Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2015 в 21:34, реферат

Описание работы

1. Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
2. Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.
4. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.

Файлы: 1 файл

портфолио.docx

— 2.10 Мб (Скачать файл)

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ 

УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

 

 

        Тарих және  әлеуметтік гуманитарлық  пәндер  кафедрасы

 

 

 

 

  СОӨЖ

Тақырыбы: ҚОҒАМДЫ  ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖҮЙЕЛІ ӘДІС

 

 

 

                                       

                                                                                                          Қабылдаған: Ильгидаева С

                                                                                                           Орындаған:Бақытхан У

                                                                                                           Курс:2

                                                                                                           Гр:14-21-2к

 

 

 

 

Э. Дюркгейм қоғамды ұжымдық көзқарастарға негізделген индивидуалдыдан жоғары рухани шындық ретінде қарастырды. М. Вебер бойынша, қоғам – бұл әлеуметтік, яғни басқа адамдарға бағытталған іс-әрекеттің өнімі. Американдық социолог Т. Парсонс қоғамды байланыстыратын бастауы болып нормалар мен құндылықтар табылатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі ретінде қарастырды.  
 
Осылайша, қоғамды әдет–ғұрыптар, салт–дәстүрлер, заңдар күшіне сүйенетін, олардың барлық негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, адамдардың үлкен және шағын топтары мен қауымдастықтарының әлеуметтік байланыстардың, қарым-қатынастар мен өзара әрекеттердің тұрақты жүйесі ретінде және оларды ұйымдастырудың әмбебап тәсілі ретінде қарастыруға болады; қоғам өзіне-өзі жеткілікті, өзін-өзі реттейтін және өзін-өзі өндіретін жүйе болып табылады.  
 
Қоғамды зерттеудегі жүйелік тәсілдің негізгі мақсаты – қоғам туралы түрлі ілімдерді қоғамның жалпы теориясы болатындай етіп біртұтас жүйеге біріктіру.  
 
Жүйе – бұл өзара байланысқан және біртұтас бірлікті құрайтын белгілі бір түрде ретке келтірілген элементтер жиынтығы.  
 
Қоғам жүйелі, себебі, оның бүкіл элементтері өзара байланысты. Бұл өзара байланыстың мәні қарапайым, бірақ сонымен қатар күрделі: адам топтары, әлеуметтік қауымдастықтар, индивидтер жүйеге ене отырып, жаңа күшке ие болады және іс-әрекеттің тиімді тәсілін меңгереді.  
 
Әлеуметтану ғылым ретінде өзінің зерттеу пәніне қазіргі жүйелердің жалпы теориясының негізгі ережелерін енгізеді. Бұл бүтін жүйе – өзара әрекеті оны құрайтын бөліктерге, компоненттерге тән емес, жаңа интегративті қасиеттердің қалыптасуына міндетті түрде әкелетін объектілердің жиынтығы деген сөз. Жүйелік қасиет қоғамға қатысты оның міндетті түрде біртұтас болуын білдіреді.  
 
Қоғамның жүйелік қасиеттеріне оның салыстырмалы түрде өз бетінше жеке, жалғыз қызмет ете алу қабілетін, жүйені құрайтын элементтерге тән емес жаңа интегративті қасиеттердің бар болуын жатқызуға болады.  
 
Біртұтастылық – қоғамның жүйелендіруші қасиеті. Ол қоғамдық өндірісте жатыр: материалдық игіліктерді, идеяларды, адамның өзін өндіру. Бірақ, ең маңыздысы, әлеуметтік жүйенің негізгі элементтері болып адамдар, сондай-ақ, олардың нормалары, байланыстары және қатынастары табылатындығы. Әлеуметтік жүйенің негізінде жүйенің өзін өндіруге бағытталған іс-әрекет жатыр. Әлеуметтік жүйе деп біз қоғамның өзін түсінеміз. Әлеуметтанудың бұл деңгейін «социеталды» (лат. Societas – бұл жағдайда қауымдастық) деп атайды. Онда қоғамның өзі әрқайсысын, алайда, басқа деңгейде (әлеуметтік топ, әлеуметтік институт, тұлға) «әлеуметтік жүйе» деп атауға болатын, шағын жүйелердің жиынтығы ретінде болады.  
 
Жүйелер не гомогенді, яғни біртекті, белгілі бір қасиеттерге ие, немесе гетерогенді, яғни, олардың субстраттарында адамдармен бірге индивидуалдыдан жоғары элементтер енетін (мысалы, экоәлеуметтік – географиялық аудан, немесе әлеуметтік – техникалық – қала, агломерация, кәсіпорын, т.б.) әртекті, гетерогенді бола алады.  
 
