Философия, оның пәнi және қоғамдағы рөлi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2014 в 13:51, лекция

Описание работы

1.Философия және дүниеге көзқарас
2.Дүниетанымның тарихи типтерi мифология,дiн және философия
3.Философияның пәнi мен тәсiлi,олардың арақатынасы және басты функциялары
4.Философия және ғылым

Файлы: 1 файл

философия на каз.docx

— 29.98 Кб (Скачать файл)

 

Философия және ғылым

 

4.Философияны түсiнуде және оның дүние мен адамды тануда атқаратын ролiн анықтауда жиi көптеген пiкiрлер айтылды. Мысалы, әйгiлi Аристотель(б.з.д.384-322, философ, энциклопедист-ғалым, формальды логиканың негiзiн қалаушы, Этика және политика,метафизика, физика, биология және психологиядан көптеген еңбектер жазған. Оның iшiнде ең танымалдылары «Категориялар», «Аналитика», «Топика», «Физика», «Метафизика», «Политика», «Никомахтын этикасы» т.б).философияны «ғылымдар иесi» деп атады, құлы иесiнiң алдында қандай болса, жеке ғылымдар да философияның алдында сондай әлсiз деп түсiндi.Жеке ғылымдардын әр қайсысы өзiне тиiстi құбылыстарын зерттеумен айналысушы, ал философия болмыстың ең жалпы бастамалары мен бiрiншi себептерi жайындағы iлiм деп анықтады. Сондықтан ол «бiрiншi философия». Теориялық жағынан пiсiп жетiлмеген жеке ғылымдардың философиялық ой-пiкiрлерге тәуелдiлiгiн бiлдiретiн сол дәуiрдегi бұл түсiнiк көптеген ғасырлар ьойы философтардың санасында сақталып келдi. Сол түсiнiктi қабылдаған немiс философы Гегель де (1770-1831) философияны «ғылымдардың патшасы» немесе «ғылымдардың ғылымы» деп атады, өйткенi тек философия ғана нағыз шындық пен ақиқатқа әкеледi. Арнаулы бiлiмдер дамуының жоғары кезенiнде 19ғ. екiншi жартысы мен 20ғ. жеке ғылымдарды дәрiптеп, философияның маңызын жоққа шығаратын ой-пiкiрлер шықты. Философиялық бiлiмдер ақиқатқа жеткiзбейдi өйткенi олар априорлы (тәжiрибеден тыс) деп анықтады О. Конт. Бұл кезенде пайда болған позитивизм iлiмiнiң өкiлдiрi философияның танымдық мүмкiндiктерiне, оның ғылымдылығына күмән келтiрiп, ғылымдардың «патшасын» оның «қызметшiсiне» айналдырды. Алайда, қазiргi ғылымдардың негiзiн құрайтын көптеген идеяларды тұнғыш рет философия ұсынған(Левкип пен Демокриттiң- атомдары,Декарттың-рефлекс туралы ұғымы, П.Гассенди атомдардан тұратын күрделi бөлшектер молекулалар деген). Сонымен қатар ғылымның прогрессi өз тарапынан философияны байытты(жаратылыстануда әрбiр ұлы жаналық ашылған сайын материализм өз формасың өзгерттi). Қазiргi заманғы көрнектi зерттеушiлер философиялық көзқарастың ғылыми зерттеуге бағыт берушiлiк маңызың ерекше зор екендiгiн үнемi атап көрсетiп жүр.(Луи де Бройль неопозитивизм алған пiкiр философияға да, жаратылыстануға да зияның тигiзетiнiн атап көрсеттi; Альберт Энштейннiң пiкiрiнше, бiздiн кезiмiзде гi физиктер философиялық проблемалармен көбiрек айналысуда, өйткенi ғылымдарды бұған мәжбүр етiп отырған өз ғылымның қиыншылықтары). Қазiргi заманғы жаратылыстану ғылымдары интеграциялану тенденциясын бастан кешiрiп отыр, сондықтан ол жалпылаудын жаңа теорияларын iздестiру үстiнде (элементарлық бөлшектрдiн, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi дамуының, күрделi жүйелердiн, басқарудың және т.б. жалпы даму теориясы). Мұндай жоғары денгейлi жалпылаулар жоғары философиялық мәдениет бар жерде ғана мүмкiн. Сондықтан философия мен жеке ғылымдардың арақатынасы символикалық түрде бiлiм ағашы болып көрiнедiфилософия мұнда-өзек-дiнгек болса, ал жеке ғылымдар-оның сыртқы қабыршығы деуге болады (Р.Декарттың (1596-1650)-барлық философия ағашқа ұқсайды, тамыры-метафизика, орта бұтағы-физика, ал осы бұтақтан таралған бұтақшалар басқа ғылымдар). Өйткенi жеке ғылымдар дүниенiң тек жеке үзiндiлерiн ғана зерттейдi, ал философия болсашы сол ғылымдардың негiзгi даму бағыттарын ұйғарып отырады да, олар жасаған қорытындыларды қоғамдық-мәдени денгейде жалпылап, түсiндiрiп отырады. Әрине философия ұлы данышпандардың өй-толғауларының туындап отыр, бiрақ философияны субъективтiлiкке жатқызуға болмайды (Ницше- философия жеке дара ойшылдың шығармашылығы деп есептеген), өйткенi философия тек форма жағынаң субъективтi, ал оның мазмұны әрине объективтi болып келедi. Ұлы философтардың жүйелерi ғылымилық өлшеуiшке әбден келiп тұр, ол рационалдық, объективтiлiк, жүйелiлiк,интерсубъективтiлiк.

 

Егер тарихқа жүгiнетiн болсақ, онда философия мен арнайы ғылыми бiлiмнiң арақатынасында үш кезеңдi аңғартуға болады

•ертедегiлердiң алғашқы бiртұтас бiлiмдерiнiң жиыны барлық пәндердi қамтитын «философия» немесе «табиғат философиясы» деп аталды; бұл алғашқы бiлiм ғылым бастамалары да, философия бастамаларын да қамтиды.

•бiлiмдердiң мамандануы, яғни жекеше нақты ғылымдардың қалыптасып, бiртұтас жиыннан бөлiнiп шыға бастауы,әсересе 16-18 ғғ. жылдамдата жүрдi.

•бiрқатар ғылымдардың теориялық тарауларының қалыптасып, олардың бiртiндеп интеграциялануы.19ғасырдан басталған үшiншi кезең одан әрi жалғасуда.Соңғы кезеңде бұрынғы дерексiз философиялықформада ғана қарастырылып келген көптеген теориялық мiндеттердi ендi ғылым өз мiндетiне алды. Философия қайта ғылыми бiлiмдердi жалпылаудың негiзiнде шешушi тиiс екендiгi барған сайын дәлелдене түстi. Ал бұл философияның ғылымилық сипатың арттыра түстi.

 

Бақылау тапсырмалары

•1. Дүниетану дүниенi сезiну мен қабылдаудаң немен айрықшалананы? Дүниетану дегенiмiз не?

•2. Дүниеге көзқарастың негiзгi компонентерiн атаңдар? Дүниеге көзқарас дегенiмiз не?

•3. Дүниеге көзқарастын қандай денгейлерiн бiлесiндер және олар немен бiр бiрiнең ерекшеленедi?

•4. Адамның өмiрi мен iс-әрекеттерiнде дүниеге көз қарастың ролi қандай?

•5. Дүниеге көзқарастың қалыптасуына бiлiмнiң тигiзетiн әсерi қандай?

•6. Миф рухани феномен ретiнде ненi бiлдiредi?

•7. Мифтiн синкретизмi неде бiлiнедi?

•8. Адам өмiрiнде миф қандай функцияларды атқарады?

•9. Қандай көне мифтердi,оның iшiнде дүниежүзiлiк дiндерге де кiрген мифтердi атай аласындар?

•10. Мифология мен өнердiн байланысын ашындар.

•11. Дiн дегендi қалай түсiнесiндер?Өз пiкiрлерiндi айтып берiндер.

•12. Дiн дүниеге көзқарас ретiнде қалай анықталады?

•13. Дiннiң қандай көне формаларын бiлесiндер?Олар туралы айтып бер.

•14. Дiннiң атқаратың қызметтерiн(функцияларың) атандар және олардын мазмұның ашындар (компенсаторлық,тәрбиелеушi,реттеушi- регулятивтi).

•15. Қазырғы қоғамда дiннiң алатың орыны қандай? Оның дұрыс және бұрыс (позитивтi және негативтi) жақтары неде?

•16. Философиялық дүниетанымның ерекшiлiгi неде?

•17. Философияның негiзгi мәселесi, сұрақтары қандай?

•18. Философияны дiни дүниетаныммен салыстырып, олардың айырмашылығы мен ұқсастықтарың анықтандар.

•19. Философияның пәнi және адам үшiн атқаратын қызметi қандай?

•20. Философияның құрамына қандай салалар кiредi? Олар қандай мәселелермен айналысады?

•21.Философия мен ғылымдардың арақатынасы қандай деуге болады?

•22.Философияның рационалды денгейiй қандай өлшеуштерге қамтамасыз етiлген.

•23.Философия мен ғылымдар арақатынасында қандай кезендер байқалады?

 

Философияның сұрақтары

•Әлем шексiз бе, әлде оның шегi мен шетi де бар ма?

•Ол дамып, өзгерiп отырама, әлде өзгермейдiме?

•Егер, әлем өзгерiп отырса, сол қозғалыс мен дамудың зандылығы бар ма?

•Адам қоршаған әлемдi танып бiле алама?

•Қалай танып бiле алады?

•Адам өзiн өзi танып бiле алама?

•Оның(адамның) мәнi неде?

•Ақиқат дегенiмiз не?

•Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен қайырымдылық дегенiмiз не?

•Бақыт дегенiмiз не?

•Оған қалай жетуге болады?

•Өмiр мен өлiм дегенiмiз не?

•Мәнгi өмiр сүруге болама?

 

Философия, оның пәнi және қоғамдағы рөлi туралы қазақша реферат, курстық жұмыс, мағлұмат.


Информация о работе Философия, оның пәнi және қоғамдағы рөлi