Таным философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 21:25, курсовая работа

Описание работы

Ақыл парасат, сана – сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып – білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үнілінді, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым – қатынасын белгілейді.
Басқаша айтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәлімет ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................2
Дүниенің танымдылығы туралы мәселе.................................................4
Таным субъектісі мен объектісі. Сезімдік және рационалдық.................6
Ақиқат.............................................................................................................8
Ғылыми таным және оның ерекшелігі......................................................11
Таным – адам қызметінің ерекше түрі......................................................16
Қорытынды........................................................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....

Файлы: 1 файл

Таным философиясы.doc

— 128.00 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

 

Кіріспе..................................................................................................................2

  1. Дүниенің танымдылығы туралы мәселе.................................................4
  2. Таным субъектісі мен объектісі. Сезімдік және рационалдық.................6
  3. Ақиқат.............................................................................................................8
  4. Ғылыми таным және оның ерекшелігі......................................................11
  5. Таным – адам қызметінің ерекше түрі......................................................16

Қорытынды........................................................................................................18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 
       Ақыл парасат, сана – сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып – білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үнілінді, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым – қатынасын белгілейді. 

Басқаша айтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәлімет ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады. 

Философиядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда дүниені танып – білуге болатындығын мойындайды. Диалектикалық материализмнің таным теориясының метафизикалық материализмінің таным теориясының ең басты екі айырмашылығы бар: ол, біріншіден, таным теориясына практика жайындағы ілімнің енгізілуі, екіншіден, таным теориясына диалектиканың қолданылуы. 

Диалектикалық материализмнің таным теориясы қоғамдық практиканың  негізінде дамитын және шындықты қоғам мүдделері үшін практикада қайта құру мақсатын көздейтін таным  процесінің заңдылықтарын зерттейді.  
Сонымен диалектикалық материализм таным процесінде бейнелеу принципін басшылыққа алады. Ал бейнелеу дегеніміз айнаның бетінен шағылысқан көру емес, оған механикалық тұрғыдан да қарауға болмайды. Бейнелеу – таным – білуге тиіс объекті мен танушы субъектінің арасындағы күрделі қарым – қатынас процесі. 

Сөйтіп, танымның субъектісі деп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік топтарды, кең мағынада алғанда, тұтас  тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады. Сонда – ақ, субъект өз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным объектісі ретінде қарай алады. Табиғатты, қоғамдық қатынастарды таным объектісі ретінде қарастыру қажет. Олар субъектінің өндірістік, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы таным объектісіне айлады. Бақаша айтқанда, таным объектісі дегеніміз материалдық және рухани дүниенің қоғаммен практикалық және теориялық тұрғыдан қарым – қатынасқа түсетін, нақты тарихи іс - әрекет барысында субъекті игерген бөлігі. 

Таным объектілері адамның  практикалық қызметімен тығыз байланысты және әрқашан соған тәуелді болады. Таным процесінің негізінде адамның объективті дүниеге тигізетін белсенді әсері жатады. Себебі таным адамның объективті құбылыстарымен байланысына, оларға тигізетін әсеріне және оларды өзгертугіне байланысты дамып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, таным дүниенің белсенді әрі нысаналы бейнеленуі деп қарастыруға болады. Қоғамдық практика таным процесінің қозғаушы күші болып табылады. Ол өмір сүру, іс - әрекет жасау барысында адамдардың алдына ұнемі шешуін талап ететін проблемалармен міндеттер қойып отырады.  
Қорыта айтқанда, таным процесіндегі субъект – объект, объект – субъект қатынастары, адамның ой санасы мен сыртқы практикалық қызмет арқылы байланысқан. Таным болмыстың жай ғана бейнесі емес, ол адамның практикалық қызметі барысында іске асады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Дүниенің танымдылығы туралы мәселе.

 

Таным дегеніміз адамның  дүниені рухани тұрғыдан меңгеру  процесі,оның мақсаты-ақиқатқа қол жеткізу. XIX ғасырға дейін таным теориялық-философияның шеңберінде онтологиямен бірлікте қарастырылады. Өткен ғасырларда, таным процесін зерттеу гнесеология(грек тілінен аударғанда-таным) атты өз алдына дербес ғылымға айналды.Соңғы он жылдықта философтар шет елдерде қолданып жүрген эпистемология ұғымын қолданып жүр,бұл ұғым (грек тілінен аударғанда episteme-білім) Эпистемология-бұл біздің әртүрлі пәндер жөнінде қалай білімге ие болатындылығымен,біздің білімдеріміздің шегі туралы,адамзатбіліиінің қаншалықты дұрыс екендігін анықтайтын философияның бір бөлігі. 

