Буддизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2014 в 21:42, реферат

Описание работы

Біздің жыл санауымыздан үш мындай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде кауымдық қоғам ыдырап, оның орнына кұлдық қоғам калыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар),кшатрии-лер (әскербасылары), вайшьилер (ауқаттышаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі" мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардын үлесіне

Файлы: 1 файл

буддизм.docx

— 124.43 Кб (Скачать файл)

Ежелгі Үнді философиясының

Біздің жыл санауымыздан үш мындай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде кауымдық қоғам ыдырап, оның орнына кұлдық қоғам калыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар),кшатрии-лер (әскербасылары), вайшьилер (ауқаттышаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі" мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардын үлесіне —ой еңбегі, кшатрииларға — әскери қызмет, вайшьилерге — егін шаруашылығы, қоленер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға — қара жұмыс қана тиді. Осы кезде қоғамдык өмірге, әлеуметтік қатынастарға сай келетін мифологиялык, философиялық көзқарастар да қалыптасты. Олар негізінен ежелгі үнді мәдениетінің ескерткіші — ведаларда (веда — білім) жиынтықталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады:

1. Самхит—құдайларға арналған гимндер жинағы.

2. Брахман-самхитті түсіндіретін  әр түрлі мифологиялық әңгімелер.

3. Араньякта (Орман кітабы) — брахманға тән ритуалдардын  орнына, сол құдайларды іштей  сыйлап құрметтеу, олар туралы  ойлап толғану сияқты көзқарас.

4. Ведалардың ең соңғы сатысы "упанишадта" дәстүрлі касталарды қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқьілы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады.

Упанишад  тың басты тезисі — Брахман—бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман — абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларды ескере отырып — жеке тұлғаны мойындау. Упанишадтар діни философиялық ой-сананың дамуына түрткі болды, сөйтіп көп ұзамай-ақ оның алты мектебі қалыптасты. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі — қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі — жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі — жалкы.

Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер сол ведалардың беделін мойындау-мойындамауына байланысты әр түрлі бағыттарға бөлінеді: жаинизм, буддизм, даршандар, чарвактар-локаяттар, санкхья, т.б.

Жаинизм ("жайна" — жеңімпаз). Жаинизмнің негізгі философиялық көзқарастары "Сиддханта"деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б.д.д. III ғ.). Жаинизм сансарға, кармаға (әділ жаза заңдылығы) және мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жаинизмнің басты мақсаты — қасірет деп түсінген өмірден азат болу. Жаинизмнің ілімінше, карма заңын кұдайларға құрбандық шалу арқылы өзіңе қаратуға болмайды. Жаинизм пікірінше, әлем бірінің үстіне бірі орналасқан көп қабаттан тұрады. Төменгі екі қабатыңда — әзәзіл (перілер), ортаншы қабатта жер, келесі кабатта — құдайлар, ал ең жоғарғы қабатта — құдайларға ұқсас жындар орналасқан. Шындап кел-генде, жаинизм пікірінше, құдайжоқ, оның бар екендігі туралы келтіріліп жүрген дәлелдердің бәрі негізсіз қате, сондықтан да құдайға емес, 24 тиртханкарға (әулиелер) және жындарға сену керек.

 

Үнді — будда мәдениеті

Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды. Буддизм – үндістанда б.з.д. VII-V ғ. пайда болды. Негізін қалаған Сидхарта Гаутама болатын.

"Будда"

Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б. 2000жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі — Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз — діни сарындағы дұғалардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы.

Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б. 2000жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі — Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз — діни сарындағы дұғалардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жазушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді «Халықтың қуаныш-шаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері» деп өте жоғары бағалаған болатын. «Жаратушы әні» гимнінде бізді қоршаған дүние былай деп сипатталады: «Ең алғашқы кезеңде дүние хаос жағдайында болды. Бірақ, уақыт өткен сайын адамзат баласының тіршілік етуге деген құлшынысы байқалды, соның нәтижесінде жарық, одан кейін аспан мен су патшалығы пайда болды. Міне, дәл осы кезден бастап жер бетінде тіршілік қалыптасты, ал құдайлар дүние жаратылғаннан кейін барып пайда болды». Шамамен, б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді-арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені, упанишадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән-мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы — упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапқан. Брахман — абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларды ескере отырып — жеке тұлғаны мойындау. Упанишадтар діни философиялық ой-сананың дамуына түрткі болды, сөйтіп көп ұзамай-ақ оның алты мектебі қалыптасты.

