Дін дегеніміз сенім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2013 в 22:54, доклад

Описание работы

Дін дегеніміз сенім-нанымның ұйымдасқан түрдегі жүйесі әрі рухани дәстүр. Сонымен қатар ол Жаратушы жайында қалыптасқан жоғары деңгейдегі киелі ұғым. Адамдар арасында өзінің жеке ұғымын, өмір сүру тәсілін, дүниетанымын дін ретінде түсіндірушілер де кездеседі. Алайда, ортақ бір мәселе бар: дінге сенетін барлық пенде өзіне әсер ететін белгілі бір құпия күштің бар екендігіне сенеді.

Файлы: 1 файл

Дін дегеніміз сенім.docx

— 26.45 Кб (Скачать файл)

Ресейлік ғалым  Майский 1918 жылы Монғолияда болған сапарында мынандай қызықтың куәсі болғанын жазады. Таңертеңгілік христиандар шіркеуінде бір бай көшпенді азаматтың шоқынып тұрғанын байқап қалады. Түс мезетінде оны буддистер ғибатханасында бір ламаға тарни оқытып жатқанын тағы көреді. Ал, кешкісін әлгі байекең үйінің ауласына костер жағып қойыпты да бір бақсы отты айналып зікір салып жүр дейді. Бір-біріне қарама қайшы діни рәсімдерді неге бұлайша сапырылыстырып жүргенін сұраса, әлгі отағасы айтатын көрінеді, «бірі болмаса бірінің көмегі тиер, әйтеуір Жаратушы біреу ғана емес пе?». Міне, прагматиканы қараңыз!

1937-38 жылдары 800 ғибдатхана  орындары сталинизмнің салдарынан  қиратылғанда бәрін монғолдардың  өз қолдарымен өртеулері дінге  деген жоғарыдағыдай салғырттықтың  кесірі болса керек.  Ал, буддизм бұрмаланбай өз болмысымен сақталғанда бәлкім, басқаша болар ма еді. 1980-жылдардың ортасында еуропалық ғалымдар жасаған бір есептік баяндамада  «марксизмді діннің деңгейіне көтеріп,  оны өз ритуалымен, сенім-нанымымен ұстанатын әлемдегі бірден бір халық осы көшпенділер ұрпағы» – деген тұжырым жасауы кездейсоқтық болмаса керек. 90-жылдары социалистік жүйе күйреген тұста да олар ең алдыңғы қатарда тұрып, марксизмді мансұқтағаны белгілі. 1991 жылы жасалған зерттеулердің нәтижесінен белгілі болғаны, Монғолия тұрғындарының 80 пайызы өздерін буддист деп есептейді екен.

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ,


Информация о работе Дін дегеніміз сенім