Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2014 в 21:59, реферат
Философияның пайда болуы ежелгі дүниеге қатысты. Философиялық білімдердің бастауы біздің заманымызға дейінгі VІ–V ғасырлардағы құл иеленуші мемлекеттерде – Қытайда, Үндістанда, Грекияда болғаны айқын көрінеді. "Философия" сөзін алғаш қолданған Грекиядан шыққан ұлы математик, философ Пифагор болды. Аңыз бойынша, ежелгі грек қалаларының бірінің билеушісі базарға келіп, сырттай босқа қарап тұрған Пифагордан: "Сен кімсің?"– деп сұраған. Пифагор: "Мен философпын", – деп жауап беріпті. Бұл сөз билеушіге таныс болмағандықтан,
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Философия пәні жайында ғалымдардың ой – пікірлері
2. Философия білімінің жіктелуі, негізгі мәселелері
3. Ғылым және философия
Қорытынды
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Реферат
Пәні: Философия
Тақырыбы: Философия пәні және негізгі мәселелері
Қабылдаған: Толеуова М.О.
Орындаған: ПСК – 13 – 1
тобының студенті
Айдарбекова С.Ж.
2014
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Философия пәні жайында ғалымдардың ой – пікірлері
2. Философия білімінің жіктелуі, негізгі мәселелері
3. Ғылым және философия
Қорытынды
Философияның пайда болуы ежелгі
дүниеге қатысты. Философиялық білімдердің
бастауы біздің заманымызға дейінгі VІ–V
ғасырлардағы құл иеленуші мемлекеттерде
– Қытайда, Үндістанда, Грекияд
Философияның ежелгi грек ойшылдарының дəуiрiнен берi “даналыққа құштарлық” деп анықталып келгендiгi белгiлi. Алайда философияның кең танымал осы ұғымынан өзге түсiнiктерi де тарихи–философиялық очерктерде молынан ұшырасады. Мысалы, Платон “...геометрия жəне басқа философиялар” деген сөздерiнде философия ұғымын “ғылым” сөзiнiң мағынасына жақын қолданады. Оның айтуынша Сократ “философия” терминiн даналыққа құштарлықты, ақиқатқа жетуге деген құмарлықты белгiлеу ретiнде пайдаланған. Ал Аристотель болса, болмыстың iргелi негiздерiн айқындауға мүмкiндiк беретiн жалпылама ғылым ретiнде бұл “бастапқы философияны” метафизика деп атады.
Аристотельдiк мағынада бұл термин болмыстың өзiндiк тұтастығындағы əралуандылықты игеруге бағытталған философиялық бiлiм түсiнiгiмен тығыз байланысты. “Физика”, əдетте, жаратылысты, натуралды табиғатты, оның заттар мен процестердегi сыртқы көрiнiсiн зерттейдi. Демек “метафизиканың” үлесiне бұл құбылыстардан “кейiн” орналасқан, олардың арғы жағындағы нəрсе тиесiлi. Аристотельдiң пайымдауынша заттардың, жағдайлардың, құбылыстардың, процестердiң сыртқы көрiнiсiнiң арғы жағында мəндiлiк орналасқан. Метафизика осы мəндiлiктi, болмыстың универсалдық заңдылығын, яғни сезiмдiк таным деңгейiнен тыс, тiкелей жəне жанама қабылдаудан жасырын жатқан нақтылықты зерттейдi. Демек, бұл “арғы жаққа үңiлу” жасырын нақты мəндiлiктi ашуға бағытталған белсендi танымдық ойлаудың қозғалысы, пайымдаушы күш. Ал М.Хайдеггер былай деп жазады: “… Метафизика – бұл мəндiлiктi жеке жəне тұтас түрiнде принципиалды тану. Бiрақ бұл “дефиницияны” мəселенiң қойылуы ретiнде ғана бағалауға болады, яғни мынадай сұрақ қойылады: “бар нəрсе болмысының мəнi деген не?” Демек, сыдан күрделi сұрақтар тiзбегi құралып, “не өмiр сүредi?” деген мəселе туындайды. Мұны “не нақты өмiр сүредi?” деген сұрақ жалғастырады. Бұл жерде бар нəрсенiң өмiр сүруi туралы мəселеден оның мəндiлiгi туралы мəселеге көшемiз. Бұл сұрақтардың тiзбегiн осы мəндiлiктi тану мүмкiндiгi мəселесi аяқтайды, яғни бұл жерде таным процессiнiң мəнi туралы мəселе қойылады. Сонымен, болмыс туралы сұрақ ойлау туралы сұраққа алмасады. Хайдеггердiң 1935 жылы жазған “Гельдерлин жəне поэзияның мəнi” деген еңбегiнде осы айтылған цикл тiл туралы сұрақпен аяқталады. ХХ ғасырдың ұлы философының пайымдауынша тiл ең соңғы негiз, адамзат болмысының соңғы нақты тұрағы жəне сонымен қатар, оны игерудiң жалғыз универсалды құралы болып табылады.
