Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2014 в 13:51, лекция
1.Философия және дүниеге көзқарас
2.Дүниетанымның тарихи типтерi мифология,дiн және философия
3.Философияның пәнi мен тәсiлi,олардың арақатынасы және басты функциялары
4.Философия және ғылым
Философия, оның пәнi және қоғамдағы рөлi
1.Философия және дүниеге
2.Дүниетанымның тарихи типтерi мифология,дiн және философия
3.Философияның пәнi мен тәсiлi,олардың арақатынасы және басты функциялары
4.Философия және ғылым
Философия және дүниеге көзқарас
1. Адамның объективтiк дүниенi танудың
алғашқы формалары-дүниенi сезiну
және дүниенi қабылдау – эмоционалды-
Оның құрамына
•бiлiм;
•сенiмдер мен нанымдар,
•құндылықтар мен ережелер;
•эмоционалды-ерiктiк компонентер кiредi.
Сонымен, дүниегекөзқарас-адамзат санасының,дүниетанымының қажеттi бөлiгi.Бiлiм мен сенiмнiң,ой мен сезiмнiң, көңiл-күйi мен мақсат-мүдденiң, үмiт пен ниетiң т.б. түрлi жақтарының бiрiгуi болып табылатын дүниеге көзқарас адамдардың дүние және өзi туралы бiртұтас ұғымдарының жиытығы деуге болады.Дүниеге көзқарастың өзегi бiлiм болғандықтан,бiлiмнiң мазмұнының ақиқатығымен тереңдiгiне,дәлелдiлiгi мен жүйелiлiгiне қарай ол күнделiктi – практикалық және теориалық болып бөлiнедi.
Күнделiктi – практикалық дүниегекөзқарас бiркелкi емес, өйткенi оның иесi болып табылатын адамдардын бiлiмi, ақыл ойы мен рухани мәдениетi,ұлттық дәстүрлерi мен дiни сенiмдерi жағынан алуан түрлi.
Күнделiктi –практикалық дүниеге көзқарас құрамына сананың аса қарапайым формаларынан бастап, ғылымдардың, өнер иелерi мен саяси қайраткерлердiң т.б. озат ой-пiкiрлерi болады. Мұндай көзқараста қателесу, адасушылық пiкiрлер де бар.Өйткенi, тұрмыстық көзқарастың формалары стихиялық сипатта қылыптасқан мазмұны терен ойластырылмаған ,жан-жақты талданбаған және дәлелделмеген. Ал дүниегеқөзқарастың теориялық денгей арнайы сынақтан өткен,ғылыми негiзделiп дәлелденген болып табылады.
Философия және ғылым көзқарастың осындай
(теориялық) денгейiн жатады,өйткенi философиялық
көзқарас жалпы теориялық бiлiмдердi ғана
бейнелендiредi. Теориялық көзқарастың
ерекшiлiктерi өзiне ғана тән өзгеше тiлi
бар(категориялдық аппарат), жоғары және
қатан денгейде абстракциялану. Бұл денгейде,
адамды және әлемдi зерттеудiң арнайы әдiстерi
пайда болады,объективтi және субъективтi
нақтылықтың қалыпы,моделi құрылады да,адам
өмiрiнде үлгi болатын көзқарастар қалыптасады.
Мәселе шешу тұлғаның көзқарысына қоғамда
қалыптасқан ой-пiкiрлер,принциптер,
Дүниетанымның тарихи типтерi мифология,дiн және философия
2.Көлемi кең шенбердiң iшiне (дк) кiшi шенберлi (философия) енiп тұрады-деп айтуға болады. Демек дк iшiнде философиядан басқа да дк әлеуметтiк тарихи типтерi бар, олар мифология мен дiн. Мифология –
•адамзаттын рухани мәдениетiнiң ең көне формасы,
•дүние,табиғат және адам жайында бiртұтас түсiнiк болып табылады,өйткенi онда сыртқы дүние мен адам,ой мен сезiм, бiлiм мен көркем бейне, зат пен идея,объективтiк және субъективтiк дүниелер арасында айқын шекара болмады.
Мифтiң негiзгi қызметi- дүние қайдан пайда болғаның түсiндiру,этикалық және эстетикалық түсiнiктер арқылы белгiлi бiр мораль нормалары менқұндылықтар жүйесiн орнықтыру.(мыс.Сфинкс туралы миф табиғаттын құпиясын бiлдiредi; Кентаврлар-адамның хайуаннаң жаралғаның бiлдiредi, Прометей-оттың пайда болуы, Икар-аспанға ұшу ұмтылысын бiлдiредi, Сизиф-өмiрдiн мәнiң түсiну әрекетi.)
Мифтердi тек ертегiлер,аңыздар деп түсiнген дұрыс емес, өйткенi миф бұл индивидтiң қоршаған әлемдi игеруi,адамдардың табюиғаттаң және әлеуметтiк ортадан болмыстан тәуелдiлiгi және мифтерде дiннiң, философияның, ғылымның бастамалары бар.
Мифтердiң дiннең айырмашылығы сенiмге
ғана емес,ақал –ойғада,парасаттылыққа
да сүйену. Мифтер өздерiнiң мазмұнына
қарайкосмогониялық-әлемнiң жаратылысы
туралы,теогониялық-құдайлардын пайда
болуы туралы,астрогониялық-
Мәселе шешу Мифтер мен мифологияны дүние
таным ретiнде тек алғашқы қауымның даму
денгейiмен байланыстырады. Ал,мифология
рухани-практикалық феномен ретiнде қоғам
дамуының басқа кезендерiнде де,әсересе
қазырғы заманда өмiр сүредi деп айтуға
болама (мыс. 20ғ. Д.Джойстың,Ф.Кафканың,ТМанның,
Дiн-рухани мәдениеттiң бөлiгi,ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы,адамның танымнаң тыс күштердi мойындау және соған илану деп анықтауға болады (дiн-алғашқы қауымда пайда болды-тотемизм, фетишизм, анимизм; ұлттық, мемлекеттiкдiндер – индуизм, иудаизм; әлемдiк дiндер-буддизм, христиан, ислам).
Дiн құлшылық жолындағылар мен Құдiрет арасындағы бiр байланыстың барлығына деген сенiмге негiзделедi және ол сенiм белгiлi бiр дiни iлiм түрiнде тұжырымдалып, тұрмыста дiни салттар мен ғұрыптар түрiнде көрiнiс тауып, арнаулы дiни институттармен атқарылады (шiркеу, мешiт, әр түрлi секталар т.б.). Алғашқы дiни жүйесi политеистiк болды-пантеон құдайларының болуы, кейiн мемлекеттiк билiктiн бiр ортаға жиналуымен байланысты монотеизм-бiр құдайға сену келедi. Философияның тарихында құдайдын бар екендiгiн дәлелдеуге сынақ жасағандар болды (А.Аврелий,Ф.Аквинский, И.Кант т.б.).Мұндай дәлелдiн төрт түрi белгiлi 1)космологиялық дәлел-осы әлем пайда болғаннан соң,оны бiреу жарату керек. Өмiр қайдан пайда болды 2)теологиялық-дүниеде барлығы мақсатқа,сәйкестiлiкке негiзделедi. Дүние қандай мақсатпен жаратылған 3)онтологиялық-адамдар құдайға сенген сон, құдай болу керек. Ендеше адамдар неге сенедi 4)этикалық-И.Кант құдайдың бар екенiң, не жоқ екенiң бiлуге болмайды деген. Адамдардың құдайдан қорққаны тәртiп үшiн керек. Мәселе шешу философия мен дiннiң жақындығы да бар-ол екуi де дк қоғамдық-тарихи формалары ретiнде дүниенi түсiндiрудiң және адамдардың санасы мен мiнез-құлқына ықпал жасаудың ұқсас мiндеттерiн шешедi.Алайда олардың бiр-бiрiнен айырмашылықтары да орасан зор,қандай
