыз. Осы бағыттағы үлкен табыстар Ертедегі Қытай мен Ерте заманғы Индияда да. Айта кету керек, бұл ғылымдар сол кезде жеке ғылым түрінде болған жоқ, олар философтік –діндік ойдың бір бөлімі ретінде болды.

  Әлемді тылсым күштердің көмегінсіз-ақ түсіну және түсіндіру әрекеті алғаш рет ежелгі гректер тарапынан жасалды. Ғылымның тууы шын мәнінде б.з.д. VII-VI ғасырларда Ежелгі Грецияда басталды. Бұл ғылым натурфилософия (латынның натура-табиғат)деп аталды, ал сол кездің данышпандары әрі философ, әрі ғалым болды. Мұнда ғылыми мекемелер: Платонның академиясы; Аристотелдің лицейі, Александралық мұражай пайда болды. Ертедегі грек ғылымы біртұтас табиғат, қоғам туралы ғылым еді. Сол кездің данышпандарын әрі физик, әрі математик, әрі астроном, әрі тарихшы деп айтуға болатын. Грек философтары қоршаған ортаны байқаудан шыққан фактілерді жинақтап, оларға анықтама беріп  немесе олардың санын көбейтумен айналысқан жоқ, олар қайта деректерді бір жүйеге келтіріп, олардың арасындағы байланысты іздеп, логикалық түрде жаңа білімдерді жасады. Ерте заман данышпендары тек қана ойлау, қиялдау күшімен ешқандай да жүйелі тәжірибелерге сүйенбай-ақ қоршаған әлемді түгел қамтып түсіндіруге тырысты. Дәл осы Грецияда бірінші рет  Әлемнің  материалдық біртұтастығы мен оның дамуы туралы идеялар ұсынылды. Мысалы, данышпандар Фалестің (б.э.д. 625-547), Анаксимандрдің (б.э.д.610-547), Гераклиттің (б.э.д. VI-Vғ) , Анаксагордың (б.э.д.500-428) ілімдерінде Әлемнің біртұтастығы мен барлық заттың бір заттан  судан (Фалес), оттан (Гераклит), ауадан (Анаксимен), апейроннан (Анаксимандр) пайда болуы туралы тұжырымдар қарастырылады. Математика, астрономия мен физика салаларындағы көптеген жетістіктер, Пифагордың (б.э.д. 582-500) және оның оқушыларының жетістіктерімен байланысты.

Медицинаның жеке ғылым ретінде дамуы Гиппократтың (б.э.д.460-370) есімімен байланысты, ол оған ғылыми статус әкеліп, оны әр түрлі әдістермен қамтамасыз етті. Гиппократтың медициналық еңбектері өте көп және әр түрлі. Оның еңбектерінің негізгі тезисі- медицина әр түрлі ауруларды дәл әдістермен жүйелі, байланысты түрде сипаттау негізінде дамуы керек.

Сол заманның аса үлкен данышпаны Аристотель (б.э.д. IV) өзінің атақты шығармаларында ( «Физика, «Метафизика»)сол уақытқа дейінгі жинақталған барлық деректерді біріктіріп, грек ғылымының жеткен биік жетістіктерін көрсетті.

Әлем бейнесін ғылыми тұрғыдан жүйеге келтіру әрекеті.Аристотельдің жаратылыстық ғылыми төңкерісі.

Дүние туралы білімдердің жинақталу шамасына қарай оларды жүйеге келтіру міндеті өзекті бола түсті. Бұл міндетті көне дәуірдің ұлы ойшылдарының бірі, Платонның оқушысы Аристотель жүйеге асырды. Аристотель Ескендір Зұлқарнайынның ақырғы күніне дейінгі ұстазы болды. Ол бірінші болып жаратылыстанудың ғылым ретінде негізін салды, көптеген жеке жаратылыстану ғылымдарының  дамуна жол ашты. Аристотель тақырыбы, көлемі, маңыздылығы әртүрлі көптеген еңбектертер қалдырды. Олардың іщінде оның мына еңбектерін атап өтуге болады: « Категориялар», «Физика», «Метеороголика», «Метафизика»,  «Жануарлар тарихы», «Жануарлар құрам бөліктері», «Жануарлардың қозғалуы туралы», логика туралы трактаттар және т.б. Осы еңбектерінде өзінің жан-жақты терең білімділігін көрсетті. Өзінің «Аспан туралы» деген еңбегінде ол Жердің жайпақ тарелка тәріздес емес, дөңгелек шар екендігіне  екі салмақты дәлел келтірді.

Біріншіден Аристотель айдың тұтылуы Жер Ай мен Күннің арасына келгенде болатындығын аңғарды. Жер Айға ылғида дөңгелек көлеңке түсіреді, ал бұл жағдай егер Жер шар тәріздес болса ғана болуы мүмкін.

