Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 19:05, реферат
Бүгінгі күні адамзат қоғамы әртекті субъектілерден құралған күрделі организм болып табылады. Адамдар негізінен үлкен үш нәсілге (негроид, монголоид және европеоид) кіретін көптеген ұлттар мен ұлыстардың өкілдері болып табылады. Мұның сыртында олардың діни, саяси және әлеуметтік ерекшеліктерімен дараланады.
-Ынтымақтастық – идеалды
қатынас түрі, балаға деген сүйіспеншілік,
баланы түсіну, құрмет көрсету
талап бірлігімен ұштасады. Мұндағы
диктат, опека, «араласпау»
Ж.Қ.Мұқытова «Отбасынтану курсы
бойынша дәрістер жинағы» атты еңбегінде
қазіргі отбасындағы
Отбасындағы психологиялық саулық сақталмай, кикілжіңнің, зорлық-зомбылықтың әсерінен балалар бойында жағымсыз сезімдер мен эмоциялар туындайды.
Отбасы балаға адамдармен
өзара әрекеттесуге қатысты маңызды
тәжірибе береді, мұнда ол қарым-қатынас
жасауға, басқаларды тыңдауға және олардың
көзқарастарын сыйлауға, туған туысқандарына
шыдамдылықпен қарауға
Педагог ата-ананы қайта тәрбиелей алмайды, бірақ ата-анамен бала арасындағы өзара қатынасқа әсер ете алады және де арнайы жұмыс негізінде баланың өзгелерге деген қатынасын түзетуге болады.
Бала бойында толеранттылықты қалыптастырудағы педагогтардың ата-аналармен жүргізілетін жұмыстары отбасы қарым-қатынасы мен отбасы ерекшеліктерін ескеру негізінде іске асады.
Толеранттылықты қалыптастыру
күрделі үрдіс. Мұнда да мектеп психологы
мен сынып жетекшінің көмегінсіз
болмайды. Ең алдымен психологтың
көмегіне жүгінеріміз анық. Яғни тұлғаның
толеранттылық деңгейін диагностакалаусыз
оны қалыптастыру жұмысын жоспарлау
мүмкін емес. Сондықтан психолог түрлі
әдістерді пайдалана отырып тұлға
толеранттылығының қалыптасу
Біз ғылыми зерттеу жұмысын Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Сейфуллин орта мектебінде оқушылар мен ата-аналар арасында толеранттылық деңгейін анықтау мақсатында диагностика жүргіздік.
П.В. Степановтың «Егер
сіздің аяғыңызды басса .....» әдістемесін
оқушылар арасында пайдаландық. Толеранттылық
және интолеранттылық деңгейін анықтау
мақсатында 8–11 сыныптан 30 оқушыға
сауалнама өткізілді. Оқушылар арасында
өткізілген бұл сауалнамалар нәтижесінде
оқушылардың толеранттылық
Осы орайда оқушылардың басқаның көзқарасына деген шыдамдылығын және оған құрметпен қарау деңгейін анықтау үшін «Толеранттылық» тестін жүргіздік. Бұл тестің басты шарты: ойланбастан, тез жауап беру болып табылады. Бұл тестте оқушылардың қоршаған ортасына деген қатынасын анықтауға арналған сұрақтар қолданылды. Оқушылардың берген жауаптары олардың өз көзқарастарын нық қорғай алатындығын, диалог жүргізуге дайын екендіктерін көрсетті. Дегенмен кейбіреулері өз көзқарасын біреуге жүктейтіндігін немесе басқа адамдармен тіл табысуға кедергі болатындай мінездер танытатындарын жасырмады.
Бала тәрбиесінде ата-ананың
алатын орны өте зор. Ата-ана мен
балалар арасындағы толеранттылық
қарым-қатынас жасау
Сондай-ақ, ата-аналар мен оқушыларға арналған Н.И.Дереклееваның «Толеранттылық – адамгершілік мәдениетінің бөлігі ме?» атты сауалнаманы өткіздік. Сауалнамада толеранттылық пен патриоттық тәрбие туралы мәселелер қамтылған, сонымен қатар, мектепте қандай ұлт өкілдері оқитынын анықтау үшін 7-9сынып оқушыларына да зерттеулер жүргізілді. Осы сауалнамалар нәтижесінде толеранттылық деңгейі жоғары – 8 ата-ана, толеранттылық деңгейі жоғары емес – 11ата-ана, интолеранттылық дамуы жоғары деңгейде – 4ата-ана, интолеранттылық даму деңгейі жоғары емес – 5ата-ана екені анықталды. Соңында сауалнаманың нәтижесі бізді қатты қуантты, өйткені ата-аналар да, оқушылар да өзге ұлттарға сыйластықпен және мейірімділікпен қарайтындығы көрінді [5].
Оқушылар арасында толеранттылық жөнінде тәрбие беру түсініктері мен білімдерін жетілдіру мақсатында келесідей жаттығулар өткізілді:
«Сиқырлы үстел не болмаса, Мен қандай жақсымын», «Алты түрлі түсті қалпақтар», «Екі портрет», «Бізді Сізбен біріктіретін ...».
Сондай-ақ оқушылармен қатар олардың ата-аналарымен де бірнеше жұмыс түрлерін өткіздік. Солардың бірі ата-аналарға арналған «Ой жинақтау» тренингі.
Мақсаты: қазіргі кездегі
баланың дамуына, жеке тұлға болып
қалыптасуына, толеранттылыққа тәрбиелеуде
ата-ана тәрбиесінің әдіс-
Сонымен қатар, ата-аналармен дөңгелек үстелде жағдаяттарды талқылап, пікір алыстық. Кейін ата-аналарға «Үйлесімді отбасы» атты қытай аңызы бойынша рефлексия жүргіздік.
Соныңда ата-аналарға біздің тарапымыздан төмендегідей кеңестер ұсынылды:
Егер баланы тұрақты сынап тұрса, ол жеккөруге үйренеді.
Егер бала дұшпандықта өмір сүрсе, ол басқыншылыққа үйренеді.
Егер баланы келекелесе, ол тұйық болып өседі.
Егер баланы жиі кінәласа, ол өмір бойы кінә сезімімен өмір сүреді.
Егер бала шыдамдылықта өссе, ол басқаларды түсінуге үйренеді.
Егер балаға дем берсе, ол өзіне сенуге үйренеді.
Егер баланы мақтаса, ол мейірбан болуға тырысады.
Егер бала адалдықта өссе, ол әрдайым әділ болуға тырысады.
Егер бала қауіпсіздікте өмір сүрсе, ол адамдарға сенуге үйренеді.
Егер де бала оны түсініп, оны құрметтейтін ортада өмір сүрсе, ол өмірде жақсылықты көріп, таба біледі.
Жоғарыдағыдай іс-шаралар өз кезегінде жалғасын тауып отырса, онда әлемде, мемлекетте, ұлттар, адамдар арасында түсінушілік, мейірімділік, достық, төзімділік қасиеттері жетіліп, ал шиеленістер болған жағдайда дұрыс шешімі табылып, сыйластық қарым-қатынас орнары сөзсіз. Сонда ғана әлемдегі барлық халықтар татулықта, бейбітшілікте өмір сүре алады.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, отбасында оқушыларды толеранттылыққа тәрбиелеудің қажеттілігі бүгінгі күнде шешімін қажет ететін өзекті мәселелердің бірі екенін дәлелдеп отыр.