Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 18:18, реферат
Классикалық неміс философиясы ойлау, таным, рух, табиғат, тарих проблемаларын терең зерттеді; жалпы даму заңдарын ашып, диалектиканы даму жөніндегі жан-жақты және дәйекті ілімге айналдырды; философиялық методтар мен категориялар жүйесін, таным, ойлау, рух жөніндегі ілімдерді құрды. Сөйтіп, Кант, Гегель және басқалары философияны ғылым, логика, методология, гносеология, диалектика ретінде дамытты. Ғылым дәрежесіне жеткен философиянын мүмкіндіктерін ашып берді.
Классикалық неміс философиясы жалпы алғанда – идеалистік философия және мұнда идеализмнің екі түрі де дамып жетілген. Субъективтік идеализм және объективтік идеализм ретінде қарастыруға болады. Сонымен, классикалық неміс философиясы – классикалық идеалистік философия.