Қоғамды тани отырып, социологтар ондағы біртұтастылықты көреді, ондағы шағын жүйелерді өзара әрекеттесетін элементтер ретінде қарастырады. Сонымен бірге, олар танудың басқа да маңызды ерекшелігін ескеруі керек: шағын жүйелердің әрқайсысы салыстырмалы жекелікке ие болатындықтан, әлеуметтану оны «дифференциацияланған таза» түрде қарастыруы керек.  
 
Қоғамның негізгі ерекшелігі – ұйымдардың сабақтастығын, реттелуін және басқарылуын қамтамасыз ету.  
 
Басқару – қоғамды реттеу мен жетілдіру мақсатымен оған қатысты ерекше іс-әрекет. Басқару келесі кезеңдерден тұрады: ақпаратты өңдеу және талдау, оны жүйелендіру, талдау және оған диагноз қою, мұның нәтижесінде болжамдар жасалады және мақсаттар анықталады. Содан соң, іс-әрекетті жоспарлау, ұйымдастыру және оны бақылау, мамандарды таңдау мен пайдалану арқылы шешімдерді қалыптастыру және оны нақтылау жүзеге асырылады. Осылайша, басқару жүйесі қалыптасады.  
 
Қоғамды сипаттаудағы ерекше орынды «әлеуметтік институттар» алады. Әлеуметтік институттар – бұл әлеуметтік шындықтың белгілі бір салаларының ұйымдастырушылық формалары, кәсіби топтардың жалпы рөльдері. Осы арқылы бүкіл жүйенің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.  
 
Әлеуметтік институттар – бұл басқарудың белгілі бір құралдарына ие, оларды әлеуметтік функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланатын (мысалы, білім беру институты) мекемелердегі тұлғалар жиынтығы.  
 
Әлеуметтік институтты біздің түсінуімізге батыс социологтарының анықтамалары қайшы келмейді. Әлеуметтік институттың социологиялық сипаттамасы американдық А. және Дж. Теодорсондардың «Қазіргі социологиялық сөздігінде» берілген. Онда ол маңызды әлеуметтік қажеттіліктер мен функцияларды қамтамасыз ету үшін қалыптастырылған және қызмет ететін әлеуметтік рөльдер мен нормалардың өзара байланысты жүйесі ретінде қарастырылады.  
 
Әлеуметтану бойынша ағылшын сөздігінде «институт» термині әлеуметтік нормалар арқылы тұрақты қайталанатын және санкцияланатын әлеуметтік тәжірибені бейнелеу үшін пайдаланатындығы аталып өтілген. Ол әлеуметтік құрылымда маңызды орынға ие болады.  
 
Авторлар негізінен 5 маңызды институционалды кешенді бөледі:  
 
1) құндылықтар мен қызметтерді өндіру және бөлуге бағытталған экономикалық институттар;  
 
2) олардың пайдалануын реттейтін және билікпен байланысты саяси инстиуттар;  
 
3) позициялар мен ресурстардың бөлінуін қамтамасыз ететін стратификациялық институттар;  
 
4) неке, отбасы мен жастардың әлеуметтенуіне байланысты туыстық институттары;  
 
5) діни, ғылыми және шығармашылық іс-әрекетке байланысты мәдени институттар.  
 
Әлеуметтік институттардың әртүрлісіне қарамастан, олар ортақ типологиялық сипаттарға және ең алдымен іс-әрекетінің мақсатына ие. Мақсатты әлеуметтік институттар атқаратын функциялар анықтайды. Институттар монофункционалды (яғни 1 функция атқаратын) және полифункционалды (яғни бірқатар негізгі және негізгі емес) болуы мүмкін. Институттың қоғамдық ортамен өзара қарым-қатынасының негізі болып оның негізгі функциясының – нақты әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін барлық жағдай туғызуды жүзеге асыру табылады.  
 
Әлеуметтану үшін ғылым ретінде әлеуметтік қажеттіліктер институттың іс-әрекетінде бейнеленбейтін, яғни институт қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келмейтін жағдайды талдау маңызды.  
 
Әлеуметтану пайда болатын қарама-қайшылықтың бастауларын, көріну формаларын және оларды шешу жолдарын табады.  
 