Ендi “даңалыққа құштарлық” деп анықталатын философияға қайта оралайық. Бұл сөз тiркесiндегi “құштарлық” белгiлi бiр нəрсеге таңдануды, өзiнен жоғары тұрған нəрсенi сезiмiңмен мойындауды жəне басқа осындай əсерлердi бiлдiрумен қатар, “өзге” үшiн “өзiңдi ұмыту”, өзiңнен бас тарту сезiмiн де аңғартады. Даналыққа құштар осы адам үшiн “өзге нəрсе” ненi бiлдiредi? Ол физикалық тұрғыдан алғанда да, рухани тұрғыдан алғанда да өзiндiк “ меннен” өзге нəрсе. Тiптi, iшкi идеалды “меннiң” өзi де физикалық тəннiң өмiр сүруiнен өзгешеленедi. Ия, бұл пəнилiк өмiрдiң шектелуi екендiгi бəрiмiзге белгiлi. Былайша пайымдауға болады: адамды өзiнiң шектеулi шеңберiнен шығарып, “өзгеге” ұштарлықпен ұмтылуға мəжбүрлейтiн құдiреттiң бар екендiгiн ескерсек, оның жалғыз тəсiлi–бұл рухани күш жiгер болып табылады. Мұны идеалдық, руханилық, ақыл–ой жəне т.б. атаулармен атауға болады. Осылай зерделеудiң нəтижесiнен мынадай түйiн келiп шығады: философия дегенiмiз адамның өзiнiң шеңберiнен шығуға мүмкiндiк беретiн рухани форма.
Сонымен, философияны “даналық” түсiнiгiмен байланыстырар болсақ, онда бұл соңғы ұғым “бiлiмнiң жоғары синтезi”, белгiлi бiр нəрсе туралы “толық жетiлген бiлiм” деген мағынаны бiлдiредi. Демек, философия осындай бiлiмге деген құштарлық, ал бұл даналықтың объектi – менiң өзiмнен тыс табиғат жəне адамзат əлемi, сонымен қатар, өзiм жəне феномен ретiндегi бiлiмнiң өзi (ескерте кетейiк антикалық дəуiрде философия бiлiмге ұмтылуды, таза да тұнық Ақиқатқа жетудi бiлдiрдi).
Адамның iс–əрекетi белгiлi бiр мақсатқа бағынады. Күрделi қазiргi əлемде мақсатқа сай қимылдау үшiн көп бiлiп қана қоймай, сонымен қатар адамның түбiрлi мүддесi мен заман талабына сай дұрыс шешiмдер қабылдап, дұрыс мақсаттар таңдай бiлу қажет. Ол үшiн ең алдымен əлемдi терең жəне дұрыс түсiну, яғни жалпы жəне жеке мақсаттарды, жəне оларға жету əрекетiнiң тəсiлдерiн таңдауға мүмкiндiк беретiн дүниетанымның қажеттiлiгi шарт. Адамға қоршаған ортада бағдар жасауына, оны өзгертуiне көмек беретiн – ғылым. Мысалы, физика бiр энергия түрiнiң екiншiсiне ауысуына мүмкiндiк бередi, химия табиғатта жоқ нəрсенi қалай синтездеудi үйретедi, математика керемет компьютерлер жасауға жағдай жасайды, техникалық ғылымдар жаңа транспорт құралдарын даярлайды, байланыс жүйесiн, ғарыш кемелерiн жəне жаңа тұрмыстық техника жасап шығарады. Ғылымның осы барлық салалары жекелей жəне барлығы жиылып əлемдi белгiлi дəрежеде түсiнуге септiгiн тигiзгенiмен дүниетанымның орнын алмастыра алмайды. Дүниетаным ғылым жетiстiктерiнiң негiзiнде қалыптасады, бiрақ ол сонымен қатар, қоғамның тарихи тəжiрибесiне, оның мəдениетiне сүйенедi, əлеуметтiк дамудың жеткен деңгейi мен өмiр сүру тəртiбiн бейнелейдi. Мұның бəрi бiлiмнiң ерекше жүйесi–философияны игерудi қажет етедi.