Екіншіден, өз саяхаттарының тәжірибесінен гректертер Поляр жұлдызының аспанда оңтүстік аймақтарда, солтүстіктегіге қарағанда , төменірек орналасатындығын білді. Поляр жұлдызы Солтүстік полюсте бақылаушының дәл төбесінде тұрды. Ал Экватордағы адамға ол көкжиек сызығының деңгейінде тұрған сияқты болып көрінеді. Аристотель Экватордың ұзындығын есептеп шығарды. Бұл ұзындық біршама артық болып шыққан, дегенмен сол уақыт үшін бұл үлкен ғылыми жаңалық еді.

Бұл білімдердің сол кездерде өмір сүрген барлық адамдардың көзқарасын өзгерткені соншалықты, олардың ойшылдарға жасаған ықпалының күшін тек қана төңкеріспен –әлем құрылысына көзқарастың шұғыл өзгеруімен ғана салыстыруға болатын шығар. Білім негіздеріндегі мұндай «төңкерістер», ғылым әлемінде- жаратылыстық- ғылыми төңкеріс деп аталды.

Әрбір ғаламдық жаратылыстық-ғылыми төңкеріс ылғи да дәл астрономиядан басталады (ең үлкен мысал-салыстырмалық теориясының жасалуы). Таза астрономиялық мәселелерді шеше отырып, ғалымдар қазіргі ғылымның оны түсіндіруге жеткілікті негіздерінің жоқ екенін айқын ұғына бастайды. Әрі қарай әлем туралы және барлық Дүние туралы орын алған космологиялық түсініктерді түбірінен қайта құру басталады. Жаратылыстық-ғылыми төңкеріс түбірінен қайта қаралып өзгерген, барлық әлем туралы жаңа түсініктердің астына жаңа физикалық тұғыртас орнатумен ( егер іс бұған дейін жетсе) аяқталады.

Астрономияны, космология мен физиканы түбегейлі өзгерткен бірінші жаратылыстық-ғылыми төңкерістің басты қорытындысы-б.з.д. Анаксимандр мен Аристотель бастаған әлемнің геоцентрлік жүйесі туралы дәйекті ілімнің жасалуы болды. Бұл ғылыми төңкерісті Аристотельдікі деп атау өте орынды.  Геоцентризмге өту Жер мен Ғарыштың ақиқат құрылысын түсіну жолындағы алғашқы және өте қиын қадам болды. Аспанның жергілікті көкжиекпен шектелген көрініп тұрған жартылай сферасы көрінбейтін ұқсас жарты сферамен бүтін аспан сферасына дейін толықтырылды. Сол кездің ғалымдарына Әлемнің құрылысы туралы ескі ұғымдарды бұзу, тіпті басымен тұрған адамдарды көз алдына елестету өте қиын болды. Сондықтан біздің ғаламшарымыздың шар тәріздес екендігі туралы идеяны қабылдау кейінірек-Жер шарын айналған алғашқы саяхаттар мен ұлы географиялық жаңалықтар дәуірінде- тек XV және XVI ғасырлардың арасында ғана жүзеге асты.

 Жаратылыстану пәндері білім беру жүйесінде маңызды табиғат заңдарын, қоғамның материалдық өмірін, әлемнің қазіргі заманғы ғылыми бейнесін танып білудегі географиялық, биологиялық, физикалық және астрономиялық, химиялық білімдердің рөлі арқылы анықталады.

 

 

Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері

 

Жүйелер туралы ілімге сәйкес күрделі құрылымды жүйелердің маңызды қасиеті — иерархиялык принцип (һіегагсһіа деген грек сөзінен — өзара бағыну), сонымен қатар оларда құрылыстың немесе ұйымдастырудың бірнеше деңгейінің барлығы болып табылады. Жоғары ұйымдастырылған жүйелерде олардың жүйешелерінің немесе құрылымдық деңгейлерінің иерархиялық принципі толығырақ, айқынырақ көрінеді. Мұндай жүйеде енді жүйешелердің тең құқықтық принципі емес (немесе үйлестік, келісімдік принципі), керісінше, өзара бағыну, басқаша айтсақ, субординация принципі жүзеге асырылады.

Иерархиялық принцип жаратылыстық ғылымдарда бар. Алғаш рет оны француз физигі Андре Ампер (1775-1836) көрсетті, ол өз кезіндегі белгілі жаратылыстық ғылымдарды табиғи топтау принципін табуға әрекет жасады. Ол өзі жасаған Табиғат туралы ғылымдардың бейнесін тереңдігі жағынан әр түрлі идеялар мен түрлі дәлдіктегі тәжірибелік материалдан тұратын «бірыңғай жүйе» түрінде берді. Физиканы ол ең негізгі ғылым ретінде бірінші орынға қойды, химияны (физикадан шығарғандай) екінші орынға қояды.

XIX ғасырдың ортасында  бірқатар табиғат зерттеушілері  мен философтар ғылымдар иерархиясының  дәйекті төрт саты түріндегі  идеясын ұсынды: механика, физика, химия, биология.