Әлеуметтік уақыт. Қоғамның жүйелілігінің социологиялық концепциясы әлеуметтік уақыт пен әлеуметтік кеңістік туралы ілімдерді қамтиды. Әлеуметтік уақыт біздің оны елестетуіміз бен басымыздан кешуімізге тәуелсіз жүзеге асатын, кез-келген қоғамдық жүйенің нақты қозғалысының формасы болып табылады. Социологтың назарындағы негізгісі – әлеуметтік уақытты тасымалдаушылар болады: индивид, әлеуметтік қауымдастықтар, біртұтас қоғам. Уақыт – қозғалыстың сандық болмысы, оның саны. Бірақ қоғамда ол іс-әрекет түрінде болады. Бұл құбылыстың ұзақтығы, затты жасаудағы сағат саны, өмір ұзақтығы. Сонымен, уақыт болмыстың сапалық жағын да білдіреді, яғни қоғамдық процесстің мазмұнын (бәсеңдеу, жылдамдық, жоғарылау, құлдырау, регресс, прогресс).  
 
Уақытты социологиялық зерттеудің негізгі категориялары болып уақыт бюджеті, уақыт балансы, уақыт шығыны, уақыт көрсеткіштері, т.б. табылады.  
 
Уақыт бюджеттерін социологиялық зерттеудің пәні – бұл уақыт көрсеткіштерімен бейнеленетін адамдардың өмірлік әрекетінің әлеуметтік заңдылықтарын зерттеу, түрлі әлеуметтік топтардағы уақытты үлестіру тенденциялары мен заңдылықтарын анықтау.  
 
Әлеуметтік дүниені кеңістіктік деп атауға болады, себебі, ол орта мен қоғамдық субъектінің өзара әрекет ету облысы болып табылады. Адам үшін кеңістік ең алдымен географиялық, табиғи орта болады.  

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ 

УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

 

 

        Тарих және  әлеуметтік гуманитарлық  пәндер  кафедрасы

 

 

 

 

  СОӨЖ

Тақырыбы: Әлеуметтік институттар әлеументтік өмірдің маңызды элементі ретінде.

 

 

                                        Қабылдаған: Ильгидаева С

                                                                                                           Орындаған:Бақытхан У

                                                                                                           Курс:2

                                                                                                           Гр:14-21-2к

 

 

 

                                                                       Тест

1. Девиацияның негізгі себептері болып қоғамның мақсаты мен әлеуметтік құралдар арасындағы алшақтық деп есептеген кім?

1. Э.Дюркгейм 

2. У.Шелдон

3. Р.Мертон

4. Ц.Ломброзо

2. Р.Мертон теориясына сәйкес конформизм түсінігі не?

1. Мәдениет құралдары мен жетістік  құралдарының сәйкес келуі

2. Мақсатпен келісу, бірақ әлеуметтік  құралдардың жетістерін теріске  шығару

4. Мақсаттар мен құралдарды теріске  шығару.

5. Басымдылық танытқан мақсаттар  мен стандарттарды жатсыну, жаңа  мақсаттар мен құралдарды қалыптастыру.

3 Р.Мертон теориясына сәйкес бүлік дегеніміз не?

1. Мәдениет құралдары мен жетістік  құралдарының сәйкес келуі

2. Мақсатпен келісу, бірақ әлеуметтік  құралдардың жетістерін теріске  шығару

4. Мақсаттар мен құралдарды теріске  шығару.

5. Басымдылық танытқан мақсаттар  мен стандарттарды жатсыну, жаңа  мақсаттар мен құралдарды қалыптастыру.

4. А.Маслоу бойынша қажеттілік деңгейі қаншаға бөлінеді?

1. Тоғыз  деңгей

2. Бес деңгей

3. Үш деңгей

4. Екі деңгей

5. А.Маслоу теориясы бойынша рухани қажеттілікке қайсысы жатады?

1. Тыныс алу қажеттілігі

2. Қорғаныс қажеттілігі

3. Үйрену қажеттілігі

4. Құрмет қажеттілігі

5. Өзін-өзі таныту қажеттілігі 

6. Әлеуметтік-мәдени тұжырымдамасының  және әлеуметтік стратификация  зерттеулерінің авторы, орыс-американдық  әлеуметтанушының атын атаңыз?

1.Ч.Ламброзо

2. П.Сорокин

3. Ж.Тощенко

4. А.Маслоу

7. Батыс әлеуметтануына  «мобильділік» терминін енгізген  кім?

1. П.Сорокин

2. Ч.Кули

3. Ш.Монтескье

4. Я.Морено

8. Әлеуметтанудағы функционалшылдар  мектебінің негізін салған өкілдер?

