Танымның философиялық тұғырнамалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2014 в 05:45, курсовая работа

Описание работы

Гносеология-адамның танымдық iзденiстерiнiң табиғаттың, бiлiмнiң шындыққа қатынасын, оның мәдениет және қатынастар-байланыстар жүйесiнде алатың орынының, даму шарттарын, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтары мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады.

Содержание работы

1.Танымның философиялық тұғырнамалары
2. Ойлау және тiл
3. Интуиция, оның таным мен шығармашылық процесiндегi ролi
4. Бiлiм түрлерi. Сенiм, пiкiр, түсiнiк
5. Ақиқат мәселесi

Файлы: 1 файл

реферат фил.docx

— 54.45 Кб (Скачать файл)

Таным процесiнде маңызды орынды сезiмдiк және рационалдының өзара қатынасы мәселесi алады. Бұл мәселемен байланысты екiқарама қарсы пiкiрлер қалыптасты: сенсуалистер - танымда сезiмдiк формалардың маңыздылығын арттыра бағалайды; ал рационалистер-керiсiнше абстрактiлi ойлау формаларына шешушi орын бередi. Ал сонғы кездерi бұл танымның екi түрлерiде маңызды екенiн, екеуiнде бiр-бiрiнен бөлiп қарастыруға, ажыратуға болмайтының дәлелдедi, өйткенi олар бiрi-бiрiнен өтiп жатады.

2. Адамға дүниенiн iшкi мәнiн үңiлуге, табиғаттың, қоғамның, рухани өмiрдiң даму заңдылықтарың бiлуге, адам санасының ең жоғары бейнелеу формасы-ғылыми абстракциялық, теориялық ойлау көмектеседi.

Санада заттың көп-түрлi бейнелерi қалыптасады, ойдың табиғаты тiлмен байланысты болып, оны әр-түрлi түсiнуге әкелдi:ассоциативтi психологиясында ойлау - есте бар образдардың қарапайым үйлесiмдiлiгiне әкелiп саяды, ұқсаттық, жақындастық, айырмашылық; бихевиоризм-сананы принциптi тiкелей байқауға болмайды деп, бейне тек қана ойдын туындысы деп, ойды психологиядан алып тастайды; вирцбург мектебiнiң психологтары - ойлау жалпы бейне түрiнде болмайды, өйткенi сезiмдiкке қатысы жоқ; гештальд психологиясы - ойлау дегенiмiз сананың тұйықты құрылымдарында ойдың қозғалысы, сондықтан да бейне мен ой пара-пар.

Ойлау-сезiмдiк қабылдаудың мәлiметтерiн талдап, “тәртiпке” келтiредi, яғни сезiмдiк қабылдау бере алмайтын жаңа бiлiм бередi. Бұл процесс, сезiмдiк танымнаң абстрактiлiк ойлауға өту- диалектикалық секiрiс болып табылады. Секiрiс нәтижесiнде ұғыну процесi iске асады: нақты сезiмдiк материалдан терең мазмұнды ойлауға көшу. Ойлау-заттар мен құбылыстардың мәндi қасиеттерi мен қатынастарын мақсатқа сай абстрактiлi, жанама және жалпылау формасында бейнелендiру процесi. Ойлаудың мақсаты- практикалық, теориялық мәселенi қою, шешу арқылы ақиқатқа жетуге талпыну.

Таным объектiсi iшкi және сыртқы, құбылыс және мән, жекеде және жалпылықтан тұрады; сезiну- сыртқы, құбылысты және жекенi бейнелеу болып келсе, ойлау - iшкi, мәндi және жалпылық тұрғыдан түсiну болып табылады. Ойлау процесi (күнделiктi- практикалық, ғылыми-теориялық, көркемөнер де жанама ойқортындылар жасау арқылы жүзеге асады. Ойлау таным формаларымен жанама байланысты: сезiмдiк әсер, символдық бейнелер, тiл, таңба-белгiлер жүйесi, өнер тiлi. Бұл жүйелердiң элементтерi ойлаудың абстракциялау және жалпылау сияқты логикалық операцияларың қамтамасыз етедi. Жалпылау деп белгiлi топқа, классқа жататын жекеше заттар мен құбылыстардың мәндi қасиеттерi мен белгiлерiнiн сол топқа жататын барлық нәрселерге ойша қолдануды айтады. Абстракциялау-нәрселердiң мәндi белгi, қасиеттерiн ойша бөлiп алып, мәнсiз белгiлерi мен жақтарына көңiл аудармау.

Сонымен, адамның қалыптасуы мен дамуында, таным мен ойлау процесiнде тiл маңызды және шешушi роль ойнайды. Ол адамға дүниенi игеруге көмектесiп, адамды “адам” етедi. Көптеген ойшылдар адамның танымдық және практикалық әрек барысында әлемнiң бейнесiнiң қалыптасуы, тiл аппаратына байланысты дейдi. Мысалы: Гумбольт- тiл туралы ойды дамытып, оны “халық рухынын” көрiнiсiнiң формасы деп түсiндi; Кассирер- тiлдi адамның туғаннан бар, символдармен қолдану қабiлетi деп түсiндi; Бергсон мен Гуссерль- сезiмдiк тәжiрибенi ерекше түрде өзгерту (трансформациялау) тiлдiн қасиетi туралы идеяны усынады, Айдукевич- ұғымдық аппаратты өзгерту жолымен жалпы әлемнiң беәнесiн де соған сай өзгертуге болады деп, тiлдi әсерледi.

Тiлдiң мән-мағынасын түсiну және оның ойлау процесiмен өзара арқатынасын анықтау, көп жағдайда тiлдiң бастапқы негiзiн ашып айқындаумен байланысты

Қазырғы философияда тiлдiн пайда болуын келесi аспектiлерде қарастырады:

1) әлеуметтiк-мәдени шеңберде, мұнда тiл болмыс сферасы ретiнде мәдениеттiң аса маңызды белгiсi болып қаралады, ал белгiлi бiр адамдар қауымы оның мәнiң айқындайды. Мұнда тiл диалог, сухбат жүргiзу мүмкiндiк ретiнде түсiндiрiледi, өз ойын жеткiзу және басқаны түсiну мүмкiндiгi, әр-түрлi тiлдердi жоғары тұрғыда бiрiктiру, ал жеке индивидуалдықты- жалпы ойлауға айналдыру;

2) философиялық- психологиялық контексте тiлдердiн негiзгi типтерi мен заттық, образдық, таңбалы, символдық және ойдың түрлерiн (практикалық, гуманитарлық, операторлық, көркемдiк, техникалық және теориалық) сараптап, олардың ерекшелiктерiн айқындап, екi жүелердiн арасындағы байланыстарды анықтау; 3) логико-гносеологиялық аспектiде, тiл болуы мүмкiн әлемдердiн бiрi ретiнде көрiнедi, оған белгiлi бiр логика және ойдың спецификалық заңдары тән. Мұнда логикалық заңдардың универсалдылығы және тiлдiң заттық аймағымен өзара байланысы маңызды болып келедi.

 

 

 

  1. Логика…дәлелдiң қаруы болып табылады, ал интуиция шығармашылық қаруы. А.Пуанкаре

Өзiнiң заттық және теориялық әрекеттер барысында адам көптеген қиын жағдайлар, мәселелермен кездеседi. Оларды шешу үшiн адам қатты ойланып толғанады, өзiнiң барлық интелектуалды мүмкiндiктерiн қолданады. Кейде күрделi мәселе аяқ астынан, өзiмен-өзi шешiлгендей болады. Бұл кезде интуиция туралы айтқан жөн. Интуицианың келесi түрлерiн атауға болады: сезiмдiк және интелектуалды, қарапайым және профессионалды (техникалық, ғылыми, медециналық, көркемдiк, педагогикалық т.б.). Тарихтан мысалы келтiретiн болсақ: Менделеев, Пушкин, Кукуле, Рассел шешiм түсте келген немесе Пуанкаре математикада автоморфты функциялардың болуы мүмкiн емес екенiң екi апта еңбектенiп тырысты, бiрақ шешiм аяқ-астынан көптеген ойлардың екеуi қосылып мұндай функциялардың бар екенiн дәлелдемесi болып шықты. Сонымен, бұл мысалдар интуицияның келесi факторлармен байланысты:

* миға аяқ-астынан, тоспаған жерде  кенет шешiмнiң пайда болуы;

* шешiмдi тiкелей көру және оған жанама түрде жету;

* шешiмнiң жаңа болуы, бұрында  үлгiсi болмаған, ештеңеге ұқсамайды (субъектiнiң өзiне);

* шешiмдi табу процесiнiң бейсаналығы, шiшiм табу жолдарының және тәсiлдерiнiң түсiнiксiздiгi, қайталамбастығы.

Егер айтылған факторларды есепке алса, интелектуалды интуиция деп дәлелдеменiң көмегiмен басқа шындықтан шығармай және тек сыртқы сезiмдермен қабылдамай, жанама түрде ақылдың ақиқатты тану қасиетi деген анықтамасына келемiз. Ал егер, интуиция бiлiмдi тiкелей сезiм мүшелерi арқылы қабылдау болса, онда бұл сезiмдiк интуицияның анықтамасы болады.

Интуицияны осылай, әр түрлi түсiну антика кезенiнең келе жатыр. Платон интуицияны “ерекше iшкi көз”, “ақылдың жоғары қасиетi”, аяқ-астынан жанама бiлiм алу деп түсiндi. Декарт интуицияны интелектуалды сфераға жатқызып, оны ақылдың мұқият және ашық түсiнiгi деп жариялады. Фейербах интуицияны сезiмдiк феномен деп түсiндi. Интуицияны бейсаналық сферасына жатқызған ойшылдар да болды, А.Бергсон инстинктi сияқты, З.Фрейд шығармашылықтың жасырын негiзгі принципы деп түсiндi. “Құдiреттi анық” деп түсiнуде бар. Қазіргі заман әдебиеттерінде келесi аңықтама берiледi: Интуиция- бұл ақиқатқа дәлелдемелер арқылы емес, оны тiкелей көрiп өту жолымен жеткен интелектуалды феномен. Мұны ғылыми зерттеулер дәлелдеп қана қоймай, олардың механизмiнде ашып көрсетедi. Бастапқы кезеңде, адам психикасында санасыздық деңгейiнде белгiлi түрде түсiнбейтiн сезiмдiк және ұғымдық бейнелер жинақталады. Сонан соң, осы санасыздық деңгейде интелектуалды операциялар арқылы сол бейнелердi “өңдеу” жүредi. Мұнда сезiмдiк бейнелер логикалық бейнелерге және керiсiнше өтуi болады. Дәл осы сәтте адам алдында тұрған мәселенi саналы түрде түсiну процесi өтедi, нәтижесiнде мәселе айқын да, нақты шешiлу мүмкiн. Интуицияның ең соңғы кезеңiнде аяқ-астынан шешiмге келу жалпы бiртұтас сезiмдiк-логикалық бейненiң қалыптасуы, санасыздықтың ең терен, ең түпкiрiнде жатқанның сыртқа саналық деңгейiне шығуымен байланысты болу мүмкiн. Уақыттық қатынаста бұл процесс ұзақ немесе тез, жылдам да болуы мүмкiн.

Интуиция адамның шығармашылық әрекеттерiмен де тығыз байланысты, өйткенi ол белгiлi бiр жанашылдықты қамтамасыз етедi; жаңа техникалық шешiм, дараөнердiң өзiндiк шығармасы т.б. Шығармашылық-дегенiмiз үнемi бiр жаңаны iздеу барысында белгiлiнiң, стандартты, дәстүрлi, үйреншiктiнiң шекарасын бұзуды бiлдiредi. Жоғары шығармашылықтың туындыларына сапасы жаңа материалды және рухани құндылықтарды, адамның үлгiлi емес әрекеттерiнiң нәтижесiнде пайда болған дүниеде аналогы жоқты айтады. Нағыз шығармашылық интуициясыз мүмкiн емес, мұнда саналы мен бейсаналы процестер қатар жүредi, екеуiн ажырату қиынға түседi. Сондықтан да, таным мен өнерде интуицианың маңызың жоғарлату немесе төмендету дұрыс емес. Интуициалық, сезiмдiк қабiлеттер интелект пен, адамның практикалық қызметiмен бiрге дамиды. Танымдық процестiн қажеттiгi бола отырып, интуиция адамның рационалды әректтерiн ынталандарады, кейбiр жағдайларда жаңа бiлiмдерге әкеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Бiлiм бұл еске түсiру.Платон.

Бiлiм- ең бiрiншiден танымның нәтижесi, бұл процесте адамның дүние туралы түсiнiктерi қалыптасады, ұғымдар қалыптасады, адам құбылыстар жайында өз пiкiрiн айтып, объетивтi дүниенiң идеалды моделiн, үлгiсiн жасайды, гипотеза немесе теория ретiнде. Бiлiм адамның практикалық қызметiнiң негiзi, оның тиiмдiлiгi (эффективность) қаншалықты адам нақты дүниенi барабар бейнелейтiне байланысты болады.

Таным теориясында дихтомия нақты және нақты емес бiлiмдер де орын алады. Нақты бiлiмдер тiлде ұғымдар мен пiкiрлер арқылы көрiнедi, индивид оны түсiнедi және оны онай айыруға болады. Бұл бiлiм объективтендiрiлген, интериориалған, әлеуметтiленген болып келедi. Оны практикалық және теориалық әрекетте оңай қолдануға болады, өйкенi ол рационалды, мәлiмденген (декларативно) және процедуралық болып табылады.

Бiлiмдi ұстаным-пiкiрден айыра бiлу қажет. Өйткенi, ұстаным-пiкiр бiлу мен бiлмеудiң аралығында орналасқан. Егер бiлiм белгiлi бiр тарихи қиырларда тұрақты болып келсе, пiкiр қысқа мерзiмде өзгерiп отырады. Егер бiлiм нақтылықпен, растылықпен байланысты болса, пiкiр- нақты емес, рас емес те болады. Дихтомия “бiлiм-пiкiр” антика кезенiнде басталды, оны екi түрлi тәсiлмен дәлелдеуге болады. 1) пiкiр (шынайы емес бiлiм ретiнде) адамға тән деп есептелдi, өйткенi оның танымдық мүмкiндiктерi шектеулi. Бiлiм шi, тек мүмкiндiктерi шексiз, құдайларға тән. 2) болмыс пен бейболмыс қарама-қарсы қойылатындай, бiлiм мен бiлiмсiздiк те қарама-қарсы қойылады. Пiкiр бiлiм де, бiлмегендiк те емес, ол екеуiнiң арасындағы орналасқанның өзi. Бұл-өзгермелi, жаңа қалыптасып келе жатқан бiлiм. Платон: “пiкiр қалыптасуға қатысты, аойлау- мәңге қатысты. Және қалай пiкiр қалыптасуға қатысты болады, солай ойлау пiкiрге қатысты” .

Философияда дихтомиядаң басқа да “бiлiм-сенiм” деген антитеза бар. Сенiм дегенiмiз не, оның бiлiмнеңн айырмашылығы неде? Гносеологиялық көзқарас бойынша сенiм-эмпирикалық және рационалды дәлелдеменi қажет етпейтiн, белгiлi бiр жайды қабылдау.

Адам “Мен ананы, мынаны бiлемiн” деп бекiткенде- бұл, айтқаның растылығы эмпирикалық жолмен дәлелденген, немесе бұрын расталынып айтылған негiздерге сүйенiп отырған белгiлi бiр пiкiрлердiн салдарың бiлдiредi. Егер айталған жайында бiреу күмәнданса, оны тексеру арқылы жоюға болады. Бiрақ мұнда келесi мәселе туады: егер рационалды қайта-қарау барысында алынған бiлiм басқа бiлiммен дәйектелген болса, онда алғашында алынған бiлiм өзi де басқа бiлiммен дәйектелiну керек. Басқаша айтқанда, әр бiлiмнiң нақты расталған дәйектемесi басы болу керек. Бiрақ бұл “бастаманы” қалай дәйектеуге болады? Оның дәйектiлiгiн растайтын не болады? Жауап бiр: бұл “бастаманың” растылығын тек “бастаманың бастамасы” дәлелдейдi. Солай ол шексiздiкке кетедi. Бұл шексiз процестi тек белгiлi бiр, алдын-ала расталмаған “бастаманы” мойындау арқылы ғана шешуге болады.