Бір-бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына қарамастан үнді философиясының алты классикалық мектебі де адамның әлемге дүниетанымдық қарым-қатынастарының сан саласын қамтып, танып-білудің түрлі әдістерін қарастырады. Мысалы, «миманса» — діни салт-жораларды түсіндірумен айналысады және діни құрбандықтар шалуды жақтайды. Құрбандық шалу— адамның құдай алдындағы өз парызын (дхарма) өтеуі болып саналады, онсыз «карманың» құрсауынан адам еш уақытта да шыға алмайды. «Карма» бүкіл үнді мәдениетінде айрықша орынға ие болған. Кең мағынада алғанда, карма дегеніміз — әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарларының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады, ал тар мағынасындағы карма адамның тіршіліктегі жасаған іс-әрекеттерінің қазіргі өмірі мен болашағына әсері. Кей жағдайларда, жоғарыда атап көрсеткен «мимансаны» атеистік ілімге де жатқызады, өйткені ол дүниенің атомдардан түратындығын мойындайды. Сөйтіп дүниені материалистік түрғыдан сипаттаудың арқасында Құдайды мойындаудың мәні жойылады.

«Веданта» брахманизмде ерекше орын алады, тіпті қаншама ғасыр өтсе де оның бүгінгі таңда да көптеген жақтаушылары бар. XIX ғасырда Веданта мәселелерімен үндінің атақты ғалымы Вивеканада, ал XX ғ. Р. Тагор, тіпті мемлекет қайраткері Д. Нерудің өзі де айналысқан. Веданта дүниенің жаратылуын Брахманмен байланыстырады. Бұл күйді Атман деп атайды, ол адамды ажалдан құтқарады. Сөйтіп өліп бара жатқан тіршілік иесі қайтадан жаңғырады.

«Санкхья» материалдық дүниені де, рухани дүниені де мойындайды. Бұл ағым бойынша материя үнемі қозғалыста және тәуелсіздік жағдайында өмір сүреді, бірақ еш нәрседен бейхабар күйде болады. Рухани дүниенің енжарлығы басым, бірақ бұл жерде саналылық басымдылық танытады. Ендеше, материя мен рухты, яғни «соқыр» мен «ақсақтың» бастарын біріктірсе олардың бойындағы кемшіліктер мүлде жойылады, сөйтіп бүл дүниеде жаңа құбылыстар пайда болады, адам бейнесі қалыптасады. Оның тәндік болмысына қайғы-қасіреттер жазылған, ал одан арылу үшін руханилылық материалдықтан бөлінуі шарт. Бүл — өмірге келу мен өлімдер тізбегінің торынан шығып, нағыз бостандық пен әділеттілікке жету жолы. Санкхья будда дінінің идеялық жағынан қалыптасуына да үлкен ықпал жасады. Осы бір орайда, иогтардың ерекше рухани жағдайға жетудің көптеген әдістерін жасағандығын айта кеткен жөн. Оған өзін-өзі шектеу (аскетизм) және қалыпты жағдайдан мүлде басқаша көңіл күйде болу және т.б. жатады, Үнді поэзиясының тамаша туындысы «Махабхараттада» санкхья ілімі мен йог тәжірибелерін өзара байланыстырып, біріктіру қажеттігі атап көрсетіледі. Иогта психикалық белсенділікті шектеп, басу тәсілдері мен кез келген ақыл-ой қызметін тоқ- тату әдістерін қолдануға ерекше назар аударылады. Демек, иогтардың шынайы дарындылық қасиеттері мен құдіреттен басым түсу қабілеттерінің сыры осы бір жағдайларға да байланысты болып келеді.

«Ньяя» логика зандарына сүйенеді, оны үғынып-білу — адамның жан дүниесін тазартуға себепкер болатын ой-пікірлердің қалыптасуына көмектеседі. Ньяя негізінен брахманизмнің соңғы жүйесі — вайшешикаға жақын болып келеді. «Вайшешика» адам өміріне пайдалы шындықтың алты түрін көрсетеді (субстанция, сапалылық, іс-қимыл (карма), жалпылық, ерекшелік мәнділік). Вайшешика бойынша, физикалық дүние атомдардан түрады жөне ол мәңгілік болып саналады. Бірақ физикалық дүние атомдардан түрғанымен, оның басты қозғаушы күші карма заңдарына сәйкес әрекет ететін құдай болып саналады.

Брахманизмде о дүниемен салыстырғанда адам өмірінің өткінші екендігі және оның мәнсіздігі туралы идеялар басты орын алған. Адамның о дүниедегі тағдыры оның бүл дүниелік ғұмырындағы адамгершілік іс-әрекеттеріне байланысты. Ендеше, бүл дүниеде күнәкар болғандар, атап айтқанда: адам өлтірушілер — жыртқыш аңдарға, ет үрлаушылар — қаршығаға, астық үрлаушылар — сабауқұйрыққа, брахманды өлтірушілер — ит пен есекке, ал маскүнемдікке салынған немесе үрлық жасаған брахманның өзі де сарыбас жыланға айналады. Брах- мандарды сыйлап-құрметтеу, күншіл болмау, адамның өзін-өзі үстай білуі, мейірімді бола білу және т.б. қасиеттер қоғамның әрбір мүшесінің өз орнын табуына мүмкіндік беретін басты шарттар болып саналады.

Б.з.б. VI ғасырда үнді елінде, кейіннен дүниежүзілік дінге айналған, будда діні қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушы ханзада, кшатрийлер варнасына жататын Будда болды. Оның шын аты — Сиддахартха, ал оның анасы әйел патша Майя еді. Ұлы ханым Майяның шапағаты жер жүзіне тарады, оның жүрегінің тазалығы, өз-өзіне сенімділігі, парасаттылығы мен салмақтылығы, бүл қасиетті ананың қадір-қасиетін арттыра түсті.

Буддизммен қатар джайнизм ағымы да дами бастады. Оның негізін қалаушы — Махавира (Вардамана) болады. Бұл сектаның жолына түсушілер кармадан азат болудың басты құралы ретінде — аскетизмді насихаттады. Нағыз джайнистердің фанатизмінде шек болмады. Олар бүл өмірдің барлық рахатынан саналы түрде бас тартты, басқаны былай қойғанда, олар өмірлерінің соңғы сәттерінде тамақтанудан да бас тартты. Джайнизм брахманизммен ымыраға келудің арқасында осы уақытқа дейін Үнді мемлекетінің қоғамдық-саяси өмірінде өз ықпалын сақтап отыр. Махавираның жолына түскендер негізінен саудагерлер болды.

Будда өзінің діни уағыздарында брахманизмді де, джайнизмді де сынға алады. Брахманизмдегі байлық пен сән-салтанатты өмірге бойүрушылық, ал джайнизмдегі аскетизм Будданы қана- ғаттандырмады, сондықтан да ол орталық межені қалап алады. Ол өзінің негізгі діни көзқарастарын «Бенерес уағыздары» атты еңбегінде жүйелі түрде баяндап берді. Онда былай делінген: «Рухани тіршілігі таза адам бүл өмірде екі нәрседен арасын аулақ салу керек. Оның біріншісі — сауық-сайран мен думанды қызыққа толы өмір, бүл адамның рухына қарама-қайшы келетін бейшаралық, өткінші өмір, ал екіншісі — ерікті түрде қалап алынған азапты, қатыгез өмір, бүл өмір де мөнсіз, мағынасыз. Рухани дүниесі бай адамдар өмірдің аталған екі жағынан да өздерін алшақ үстағандары жөн. Ең бастысы, адамдар танымға, білімге бастайтын, олардың ақыл-ой өрісін кеңітетін дүрыс жолға түсулері кажет» . Бұл жол тармақтары көп сегіз салалы жол. Олар: адал сенім, әділ шешім, шындық сөз, шындық өмір, шыншыл ұмтылыс, шындықпен еске алу және адамның өз бойындағы қасиеттерін үнемі байыту болып табылады.

Буддизм бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынандай: өмірге келу — азап, қартаю — азап, жүрегің қаламайтын адаммен қосылу — азап, жақсы көрген адамыңнан айрылысу — азап, көздеген мақсатыңа жете алмау — азап. Ал аталған осы азаптардан құтылудың басты жолы — сегіз салалы қасиетті өмір жолын тандап алу.

Будда ілімі адам бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды насихаттайды. Онда былай делінген: «Бұл дүниеде өшпенділікті өшпенділікпен жеңуге болмайды, адам ашу-ызасын ақылға жеңдіріп, зұлымдықты қайырымдылықпен ауыздықтауы қажет. Ұрыста мың адамды жеңіп шығуға болады, ал нағыз жеңіс адамның өзін-өзі жеңіп шығуы болып табылады».

"Будда ескерткіші"

Будда дін жолына шын берілген адамдарды төрт қағиданы мүлтіксіз орындауға шақырды. Олар: зұлымдықтың алдын алу, зұлымдық пен қатыгездікке жол бермеу, ізгілік пен қайырымдылыққа даңғыл жол ашу, адамгершілік қасиеттерді батыл қолдау. Будда ілімі үнді халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, кең қолдау тапты. Будда өз шәкірттеріне арнаған сөзінде былай деді: «Сендер бүл ілімді дүние жүзінің барлық елдеріне таратыңдар. Оларға кедейлер мен бұл өмірден жәбір көрушілердің, байлар мен тектілердің бірдей екендігін, күндердің күнінде үнді қоғамындағы барлық касталардың осы діннің туы астына бірігетіндігін халыққа түсіндіріңдер». Шындығында да, будда дінін әлемнің көптеген халықтары мен қоғамның түрлі топтары шын ықыластарымен қабылдады. Адамзат дүниесіне, адамға және оның жасампаздық іс-әрекеттеріне құрметпен қарап, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктерден бас тартуға шақырып, адамгершілік пен ізгілік принциптерін алға тартқан бұл дін Үндістан мен Қытайда, Тибет пен Жапонияда, Непал мен Тайландта, Цейлон мен Вьетнамда, Моңғолия мен Комбоджада кеңінен тарап, миллиондаған халықтың құрметіне бөленеді.

Будда дінінің кеңінен таралуы жағдайында оның екі тармағы өмірге келді. Оның біріншісі — махаяна, Бирма мен Тайландта, ал екінші тармағы — хинаяна Цейлонда қалыптасты. Махаянаның қалыптасып, дамуына ерекше еңбек сіңірген Нагарджуна болды. Будда дінінің бүл саласында Будда құдай дәрежесіне жеткізіліп, оған құдайдай табыну уағыздалды. Ендігі жерде адамдардың барлық саналы іс-әрекеттері Буддамен байланыстырылды. Мұндай жағдай, бір жағынан, брахманизмге білдірілген үлкен құрмет болатын, сөйтіп буддизм үнді халқының бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі діндерімен одан әрі жақындаса түсті.

Қытайда будда дінінің идеялары б.з.б. I ғасырда тарай бастады. Будда дінімен бірге Қытайда үнді өнерінің де ықпалы күшейе бастады. Ол Қытайға ғана емес Кореяға, одан әрі Жапонияға да қанатын кең жайды. Тибетте буддизм ламаизм түрінде қалыптасты. Ламаизм бойынша жоғарғы шіркеу қызметкерлері құдайдың сүйікті құлдары болып саналады, ал монахтар (ламдар) діндар адамдарға ұстаздық етумен айналысады.

Қытайда буддизм конфуцийлік-даосистік дінмен қатар өмір сүрді. Буддизм мен даосизмнің өзара ұштасуының нәтижесінде дзэн-буддизм ағымы пайда болды. Сыртқы дүниені менсінбеушілік, жеке бастың мәселелеріне баса назар аудару, интуитвизм бұл ағымның басты белгілері болып табылады. Дзэн-буддизм кейіннен Жапонияға да тарай бастады. Жауынгер-самурайлардың ықпалымен бүл ілімде әскери өнерге айрықша мән беріліп, ол адамның жан-жақты жетілуінің тез жүзеге асырылатын төте жолы деп тұжырымдалды. XX ғасырдың ортасына қарай дзэн-буддизм Батыс Еуропа елдеріне де тарап, өзінің өміршеңдігін байқата бастады.

Информация о работе Буддизм