Неміс классикалық философиясы. Гегель

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 18:18, реферат

Описание работы

Классикалық неміс философиясы ойлау, таным, рух, табиғат, тарих проблемаларын терең зерттеді; жалпы даму заңдарын ашып, диалектиканы даму жөніндегі жан-жақты және дәйекті ілімге айналдырды; философиялық методтар мен категориялар жүйесін, таным, ойлау, рух жөніндегі ілімдерді құрды. Сөйтіп, Кант, Гегель және басқалары философияны ғылым, логика, методология, гносеология, диалектика ретінде дамытты. Ғылым дәрежесіне жеткен философиянын мүмкіндіктерін ашып берді.
Классикалық неміс философиясы жалпы алғанда – идеалистік философия және мұнда идеализмнің екі түрі де дамып жетілген. Субъективтік идеализм және объективтік идеализм ретінде қарастыруға болады. Сонымен, классикалық неміс философиясы – классикалық идеалистік философия.

Файлы: 1 файл

Неміс Классикалық философиясы.pptx

— 173.61 Кб (Скачать файл)

Неміс Классикалық философиясы

 

Георг Вильгельм Гегель (177О-1831)

Неміс классикалық философиясы жайлы айтпас бұрым «Классика» ұғымына тоқталып өтсем.

Философиялық сөздікте классика деген ұғымға — сlаssіcus (латынша) — тыныштыққа, салмақтылыққа, реттілікке, айқындыққа, үйлесілімділікке ұмтылу; ұлттық және әлемдік мәдениет үшін баға жетпес құндылық болып есептелетін ең озық, ұлы туындылар, классика қызуқандылыққа, ретсіздікке, қараңғлыққа қарама-қарсы деген анықтама берілген.  
Неміс философиясына классикалық атауының берілуі оның дүниежүзілік философия тарихында алатын орнының аса маңызды, көрнекті екенін көрсетіп тұр.

XVIII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың бірінші жартысы неміс топырағында да философия кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезенді Ф. Энгельс классикалық неміс философиясы деп атады.

Сөз жоқ, неміс классикалық философиясы — тарихи феномен, ол фундамент қана емес, маңғаз ғимарат, оның әрбір өкілі қайталанбас тұлға, тендесі жоқ құндылық.

Неміс классикалық философиясның негізгі өкілдері:

 

 

 

 

 

 

 

 

т.б. философия тарихында өшпейтін із қалдырған ойшылдар.

 

И.Кант (1724-1804)

 

И.Фихте (1762-1841)

 

Ф.Шеллинг (1775-1854)

 

Г.В.Гегель (1770-1831)

 

Л.Фейербах (1804-1872)

Классикалық неміс философиясы ойлау, таным, рух, табиғат, тарих проблемаларын терең зерттеді; жалпы даму заңдарын ашып, диалектиканы даму жөніндегі жан-жақты және дәйекті ілімге айналдырды; философиялық методтар мен категориялар жүйесін, таным, ойлау, рух жөніндегі ілімдерді құрды. Сөйтіп, Кант, Гегель және басқалары философияны ғылым, логика, методология, гносеология, диалектика ретінде дамытты. Ғылым дәрежесіне жеткен философиянын мүмкіндіктерін ашып берді.

Классикалық неміс философиясы жалпы алғанда – идеалистік философия және мұнда идеализмнің екі түрі де дамып жетілген. Субъективтік идеализм және объективтік идеализм ретінде қарастыруға болады. Сонымен, классикалық неміс философиясы – классикалық идеалистік философия.

   

 

1) философия көпшіліктік сипатқа ие.

2) пиетизм — лютерандық шіркеудің рухани тоқырауына қарсылық негізінде қалыптасқан қозғалыс. Пиетистер өзінің назарын дін сыртқы салт-дәстүрден ішкі сенімге, қасиетті дін кітабын меңгеруге және адам-гершіліктік мінез-құлыққа аудару керек деп ұйғарды. Ағартушылық өкілдерінің басым көпшілігі осы мектептен өтті. 
3) Философияның басты объектісі — адам, оның ақыл-ойының мүмкіндіктері мен шекарасы.

 

Әлеуметтік-мәдени жағдайларда қалыптасқан неміс классикалық философиясының ерекшеліктері:

XVII—XVIII ғасырлардағы ағылшын, француз жағдайларымен салыстырғанда, XIX ғасырдағы Германиядағы нағыз орта революциялық еді. Сондықтан неміс ғасырлық, феодалдық ел болатын.

Философтары жалпы философиялык жағдаймен, бұл кезде әлі туындамаған мәселелермен айналысты. Олар дворяндар емес, жай ғана халқынан (бюргер) шықты. Сондай-ақ өз заманының білімді адамдары қатарында болды. Неміс философтарының бәрі де  (Л. Фейербахтан басқалары) университеттерде профессорлық қызмет атқарды.

Жалпы енді осы Неміс Классикалық философиясының көрнекті өкілдерінің бірі - Георг Вильгельм Фридрих Гегель.

Енді Гегельдің автобиаграфиясына тоқталып өтсем.

Георг Вильгельм Фридрих Гегель - 1770 жылдың 27 тамызында Штутгарт қаласының, жоғары қызметтегi шенеунiк Георг Людвиг Гегель (1733 -1799) жанұясында дүниеге келген неміс философы, неміс классикалық философиясының және романтизм философиясының негіздеушісі.

Йоһанн Готтлиб Фихте және Фридрих Вильгельм Йозеф Шеллингпен бірге неміс идеализмінің негізін қалаушы.

 

Білім алған және атқарған қызметтерінің хронологиясы

 

    • 1788 - 1793 Тюбинген теологиялық университетiнің философиялық және теологиялық курстарын тыңдап, магистрлiк диссертациясын қорғады. Өз курстастарының ішінде Шеллингпен және Гельдерлинмен тату болды. Олармен бірге Француз төңкерiсiнiң идеясымен шұғылданған студенттiк саяси клубтiң мүшесi болды.
    • 1793 жылы дін ілімі кандидатының толық курсын аяқтау барысында Гегель жақсы қабілетті болғанымен, басқалардан ешқандай айырмашылығы жоқ, сөзде озат емес, философияның мұғалімі атала алады деген аттестат алған.
    • 1793 - 1796 Берлинде үй мұғалiмi
    • 1797 - 1800 Майндағы Франкфуртте үй мұғалiмi
    • 1799 – әкесінiң өлiмiнен кейiн алған мұра мен меншiктi жинақтап, оған сабақ беруден бас тартып, академиялық қызметке кiруге мүмкiндiк берiлді.
    • 1806 — 1816 Нюрнберг гимназиясының директоры
    • 1916 - Гейдельберг университетінің профессоры
    • 1818 -  Берлин университетінің профессоры болған.

Гегель философиясының жүйесі мынандай үш бөлімнен тұрады:

 

  • Логика

 

  • Табиғат философиясы

 

  • Рух философиясы (феноменология)

 

Осындай бөлуге сәйкес, Гегель: «Логика ғылымы», «Табиғат философиясы», «Рух философиясы» деген кітаптар жазған. Бұл кітаптар «Философия ғылымдарының энциклопедиясын» құрайды.

Гегель философиясының басты мәселесі - әлемдік рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниеден бұрын пайда болғандығы. Бұл пікірді Гегель «Логика ғылымы» деген еңбегінде жан-жақты баяндаған. Мүнда ол абсолютгік идеяны, дүниежүзілік рухты табиғат, қоғам пайда болғанға дейін әлі ештеңе емес, таза идея күйінде қарап, оның диалектиканың үш жалпылық заңдары – санның  сапаға көшуі, қарама-карсылықтың бірлігі  
және күресі, терістеуді терістеу негізінде, өздігінен қозғалып, дамуын идеалистік тұрғыда алып карайды.

Бұл зандарда Гегель берген көптеген философиялық дұрыс анықтамалар да бар. Біз оның, мәселен, мөлшер - сандық сапа, немесе сапалық сан деген, сондай-ақ «қарама-карсылыққа», «қайшылыққа», «санға», «сапаға», «терістеуге», т.б. берген анықтамаларын қолданамыз. Бірақ Гегель идеалистік түрғыдан таза идеяның бірте-бірте абсолютгік идеяға, әлемдік санаға, бүкіл дүниені жасаушы демиургке айналуын қиял түрінде тұжырымдады.

Гегельдің пікірінше, табиғат-абсолюттік идеяның затқа айналған, өзгеше өмірі. Бұл пікір Гегель философиясы жүйесінің екінші бөлімі - «Табиғат философиясында» баяндалады. Бірақ табиғат дамымайды, тек кеңістікте қанатын жазады. Гегель еңбегінде механика, физика және тіршілік мәселелері қарастырылады. Ол материяны да сөз етеді, бірақ оны дүниенің негізі ретінде емес, идеяның бір көрінісі - үғым ретінде қарастырады.

«Химия құбылыстарында, - дейді Гегель, - органикалық емес табиғат өзінің ең жоғары нүктесіне жетеді».« Органикалық физиканың шегі -тіршілік», - дейді Гегель. Оның философиясы жүйесінің үшінші бөлігі -рух философиясы. Мұнда ол әлемдік рух табиғаттан жоғары көтеріліп, өзіне-өзі айналады. Гегель бұл бөлімде азаматтық коғамды, мемлекетгі, құқықты, эстетиканы, дін философиясын әңгіме етеді. Сондай-ақ ол сана, өзіндік сана, ақыл, рух феноменологиясын, мәдениет мәселелерін арнайы алып қарайды. Гегельдің пікірінше, дуниежүзілік тарих шығыстан батысқа ауысып келеді. Революция, Гегельше, субъективтік рухтың абсолюттік жаратушы рухтың жасаған шындығына наразылығы екен. Соғысты Гегель адам қоғамының рухани іріп-шіруінен сақтап, қоғамды моральдық жағынан тазартатын, нығайтатын құбылыс, әрекет деп түсіндірді. Бұл Гегельдің кешірілмейтін қателіктеріне жатады. Дегенмен, философияда оның орны ерекше.

Ғылыми шығармашылығы

 

Ірі және жүйелі шығармалары:

    • «Рух феноменологиясы» (1807) ;
    • «Логика ғылымы» (1812—1816) ;
    • «Философиялық ғылымдар энциклопедиясы» ;
    • «Құқық философиясы» (1821);
    • «Табиғат философиясы» ;
    • «Рух философиясы» ;
    • «Тарих философиясы»;
    • «Эстетика»;
    • «Дін философиясы» ;
    • «Философия тарихынан лекциялар»;

Шағын шығармалары:

 

    • «Философиялық пропедевтика»
    • «Фихте және Шеллингтың философиялық жүйелерінің айырмашылығы» (1801)
    • «Философиялық сыншылдықтың негізі» (1802)
    • «Наным және білім» (1803)
    • «Фридрих Генрих Якобидің шығармалары» (1817)
    • «Гаманн шығармалары» (1828)

Фридрих Гегель өзінің  студенттертерімен сабақ барысында түсірілген сурет.

Оның қолтаңбасы төмендегі түрде болған екен.

Георг Вильгельм Фридрих Гегель 1831 жылы 14 қарашада  61 жасқа келіп  Берлин қаласында қайтыс болған.

Мына суретте бейіті көрсетілген.


Информация о работе Неміс классикалық философиясы. Гегель