Дүниедегi өзiнiң орны туралы, жеке жəне қоғамдық өмiрдiң мақсат – мүдделерi туралы, өзiнiң өмiрлiк ұстанымы мен iс – əрекетi туралы ойлана отырып адам белгiлi бiр философиялық көзқарастар қалыптастырады. Өзiнiң мəдени деңгейiне байланысты, арнаулы немесе жалпы бiлiм дəрежесiне орай, əртүрлi өзара əңгiмелесудiң əсерiмен жəне бұқаралық ақпарат құралдары мен əдеби кiтаптардан алынған мағлұматтарын жинақтай отырып, ол өзiнiң жеке өмiрлiк философиясын, жүйелi жəне ғылыми негiзделген болмаса да өз дүниетанымын құрастырады. Кейде қарапайым тұрмыстық жəне өндiрiстiк жағдайлардағы “бiр сəттiк” дүниетанымның өзi де қанағаттандырарлық болуы мүмкiн. Белгiлi француз философы Огюст Конт (1798–1857) философияның дəуiрi өттi деп санады. Қалыпты немесе, оның терминологиясы бойынша “позитивтi” ғылымдар – физика, математика, химия жəне т.б. философияны керек етпейдi. Олар барлық мəселелердi өздерi шеше алады, олар “өздерiнше” философия. Бұл көзқарас позитивизм деген атауға ие болды. Ғалымдар мен мемлекет қайраткерлерi, саясаткерлер мен өнер адамдарының философиялық еңбектерге деген қызығушылығын жоққа шығару мүмкiн емес. Жəне бұл қызығушылық өсе түсуде, сондықтан жоғарыдағы Конттың пiкiрi өзiн ақтамайды. Философия тарихындағы универсалистiк тенденциялар мен дəстүрлер философияның ұзақ уақыт бойы сақталуына ықпал етедi. Табиғи, адамзаттық жəне идеалдық əлемнiң мəнiн тануға деген универсалистiк ұмтылысты философия қалай жұзеге асырады немесе, басқаша айтқанда, философия қалай “болады?„. Жауабы айдан анық: философия дегенiмiз адам рухының (немесе “ойлауының”, “зердесiнiң” жəне т.б.) сөз арқылы болуы. “Бастапқыда Сөз болды” деген тезистiң философияның қалай “болатынына” қатысы бар. Француз философы Альбер Камюдiң мынадай пiкiрi бар: “Адамның адам болуы көбiнше оның пiкiр айтқанынан гөрi, үндемей қалуының арқасында”. Бұл бiздiң өмiрiмiздiң кейбiр жағдайларында белгiлi бiр ақиқатты бiлдiргенiмен, қойылып отырған мəселеге келгенде оны қанағаттандыра алдмайды. Себебi, кезiнде К.Маркс айтқандай жалпы тiл, сөз бiздiң ойымыздың нақтылығын бiлдiредi. Сонымен бұл “сөз”, бұл бiлiм мен даналық не туралы дейтiн болсақ, оның “жалпы бар нəрсе”, өмiр сүретiн нəрсе туралы екендiгi философия тарихынан белгiлi болды.
Ежелгi Греция философтары
Парменид пен Гераклит
Философиялық бiлiмдi жiктеуде көптеген əдiс–тəсiлдердiң бар. Мысалы философиядағы ең кең танымалы ретiнде теориялық философия жəне практикалық философия деген бөлiнiсi. Оның бiрiншiсiне болмыс теориясы (онтология) мен таным, бiлiм теориясы (гносеология) жатады. Екiншiсiнiң өзегiн, ең алдымен этикақұрайды, оған құқық философиясы, тарих философиясы жəне т.б. жатқызылуы мүмкiн.
Философияның теориялық жəне практикалық деп бөлiнуi өзiнiң бастауын антикалық классикадан алады. Аристотель үшiншi бөлiгiн ерекшелеп, оны “пойетикалық философия” деп атады. Бұл шығармашылық мақсаттағы бiлiмдi көздейдi, ал оның негiзiн сөз шығармашылығының эстетикасы–риторика жəне поэтика құрайды. Алайда, бiз “философиялық бiлiм құрылымының онтологиялық принципiне” қайта оралайық. Сонымен, табиғат болмысына қатысты, ондағы “заттар” мен “процестерге” қатысты философиядағы бiлiмнiң ерекше саласы–натурфилософия. Натурфилософияның, сол сияқты онтологияның жəне басқа салалардың “отаны” метафизика болып табылады.
Ал табиғаттағы адам болмысы, оның iс–əрекетiне қатысты философиялық бiлiм шеңберiнде натурфилософиямен қатар философиялық антропология, яғни техника философиясы мен ноосфера концепциясы қалыптасты жəне өмiр сүруде. Адам болмысының өзi “табиғаттан тыс” мағынасында көптеген “əлемдерден” тұрады. Бұл, мысалы, экономика, тарих, мəдениет, саяси жəне құқықтық қатынастар əлемдерi, əлеуметтiк – топтық жəне этникалық қауымдастықтар əлемдерi жəне т.б. философияда бұлардың əрқайсысына сəйкес өзiндiк салалары бар: мысалы, шаруашылық философиясы (қазiргi кездерi кең таралған экономика философиясының арғы отаны десе де болады), мəдениет философиясы, саяси философия, құқық философиясы, философиялық антропология жəне т.б.
Ақырында, өз кезегiнде бiрнеше “əлемдерге” бөлiнетiн адамзат рухының болмысына (мысалы, наным–сенiмдер əлемi, адамгершiлiк жəне эстетикалық құндылықтар əлемi, ғылым əлемi, ментальдық қабiлеттер мен мүмкiндiктер əлемi жəне т.б.) қатысты филоссофия мынадай салаларға бөлiнедi, мысалы, дiн философиясы, этика, эстетика, рух феноменологиясы жəне философиясы, философиялық герменевтика, жаратылысы жағынан философиялық болып табылатын психология жəне риторика, ғылым философиясы, жəне де философиялық антропология сонымен қатар, əрине онтология секiлдi ежелгi философиялық бiлiм салаларының бiрi гносеология.
Мұның бəрiн мынадай кесте түрiнде келтiруге болады:
Табиғат болмысы – Онтология (болмыстың барлық деңгейлерi мен формаларын қоса алғанда)
Натурфилософия (табиғат философиясы)
Адам болмысы – Философиялық антропология
Тарих əлемi – тарих философиясы
Мəдениет əлемi – Мəдениет философиясы
Экономика əлемi – Шаруашылық философиясы
Құқық əлемi – Құқық философиясы
Саясат əлемi – Саяси философия
Қоғам əлемi–Қоғам философиясы, оның қатынастары, құрылымы, байланыстары – Əлеуметтiк философия
Рухани болмыс – адамгершiлiк əлемi – Этика, “мораль философиясы”
Дiн əлемi – дiн философиясы
Ғылым əлемi – Ғылым философиясы. Эпистемология
Өнер, сұлулық əлемi–Эстетика
Таным–Логика. Гносеология
Əрине, кез–келген кесте бар нəрсе жағдайының тек жақындатылған, толық емес бейнесi ғана. Оның үстiне, бiз қарастырған жағдайда философиялық бiлiм салаларының арасындағы өзара байланыстар мен өзара қатынастар көрсетiлмеген. Алайда, бiлiм бөлiмдерiнiң осылайша жүйеленуi көрнектi құрал ретiнде болмысқа қатысты көзқарас қалыптастыруға септiгiн тигiзедi. Сонымен, философия болмыстың мəнiн осылай игерумен (немесе оны құрайтын заттардың, құбылыстардың, жағдайлардың, деңгейлердiң, процестердiң жəне т.б. мəндiлiгi), адамның əлемге қатынасының мəнiн жəне ондағы адамның мəндiлiк орнын танумен айналасады.
Философия адам өзін іс–әрекетшіл тіршілік иесі ретінде табиғаттан бөліп алғанда, өз әрекеттерінің мүмкіндіктері мен шекарасына талдау жасай бастағанда, мәдениет дамуының белгілі бір деңгейінде пайда болды. Бұл әлемге деген саналы–теоретикалық қатынас. Сондай–ақ философия адамның өзіне, өз танымына, әлемге рационалды–сыни қатынасты ұсынды.
Философия өзін қарастырудың бірнеше жолды ұсынады және өз пәнін түсіндіруде де плюралистік (көпжақты) сипатта болды. Жекелеген ғылымдардың пәні – шынайылықтың бір ғана жағы, ал философияның пәні –жалпылама – әлем мен адам тұтастықта қарастырылады. Философиялық теорияның өзіндік ерекшелігі оның заңдарының, катигорияларының, принциптерінің жалпылама сипатта болуы. Философияның пәні міндетті түрде философия дегеніміз не деген сұрақты, оның тарихи мәселелерін қарастырады.
Философияның бастапқы негiздерi мифология,дiн және алғашқы ғылымдарда (математика,физика, астрономия,медицина ) жатыр.Оның ерекшiлiктерi
1.Оның негiзгi зерттеу объектi – адам,оның әлемде алатын орыны және оған деген қатынасы.