1. Р. Мертон, Т. Парсонс

2. Э.Дюркгейм

3. М.Вебер

4. Дж. Г. Мид

9. Әлеуметтанудағы символдық интеракционизм мектебінің негізін салған кім?

1. Г. Гарфинкель

2. Р. Дарендорф

3. Т. Парсонс

4. Дж. Г. Мид

5. Ч.Кули

10. О.Конттың ғылымды жіктеуі бойынша алты ғылым енгізілген – математика, физика, химия, биология, әлеуметтану…(алтыншысын көрсетіңіз)

1. Философия

 2. Астрономия

 

 Жауаптары

1-3

2-1

3-5

4-2

5-5

6-2

7-1

8-1

9-4

10-2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ 

УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

 

 

        Тарих және  әлеуметтік гуманитарлық  пәндер  кафедрасы

 

 

 

 

  СОӨЖ

Тақырыбы: ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ҚОҒАМНЫҢ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ

 

 

                                     

 

                                                                                                           Қабылдаған: Ильгидаева С

                                                                                                           Орындаған:Бақытхан У

                                                                                                           Курс:2

                                                                                                           Гр:14-21-2к

ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ҚОҒАМНЫҢ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ

Ғылыми және әлеуметтік-саяси әдебиеттерде әлеуметтік құрылым түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Кең мағынада бұл – қоғамның жалпы құрылысы, оның бүкіл негізгі элементтері арасындағы байланыстар жүйесі. Сондай-ақ, бұл ұғым әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың түрлері және олардың арасындағы қарым-қатынастың: әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-этникалық сияқты түрлерін сипаттайды. Әлеуметтануда “әлеуметтік құрылым” ұғымы “әлеуметтік жүйе” ұғымымен тығыз байланысты. “Әлеуметтік құрылым” түсінігі “әлеуметтік жүйе” түсінігінің бір бөлігі болып табылады және 2 компоненттен тұрады — әлеуметтік құрам және әлеуметтік байланыстар. “Әлеуметтік құрам” – бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент – осы элементтер байланысының жиынтығын білдіреді. Осылайша, “әлеуметтік құрылым” ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды, екінші жағынан – мәні мен сипаттамасы бойынша іс-әрекеттінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады.

Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл – элементтердің әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері болып әлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады.

Әлеуметтік қауымдастық — бұл белгілі бір өзара әрекет ететін индивидтер тобына ортақ болып табылатын, өмір әрекеті жағдайымен (экономиялық, әлеуметтік жағдай, кәсіби дайындығы мен білім, қажеттіліктер мен мүдделер денгейі) сипатталатын индивидтер жиынтығы; тарихи қалыптасқан территориялық қауымдастықтарға (қала, ауыл), белгілі бір әлеуметтік институттарға (отбасы, білім, ғылым) енуі.

Әлеуметтік қауымдастық әлеуметтік байланыс арқылы біріккен адамдар топтарын ғана білдіреді. Қауымдастықтардың негізгі екі түрін бөлуге болады: әлеуметтік орта, яғни адамдардың белгілі бір қарым-қатынастарды жүзеге асыруы. Мұндай қауымдастықтар байланыстың тұрақтылығы мен осы қарым-қатынастар жүзеге асырылатын саланың маңыздылығына байланысты үлкен немесе кіші ынтымақтастық импульсына, конформизм элементтеріне ие болады. Өзара әрекет түріндегі (мысалы, жіктелген, реттелген әрекеттер жүйесімен алмасу сияқты) бірігу, ынтымақтастық, бірлесе еңбек етудің келісілгендігі сияқты байланыстар негізінде жатқан қауымдастықты әлеуметтік топ деп атауға болады.

Әлеуметтік құрылымның болу мен даму механизмдері адамның іс-әрекеті жүйесінде жасырулы. Адамдар тіршілік ету үшін белгілі бір қоғамдық, ең алдымен өндірістік қатынастарға түседі, топтарға бөлінеді, кооперацияланады, функцияларын бөледі. Топтардың қалыптасу процесі үшін әлеуметтік айырмашылықтардың терең көзі ретіндегі еңбектің қоғамдық бөлінуі маңызды болып табылады. әлеуметтік құрылым – бұл адамдардың беделіндегі, өмір сүру жағдайындағы және өмір сүру тәсілдері ретінде бейнеленген жүйе.