Философия тарихында  бұл сұрақа берілетін жауаптың екі түрлі тәсілі қалыптасты,олар: танымдық-реалистік және огностикалық.Агиостицизм-бұл адамзат пен қоғам заңдылықтарын,материалдық жүйелердің мәнін танып білу мүмкіндігін терістейтін ілім. 

Ежегі грек философы- софист Протагор қоршаған орта құбылыстарын тану мүмкіндігін қарай отырып, ”бұл құбылыстар қалай көрінсе, солай болады” деген көз қарасты ұстанып, әр түрлі адамдардың білімдері де әр түрлі дей келіп,қоршаған орта құбылыстары мен заттарын дұрыс,айқын да нақты танып білу мүмкіндігін жоққа шығарады.Софистер мектебінің алдына қойған мақсаттары, кез келген логикалық пайымдауларға,парадокс-софизмдерге сүйене отырып кез келген тұжырымдарды негіздеу болып табылады. Агностицизмнің бастапқы формасына скептизм жатады,мұның негізін салған Пиррон. Оның ойынша сезімдік қабылдаулар ғана дәл ақиқатқа қол жеткіздіреді, ал адасушылық дегеніміз құбылыстан оның негізін,мәнін тануға ұмтылар кезде ғана пайда болады деді. Пирронның ойынша,зат немесе оның мәні туралы кез келген тұжырымдамаларға оны терістейтін тұжырымдарды қарама-қарсы қою керек. Ойдың мұндай барысы Пирронды нақты тұжырымдардан бас тарту позициясына әкелді.  

Жаңа дәуірдегі агностицизмнің көрнекті өкіліне Д.Юм мен И.Кант жатады. Юмның ойынша, ғылыми эксперименттер мен қарапайым тәжірибеде салдар себептен ажыратылатындықтан салдар себепте айқын көрінбейді. Осыдан кейін Юм себеп салдарлық байланыстардың болу мүмкіндігін дәлелдеу мүмкін емес деді,өйткені олар тәжірибеден келіп шықпайды және себептен салдарды логикалық тұрғыдан айқындау мүмкін емес екендігін айтты. Бірақ та субъективті себептілік бар яғни біздің әдет дағдыларымыз,бір құбылыстың басқамен байланысын біздің күтіп және осы байланысты түйсіктерімізде бейнеленуі. Осындай психикалық байланыстардың әр жағында Юмның ойынша біз тереңдеп ене алмаймыз. Юмға қарағанда И.Кант санадан тыс материалдық заттардың блатындығына күмән келтірмей,түсіндірді. Канттың ойынша,тек құбылыстар әлемі берілмейді. Канттың позициясы әрі қарай И.П.Мюллердің “физиологиялық идеализм” концепциясынан, Г.Гельигальцтың “мерогилфтер теориясы” немесе “символдар теориясынан” және К.Пирсонның көз қарастарынан өз жалғасын тапты.

XIX және XX ғасыр аралығында агностицизмнің тағы бір түрі конвенционализм атты бағыт қалыптасты. Бұл бағыттың қалыптасуының ішкі ғылыми алғышартына жаратылыстану ғылымдарының теорияланып, ғылыми ұғымдар мен заңдардың рөлінің күшеюі әсер етті, өйткені бұлар таным тәсілі ретінде жаратылыстанушылар арасындағы 

Конвенциялардың, яғни келісім  шарттардың көлемін кеңейтіп, ұлғайтуда  дүниені теориялық тұрғыдан меңгерудің құрал-тәсілдерді таңдау мүмкіндігін айқындап береді. Конвенционализм дегеніміз ғылыми теориялар мен ұғымдар ғылымдар арасындағы келісім арқылы белгілі бір мәнге ие болатын философиялық категория ретінде анықталады. Конвенционализм өкіліне француз математигі және ғылым методологы А.Пуанкаре жатады. Оның ойынша, геометриялық аксиомалар тек шартты жағдайлар ғана, бір геометрия басқа геометрияға қарағанда шынайы ақиқат бола алмайды. Ол тек бізге қолайлырақ болады. Пуанкаре заттың өзі мен оның мәні арасындағы қатынасты бір бірінен ажыратып қарап, тек қатынастады ғана тануға болады деген болатын. Конвенциалистердің ұсынған прагматикалық критерийлері табиғи дүниенің заңдары мен материалдық жүйелердің мәнін танудың мүмкіндігіне күмән келтіреді. Пуанкаренің пікірінше, шарттардың мәні, символдар конвенционализм ғылыми таным принциптері мен көзқарастық пікірлер жүйесі ретінде батыс философиясында ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында батыс философиясында кең қолданыс тапты. Конвенционалисттік бағытты ұстанғандар К.Поппер, И.Лакатос, П.Фейерабенд және тағы басқа да ғалымдар мен философтар. Агностикалық концепциялар көптеген негіздері бойынша бір бірінен ажыратылады. Мектептің өкілдерінің есіміне байланысты Юм, Кант мектебі болып ажыратылады. Ал дәлелдеу және аргументтеу сипаты мен тәсілі жағынан этикалық, физиологиялық, кибернетикалық, иероглифтік агностицизм, материалистік және идеалистік, сенсуалистік және рационалистік агностицизм болып бөлінеді. Тағы бір бағыт гносеологиялық реализм деген атауға ие болды. Бұл бағыттағы көзқарас бойынша материалдық жүйелер әлемі сезімдік тұрғыдан қабылданатын қасиеттермен және қатынастармен ғана шектеліп қалмайды, бұлардың әр жағында маңызды байланыстар мен қатынастар жатады.  

 

2. Таным субъектісі  мен объектісі. Сезімдік және  рационалдық. 

 

Таным поцесі танушы субъект пен танылушы объектінің бір бірімен өзара байланысы мен өзара әрекеттесуі формасында өтеді.

Таным субъектісі ол –  адам, яғни өз санасында дүниенің құбылысын  бейнелеуге қабілетті индивид. Бірақ  адам дегеніміз тек белгілі бір  биологиялық қасиеттерге ие қарапайым индивид ғана емес, ол ең алдымен қоғамдық жан, қоғам мүшесі болғандықтан адам ойлап, таниды яғни қоғамдық сананың формалары арқылы танымның мазмұнына әсер етеді. Адамның ойы ол дүниенің шындығын ұғымдарда, тұжырымдарда, ғылыми теорияларда бейнелеудің белсенді ироцесі болып табылады.

Таным объектісі дегеніміз субъектінің танымдық қызметі бағытталған дүние немесе материалдық және рухани әлемнің процесі, құбылыс, зат, таным объектісін барлық материалдық немесе рухани дүниемен теңестіруге болмайды. Субъектінің танымдық қызметінің назарындағы дүниелер ғана объект бола алады. Ғылымның даму деңгейі мен адамдардың танымдық қызметінің деңгейі жоғары болған сайын ғылыми зерттеулердің қамтитын құбылыстарының да саласы кеңейе түседі.

Таным пәні дегеніміз таным процесінде белгілі бір объектілер арасынан ажыратып алынған дүниенің бір фрагменті. Танымның бір ғана объектісі әртүрлі ғылымдардың зерттеу пәні бола алады. Таным объектісі ретінде ойлау...

Ойлау сезімдік таным мен тәжірибеге сүйенеді. Ойлаудың арқасында адам құбылыстардың нақты көптүрлілігінен алыстап, бұларға тән жалпы да маңызды белгілерді айқындай түседі. Ойлау дегеніміз ойдың құрамының қызметін атқаратын тілмен және ойдың жүзеге асырылғандағы түрі сөзбен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Ойлаудың негізгі формаларына ұғым, пікір және ой қорытындысы жатады.

Ұғым дегеніміз - ойлаудың заттар мен құбылыстардың бейнелендіретін формасы. Ұғымдарда заттар және олардың арасындағы қасиеттер мен қатынастар ойға алынады. Ұғым дегеніміз бүкіл ойлау процесінің алға бастаушы жағдайын жасайтын ой қозғаласының маңызды моменті болып табылады, ұғым- мазмұны жағынан объективтік те, логикалық формасы жағынан субъективтік.

Пікір дегеніміз - зат пен оның белгісі арасындағы байланыста бейнеленетін ойлау формасы, яғни ұғымдардың байланысының көмегімен бірдеңе жайында не қостайтын, не терістейтін ойлау формасы. Егер ұғымның тілдік формасы сөз және сөздер тіркесі болса, пікірдің тілдік формасы грамматикалық сөйлем, пікірдің таным формасы ретіндегі бір ерекшелігі- ол не ақиқатты, немесе жалғандықты білдіреді, ештеңе білдірмейтін пікір болмайды.

Ой қорытындысы дегеніміз - екі немесе одан да көп пікірлерден қорытынды деп аталатын жаңа пікір тұжырымдап шығарудың логикалық тәсілі. Белгілі бір пікірге келу үшін адам ой қорытындысын жасайды.

Философия тарихында сезімдік таным  мен рациональдық танымның ара қатынасы жөніндегі мәселе жайында әртүрлі  көзқарастар мен пікірлер қалыптасқан. Нақ осы мәселені шешуге өзінше ұмтылған 3 түрлі философиялық бағыт бар, олар сенсуализм, эмпиризм және рационализм. Сенсуализм ұғымы сезім, түйсік дегенді білдіреді, яғни сенсуализм бағытын жақтаушылар шешуші роль атқарады деп санайды. Ежелгі дәуірлерде сенсуалистер ретінде киренайлықтар мен эпикуршылдар көрініс берсе, орта ғасырда сенсуализм кеңге жайылмады. Жаңа дәуірде сенсуализмнің негізін Д. Локк қалады, оның ойында «әуел баста сезімдерде болмаған нәрсе ақыл-ойда да болмайды» деп тұжырымдаған. Бұл көзқарасты Т. Гоббс пен Ф. Беркли жалғастырды. Сенсуализмді әрі қарай жүйелі түрде негіздеген француз ағартушылары болды, оның ішінде: Э. Кондильяк «қабылдау барлық рухани қабілеттерді қамти алады» деген болатын. Д. Юм болса бұрынғы сенсуализм өкілдерінің «сыртқы тәжірибесіне» ішкі тәжірибені әкеліп қосты. Юмның ойынша, тіршілік туралы пайымдаулардың барлығы  тәжірибеден тұрады, ал тәжірибе дегеніміз «әсерлердің» тасқыны ғана, олардың себептері беймәлім және танылмайды деді. Сенсуализм позициясын ұстанған Л. Фейербах болды. Сенсуализмге эмпириокритмизм мен позитивизм де жақын бағыт.

Эмпиризм дегеніміз сезім тәжірибесін білімнің бірден-бір көзі деп есептейтін, барлық білім тәжірибеге сүйенеді және тәжірибе арқылы алынады дейтін таным теориясындағы бағыт. Методологиянық көзқарас бойынша бұл барлық ғылым мен өмірлік практика және адамгершілік тәжірибеге негізделуі тиіс дейтін принцип болып табылады. Орта ғасырдағы номинализм эмпирикалық мәнге ие. Жаңа дәуір философиясында гносеологиялық эмпиризмнің негізін қалаған Д. Локк болды, ал методологиялық импиризмнің негізін қалаған Ф. Бэкон. XIX ғасырдағы эмпиризмнің өкіліне Д. С. Милль жатады. Қазіргі заманғы физика логикалық бағыттағы эмпиризмнен негізделген.

Рационализм- таным теориясындағы  жалпылық пен қажеттілікті- нағыз  білімнің логикалық белгілерін тәжірибеден  және оны қорытудан шығарумүмкін емес, танымның қайнар көзі ақыл-ой дейтін ілім. Ежелгі дәуірде объективистік рационализмнің тек жекелеген элементтері ғана өмір сүрді. XVII - XVIII ғасырларда субъективистік рационализм жүйесі қалыптасып, оның өкілдеріне Р. Декардт, Б. Спиноза, Б. Лейбниц, Х. Вольф жататын. И. Кант өзінің сынының жоғарғы синтезі арқылы эмпиризм мен рационализм арасындағы қарама қайшылықты жойғысы келді. И. Фихте, Ф. Шеллинг, Г. Гегель объективтік рационализмге жақындау болды. Нағыз рационалистік негізде тарихи материализм, прагматизм, марксизм, неовитализм, логизм, теориализм дамыды. Марксистік гносиологияда сезімдік таным, эмпирикалық тәжірибе мен ұғымдық рациональдық ойлаудың бір бірімен өзара әрекеттесуі, бір біріне өтуі жөніндегі тезис қалыптасты. Мұнда сезімдік және рациональдық таным танушы адамның жеке, дербес қабілеттері түрінде қарастырылмайды, керісінше шынайы танымда бұлардың бірлікте екенін дәлелдейді. Бұлардың бір бірімен өзара әрекеттесуі кезінде қызметтің екі түрлі типі көрініс береді, олар: практикалық қызмет пен теориялық қызмет. Практикалық қызмет барысында сезім органдары қоғам мен табиғаттың құбылыстарымен және заттарымен арасында тікелей байланыс пайда болады, бұл қызмет ойлау және ұғыммен тығыз байланыста. Ал теориялық қызмет сезімдік-образдық элементтер арқылы көрініп, практикалық қызметтің барлық формаларымен байланыста.  

Информация о работе Таным философиясы