Танымның философиялық тұғырнамалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2014 в 05:45, курсовая работа

Описание работы

Гносеология-адамның танымдық iзденiстерiнiң табиғаттың, бiлiмнiң шындыққа қатынасын, оның мәдениет және қатынастар-байланыстар жүйесiнде алатың орынының, даму шарттарын, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтары мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады.

Содержание работы

1.Танымның философиялық тұғырнамалары
2. Ойлау және тiл
3. Интуиция, оның таным мен шығармашылық процесiндегi ролi
4. Бiлiм түрлерi. Сенiм, пiкiр, түсiнiк
5. Ақиқат мәселесi

Файлы: 1 файл

реферат фил.docx

— 54.45 Кб (Скачать файл)

Танымның мақсаты шынайы бiлiм. Шындық, ақиқат дегенiмiз не? Бұл сұрақ гносеологияның iргелi мәселелерiнiң бiрi. Философияда бұл мәселе жайында бiр қалыпты түсiнiк жоқ. Бiреулер, бiлiмнiң шындыққа сай келуi деп түсiнедi, бұл үйлесiмдiк немесе корреспонденция теориясы. Келесiлерi, ақиқат деген тәжiрибеде дәлелденгеннiң өзi дейдi, бұл эмпирикалық тұғырнама.Үшiншiлер, ақиқат бұл келiсiм шарт деп уағыздайды-конвенционалды теория. Төртiншiлерге, ақиқат бұл бiлiмнiң өзiндiккелiсiмдiлiгi- когеренция теориясы. Бесiншiлер, бiлiм тек пайда әкелгенде, практикада тиiмдi болғанда ғана ақиқатты болады деп есептейдi-прагматикалық тұғырнама. Ақиқат концепциясының дәстүрлi немесе классикалық концепциясы бiрiншi түсiнiгiмен байланысты. Ол көне замандарда пайда болды. Аристотель “үзiлгендi үзiлгендеп, байланыстыны байланысты дейтiн деп айтатың шындыққа жетедi”. Ортағасырларда, Фома Аквинский “ақиқат дегенiмiз интелект пен заттың арасындағы келiсiммен айқындалады”. Декарт “ақиқат- өзiнiң мән-мағынасында ойдың затқа үйлесiмдiлiгi”. Бұл пiкiрмен материслистер де, идеалистер де; диалектиктер мен метафизиктер де; теологтар мен атеистер де келiстi. Қазырғы заманда корреспонденция теориясы негiзiнде келесi түсiнiк қалыптасты: 1) ақиқатты түсiну объективтi және субъективтi шындықың бар екенiн мойындауды бiлдiредi; 2) ақиқат таным объектiсiмен, субъектiсiмен және оның практикалық әрекетiмен байланысты бiлдiредi; 3) ақиқат нақты болып табылады, оның мазмұны танымның нәтижелерiне баға берiлетiн нақты орынмен, және уақытпен себептелiнедi; 4) ақиқат шексiз процесс болып табылады, онда бiлмеуден бiлiмге, толық емес бiлiмнен толық бiлiмге өту болып жатады.

Сонымен, ақиқат-таным субъектiсiнiң практикалық бiлiмде алынатың шындықты барабар бейнелеу. Әрбiр ақиқат өзiнiң формасы жағынан субъективтi: ол субъектiнiң әрекетiнiң нәтижесi және субъектiден тыс өмiр сүрмейдi. Ол тұлғаның “iзiн” сақтайды, өйткенi ол өзiнiн әлеуметтiк-тарихи тәжiрибесiне сүйенедi. Ал, мазмұны жағынан ақиқат объективтi: адам санасынан тыс, одан тәуелсiз тұрған объектiнi адам санасында бейнеленуi. Мұнда, ақиқат тұланың ерекшелiктерiне, танымның тәсiлдерiне тәуелдi емес- ол жақсыз, жалпы ақиқатты.

Адамның және адамзаттың дамуымен объективтi дүние жайында бiлiмдер де өзгередi, өркениеттiн жаңа сатысына көтерiлуiмен бiлiм алу құралдары да өзгередi. Бұрын, басында танылмаған, танылады, белгiсiз болған белгiлi болады. Бұдан ақиқаттың салыстырмалы болатыны анықталады, ол екi аспектiде көрiнедi: 1) салыстармалы ақиқат қоғамның дамуының белгiлi бiр деңгейiне лайықты, сол бiлiмдердi алудын тәсiлдерiн себептейтiн толық емес, нақты емес бiлiмдер; 2) оларды алу шарттарына, орыны мен уақытына байланысты, тәуелдi бiлiмдер. Салыстырмалы бiлiмдердiн, оның бiрiншi анықтамасына сай келесi мысалды ретiнде кез келген ғылымды келтiруге болады. Әр ғылым, осы мағынада толық емес, толық аяқталған бiлiм емес болып келедi. Екiншi мағынасына сай мысал келесi қағиданы келтiруге долады “Зорлық бұл зұлымдық”, бұл қағида адмгершiлiкке қарсы мақсатта қолданған кезде ақиқат, ал қылмыскерлермен күрес жүргiзу барысында немесе отанының шекарасың қорғау кезiнде ол зұлымдық болмайды. Және бұл мысал ақиқаттың салыстырмалығы мен нақтылығының байланысын көрсетедi, келесi түiнге әкеледi: абстрактiлi ақиқат болмайды, ол үнемi нақты. Абсолюттi ақиқат бұл 1) шексiз дүниенi тұтас күйiнде түсiну мен байланысты толық жетiлген, сарқылған бiлiм; 2) келешекте терiстелмейтiн бiлiмдер. Бiрiншi жайда жалпы әлем және оның жеке салалары туралы толық жетiлген бiлiмдi аламыз, оған жету мүмкiн емес өйткенi адамның танымдық мүмкiндiктерi шектеулi және шексiзде, алуан түрлi дүние өзгермелi. Екiншi жайда еш уақытта терiстелмейтiн, тек толықтырылып, терендетiлiп отыратын және танымның кейiнгi барлық сатыларында шынайы болып қала беретiн бiлiмдi айтамыз. Мысалы “қозғалыс- дегенiмiз кез келген өзгерiс болып табылады”, “Қоғам- табиғаттың ерекше бөлiгi”.

Таным процесiнде абсолюттi және салыстырмалы ақиқат тығыз байланыста: абсолюттi ақиқат салыстырмалыдан құрылады, сондай-ақ салыстырмалы бiлiмдерде абсолюттi шынайы бiлiмдердiн бөлшектерi бар. Сонда абсолюттi және салыстырмалы ақиқаттар бiр бiлiмнiң әр түрлi қырлары болып табылады. Салыстырмалы бiлiмдерi абсолюттендiру релятивизмге әкеледi, ол танымның нәтижелерiне күмән келтiредi скептизм немесе объективтi бiлiмдi алу мүмкiндiгiн терiстейдi-агностицизм (Юм-бiлiм сезiмдiк таныммең, тәжiрибемен, ойдың мүмкiндiктерiмен шектеулi, сондықтан бiлiм сыртқы, мәндi емес, терен емес; Кант-“өзiндiк затты”танп бiлу мүмкiн емес, танылатың құбылыс қана-феномен, ал танылмайтын “өзiндi зат”-ноумен). Абсолюттi бiлiмді маңызын асыра дәрiптеу догматизм.