Жаратылыстық ғылымдардың мұндай субординациясы туралы идеялар бүгін де кеңінен талқылануда. Мұнда өте маңызды бір проблема ерекшеленеді: барлық биологиялық құбылыстарды химияға, ал химиялық құбылыстарды физикаға апарып қосуға бола ма? Мұндай «жоғарғыны» «төменге» қосу редукционизм деп аталады (геdисtіо — қайтару, бұрынғыға қосу деген латын сөзінен). Бұл көзқарасқа сәйкес барлық химиялық құбылыстарды, заттардың құрылысын физикалық білімдердің көмегімен түсіндіруге болады. Бірақ бұған қарама-қарсы басқа да пікір бар: материяның әр түрі мен оның әрбір күйі (физикалық, химиялық, биологиялық) бір-бірінен соншалықты оңашаланған, тіпті олардың арасында «тіке өткелдер жоқ». Ортадағы синтетикалық көзқарас жалпыға танымал болып шықты: химияны да, биологияны да белгілі бір дәрежеде физикаға қосуға болады, басқаша айтсақ, физикалық білімдер арқылы түсіндіруге болады. Жаратылыстық ғылымдардың өзара байланысын сипаттайтын келесі идеяның да маңызы азболмай шықты. Табиғатты зерттеуде биологиялық білімдерді химияда, ал биологиялық білімдерді физикада қолданудың үлкен роль атқаратындығы бүгінгі күні толық дәлелденген. Бұл бағыт холизм немесе интегратизм деп аталады. Шыныңда да, тірі ағзада жоғары өнімді химиялық реакциялар мен физикалық құбылыстар жүріп жатады. Бүгінгі күні «тірі табиғаттың химиялық тәжірибесін игеру» химия мен химиялық технологияның дамуының маңызды бағыты болып табылады.

Шын мәнінде, редукционизм мен холизм бір-біріне қарсы тұрмайды. Олардың айырмашылығы ғалымның ой қозғалысының бағыттылығында: берілген құбылысты түсіндіруде ол жаратылыстық-ғылымдық білімдердің төмен жатқан деңгейін қолдана ма, әлде неғүрлым жоғары ұйымдастырылған обьектіге бағыт ұстай ма. Бұл екі әдіс бірін-бірі толықтыра отырып, барлық жаратылыстануда қолданылуы мүмкін және қажет.

Бұдан басқа, негізгі жаратылыстық ғылымдар иерархиясының циклдік түйықталған сипаты бар. Төмендегі сызбадан физиканың химияға негіз болатыны; ал химияның өз кезегінде биология мен психологияға негіз болатыны көрініп тұр. Психология жоғары орында тұр, бірақ, сонымен қатар, циклдік тұрғыда барлық тізбектің бастапқы ғылымы физикамен тұйықтасады.

Мұны темендегі сызбаның көмегімен бейнелеуге болады:

 

Жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысы

 

 

Физика Химия Биология Психология


 


 

         Циклділік- бұл Табиғаттың өзіне тән қасиет. Табиғаттағы заттадың айналымы баршаға белгілі.

Қазіргі кездегі жаратылыстану пәндері теориялық жағынан дами келе, география ғылымындағы ғаламдық мәселелер, геоэкология, географиялық зерттеулердің қазіргі тәсілдері (картография, геохимия, палеография, геожүйелік мониторинг т.б.), әлеуметтік және демографиялық жағдайлар, Жер және Дүниежүзілік мұхит қойнауындағы құбылыстардың; биология ғылымындағы тірі ағзаның тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігінің генетикалық негіздерін молекулалық және жасушалық деңгейде зерттеу, медициналық генетика, молекулярлық биология, биожүйелеу, өсімдік пен мал шаруашылығы, фармокология салаларының; химия ғылымы бойынша

Жер қойнауындағы химиялық құбылыстар аумағындағы химия ғылымының зерттеу объектілерінің елеулі түрде кеңейе түсуі; іргелі физикалық жаңалықтар яғни, арнаулы және жалпы салыстырмалық теориясының, кванттық механиканың, элементар бөлшектер физикасының ашылуы дүниенің ғылыми көрінісіне, негізгі зат, кеңістік және уақыт заңдылықтарына біздің көзқарасымызды түбегейлі өзгертуге әкелді.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. С.Д.Фазылов, З.М.Молдахметов, А.М.Ғазалиев Қазіргі заманғы  жаратылыстану концепциялары- Алматы,2003

2. Канке В.А. Основные философские направления и концепции науки. Итоги ХХ столетия. – М.: Логос, 2000.

           3. Алиева Н.З. Проблематика становления современного естественнонаучного образования //Материалы Международной конференции «Путь в будущее – наука, глобальные проблемы, мечты и надежды». 26-28 ноября, 2007. 

           4. Чакликова С.Е., Карбаева Ш.Ш. и др. Научно-методические основы совершенствования естественно-математического образования. /Сб. Развитие общего образования в условиях становления национальной модели школы. – Алматы, 2004. – С. 150-158.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері