Буддизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2014 в 21:42, реферат

Описание работы

Біздің жыл санауымыздан үш мындай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде кауымдық қоғам ыдырап, оның орнына кұлдық қоғам калыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар),кшатрии-лер (әскербасылары), вайшьилер (ауқаттышаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі" мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардын үлесіне

Файлы: 1 файл

буддизм.docx

— 124.43 Кб (Скачать файл)

 

"Будда паркі"

Өкімет тарапынан барынша қолдау тауып, қаншама шіркеулер тұрғызып, үнді қоғамында айрықша беделге ие болған будда дінінің өз позициясын (беделін) ешбір қарсылықсыз индуизмге бере салуын қалай түсіндіруге болады екен? Бұл сұраққа мәнді жауап беру үшін будда дінінің рухани дәстүрлерінің әлеуметтік негіздерімен толығырақ танысуымыз қажет. Үнді еліне келген арийлер варналарға бөлудің (брахмандар, кшатрийлер, вайшьилер және шудралар) негізін қалады, ал құлдар мен шетелдіктер варналарға кірмеді. Варналарға бөлу — үнді қоғамының негізі болып табылатын село қауымының беделін бүрынғыдан да көтере түсті. Оларды ақсақалдар басқарды, қауымдар өз іштерінде туындаған мәселелерді өздері шешті және өкіметке белгілі бір мөлшерде салық төлеп түрды. Өкімет тарапынан болатын озбырлықтардан оларды қатаң діни наным- сенімдер, салт-дәстүрлер және т.б. қорғап қалып отырды. Мұндай қауымдар шаруашылығы — натурадцы шаруашылық болды, онда жалдамалы еңбек кеңінен қолданылды. Қауымдар өмірінің тұйықтық сипатта болуы, олардың саяси қактығыстар мен толқулардан тысқары қалуларына себепкер болып отырды. Қауым басшылары өзгеріп отырғанмен, қауым тіршілігінің қаймағы бүзылмады. Бүл жайында Д. Неру былай деп жазды: «Үндістанның саяси құрылымының негізі — өзін-өзі басқаратын село қауымы болды. Қоғамдағы өзгерістер бүл құрылымға ішінара өзгерістер енгізгенімен, оның тамырына балта шаба алмады. Ел билеушілерінің бірде-біреуі село қауымының құқығын бүза алмады және оларға берілген жеңілдіктерді орындауға мәжбүр болды».

Мемлекеттің басшылық орындарында кшатрийлер отырды, бірақ олардың билігін селолық қауымдар дер кезінде тежеп отырды. Әрі діндар, әрі білімді брахмандар кшатрийлерден жоғары түрды жөне қоғамда үлкен роль атқарды. Демек, брахмандар да, кшатрийлер де өз варналарында қалды, брахманның отбасында өмірге келген жас сәби брахман болып қала берді, өйткені ол еш уақытта да кшатрийге айнала алмады. Касталық құрылыс жүйесінің келесі өкілдері вайшьилер (диханшылар, қолөнершілер мен саудагерлер) және шудралар (жалдамалы жүмыскерлер, жалшылар) болды. Осы аталған төрт варна Үндістанның касталық құрылысының негізін қалады. Ал Үндістанға қоныс аударып келген түрлі халықтардың өкілдері бүрынғы касталарды толықтырып отырды немесе өздерінің дербес касталарын құрды. Мысалы, кәсіптеріне сәйкес тас қалау- шылардың, үсталардың, тері илеушілердің касталары құрыла бастады.

Касталық құрылыс жағдайында қалыптасқан ережелерді мүлтіксіз орындау талап етілді. Мысалы, касталар арасында үйленуге қатаң тыйым салынды, тіпті түрлі касталар өкілдері дастархан басында бірге отырып тамақ та іше алмайтын болды. Буддизм осы касталардың ішінде кшатрийлердің дүниета- нымы ретінде қалыптасты, сондықтан да болар, брахмандардың озбырлықтарынан зардап шеккен қарапайым халықтың басым көпшілігі кшатрийлерді батыл қолдап отырды. Осы орайда село қауымдарының буддизмнің әлсіреуіне себепкер болғандығын атап өтпеске болмайтын сияқты. Буддизм мен джайнизмнің күштемеу принциптеріне ерекше көңіл бөлінуінің арқасында диханшылыққа деген көзқарас өзгере бастады. Бір кездерде үнділер мен арийлердің мақтанышына айналған егін шаруашылығының қоғамдағы рөлі төмендеді, соның салдарынан шаруашылықтың бүл саласымен айналысушы диханшылар қоғамдық өмірде төменгі сатыдан орын алды. Сөйтіп, селолық қауымдар ешбір діни соғыстарсыз, айтарлықтай қарсылықсыз буддизмнен индуизмге бет бұра бастады. Бірақ, олар будда дінінің көптеген діни-адамгершілік қағидаларын өз бойларында сақтап қалды.

 

 

 


Информация о работе Буддизм