Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2015 в 21:34, реферат
1. Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
2. Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.
4. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА | |
Тарих және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы
СОӨЖ
Тақырыбы: Тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі мен объектісі ретінде.Тұлғаның девианттық мінез-құлығын анықтау мәселелері
1. «Социология» термині алғаш рет қашан пайда болды?
2. Кім және қай еңбегінде әлеуметтандың негізгі міндетін былай деп анықтады: «Білу болжау үшін, болжау сақтану үшін»?
3. Классикалық кезеңнің қайсы әлеуметтанушысы идеалды тип тұжырымдамасын жасады?
4. Классикалық кезеңнің қайсы әлеуметтанушысы «Позитивті философия курсының» авторы?
5. Рациональдық теориясы кімнің еңбегінің негізі болып табылады:
1. М. Вебер
2. Г. Гарфинкель
3. П. Сорокин
4. Э. Дюркгейм
5. О. Конт
6. Әлеуметтанудаңы этнометодологияның негізін қалаған:
1. Г. Гарфинкель
2. Дж. Г. Мид
3. Р.Дарендорф
4. Э.Дюркгейм
5. О.Конт
7. «Заңдар рухы туралы», «Римдіктердің ұлылығы мен құлдырауы себептері туралы ойлар» еңбектерінің авторы:
1. Ж.Ж.Руссо
2. Э.Дюркгейм
3. О.Конт
4. Г.Зиммель
5. Ш.Монтескье
8. Ш.Монтескьенің еңбектерін көрсетіңіз:
1. «Әлеуметтану негіздері»
2. «Позитивті философия курсы»
3. «Қоғамдыө келісім туралы»
4. «Заңдар рухы туралы»
5. «Мемлекет»
9. Спенсер қоғамның төмендегі типтерін атап көрсетті:
1. Әскери және әлеуметтік
2. Индустириальдық және постиндустириалдық
3. Әскери және индустриальдық
4. Саудалық және өндірістік
5. Әскери және бейбіт
10. Э.Дюркгеймнің еңбегіне жатпайтын шығарманы көрсетіңіз?
1. «Әлеуметтік мобильділік»
2. «Діни өмірдің қарапайым формалары»
3. «Қоғамдық еңбекті бөлу туралы»
4. «Суицид»
5. «Әлеуметтану әдісі»
Жауаптары
1-1
2-1
3-1
4-3
5-1
6-1
7-5
8-4
9-3
10-1
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА | |
Тарих және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы
СОӨЖ
Тақырыбы: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ МӘРТЕБЕСІ МЕН ЕРЕКШЕЛІГІ.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ МӘРТЕБЕСІ МЕН ЕРЕКШЕЛІГІ.
1. «Экономикалық сана»
2. «Экономикалық ойлау»
3. «Экономикалық ғадет»
Негізгі ұғымдар: экономикалық сана, экономикалық ойлау, экономикалық ғадет, мәдениет, еңбек қарым-қатынастар, тұтыну іс-әрекеті.
Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір социологиялық зерттеудің ең маңызды объектілерінің біріне айналды. Экономикалық социология жеке ғылыми пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибесіне жауап ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды.
Экономикалық социология немен айналысады? Осы ғылыми көзқарастың социология және экономикалық ғылымдармен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі неде? Бұл пәннің өзіне тән ерекшелігін анықтау үшін басқа ғылымдармен сәйкес келмейтін өзіндік зерттеу пәнін және әдісін анықтап алу қажет.
Экономикалық өмірге социологиялық тұрғыдан қарау, оны адамдар арасындағы қатынастардың бір саласы ретінде қарастыру, біздің түсінігімізді айтарлықтай кеңейтіп тереңдете түседі. Ол бүгінгі күнде заман талабына сай болып отырған нарық, өндіріс, тұтыну т.б процестердің экономикалық саралау саласында қандай да бір қосымша немесе қосалқы құрал болып саналмайды. Экономикалық социология экономиканы ондағы әреект етуші әлеуметтік топтардың белсенділігімен, олардың мүдделерімен, жүріс-тұрысы мен өзара әрекеттесуімен қозғау алатын әлеуметтік процесс ретінде сипаттайды.
Экономикалық теория көп жағдайда материалдық, қаржылық, ақпараттық ресурстардың дайын өнім мен қызметке айналу қатынастарын зерттейді. Социология өз кезегінде тікелей адамның іс-әрекетіне және әлеуметтік байланыстарға көбірек көңіл бөледі. Экономика екі ғылымның да зерттеу объектісі болып табылады, алайда әрбір пән экономикалық құбылыстарды зерттеп білуде өз көзқарастарын ұсынып, әр түрлі міндеттер қояды, мәліметтерді жинау мен талдауда өз әдістерін қолданады.
В.В. Радаев атап көрсеткендей, "экономикалық теория үйреншікті нәрсеге редукция шығарады, ал экономикалық социология - үйреншікті нәрсеге проблемалық сипат береді”. Экономистер жай адамға қиын материяларды (бағалардың қалыптасуы, қаржы ағымдарының қозғалысы т.б.) түсіндіре отырып, дұрыс мағына логикасына, кәдімгі адамдардың жүріс-тұрысына әкеліп тірейді. Социологтар, керісінше, күнделікті өмірде біз дұрыс мағына деңгейінде қабылдайтын, "жай ғана” істермен айналысады. Неге тұтынушылар әр түрлі дүкендерге барады және бірдей затқа әр түрлі ақша төлейді? Неге кәсіпкерлер іскер әріптестерін қатаң түрде белгілі бір адамдар тобынан таңдап алғысы келеді? Неге қатардағы жұмысшылар өз әріптестерінің жалақысының мардымсыз жоғарылауына қызғанышпен қарап, "қатардағылар” мен "басшылар” табысының арасындағы үлкен айырмашылықты қалыпты нәрсе деп қабылдайды? Социологтар бұл сұрақтарға жауап іздей отырып, адамның жүріс-тұрысын күрделі әлеуметтік байланыстардың нәтижесі деп қарастырады.
Қазіргі күнде экономикалық социология ықпалына енген сұрақтар бұрынырақ белгілі бір деңгейде индустриалды социология, еңбек социологиясы, аймақ социологиясы, басқару социологиясы, ұйымдастыру социологиясы және басқа да сол секілді шектес бағыттарда қозғалған еді. Бұл пәндер экономикалық социологияның пәнаралық ғылыми бағыт ретінде қалыптасуы үшін іс жүзінде тұжырымдық негіз дайындап берді. Олардың соңғысы - жұмыссыздық пен жұмыспен қамту, өндірістік ұйымдардың құрылымы мен түрлері, еңбек қатынастары, үй шаруашылығының қызмет етуі, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылым, кәсіпкерліктің дамуы және басқа мәселелер ортақ тақырыпқа ие болды.
Экономикалық социология зерттеудің пәнаралық жаңа саласы бола тұра, қатып қалған шекаралары жоқ, басқа пәндердің әдістері мен ұғымдары үшін ашық және әлеуметтік-экономикалық білімді енгізудің жаңа салаларын іздеу жолында тұр. Ондағы негізгі категориялар мен тұжырымдамалар, экономикалық құбылыстарды социологиялық сараптау әдістері енді-енді жасалуда және ол зерттеулер әлі соңына дейін анықталған жоқ.
Тәжірибе көрсеткендей, кез келген ғылымды пән ретінде анықтау көп жағдайда табысты бола бермейді, ол оның проблемалық ауқымын кеңейтеді немесе бұрмалай түседі. Экономикалық социологияны пән ретінде қарастыра отырып, біз бұл ғылыми бағыттың тұрғылары мен қызметтері жөніндегі түсініктердің алуан түрлілігіне негізделетін боламыз.
Көптеген зерттеушілер Ю.В. Веселов көрсеткен экономикалық социологияның объектісін түсінудегі жалпы принциппен келіседі: "Экономикалық социология экономиканы аса кең әлеуметтік жүйенің бір бөлігі ретінде қарастырады”. Жалпы алғанда, пәндік ауқымды анықтауда түрлі әдістемелік мақсаттарға: позитивистік және түсіндірмелі социологияға келіп тірелетін екі негізгі тұрғы қалыптасқан.
Бірінші тұрғы экономикалық социология, экономикалық (өндіріс, бөліп беру, айырбас, материалдық қорларды тұтыну) және қоғамдық өмірдің экономикалық емес (саясат, мәдениет, дін, отбасы, білім беру т.б.) салаларының өзара байланысы ретінде қарастырылған уақытта макросоциологиялық талдауға жақындау болады. Экономикалық проблемаларды шешуде технологиялық, техникалық және ұйымдастырушылық аспектілермен қатар экономикалық өмірдің әлеуметтік аспектілері болатыны да кеңінен айтылуда. Бұл жерде социология пәні әлеуметтік жүйенің элементтері ретінде әлеуметтік қатынастар, байланыстар, құрылымдар болып көрінеді.
Осыған орай Т.И. Заславская және Р.В. Рывкина экономикалық социологияға "қоғамдық өмірдің екі - экономикалық және әлеуметтік салаларының өзара байланысын тиісінше екі жақты - экономикалық және әлеуметтік процестердің өзара байланыстары негізінде зерттейтін ғылым” деген анықтама береді. Әлеуметтік саланы олар қоғамдағы топтардың жағдайының әр текті болуымен байланысты әлеуметтік теңсіздік қатынастарының саласы деп түсіндіреді.
Олар функционалистік дәстүр рухында экономикалық социология объектісінің "өзегі” деп "экономиканы дамытудың әлеуметтік механизмі” категориясын ұсынады. Бұл ұғымның астарында "әлеуметтік топтардың экономикалық жүріс-тұрысының тұрақты жүйесі, сонымен қатар осы топтардың бір-бірімен және мемлекетпен материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуді өндіру, бөліп беру, айырбастау мен тұтыну бойынша өзара әрекеттесуі” түсіндіріледі. Бұл тұрғыны Г.Н. Соколова да қолдайды. Ол экономикалық социология, экономикалық процестердің өрбуінің сипатына тәуелді болатын табиғатты, өзіндік ерекшелігі бар мүмкіндіктер мен әлеуметтік механизмдерді өзінің пәні ретін де қарастырады деп жазды.
Екінші тұрғы зерттеудің алғашқы тармағы "экономикалық жүріс-тұрыс” категориясы деп санайды. Бұл дәстүр Вебердің іс-әрекет социологиясы мен түсіндірмелі социологиясынан барып тіреледі. Бұл ұстаным В.В. Радаевтың дәрістер курсында жақсы жүйеленіп берілген: "Экономикалық социология экономикалық әрекетті әлеуметтік әрекеттің формасы ретінде зерттеп біледі. Онымен қоса экономикалық әрекет шектелген ресурстарға өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында күш көрсетпейтін әдістермен бақылау орнатуды іске асыруды білдіреді”.
Экономикалық социология экономикалық іс-әрекетті зерттейтін ғылым деген көзқарасты В.И. Верховин мен А.И. Кравченко да қолдайды. Оны микросоциологиялық тұрғыға жатқызуға болады, өйткені бүл жерде топтар, индвидтер әрекетінің және экономикалық мүдделердің көп бейнеде көріну формалары қарастырылған. Мәселен, В.И. Верховин экономикалық жүріс-тұрысты социологиялық зерттеу пәнінің бөлінуінің бастапқы тармағы деп анықтап, экономикалық жүріс-тұрыстың нақтылы үлгілерін саралайды: жұмыс күші нарығындағы "ізденіс”; инвестициялық әрекет: қор нарығы жүйесіндегі "рефлексивті” әрекет; дерективті экономикадағы жоспарлаушының әрекеті. Ол зерттеу пәніне экономикалық әрекеттің субъективті жақтарын (тұлғалық, топтық, институтуционалды, бұқаралық жүріс-тұрыстың ерекшеліктері) қоса қарастыру аса маңызды дейді.
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА | |
Тарих және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы
СОӨЖ
Тақырыбы: Мәдениетті әлеументтанулық талдау.Медицина әлеументтанудың пәні мен даму кезеңі.
Информация о работе Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны