Таным философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 21:25, курсовая работа

Описание работы

Ақыл парасат, сана – сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып – білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үнілінді, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым – қатынасын белгілейді.
Басқаша айтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәлімет ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................2
Дүниенің танымдылығы туралы мәселе.................................................4
Таным субъектісі мен объектісі. Сезімдік және рационалдық.................6
Ақиқат.............................................................................................................8
Ғылыми таным және оның ерекшелігі......................................................11
Таным – адам қызметінің ерекше түрі......................................................16
Қорытынды........................................................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....

Файлы: 1 файл

Таным философиясы.doc

— 128.00 Кб (Скачать файл)

Адамзат танымы, ойлау, білім, ақыл-ой көптеген ғасырлар бойы философиялық зерттеудің пәні болатын, кейін интеллекуалдық жүйе ретінде аталып кеткен кибернетика, компьютерлер мен компьютер жүйелердің пайда болуынан, жасанды интеллект деп аталатын бағыттардың дамуынан ойлау мен білім математикалық және инженерлік-техникалық пәндердің үлесіне тиеді. Компьютерлік модельдеу танымдық яғни, когнитивтік психология деп аталатын бағыттың шеңберінде танымдық қызметтің механизмдерін қарайтын зерттеулерге зор түрткі болды. Осы сияқты ойлаудың компьютерлік модельдеуі, зерттеулердегі математикалық және техникалық ғылымдардың әдістерін қолдану болашақта ойлаудың қатаң теориясын жасауға мүмкіндік береді. Компьютерлік ғылымдарда философиялық пәндер сферасына дәстүрлі түрде «білім» сөзінің қалай енгендігі мәселесіне көп назар аударылуда, яғни қалай, «білім» сөзі компьютерлік жүйелерді құрайтын бағыттардың аталуында қалай қолданылып жүргендігі туралы, «компьютер және білім» тақырыбы талқылаудың басты мәселесіне айналды, жасанды интеллект теориясы кейде білім жөніндегі, білімге қол жеткізудің тәсілі ретінде сипатталса жасанды интеллект тарихы білімдерді елестету әдістерін зерттеу тарихы ретінде түсінілді. Кейін білімдер базасы деп аталатын интеллектуалдық жүйенің компаненті пайда болды. Осыған байланысты білім жөніндегі мәселелердің 3 түрлі типі пайда болды, олар: технологиялық, экзистенциалдық және метатехникалық типі білім алу, білім мен әдістерге қалай қол жеткізу керектігі, соның тәсілдеін қараса экзистенциалдық түрі білім дегеніміз не, ол қалай болмақ, білімнің сеніммен немесе пікірмен ара қатынасы жөніндегі мәселені қарайды.Ал метатехнологиялық түрі технологиялық мәселелер мен олардың шешімдерін қарастырады.

 

5.Таным — адам қызметінің ерекше түрі


Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.

Таным — адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан өрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі — адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. Таным — адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады: — қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады); — қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады). Таным — білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі.

Таным теориясының философиялық пән ретіндегі зерттейтіні мыналар: тұтас түрдегі танымның сипаты, оның мүмкіндіктері мен шекаралары, білім мен шынайылықтың, білім мен сенімнің, таным субъектісі мен объектісінің ара-қатынасы, ақиқат және оның өлшемдері, танымның формалары мен деңгейлері, оның тарихи, әлеуметтік-мәдени негіздері, сонымен қоса білімнің түрлі формаларының ара-қатынастары. Қазіргі философияда таным ортақ мәселелердің бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Таным дегеніміз адамның  дүниені рухани тұрғыдан меңгеру  процесі,оның мақсаты-ақиқатқа қол жеткізу. XIX ғасырға дейін таным теориялық-философияның шеңберінде онтологиямен бірлікте қарастырылады. Өткен ғасырларда, таным процесін зерттеу гнесеология(грек тілінен аударғанда-таным) атты өз алдына дербес ғылымға айналды.Соңғы он жылдықта философтар шет елдерде қолданып жүрген эпистемология ұғымын қолданып жүр,бұл ұғым (грек тілінен аударғанда episteme-білім) Эпистемология-бұл біздің әртүрлі пәндер жөнінде қалай білімге ие болатындылығымен,біздің білімдеріміздің шегі туралы,адамзатбіліиінің қаншалықты дұрыс екендігін анықтайтын философияның бір бөлігі.

Таным өте күрделі, қайшылыққа толы, ұзаққа созылған процесс болғандықтан, оны іске асыру барысында тұрлі әдістер мен тәсілдер қолданыланына өзінен - өзі түсінікті. Кең мағынада әдіс дегеніміз белгілі бір мәселені шешу үшіни таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен әететтер жиынтығы. Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу. 

Таным теориясы адамзаттық философия тарихын, мәдениет пен  ғылым тарихын, техника мен практика жетістіктерін философиялық жағынан  қорытуының нәтижесі. Сонымен бірге  ол қазіргі ғылыми – техникалық революция және жаңаша ойлау жетістіктеріне сәйкес одан әрі тез қарқынмен дамуда. Қазіргі жағдайда біз таным теориясы ретіндегі диалектиканың практикалық және теориялық рөлі арта түскенің көріп – біліп отырмыз. 

Таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәлімет ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Философиялық сөздік. – Редкол: Р.П.Нұрғалиев, Ғ.Ғ.Акмамбетов, ж.б –Алматы, 1996- 480б.
  2. Мырзалы Серік. Философия, - Алматы: ʺБастауʺ, 2008 -644б.
  3. Делез Ж. Логика смысла. –М., 1995 – 456с.
  4. Философия: жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқулық. Құрастырған: т.Ғабитов. Алматы: Қаржы Қаражат. 2002 – 496б.
  5. Философиялық сөздік. – Алматы, 1996 – 420б.
  6. Философия тарихы: Оқулық. Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамебетәлі. – Алматы: Жеті Жарғы, 1999 – 288б.

 


Информация о работе Таным философиясы