Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2013 в 22:54, доклад
Дін дегеніміз сенім-нанымның ұйымдасқан түрдегі жүйесі әрі рухани дәстүр. Сонымен қатар ол Жаратушы жайында қалыптасқан жоғары деңгейдегі киелі ұғым. Адамдар арасында өзінің жеке ұғымын, өмір сүру тәсілін, дүниетанымын дін ретінде түсіндірушілер де кездеседі. Алайда, ортақ бір мәселе бар: дінге сенетін барлық пенде өзіне әсер ететін белгілі бір құпия күштің бар екендігіне сенеді.
Дін дегеніміз сенім-нанымның ұйымдасқан түрдегі жүйесі әрі рухани дәстүр. Сонымен қатар ол Жаратушы жайында қалыптасқан жоғары деңгейдегі киелі ұғым. Адамдар арасында өзінің жеке ұғымын, өмір сүру тәсілін, дүниетанымын дін ретінде түсіндірушілер де кездеседі. Алайда, ортақ бір мәселе бар: дінге сенетін барлық пенде өзіне әсер ететін белгілі бір құпия күштің бар екендігіне сенеді.
Ұлттық немесе отбасылық салт-дәстүр, мәдениет, рухани әдетке сай келетіндігіне орай көптеген қарапайым адамдар дінге беріліп, оны ұстанады. Көрінбейтін құпия күш өзін бақылап отыратындығына сенетіндіктен бір Жаратушыға табынады, оған жалбарынып медет сұрайды. Адам баласы өз тіршілігінің тыныштығын қамтамасыз етуге, өмірге деген бағыт-бағдарын айқындауға дін жәрдемдеседі деп біледі. Сол арқылы «ғұмыр кешу деген не?», «тағдыр, пешене, жазмыш қалай?», «күнә мен сауаптың мәні не?» сынды сұрақтарға жауап табады. Ақыры аяғында адамдар жан күйзелісінен, тіршілік түйткілдерінен туған ауыртпалықтардан арылудың жолдарын діннен іздеп, оған беріліп табынуға көшеді.
Адамзат тарихына зер салсақ, мыңдап саналатын түрлі діндер болған. Антропологтар мен дін тарихын зерттеушілердің мәліметінше, осыдан 60 мың жыл бұрын діннің алғашқы формалары пайда болғанға ұқсайды. Ойлау, пайымдау қабілеті жоқ хомо эротикус (алғаш отты тапқандар), хомо нендерталь (алғаш киінгендер) секілді адам баласының ерте кездегі бабаларында дін жайында ұғым болмағаны мәлім. Хомо сапенс деп аталатын қазіргі заман адамы пайымдау қабілеті арқылы бәрінен озып отыр.
Бүгінгі таңда әлемде дәстүрлі әрі негізгі сегіз дін бар: Буддизм, Христос, Ислам, Күнз (Конфуци), Хинду, Иудай, Шинто, Дао. Бұлардың арасынан Дао, Шинто, Хиндуизм үшеуі өздігінен даму арқылы қағидаларын қалыптастырса, қалған бесеуінде өз ойшылдары-пайғамбарлары бар және солардың пайымдары мен ғақилиясына сүйенеді. Айталық, Буддизм – Шагжимунa Будда, Христос – құтқарушы Иса, Ислам – Мұхаммед ғ.с., Күнз – ұлы ұстаз Конфуци, Иудай – Мойсэс пайғамбарлардың уағыздарын ұстанады.
Абсалюттық күш жайында
философиялық үш негізгі дүниетаным
бар. Жаратушының бар екендігін
жоққа шығарушыларды –
Діннің көбі жасаған қағидаларына сай өзіндік өркениетін қалыптастырды. Батыс өркениетінің базасы христиан діні болса, Үндістандікі хиндуизм, ислам өркениетінің негізі мұсылмандық. Ал, қытай өркениеті Күнз мен Лаоцы уағыздарына сүйенеді. Сондай-ақ, бір ұлтқа арналған діндер де баршылық. Айталық, хиндуизм – үндістерге, иудайзм – тек ебірейлерге қатысты дін. Ал, шинто – тек жапондарға ғана тән. Олай болса, ислам мен христос діндері жалпы адамзатқа ортақ сипатымен ерекшеленеді. Әлемге танымал монғол ғалымы, атақты публицист Б. Баабардың мәлімдеуінше, буддизм – мәдениет болғанымен өркениетке жатпайтын көрінеді. Буддизм барлық мәдениет пен өркениетке еніп, олармен етене араласуға, ықпалдасуға қабілетті болғанымен өзі дербес өркениет жасай алмаған және жалпы қағидаларының болмысы да жеке дара тұруға қабілетсіз көрінеді.
Діндер өзара топтасуы
мен түп-төркіні жағынан
Хиндуизм, Буддизм екеуін
туыс діндерге жатқызуға болады. Мұсылман
діні осы дүниені Алла тағала адам
баласына арнап жаратқан десе, Буддизм
мен Хиндуизмнің тәмсілі
Тым қатал тәртіп ұстанатын кейбір араб елдерін есепке алмағанда қазір белгілі бір мемлекетте бірнеше дәстүрлі діндердің бейбіт қатар тұруы әдетке айналған. Діндер арасында толеранттылық бар. Лондонда, Вашингтонда, Делиде, Исламабадта немесе Ирусалимде дәстүрлі діндердің мешіттері, шіркеулері, ғибадатханаларының қатар тұруына әлем халқының бүгінде көзі үйренген. Ал, қазақтың жаңа Астанасында дәстүрлі діндердің жиыны өтуі, Бейбітшілік және келісім сарайының (Пирамида) бой көтеруі өзара түсіністікті нығайта түсуге көп серпін беріп отыр. Дінге бөлініп, бір-бірінің сенім-нанымына төзімсіздікпен қарайтын, діни ұйымдардың өзара жауласатын жабайы заманы келмеске кетіп барады.
Әртүрлі діндерде тең құқық
берген әлемдегі ең алғашқы ел шын
мәнінде Шыңғыс хан құрған көшпенділер
империясы болатын. Онда алғаш рет
барған саяхатшы Марко Поло ашқан
көп жаңалықтарға еуропалықтар толық
сенгенімен, Қарақорым қаласында
ислам мешіті мен христандар шіркеуі
ешбір қақтығыссыз қатар
Ежелгі адамдардың өзі дінге аса маңыз берген. Діни рәсімдер жасауды, құрбандық шалуды алдағы болашағының жарқын болуының, рызық несібесінің көбеюіне кепілдік ретінде таныған. Британ антропологы Тайлордың теориясы бойынша көне дәуірдегі адамдар өлгендердің аруағы тірілерді басқарады деп сенген. Сондықтан, аруақтарды тыныштандыру үшін түрлі құрбандықтар шалынуы қажет деп санаған. Неміс лингвисі Мюллердің пікірінше, ежелгі адамдар өздеріне ықпал ететін құпия күштің әсерін жақсы және жаман тәңір деп екіге бөлген көрінеді. Осылайша жақсысын қолдайтын, жаманын аластайтын көптеген ритуалдық рәсімдерді ойлап тапқан. Құдай туралы алғашқы ұғым осылай туса керек. Сондай-ақ, дінтанушы Оттоның түсіндіруінше, адам баласы өмір сүру барысында құпия күштің барын мойындауларына тура келген және адал, таза деп санаған нысандарына табынатын болған. Адам болудың мән-мағынасы осылайша айқындалған. Мұндай әдет, ғұрып қазіргі діндерге беріле қоймаған, мәдени деңгейі төмен жабайы тайпаларда әлі күнге дейін сақталып отыр. Сібір, Канада, Аляска немесе Бразилия тайгаларында, Африканың ит тұмсығы өтпес ормандарында, Мұхит жағалауы және Жаңа Зеландия, Папуа Гвиней, Австралияның шеткері аймақтарында тұратын тайпаларда аталмыш ұғым мен салт-дәстүр әлі күнге дейін сақталған.
Анимизм немесе аруаққа табынудың бір түрі шаманизм. Шаман дегеннің өзі бақсы, киесі бар деген ұғымды білдіретін эвенк-тунгус сөзі, яғни, аруаққа табынуды меңзейді. Сондықтан да болар, шаманизм атауы Сібір маңының пұтқа табынушыларына қатысты болып келеді. Австралия, Бразилия, Африка бақсылары өз дәстүрлеріне, шығу тегіне қарай өзгеше болғанымен негізгі мазмұны ұқсас. Жалпы әлемдегі ежелгі халықтардың барлығының ертедегі көне сенім-нанымы пұтқа табыну болғандығына талас жоқ. Тарихи кезеңдерде еуропалықтар да, қытайлар да, үнділер де пұтқа табынған болса керек.
Ал, дәстүрлі діндердің ішіндегі
біршама көнесі – Буддизм. Бұл
дін өзінен көп бұрын пайда
болған хиндуизмнің тамырынан нәр
алған. Ежелгі үндістандықтардың тарихымен
үндесіп, дамыған хиндуизмнен салт-
«Тэрэвада» деп аталатын шәкірттері Будданың өзін қастерлеп табынса, махаяаналықтар көп будда бар деген бағытты ұстанады және болашақта оны дүниеге қайта оралып адамзатты құтқарады деп сенеді. Тарни яғни, тибеттік буддистер өздерін махаяаналықтарға жатқызғандарымен дінтанушылар оны жоққа шығарады және мүлдем басқа бағыт екендігін дәлелдейді. Тибет буддизмі ловон Бадамжунайдан бастау алады. Әр кімнің ағартушылыққа қатысы бар дейтін махаяаналық көзқарасқа сүйенгенімен кейін өзгерістерге ұшырап бөлінген. Махаяана Боддармадан басталып алдымен чань деген атаумен дамып, кейін Жапонияға зэнь деген атпен еніп жетілдірілген. Осылайша нирван болу технологияны жүзеге асыру барысында у-шү, кун-фү, каратэ, жижицү сынды философия, өнер, спорт түрлерін өмірге әкелген.
Буддизм десе болды, көз алдымызға тибет ламалары келеді. Тау қойнауын мекендеген, өркениеттен тым шалғай артта қалған ұлт тибеттіктердің өзіне аталмыш дін III ғасырда енді делінгенімен, шын мәнінде Будда дүние салғаннан кейін 1200 жыл өткен соң ғана оның ілімі терең сіңді деген дерек бар. Тым биік таулы мекеннің суының өзі тым сылдыр болып келетіндіктен тибеттер етті дүмбілез күйінде жейтін, бақсылықты пір тұтатын «бон» дейтін сенім-нанымдағы мәдениетсіздеу жұрт болған. Осындай мешеу елге келген жаңа өркениет ілімі алғашында ескі салт-дәстүрдің тасасында қалып жатты. Содан да болар, «үш асыл» үғымының саны дереу төртке ауысқан. Төртіншісі, әрине, лама еді. Лама деген пендеге олар көзсіз табына бастады. Оған барын беріп, дұға оқытып барып Жаратушыдан несібе сұрайтын болды. Пұтқа табынудың түрлі салттары мен әдеттері Будданың керемет қағидаларымен араласты да адам танымастай былыққа батты. Салдарынан лама атты жұрттың тапқан-таянғанын аузынан жырып алып, жейтін паразиттік топ пайда болды. Олардың негізгі айналысатын шаруасы дұға қылу, діни рәсімдер жасаумен қатар құтқару мен құртудан тұратын неше түрлі дуаларды ойлап табулары еді.
Бір мыңыншы жылдар тұсында Адиша деген ғұлама ғалым Тибетке келуі дін ісіне үлкен бетбұрыс жасады. Ол ең алдымен Будданың айтқан жазмыш, тағдыр туралы баршаға түсінікті жайлар мен нирвандық жайындағы тылсым сыры көп күрделі жағдайлардың ара жігі ажыратылған, діни қағидалар біршама жүйелі түсіндірілген. Әр істің қайтарымы мен жауабы бар, сондықтан, салауатты өмір сүрудің арқасында азаптан аулақ тұруға болады. Адам баласы тойымсыздығының салдарынан ғана теріс қадамдарға барады, күнәға батады. Әр жасалған теріс қадам зобалаң әкеледі. Бұл әрине, қарапайым философия. Адам өмірінің этикасы, мораль, тұрмыс нормасы – адал, таза ғұмыр кешу. Дуа жасау деген елді адастыру, жалпы, буддизм ешбір сиқырлықты, торшылдықты дәріптемейді дегенді Адиша тибеттерге үйретіп бақты.
Адам баласы қиындықтан
мәңгілікке ажырап нирван
Публицист Б. Баабардың
мәлімдеуінше, 1400 жылдары Тибет елінде
Зонхов деген азамат діннің
бұрмалаушыларға қарсы күрес
ашқан. Ол өзінің
Данышпан Зонхов нирвандықты аңсаған ламаларды жөнге салып, Будда ілімінің тек ламаларға ғана емес, жалпы қарапайым жұртқа да арналғандығын, оның қағидасының өміршеңдігін дәлелдеуге тырысқан. Ламаларды діни уағыз айтып, халық арасында ағартушылық ісін жүргізуге шақырған. Ол Буддадан кейінгі дін ғұламалары – Нагаржуна, Адиша, Шантив, Асангалардың тәмсілдерін салыстырған кітап жазып таратқан.
Азиядағы көшпенділер
мен түркі тектес халықтар
арасынан буддизмді қабылдаған
бір ғана ұлт монғолдар екені
белгілі. Жоғарыда сөз еткен
тибеттік буддизмнің Монғол