Сенiмнiң гносеологиялық түсiнiгiнен басқа түсiнiктерi де бар, онда бұл рухани феномен дiни көзқарастардың негiзi ретiнде қаралады бұл жағдайда сенiм дiни (догмаларды) қасаң қағидаларды мойындау, Құдайға берiлiп қызмет ету, дiни жол-жораларды бұлжытпай орындауды бiлдiредi. Дiни сенiмдер адамның өзiндiк мүдделерiмен, оның өнегелiлiк сезiмдерiмен және эстетикалық ұайымдарымен байланысты; ол бiлiмнiң ақиқаттылығына индифференттi.

Таным процесiнде адам әр-түрлi бiлiмдер алады, бiрақ ол әрдайым не бiлетiнiн түсiнеме? Мысалы, әр адам телевизордың пультiнiң қай кнопкасына басу керек екенiң бiледi, ал әр адам бұл дистанционды процесс қалай өтетiнiң бiлеме? Немесе студент белгiлi бiр қағиданы жаттап алып, оны практикалық жұмыста қолдана алмайды, өйткенi ол оны түсiнбейдi және кейбiр жағдайларда “түсiну” терминiң кейбiр бiлiмдерге қатысты қолданған орынсыз.

Сонымен, “бiлу” және “түсiну” дегенiмiз бiр ұғым емес. Түсiну-бұл ең бiрiншiден мәнге терең үнiлу, ол бiлiмге әкеледi. Ал мәннiң өзiн түсiну әр қилы болып келедi, көркем бейненi түсiну, ғылыми текстi түсiнуден айрықша. Түсiну-дегенiмiз бұл процесс те, сол сәтте бiрдененiң мән-мағынасын тану да. Түсiнудiң мұндай анықтамасы оны екi тұрғыдан қарастыруға мүмкiндiк бередi: 1) табиғи және (формальное) нысаншылдық тiлдердi логикалық және семантикалық тұрғыдан түсiну дi бiлдiредi, бұл аналитикалық философияға тән, жалпы әленiң модельдерi арқылы; 2) текстер мен мәдени құбылыстарды түсiндiру процедурасымен байланысты, оның мақсаты шындық дүниенi және адамның танымының ерекшелiктерiн түсiну, бұл герменевтикаға тән, текстiнiң жеке элементтерiне жалпы текстi түсiну. Герменевтика ұсынатын тәсiлдер (процедуралар): интерпритация-түсiнiктемелеу (граматикалық- сөздер мен сөйлемдерге анализ жасау, стилистiк- метафоралар, салыстыру, гиперболалар, тарихи- текстiн, автордың пайда болу кезенi, психологиялық- шығарманың авторының сезiмдiк-эмоционалды күйi), реинтерпритация, конвергенция, дивергенция т.б.

Философияда түсiнудiн келесi анықтамасы бар- әлеуметтiк практиканың нормативтi-құндылық жүйелер негiзiнде шындықты түсiну процедурасы. Мұнда түсiну адамның рухани-практикалық тәжiрибесiнiң нәтижесi деп алынады. Сондықтан да түсiну әлеуметтiк процесс болып табылады және онда тұлғанын белсендi қатысуы қажет.

5. Адамның алған бiлiмдерi оның есiнде “жүк” ретiнде қала бермейдi, ол оны өзiнiң практикалық әрекеттерiнде қолданады. Қоршаған әлем туралы алған бiлiмдерiне сүене отарып, адам бағдар (ориентируется) жасайды, бұл дүниеге белсендi әсерiн тигiзедi, оны мақсаттарына сай өзгертедi. Бiрақ әр бiлiм адамның көмекшiсi бола бермейдi. Өйткенi, бiлiм шынайы емес, терен емес болу да мүмкiн. Онда ол бiлiм керi әсерiн тигiзiп, адамның өмiрiнде қауып тудыруда мүмкiн.

Информация о работе Танымның философиялық тұғырнамалары