3.Философия(б.д.д.6-5ғғ) Үндiстанда, Қытайда, Мысырда, Грек елiнде пайда болды.Бұл терминды алғашқы қолданған антик философы,математигi Пифагор,ол оны «даналыққа құштарлық» деп түсiндi. Бұл сөздiн тiркесiндегi «құштарлық» белгiлi бiр нәрсеге тандануды, өзiңнен жоғары тұрған сезiмiңмен мойындауды және басқа осындай әсерлердi бiiлдiрумен қатар, «өзге» үшiн «өзiңдi ұмыту», өзiңнен бас тарту сезiмiн де аңғартады.Осылай зерделеудiң нәтижесiнен мынадай түйiн келiп шыығадыфилософия-адамның өзiнiң шенберiнен шығуға мүмкiндiк беретiн рухани форма.. Сонымен, философияны «даналық» түсiнiгiмен байланыстырар болсақ, онда бұл сонғы ұғым «бiлiмнiң жоғары синтезi», белгiлi бiр нәрсе туралы «толық жетiлген бiлiм» деген мағынаны бiлдiредi.Демек, философия осындай бiлiмге деген құштарлық,ал бұл даналықтың объектi-менiң өзiмнен тыс табиғат және адамзат әлемi, сонымен қатар, өзiм және феномен ретiндегi бiлiмнiң өзi(антика дәуiрiнде философия бiлiмге ұмтылуды, таза да тұнық Ақиқатқа жетудi бiлдiрдi).Философияның бастапқы негiздерi мифология,дiн және алғашқы ғылымдарда (математика,физика, астрономия,медицина ) жатыр.
Оның ерекшiлiктерi
1.Оның негiзгi зерттеу объектi-адам,оның әлемде алатын орыны және оған деген қатынасы.
2.Ол, дүние құрылымының бастапқы негiздерiн қарастырады. Дүние қандай, оның мәнi,мазмұны қандай
3.Философия өмiрдiн әсерiмен, жаңа фактiлердiң әсерiмен өзгередi, ал оның таным әдiстерi ақыл-ой мен интуиция(мифте-сезiм,қиял болса;дiнде-сенiм және сезiм).
4.Философиялық танымның
Жоғарыда айтқанның ескере отырып философияға келесi анықтамалар беруге болады Философия-бүкiл адамзаттың даналық ой-пiкiрлерi, талғамы, дүниетанымы, көзқарасы.
Философия- жалпыадамзаттық iлiм, адамзаттын рухани табысы.
Философия-жалпы теориялық iлiм, ол объективтi шындықтың жалпы зандылықтарын зерттеп, теориялық қорытынды жасайды. Философия-материя мен сана,таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой санасының дамуы барысында жинақталған,жүйеленген ғылыми ой-пiкiрiдiң теориялық жиынтығы.
Философия-бүкiл әлемдi, оның басты салалары
(табиғат,қоғам,адамсанасын) тұтас құбылыс
ретiнде алып, оның жалпы зандылықтарын
ашып, объективтiк шындық жөнiндегi белгiлi
қағидалар жүйесiн қалыптастыратын ғылым.
Бұл философиялық сұрақтардың
iшiнде әң маңызды орынды «адам және әлем»
мәселесi алады.Өйткенi, философия iлiмi
бүкiл дүниенiң құрылымын, даму орынын,
оның өзiнде адамдардын алатын орынын,
оның iскерлiгiн қарастырады. Философияның
негiзгi мәселесiнiң (ф.н.м.) мәнi шындықтың
екi жағынан туып тұр-объективтiк,материалдық
және субъективтiк,идеялық; ойлаудың болмысқа
қатынасы немесе сананың материяға, рухтын
табиғатқа қатынасы деуге болады.Бұл мәселенiң
екi қыры барбiрiншi қыры нақтылықтың бастақы
себебi неде,дүниенiң негiзi ретiнде ненi
алуға болады; ал екiншi қыры дүниенi танып
бiлуге болама деген сұрақ. Ф.н.м.бiрiншi
жағынаң-дүниенiң мәнi,табиғаты туралы-онтологиялық
мәселеден екi қарама-қарсы көзқарастар
туып отыр,олар идеалистер мен материалистер.
Бiрiншiлер дүниенiң бастамасы,негiзi абсолюттi
рух, дүниежүзiлiк ақыл-ой, адам санасынаң
тыс және тәуелсiз материалды емес тек
рухани, идеалды субстанция, Құдай (объективтiк
идеалистер Платон,Г.Гегель,Фихте,Шеллинг)
немесе адамның өзiнiн санасы (субъективтiк
идеалистер Д.Беркли,Э.Мах,Р.Авенариус,Д.
Қазiргi философияның құрылымы Онтология- болмыс туралы iлiм, гносеология- таным туралы iлiм, философия тарихы- философиялық өй-пiкiрлердiн дамуы туралы iлiм, әлуметтiк философия- қоғам өмiрiнiң болмысы туралы iлiм, этика- әдептiлiк мәселелерiн зертейтiн iлiм, эстетика- әсемдiк пен сұлулы туралы iлiм, антропология- адам мәселесiн зерттейтiн iлiм, аксиология- құндылықтар табиғатын зерттейтiн iлiм, логика-адамның ойлау процесiн зерттейтiн iлiм.
Философияның функциялары
1.Гуманистiк-адамның өз
2.Гносеологиялық-адамдардың бiлiмдерiн топтастыра, жинақтай отырып, терендете түседi де, арнайы ұғымдар, категориял арарқылы дүниеге толық, тұтас, жұйелiлiк көзқарас қалыптастырады.
3.Аксиологиялық- адамды этикалық және моральдық, адамгершiлiк тұрғыдан дамытады, адам санасында белгiлi бiр құндылықтар бағдарларын қалыптастырып (жақсылық пен жамандық,еркiндiк және тендiк,әсемдiк пен гармония және т.б.) құндылық ережелерiмен идеалдарын табуға мүмкiндiк бередi (А.Энштейн атом бомбасын жасаудан не үшiн бас тартқан).
4.Әлеуметтiк-философия қоғам
5.Тәрбиелеушi- мәдениеттi материалды-рухани
феномен ретiнде қарастырып, адамның
өзiнiң жеке мәдениетiн
6.Методологиялық- философия жалпы (өзiнiң категориялық аппараты мен, принциптер мен, заңдарымен, әдiс-тәсiлдерiмен) басқа ғылымдар үшiн жалпығылыми және жеке методологиялық фундамент болып табылады.
Адамға қоршаған ортада бағдар жасауына,
оны өзгертуiне көмек беретiн-ғылым. Ғылымның
барлық салалары жекелей және барлығы
жиылып әлемдi белгiлi дәрежеде түсiнуге
септiгiн тигiзгенiмен дүниетанымының орнын
алмастыра алмайды. Дүниетаным ғылым жетiстiктерi
негiзiнде қалыптасады, бiрақ ол сонымен
қатар, қоғамның тарихи тәжiрибесiне, оның
мәдениетiне сүйенедi, әлеуметтiк дамудың
жеткен деңгейi мен өмiр сүру тәртiбiн бейнелейдi.
Мұның бәрi бiлiмнiң ерекше жүйесi- философияны
игерудi қажет етедi. Мәселе шешуӘр дәуiрдiн
ойшылдары философиялық мәселенi қоюына,
шешуiне әр-түрлi қараған. Мысалы Френсис
Бэкон (1561-1629) табиғаттың дүлей күштерiн
игеру ф.н.м. болып табылады десе,осы күнгi
сциентизм өкiлi Бэртран Рассел (1872-1970)
ф.н.м. мүлде жоқ деп есептеген, ал белгiлi
француз философы Огюст Конт (1798-1857) философияның
дәуiрi өттi деп санады. Қалыпты немесе,
оның терминологиясы бойынша «позитивтi»
ғылымдар-физика,математика,
Информация о работе Философия, оның пәнi және қоғамдағы рөлi