Канттың философиядағы таным мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 21:44, реферат

Описание работы

Классикалық неміс философиясы ойлау, таным, рух, табиғат, тарих проблемаларын терең зерттеді; жалпы даму заңдарын ашып, диалектиканы даму жөніндегі жан-жақты және дәйекті ілімге айналдырды; философиялық методтар мен категориялар жүйесін, таным, ойлау, рух жөніндегі ілімдерді құрды. Сөйтіп, Кант, Гегель және басқалары философияны ғылым, логика, методология, гносеология, диалектика ретінде дамытты. Ғылым дәрежесіне жеткен философиянын мүмкіндіктерін ашып берді.

Содержание работы

Кіріспе ............................................................................. 2
Қысқаша Иммануил Кант өміріне шолу .................... 3
Канттың философиядағы таным мәселесі .................. 6
Қорытынды ................................................................... 10
Қолданылған әдебиеттер ............................................. 11

Файлы: 1 файл

таным.docx

— 24.19 Кб (Скачать файл)

Қорытынды 

 

Өмірінің соңғы кезінде  Кант кейінгі адамзатқа аманат етіп, «Мәңгі бейбіт өмірге» деген кішігірім  трактат жазып қалдырды. Оны оқи  отырып, тап осы кезде - XXI - ғасырдын басында жазылған ба деп қаласың. Дүниедегі ең қымбат қазына Кант үшін - адам өмірі. Адам өмірін сақтау үшін халықтар арасында бейбітшілік орнау керек. Өздерінің әлеуметтік құрылымының, нәсілінің, дінінің. тілінің, мәдениетінің айырмашылығына қарамастан халықтар өзара  келісіп, тату – тәтті өмір сүруі  керек. Саясаттағы ең басты мәселе - жер бетіндегі өмірді сақтау. Осы  мақсатта Кант дүниежүзі халықтары  әр халықтың, ұлттың, әр адамның құқықтарын мойындайтын халықаралық келісімді  қабылдауы керек деген идеяны ұсынды. (Қара: Кант Соч. Т.6., М., 1966, с. 260-289)

Ешкімнің де ар-ұжданы, сенімі, еркіндігі, қалауы аяққа басылмауы  керек. Көптеген философтар сияқты Кант - утопист. XVIII- ғасыр түгіл, ХХ-ғасырда  да оның бұл идеясы жүзеге аса қойған жоқ. Бірақ осыған қарап, оның ойы  құр сандырақ деуге бола ма?

Біз Кант іліміндегі өміршен, жаңашыл идеяларды, пікірлерді, шешімдерді түгел қамтып шықтық деп айта алмаймыз. Біз солардың кейбір үлгілеріне ғана тоқталып өттік. Бірақ осының өзі  философия жайынан хабардар адамдарға  ой салар деген үміттеміз.

XX- ғасырдың басында Батыста  философтар арасында «Кейін, Кантқа  карай!» деген қозғалыс өріс  алды. «Жаңакантшылдық» деген беделді  ағым пайда болды. Олардың түсінігінде  Кант ілімі ескірген жоқ, керісінше,  ХХ-ғасыр Кант сияқты ойшылдарды  керек етіп жатыр. Кантқа қайта  оралу XXI - ғасырдың басында да  орынды. Өйткені Кант-болашақтың  ғұламасы.

Кант жөнінде көрнекті неміс филологы және философы З.Гумбольдтің  мына сөзімен аяқтағымыз келеді: «Канттың даңқы жөнінде әңгіме болғанда үш нәрсе күмән туғызбайды... Ол қиратқан нәрсе қайтадан қалпына келмейді: ол құрған нәрсе ешқашанда қирамайды; ең бастысы, - дейді Гумбольдт, - оның философияда жасаған төңкерісіне  ойлау тарихында ешнәрсе тең  келмейді». 

 

Қолданылған әдебиеттер:  

 

 

 

Философия тарихына шолу             автор:    Т. Х. Рысқалиев

Қысқаша философия тарихы  автор: Ә. Нысанбаев, Т. Әбжанов

Тарихи  философиялық таным    автор: А. Қасабеков

Философия тарихы        Ж. Алтай, А. Қасабеков, К. Мұхамбетәлі


Информация о работе Канттың философиядағы таным мәселесі