Ақиқатт проблемасын шешу барысында келесi ұғымдарға көңiл бөлу қажет: расталған және расталмаған (болымды, гипотетикалық) бiлiмдер, ақиқат, жалғандық және адасушылық. Расталған бiлiм-бұл объективтi, шынайы бiлiм. Және олар шынайы болып логикалық тұрғыда дәлелденген де, немесе эмпирикалық, эксперименталды, нақты дәлелдеңген кезде есептеледi. Мысалы, “Сократ пенде (смертный)” логика бойынша “бәр адамдар пенделi” және “Сократта адам”. Ал расталмаған бiлiм логикалық тұрғыдан толық дәлелденбеген немесе әлi практикада өз көрiнiсiн таппаған бiлiмдер. Мұндай бiлiмдер күмән тудырады және қосымша дәлелдемелердi қажет етедi. Мысалы, философияда өмiр және өлiм мәселесi, қажеттiлiк пен еркiндiк мәселелерi т.б. гносеологияның спецификалық феноменi адасушылық болып табылады. Егер өтiрiк– бұл шындықты әдейi бұрмалау болса, жалған бiлiмдердi шынайы бiлiм деп көрсетуге тырысқан пиғыл болып табылады, онда адасушылық әдейi емес бiлiмдi бұрмалау болып келедi. Адасушылық- бұл қателiк. Адасушылық- бұл шынайы деп қабылданған дұрыс емес, немесе керiсiнше қаралатың бiлiмдер. Адасушылықтың себептерi әр түрлi болады: психологиялық (жеке тұлға ұстанымдары, таптаурын-стереотиптер); логикалық (қортынды жасау ережелерiн бiлмей бұзу); гносеологиялық (танылатын объектi туралы қалыптасып қойған субъективтi пiкiр, сынаржақтылық және фрагментарлы бiлiм); әлеуметтiкмәдени (қоғамдық пiкiрге немесе идеологияға бағытталыну) т.б.

Ақиқаттың өлшемдерiне қоғамдық практика жатады: 1) ол таным процесiмен тiкелей байланысты, оның дамуын айқындайды және алынған қортындылардың растылығы мен толық болуын анықтайды; 2) практика, салыстырмалы, универсалды; 3) объективтi (өзгерiлетiн объект) және субъективтi (адамның белсендi-саналы әрекеттерi) жақтары бар; 4) практика сезiмдiк, абстрактiлi (жалпы) және тiкелей шындықты қамтиды.

Маркстiн философиясында практика кең мағынада қарастырылады, дүниенi және адамды өзгертуге бағытталған адамның мақсатталған сезiмдiк-заттық әрекеттерi деп. Практиканың мұндай жалпы түсiнiгi теориялық танымның басқа салаларында ақиқаттың жеке өлшемдерiн қлдануды терiстемейбi. Мысалы: жаратылыстану ғылымдарында- эксперимент және бақылау, өнер мәселесi мен айналысатың ғылымдар- жалпы мәдени, эстетикалық, этикалық өлшемдерге бой бұрады, математика немесе логика өте абстрактiлi ғылымдар ретiнде, олардың қағидаларың тiкелей тексеру мүмкiн емес- теориялардың “қолданбалығы”, басқа ғылымдарда, техникада, өндiрiсте көрiн табуы мен қатар формальды-логикалық (теорияның толықтығы, қарамайшылықтың болмауы, интерсубъективтiлiгi) өлшемдi қолданады.

Соңғы кездерде ақиқат критерилерiмен байланысты жаңа концепциялар пайда болды:

1. ақиқаттың когеренттi тұғырнамасы (Лейбниц, Спиноза, Гегель, Гемпель, Нейрат) бiлiмнiң байланыстылығын, жүйелiлiгiн, бiртұтастығын мойындайды. Мұнда логикалық өлшемдер басшылыққа алынады. Жалпы жүйеде бiр-бiрiмен байланысты үйлесiмдiлiкте пiкiрлердiн болуы, көп бұынды логикалық құрылым. Бұл тұғырнама нормативтi болып келедi, өйткенi субъектiден алшақ болып, бiрiншi орынға танымдық процедуралармен бiлiмнiң өзiне бередi.

2. ақиқатылықтың конвенционалды тұғырнамасы (Пуанкаре) мұнда ғылыми теориялар және онда қолданылатың ұғымдар объективтiшындықтың бейнесi емес, ол адамдардың арасындағы келiсiмнiң болу (конвенция) нәтижесi.

3. ақиқатылықтың прагматикалық тұғырнамасы (көне Қытай және антика философияда өз бастамасың алған- ақиқаттың практикалық құндылығын мойындау, маркстiк философияға да тән- ақиқаттың өлшемi практика болып есептелдi, Джемс, Дьюи, Пирс т.б. жалғасын тапты) ақиқат мақсатқа жетуге мүмкiндiк беретiн пайдалық. Олар өздерiнiң назарын ақиқаттың әлеуметтiк маңызына, оның комуникативтiлiгiне және қоғам мен мойндалуына аударды.

 

 

 


Информация о работе Танымның философиялық тұғырнамалары