Әлеуметтік құрылымның дамығандығының көрсеткіші болып оның әртүрлілігінің дәрежесі, яғни байланыс тәсілдерінің әртүрлілігі табылады.

Сонымен, қандай да болмасын құрылым немен сипатталады? Осыған байланысты түрлі көзқарастар бар, бірақ ең алдымен, өндірістік қатынастар үстемдік ететін қатал детерминацияланған әлеуметтік құрылым туралы айтуға болады. Бірақ әлеуметтік құрылымдар өндірістік күштермен де сипатталатындығын айтуға болады, техникалық прогресс өнімі болып табылады. Қазіргі социологиялық теория әлеуметтік құрылымның адамдардың мамандығына, жасына, біліміне байланысты ие болатын әртүрлі әлеуметтік позицияларына тәуелділігін анықтайды. Сондықтан, белгілі бір қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтайтын факторлар өте көп, социолог олардың барлығын әлеуметтік процесс диагностикасы кезінде ескеруі керек.

Сонымен әлеуметтік құрылымды анықтайтын негізгі, шешуші белгі, критерий қандай?

Біздің ойымызша әлеуметтік құрылым әрқашан бір де бірінің басымдылығы жоқ көптеген факторлардың нәтижесі болады. Нақты жағдайларды кейбір белгілер алдыңғы шетке шығады, немесе, маңыздылығынан айрылады. әлеуметтік құрылымды қалыптастыруда ең маңызды ретінде өндіріс тәсілінің басымдылығын мойындай отырып, біз оны абсолюттендіре алмаймыз.

Социологиялық ойдың жетістігі болып, әлеуметтік құрылымды қозғалмайтын құрылыс ретінде емес, динамикалық бүтіндік ретінде қарастыруға көшу табылады. Бұл әлеуметтік құрылымның теориялық концепцияларын түрлі критерийлер негізінде қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Біздің әдебиеттерімізде қоғамның келесі әлеуметтік жіктелуі кең таралған:

— адамдардың бөлінуі нәтижесінде қалыптасатын әлеуметтік–таптық құрылым (таптар, касталар, сословиелер, әлеуметтік топтар, олардың қабаттары);

— әлеуметтік–этникалық құрылым, яғни адамдардың белгілі бір территорияға, экономикаға, мәдениетке, дәстүрлерге, психологиялық ерекшіліктері және т.б. арқылы бірігуі негізінде пайда болған адамдардың тарихи қауымы – тайпа, ру, халық, ұлт, этностар.

— мекендердің негізгі түрлерін құрайтын (қала, макрополис, агломерация, ауыл, т.б.) территориялық құрылым;

— жаспен, жыныспен белгіленетін (ерлер, әйелдер, жастар, балалар, «жұмыс жасындағы» адамдар, зейнеткерлер) демографиялық құрылым;

— отбасылық-тұрмыстық құрылым, көрші қауымдастықтар, ата-аналар мен балалар, сондай-ақ, некелік пен некесіз байланыстар мен қатынастар. Сондай-ақ, әлеуметтік-кәсіби, білім беру, діни және т.б. құрылымдарды бөлуге болады.

Сонымен, құрылым адамдардың белгілі бір тобын — олардың жіктелуі мен интеграциясын білдіреді. Осылай “әлеуметтік қауымдастық”, “әлеуметтік топ” категориялары қалыптасады және олар келесіні білдіреді:

1) біріккен әрекет;

2) біріккен кеңістіктік–уақыттық болмыс, қатынас (жалпы орта, территория, коммуникация);

3) топтық бағыттылық пен ережелер.

Қоғамдық еңбек бөлісінің нәтижесі болып келесі әлеуметтік-экономикалық топтар табылады:

1) өзінің жеке меншікке қарым-қатынасы бойынша емес, атқаратын жұмысының түріне байланысты кәсіпкерлік топтар;

2) белгілі бір территорияда — қала немесе ауыл –

3) рангтық топтар – басшы мен бағынушы арасындағы қатынастар (негізінде тік өзара байланыс).Қандай әлеуметтік топтар жетекшілік орын алады, қандай мамандықтар көп екендігіне қоғамның түрі де, оның әлеуметтік-саяси құрылысы да тәуелді.Сонымен, әлеуметтік «әлеуметтік қауымдастық» категориясы қоғамның әлеуметтік құрылымындағы негіз болып табылады. Әлеуметтік топтардың көптүрлілігін зерттеу үшін, оларды салыстыру үшін әлемдік социологияда «әлеуметтік стратификация» ұғымы енгізілді.

Информация о работе Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны