Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 21:19, реферат
1. Орта ғасырлық христиан философиясының даму кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
2. Августин Аврелий және Томас Аквинаттың діни философиясы. .
3. Орта ғасырдағы мұсылман философиясының қалыптасу жағдайлары, негізгі бағыттары.
4. Әл Кинди және әл Ғазали философиясы.
5. «Таза ағайындардың» әлеуметтік көзқарастары.
Әл Кинди философияны христиан ойшылдары секілді теологияға көгендемейді, керісінше, жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байла-ныстырады, философияны энциклопедиялық ғылыми білімді қорытындылаушы және оның негізі деп қарастырады. Оның пікірінше, философияны игеру үшін математиканы жақсы білу керек. Математиканы ол төрт саладан тұрады деп қарастырады:
1) сан туралы ғылым - арифметика және гармония;
2) қатаң дәлеледерге негізделген, алаңдардың өлшемі туралы ғылым геометрия;
3) жұлдыздар туралы ғылымдар - астрономия және астрология;
4) гармония - осы үш саланы біріктіретін ғылым. Гармония барлық нәрселерге тән, ол дыбыстарда, әлемде және адамдардың жанында бар.
Әл Кинди осы төрт ғылымның негізгісі –ең біріншісі - сандар туралы ғылым деп есептейді: «Сандар болмаса, есептеуге жататын нәрсе де болмайды». Әл Кинди білімді екі түрге бөледі: сезімдік және ақыл-ой, зерделік. Біріншісі адамға да, жануарға да тән. Екіншісі - адамға ғана, ол математикалық білім, ол нанымға емес, дәлелдерге негізделген. Әл Кин-ди философияны осылайша рационалистік тұрғыдан түсіндіреді, бірақ оның шыңы – құдайылыққа жету дейді: «Ешқандай философ Мұхаммед уағыздары секілді қысқа, анық, қарапайым, толық жауаптар бере алмайды. Құдайы білімге логика да, математика да қажет емес. Нағыз философия - ақиқатты тану».
Әл Киндидің онтологиялық пайымдаулары да құнды: ол болмысты бес нәрсе сипаттайды дейді: материя, форма, қозғалыс, кеңістік және уақыт. Дүниені алла «ештеңеден» жаратты дей отырып, әл Кинди материяны негізгі, анықтаушы мән ретінде түсіндіреді: «Қандай нәрсе болмасын бәрі материядан құралған. Ол ешқашан жойылып кетпейді, өзінде барлық нәрсені ұстап тұрады». Әл Кинди форма дегеніміз мүмкіндік деп түсінеді, материяда ішкі мүмкіндік бар, материядан әр түрлі заттар пайда болады, осы заттар тудыратын мүмкіндік - форма. Мысалы, жылылық пен құрғақтықта - материя болса, екеуі біріккенде материя отқа - формаға айналады. Қозғалысты әл Кинди алты түрге бөледі: пайда болу, жойылу, өзгеру, ұлғаю, бір орыннан екінші орынға ауысу. Ал орын - денені нақтылы алатын кеңістігі. Уақыт - қозғалысты есептеуші сан, өткен мен болашақты байланыстырып тұрған ойдағы «қазір».
Әл Кинди философиясының маңызды бір бөлігі - оның өмір құбылыстарына деген философиялық көзқарасы, «философиялық өмір позициясы» теориясы немесе ортағасырлық психотерапевтік кеңестері:
...жағымды және жағымсыз
заттар табиғатынан солай емес,
әрекеттер мен күйлерді жиі
қайталап әдеттенгендіктен
1) Қайғы бір нәрсенің,
не өзіміздің, не бөтеннің іс-
2) Бізде болған
және басқалардың басына
3) Қайғылы болмаған адам жоқ, бірақ адамдардың бәрі де куанып, көңілде- неді. Себебі, қайғы адамның күйі ғана, ол туа біткен, тұрақты нәрсе емес.
4) Қайғы-мұңсыз өмір сүргісі келген адам-өмір сүргісі келмеген адам. Себебі, қайғы-мұң өмірдің ажырамас жағы.
5) Басқа адам біздегі нәрседен молырақ нәрсеге ие болса, көре алмаушылық, іштарлық көрсетіп, өз өмірімізді өзіміз уламауымыз керек. Біздің жанымыздың рухани байлығы біздің, тек қана біздің меншігіміз.
6) Біздің үлесімізді
Жаратушымыз кез-келген
7) Нағыз қайғыланатын болсақ, бұл қайғы абсолютті - толық және мәңгілік болуы керек. Бірақ біз қайғыланып керегі жоқ деп шешіп едік қой. Адам өзіне қажет емес, өмір сүруін ауырлатып, кедергі келтіретін көптеген нәрселерге ұмтылады.
8) Біз заттардың ақиқат мәнін айыруымыз қажет, нағыз жаман нәрсені ғана жек көру керек. Мысалы, өлім. Одан жаман нәрсе жоқ, бірақ ол адам «өмірінің ажырмас жағы және адам өлгеннен соң бақытсыздық пен азап жоқ интеллигибелді дүниеге көшеді.
9) Бірдеңені жоғалтқанда
адам өзінде қалған
10) Бір қайғы бізді күтіп тұрған қайғы-бақытсыздықтардың санын азайтады. Әл Киндидің бұл шығармасында антикалық идеялар көп кездеседі, сондықтан кейбір ойшылдар бұл еңбекті Фемистийдің араб тіліне аудармасы деп қателесті. Әл Кинди адам өмірінің мақсаты - бақытқа жету және оны ақыл-ой дүниесінен, интеллигибелді дүниеден іздеу керек деп түсіндірді (Алям аль Акль, аль Алям аль Акли - Әлем әл Ақыл, әл Әлем Ақыл).
Әл Ғазали (1059-1111) - мұсылман дүниесінде беделі мықты, Мұхаммед пайғамбардан кейінгі екінші мұсылман деген атаққа ие болған ойшыл. Мұсылмандық Шығыс жұртының әлеуметтік-тарихи дамуы Ибн Сина кезеңінен соң құлдырай бастады, бірақ мұсылмандық оқу орындары көбейді. Солардың бірінде, селжүк сұлтаны Мелик шахтың уәзірі Цизам Әл Мүлік Бағдатта ашқан теологиялық академияда әл Ғазали ұстаздық және басшылық етті. Ол үнемі ізденіс-күдік процесін басынан кешті, ақиқатқа Августин Аврелий секілді қиын жолмен жетті, фикх - мұсылмандық құқықтан дәріс бергенімен, өмірінің соңында таза сопылық жолына түсті. Әл Фараби мен ибн Синаны көп зерттеген әл Ғазали өзінің пікірлерін «Философтарды терістеу» еңбегінде баяндады.
Әл Ғазалиді ғылым мен философияны мүлдем теріске шығарушы деп санауға болмайды. Мысалы, ол математика, физика, медицина, логиканың практикалық пайдасын мойындайды, бірақ белгілі бір шекара болуы қажет, ғылыми тұжырымдарды теологиялық сұрақтарды шешу үшін пайдалану дұрыс емес, себебі философтардың бәріне сенбеу және құдайсыздық тән дейді. Әл Ғазали философтарды үш категорияға бөледі:
1) дахриттер - Эмпедокл, Анаксагор, Демокрит және тағы басқа ежелгі философтар. Олар жаратушыны мойындамайды, дүниені мәңгілік деп есептейді;
2) жаратылыстанушылар - бәрін табиғи себептер арқылы түсіндіреді, о дүниені жоққа шығарады;
3) метафизиктер-Сократ, Платон, әл Фараби, ибн Сина – «философия мұсылмандар».
Әл Ғазалидің пікірінше, олардың үш қателігі бар: 1) дүниені мәңгілік деп есептейді; 2) олар алла тек универсалды нәрсені ғана біледі жеке нәрсені білмейді деп алланың мүмкіндігіне шек қояды; 3) таза рух мәңгілігі қайта тірілту, жазалауды жоққа шығарады.
Әл Ғазали себептіліктің
объективті сипатын мойындамайды, заттардың арасын байланыстыратын алла деп
есептейді. Адам алла алдында дәрменсіз
деген әл Ғазали таза өмір сүремін деген
адам сопылық жолына түсуі қажет деп қорытындылайды
және өзінің сопылыққа жету тәжірибесін
баяндайды:
«...Маған кімде-кім тақуалық өмір сүрсе және дүние» қызығынан бойын аулақ ұстаса, сол ғана о дүниеде масайраудан үмітті екені, ...күйбең тіршілік мекенін тастап, мәңгілік мекеніне бет бұрып және өзіңнің барынтаңды ұлы мәртебелі аллаға аударып, жалған дүниемен қосақтаған жіпті үзу қажет екендігі, оны жасауға құрмет пен байлықтан бас тартқандар жалған күйбең және онымен байланыстан бойын аулақ салғандар ғана жете алатыны аян болды. Сонда мен өз жанарымды өз жағдайыма аудардым. Байқасам, менің өзім жан-жағымнан шырмап алған жалған байланысқа белшемнен батып тұрмын. Өзімнің қызметіме және ондағы ең жақсы, ізгі дегенге: лекция оқу мен дәріс беруіме көзімді тігіп едім, мені өзін о дүниеге сапар шегуге даярлаған адам үшін не маңызы, не пайдасы жоқ ғылымдардың еліктіріп келгенін көрдім. Өзімнің ұстаздық қызметімде жетсем деген мақсаттарым туралы одан әрі ойлана келіп, мен осы мақсаттарға қатысты ойларымның тұтасымен жалғыз аллаға арналмағанын құрмет пен даңққа жету болғанын білдім. Мен өзімнің жар жағасында тұрғаныма және жағдайымды түзетуге шұғыл кіріспесем, сөзсіз тамұққа баратыныма көзім жетті. ... Ұзақ ойландым. ...Он жыл.
...мәртебелі жасаған алла жолымен жүрушілер дәл осы сопылар екені, олардың тұрмыс салты ең жақсы тұрмыс салты екені, олардың жолы - ең дұрыс жол екендігі мен үшін мейлінше айқын болды.
...Сопылардың барлық харекеттері, барлық құпия және жария ойлар - пайғамбар хұзырынан құйылған нұрдан, ал жер бетінде адамдар өз бағытын түзейтін пайғамбар нұрынан өзге еш сәуле жоқ» (Әл-Ғазали. Адасудан арылдырушы. Ғарифолла Есім. Фалсафа тарихы. Алматы, 2000. 132-133 6.)
Осылайша пайымдаған әл Ғазалидің ойынша, алланы білмеу - у, жүрекке зиян ауру. Алланы білу - уға қарсы ем, жүрекке дәрі. Адам пайғамбарлардың айтқанымен жүруі керек, олар құдайы қасиеттерге ақыл-ойдың көмегімен емес, алланың нұры арқылы жеткен. Ақыл-ой пайғамбарлықтан, даналық сенімнен әлсіз деп қорытқан Ғазали дінді философиядан жоғары қояды.
Таза ағайындар (Ихван ас-сафа) туралы нақты мәліметтер жоқ. Олар құпия ұйымдардың немесе шиит секталарының (исмаилит, кармат, фатимид) бірі деген болжамдар бар. Негізгі еңбектері – «Таза ағайындар тракттарының» авторлары да белгісіз.
ІХ-ғасырдан бастап философия діни-саяси қозғалыстардың идеологиясына әсерін тигізе бастады, сондықтан бұл трактатты кейбір ғалымдар айтқандай, дінді философиядан қорғау үшін жазылған деуге болмайды, керісінше, дін өкілдері бұл еңбекте философиялық тұжырымдарға ұмтылды. Олар: «Біздің ағайындар ешқандай ғылымға қарсы емес, ғылымның барлық бағыттарын түгел қамтиды, біреуін бөле-жара қарастырмайды» дейді. Ресей ғалымы, ортағасырлық мұсылман философиясын кеңестік дәуірдің өзінде-ақ жан-жақты зерттеп, батыл пікірлер айтқан В.Игнатенко бұл пікірден олардың жеке секта емес екені көрінеді деп тұжырымдайды, оған біз де қосыламыз. Фалсафа тарихын қазақ жұртына алғаш таныстырған академик Ғарифолла Есім «Таза ағайындар» бірлестігі Бағдат халифатында Х-ғасырдың екінші жартысында Басра қаласында діни-философиялық бірлестік ретінде әл Киндидің ізімен қалыптасты және 51 томдық энциклопедиялық жүйе дайындады, негізгі мақсаттары исламға еніп кеткен қоқыстарды философия арқылы тазарту деген дұрыс пікір айтады. Не десеқ те, «Таза ағайындар» діни және философиялық білімдері өте мықты, жан-жақты дамыған ойшылдардың бірлестігі болғаны айқын. «Таза ағайындардың» мақсаты - әр түрлі идеялық ағымдар негізінде болмыстың синкретикалық концепциясын жасау. Олардың еңбектерінде Платонның, Аристотельдің, Пифагордың идеялары көп кездеседі. «Таза ағайындардың» Рухани Қала (әл Мадина ар Руханийя) туралы іліміне тоқталайық. Бұл еңбекте Платон, Аристотельдің «идеалды, мінсіз мемлекет» туралы ілімдерін дамытуға талпынысты көреміз, бұл мәселе ол Фарабидің еңбектерінде де кеңінен талқыланған.
Таза ағайындардың пікірінше, қоғамда адамдардың бірлігі қажет. Жалғыз адам бақытсыз өмір кешуге жаралған. Бақытты өмір үшін көп нәрсе керек, ал оның бәрін бір адам игере алмайды, себебі өмір қысқа. Сондықтан да әрбір қала мен ауылда адамдар бір-біріне көмектесу үшін бірігеді: біреулер құрылыспен, біреулер - саудамен, енді біреулер - ғылыммен айналысады. Тек осы жол арқылы ғана олар нашар өмірден құтыла алады. Адамдар бірігу үшін ағайындардың, ақылшылар мен достардың көмегі қажет, олар діннің мәніне бойлаған, заттардың ақиқатын біледі, сондықтан басқа өмірге жетудің жолын көрсетеді. Рухани Қалада әрбір адам өздерінің денелері бөлек болғанымен, жандарының бір екенін біледі. Рухани Қала күрделі, онда рухани бірлік пен жер бетіндегі адамдардың нақты бірлігі бар. Рухани Қала көкте, ол жерде бола алмайды, себебі қалалардың тұрғындарының адамгершілігі бұзылады; суда бола алмайды, себебі құйындар мен толқындар оны басып қалмауы тиіс; ауада емес, себебі оған бұзылған қалалардың ауасы көтерілмеуі керек. Рухани Қалада жақсылық, адалдық, рухани тазалықтың негізінде салынылуы тиіс. Рухани қалада тұратын адамдардың құрылымы:
1) қолөнершілер - ақыл мен сезім күші бар адамдар, бұл
сатыға адам 15 жасында жетеді;
2) саясаткерлер - ағайындары туралы қам жеп, мейірім мен аяушылық көрсетушілер (30 жастан кейін жетуге болады);
3) билікке ие билеушілер. Олардың міндеттері – тиым салу арқылы, жұмсақтық көрсете отырып тұрғындар арасындағы араздықтың алдын алу (40-тан асқанда);
4) періште күшіне ие болу - бұл саты жанның денеден құтылуы дайындық сатысы, оған 50-ден асқанда жетуге болады. Осы сатыға жеткендер ақиқатты көре алады, көкке өрлеп, Жаратқанмен кездесе алады.
«Таза ағайындар» Рухани Қаланы космостың ажырамас бөлігі, жоғарыдан төмен қарай өсетін рухани ағаш және адамдар бірлігіне бастаушы керек дейді. Олардың пікірінше, басқарудың екі түрі бар: «дене» және «рухани» басқару. Біріншісі - тирандармен билеушілер, олар адамдарды құлдарға айналдырады. Екіншісі адамдарды құдайы заңдар арқылы басқарады, о дүниедегі өмірде бақытты етеді.
«Таза ағайындардың» пайымдауынша, Рухани Қаланың басшысы, рухани басшы: Оның 12 қасиеті болуы тиіс: дене мүшелері жақсы жетілген; айтылған нәрсені тез қабылдауға қабілетті; есте сақтау қабілеті күшті ақылды; ойын жеткізе білуші; ғылымды сүюші; одан күшін аямайтын; өз қарамағындағыларға адал және мейірімді; жаны жомарт және ізгілікті байлыққа қызықпайтын; әділдікті сүюші және әділетсіздікті жек керуші қойған мақсатына жетуден талмайтын;
Рухани Қала басшысының бойында болуға тиіс бұл қасиеттер әл Фарабидің «Қайырымды қаласының» басшысының қасиеттерімен бірдей айырмашылығы – «Таза ағайындар» ілімінің діни мазмұны күштірек. Мысалы, олар заңды тағайындаушы Жаратқанның бар екендігіне сенімді болуы керек.
Рухани Қаланың бірінші басшысы өз тұрғындарының бойына төрт қасиетті сіңіруі қажет: 1) олардың әрбіреуі жаман нәрсе мен әсем нерсені айыра білетін ақылға ие болуы керек; 2) олар заңды тағайындаушы - бірінші басшыға ұқсауға ұмтылуы тиіс, істерінде де, сөздерінде де; 3) олардың әрбіреуінде заңды тағайындаушының қасиеті болып, оны үнемі зерттеуі қажет; 4) қаладағы әрбір топтың өз басшысы болады. ;
«Таза ағайындар» өздерін Рухани Қаланың үлгісі деп есептеді, олардың жолын қуушылардың көбеюі рухани әлемді құруға жеткізеді деп есептеді. бірақ өздерінің қоғамдастығына мүше болуға үміткерлерді мұқият тексеруден өткізуді, әсіресе, адамгершілік келбетіне басты назар аударуды талап етті. «Таза ағайындар» жастарға көбірек назар аударады, себебі жастардың жандары жазылмаған таза қағаз, ал қарттармен жұмыс жасау тек шаршатады, қарттардың ескі түсініктерін өзгерту қиын. Рухани қаланың адамдары ұйымшыл, бай кедеймен байлығын бөліседі, ал білімді адам наданға білімін үйретеді.
Информация о работе Орта ғасырлық христиан философиясының даму кезеңдері және негізгі ерекшеліктері