Қытай философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2015 в 18:20, реферат

Описание работы

Біздің заманымыздан бұрын VIII—VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207ж.-б.д.220 ж.). Зерттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған.
Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б.ж.с.д. 110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен:
1. Инь және Ян мектебі.
2. Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер.
3. Моистер мектебі.
4. Атаулар мектебі.
5. Заңгерлер мектебі.
6. Күш пен жол мектебі (дао цзя).

Файлы: 1 файл

Қытай философиясы.docx

— 89.04 Кб (Скачать файл)

хБіздің заманымыздан бұрын VIII—VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207ж.-б.д.220 ж.). Зерттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған.

Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б.ж.с.д. 110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен:

1. Инь және Ян мектебі.

2. Конфуций мектебі  немесе әдебиетшілер.

3. Моистер мектебі.

4. Атаулар мектебі.

5. Заңгерлер мектебі.

6. Күш пен жол мектебі (дао цзя).

Осылардың алғашқысы, яғни Инь және Ян мектебі өз бастауын «Өзгерістер кітабынан» (б.ж.с.д. VII-VII ғасырда) алады. Бұл кезең мифологиялық дүниетанымның тарих сахнасынан көшіп, философиялық көзқарастарға орын босата бастаған кезі болатын.

Инь және Ян — әлемнің бастауында тұрған мәндер. Бірақ олар туралы ілім дуалистік сипатта емес, себебі барлық болмыс ол екеуінің біртұтастығы арқылы ғана бар бола алады. Демек, олар диалектикалық бірлікте болатын қарама-қарсылықтар. Инь және Ян қағидалары аспан мен жер, ұрғашы мен еркек арасындағы қатынастармен тығыз байланысты, әрі олардың дамуына нұсқайды. Белсенділік көбіне Янға тән болады да, Инь енжарлық танытып отырады. Бірақ олардың бірлігі — диалектикалық дамудың көзі. Нәтижесінде заттар мен құбылыстар өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер адамдарға да қатысты болады. Аспан, жер, адам — бұлар үшкілдік бірлікте белгілі бір даму жолымен (дао) тіршілік кешеді.

Екінші мектеп Конфуцийдің атымен тығыз байланысты. Конфуций (қытайша Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе Кун-цзы, ұстаз Кун деген атпен белгілі) б.ж.с.д. 551 79 жылдары Лу патшалығында өмір сүрген. Ол кедейленіп  қалған ақсүйек әскербасының семьясында дүниеге келді. 22 жасынан бастап ұстаздық жұмыспен айналысты, атағы бүкіл Лу патшалығына жайылды. Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын. Олар – тіл, ахлақ, саясат және әдебиет. Конфуций елу жасында Лу патшалығында көрнекті саяси қайраткерге айналды. Алайда, сарай төңірегіндегі саясатшылардың жаласынан он үш жыл бойы ел аралап қаңғырып   кетуге   мәжбүр   болды.   Бірақ  та   басқа   Қытай мемлекеттерінде оның жаңа ілімі ешқандай қолдау таппады да, 484 жылы туған Отанына қайта оралған еді. Конфуцийдің ілімі туралы оның шәкірттері жазып қалдырған «Лунь юий» («Сұхбаттар мен пікірлер») атты еңбектен мағлұмат аламыз. Онда Конфуцийдің ойлары мен тұжырымдары, қағидалары мен пікірлері жинақталған. «Лунь юий» — біздің заманымызға дейін сақталған бірден-бір мәдени ескерткіш.

Конфуций өзіне, ұрпақтарына және шәкірттеріне арнайы бөлінген қорымға жерленген, оның тұрған үйі қазіргі кезде атақты ғибадатханаға айналған.

Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмейді. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік», — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы.

Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол — алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жэнь), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді.

Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь-цзы мектебі. Бұл екі бағыт та Конфуцийдің шәкірттері Мэн жэне Сюньнің аттарымен аталады. Мэн-цзы Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге түсірумен ғана айналыспаған, сонымен қатар, жаңа ойлармен толықтырьш отырған.

Мысалы, «адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған» деген қағида Мэн-цзы философиясының негізгі өзегі болып табылады.

Сюнь-цзы Конфуций іліміне материалистік нышан енгізген. Әлемнің негізі материалдық күш (ци) және оның екі түрі болады (инь жэне ян). Әлем өзінің табиғи заңдылықтары арқылы өмір сүреді, көк тәңірі — әлемнің құрамдас бөлігі ғана, оны зерттеп, сырын ұқса адамдардың мақсат-мүдделеріне пайдалануға болады, Бақытты, бақытсыз болу, сау немесе ауру, бай немесе қайыршы болу адамдардын өзіне ғана байланысты. Бұл тұжырым Абайдың ауруды жаратқан Құдай, бірақ нақты адамды ауру қылған Құдай емес; байлық кедейлікті жаратқан Құдай: бірақ белгілі бір адамды бай немесе кедей қылған Құдай емес, адамның бақытты яки бақытсыз болмағы өзінен дейтін ойымен үндесіп жатыр.

Тек тәрбиелеу жұмысы арқылы адамгершілікке баулып, адамның ежелгі табиғатын өзгертуге болады. Өмір бойы өзін-өзі жетілдіруте құлшыну — адамдық парыз. Қытай қоғамдық өмірінде Сюнь-цзы философиясы да көрнекті орын алған. Әсіресе, оның мемлекеттік басқару ісін жетілдіру жөніндегі тұжырымдары күні бүгінге дейін өз манызын жоймақ емес, өйткені, бұл мәселеде бірінші кезекте халықтың мақсат-мүддесін ойлау керек, мемлекеттік іс-шараларды мейірбандықпен жүзеге асыру керек деген қағидалар шынымен де қандай болмасын ілімнің құнын арттыратыны сөзсіз.

Конфуцийдің ілімі Қытай қоғамы үшін талай ғасырлар бойы ресми ой-саналық қызмет атқарып келді. Тіпті, XX ғасырдың екінші жартысында «Қызыл террор» арқылы қартайған әріптестерін саяси сауатсыз хунвэйбиндер мен цзаофандардың қолынан қырғын таптыру саясатын жүргізген Мао Цзэ-дун «Сяо» қағидасын өрескел бұзғандығын түсініп, Конфуцийге қарсы, оның «қателері» жөнінде саяси науқан ұйымдастырды емес пе? Арасын жиырма алты ғасыр бөліп тұрған бірі өлі, бірі тірі адамның арасында идеологиялық майданның ашылғандығы да Конфуций ілімінің өміршеңдігін көрсетпей ме?

Моизм мектебінің негізін салушы Мо Дидің (б.ж.с.д. 479-391 ж.) баса көңіл аударған негізгі мәселесі әлеуметтік ахлақ болып табылады. Бұл мектептің ілімі Конфуцийге мүлдем қайшы келетін. Өйткені, оның негізінде дерексізденген жалпы сүйіспеншілік жататын. Теориялық іспен айналысу — бос уақыт өткізумен бірдей. Адамдарға керегі нақтылы дене еңбегі, оның пайдалы нәтижесін, өмір үйлесімділігін көкке тән жігер реттеп тұрады-мыс. Кейіннен Мо Дидің ізбасарлары таным мәселелеріне көңіл бөліп, ұстаздарының қош көрмеген онтологиялық сұрақтарға жауап іздеген көрінеді.

Атаулар мектебі заттар мен құбылыстардың тілде бейнелену сәйкестілігіне баса назар аударды. (Мұндай мәселе Еуропалық философияда, яғни ортағасырлық схоластикада ондаған ғасырдан кейін ғана қарастырылған — автор).

Ал, заңгерлер мектебіне келетін болсақ, онда оның назары саяси-әлеуметтік мәселелерге ауып, мемлекет пен құқықтың шығу төркінін, олардың мәнін, мақсаттылық қызметін зерттеуді қолға алған. Бұл орайда, Конфуций ілімін өткір сынға алып, өздерінің көзқарастарын жасақтаған. Бұл мектеп Хань династиясының кезеңіне сай қалыптасқан деп білеміз. Оның іргетасын қалаушылардың бірі Шан Ян: «Кім ақылды болса, ол заң шығарады, ал кім ақымақ болса, ол заңмен шектеледі. Қабілетті тәртіпті өзгертеді, ал, қабілетсіз тәртіп арқылы шырмалады. Тәртіпке шырмалған адаммен іскерлік туралы, ал заңмен шектелген адаммен өзгерістер туралы әңгімелеудің жөні жоқ» депті.

Заңгерлер мектебі тәртіп (ли), жақсылық (дэ), адамгершілік, инсандық (жэнь) категорияларын қалыптастырып, дамытқан. Дао (жол) заттар мен құбылыстардың даму тәртібін белгілейді. Олардың мазмұны қатып қалған күйде болмайды, керісінше өзгеріп отырады. Бұл орайда Инь және Янның бірлігі арқылы жүзеге асырылады.

Қоғамдағы тәртіп дегеніміз кемшіліктерді сырттай мойындау. Мұның орнына билеуші мен қоғамның арақатынасын қайтадан реттеу керек. Билеуші заң (фа) немесе өкім (мин) шығарады, алайда олар қоғамның терең қатпарларына жетпейді (увэй). Себебі олар тек марапаттау мен жазалау жүйелеріне байланысты ғана шығарылған.

Егер заң (фа) мен өкім (мин) өзгертіліп отырса, онда адамдардың да іс-әрекеті заман талабына сай өзгеріп отыруы тиіс. Өйткені, билеушінің орны көк тәңірінің қолдауымен белгіленген…

Заңгерлер мектебінің негізгі фәлсафалық тұжырымы «жаңа заманға ескі киім кигізуте болмайды» дегенге келіп саяды. Жаңа заман талаптарына сай жаңа заңдар шығарылуы тиіс. Жаңа тарихи шындық үшін басқарудың соны тәсілдері қажет. Конфуцийлік ілімнің нұсқауына ерік ескі тәртіпке қарайлай берудің пайдасы жоқ. Алайда, осы пікірдің авторы Хань Фэй, Цинь императоры Шихуанның оны қатты мойындап, қалған басқа мектептерге тиым салғанына қарамастан, өз атымен байланысты қалыптасқан қатыгез басқару тәсілінің салдарына шыдамай өзіне-өзі қол салған дейді, көне деректер.

Конфуцнй іліміне қарсы шыққан тағы да бір атаулы философиялық мектептің ілімі даосизм деп аталады. Даоның қазақшасы «жол» деген сөз.

Бұл ілімнің негізін қалаушы б.ж.с.д. VI ғасырда өмір сүрген Лао-цзы. Бұл «кәрі ұстаз» деген ұғымды білдіретін лақап ат. Ал шын аты-Ли Эр. Көне Қытай ескерткіштерінде аты аңызға айналған Лао-цзы б.ж.с.д. 604 жылы туылған деген мағлұмат бар. Бірақ көптеген Қытай зерттеушілерінің өздері бұл мағлұматтың шындығына күмән келтіреді. Лао-цзы 160-200 жыл ғұмыр кешкен деген де мәлімет бар. Ол патша сарайында тарихшы, мұрағат меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қартайып қалған кезінде Конфуциймен кездесіп сұхбаттасқан да екен. Лао-цзы өзінің ілімінде, негізінен алғанда, үш қағидаға сүйенеді, олар — дао, дэ, у-вэй. Дао — әлемдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеттері. Дао тек дэ арқылы белгілі болуы мүмкін. У-вэй қағидасы әрекетсіздікті білдіреді. Ол - даоға кереғар қағида. Дао — өмірдің қайнар көзі, белсенділіктің үлгісі. «Дао» — заттардың өмір сүру заңы «цимен» бірігіп, әлемнің түпнегізін құрайды. Әлемде барлығы қозғалыста болады, олар үнемі өзгеріп отырады, тіпті, осы өзгерістердің нәтижесінде заттар мен құбылыстар өздерінің қарама-қарсылығына айналып отырады. Айталық, суық жылиды, сұйық қатады, жақсылық жамандыққа айналады, т.т. Сайып келгенде, әділеттілік жеңеді, әлсіздер күшіне енеді, дейді Лао-цзы. Ол үстем таптың өктемдігіне қарсы болды, шектен шыққан ысырапшылдықты жоюға, алғашқы қауымдық өмірге қайта оралуға шақырды.

Әрине, заманындағы ғылыми танымның даму дәрежесінің төмендігіне байланысты даосизм анайы материалистік сипатта болды. Бұл ілімде алғашқы диалектикалық ой-пікірлер бой көрсеткенімен дәуір ауқымынан шығандап шыға алмады. Біздің эрамызға жақын дәуірде ежелгі Қытай жерінде қоғамдық даму тоқырауға ұшыраған еді. Үстем таптардың өзара қырқысқандары, бірнеше мемлекетке бөлінген Қытайдағы орын алған патшааралық соғыстар еңбекші халықты әбден күйзелткен болатын. Осындай жағдайларда Лао-цзы ілімі діни-мистикалық сарынға бой ұрып, бірнеше тармақтарға бөлініп кетті. Алайда, Лао-цзыдын өз басын қатты қадыр тұтқандықтан, қытайлықтар әлі күнге дейін оның аруағын сыйлап, бас иеді, жерленген зиратына мінажат етеді.

 

 

 

 

Живот и бока уйдут за 12 дней! Женщинам достаточно пить 1 стакан...



 
5. Көне Қытай философиясының негізгі ағымдары. 
 
1. Даосизм философиясы. 
 
2. Конфуции философиясы. 
 
Біздің эрамыздан бұрынғы III ғасырда Қытайда бірнеше философиялық ағымдар қалыптасты.

  1.  
    Даосизм
  2.  
    Конфуцишілдік
  3.  
    Инь – ян
  4.  
    Моизм
  5.  
    Легизм
  6.  
    Есімдер мектебі

 
Қытай дүниетанымның негізгі ерекшеліктері:

    •  
      Қытай мемлекетін бүкіл әлемнің орталығы деп есептеу;
    •  
      Жеке оқиғаны, жалпы тарихты циклдық процесс ретінде қарастыру;
    •  
      Аспан мен жер алдында жер бетінде ғарыштық циклдардың дұрыс іске асырылуы үшін өзінің жауапкершілігін түсінуі;
    •  
      Адамды, табиғатты, космосты біртұтастық ретінде қабылдау;
    •  
      Сананың бұрынғы күнге ұмтылысы, өзгерістерге қорқынышпен қарау;
    •  
      Ұжымнан жеке адамның бөлінбеуі;
    •  
      Жеке адамның әлсіздігін мойындау және ұжымның күшіне бас ию;
    •  
      Қоғамда вертикальді байланыстың қанат жаюы, адамаралық қатынастарда субординацияны ұстау, мемлекет басшысын керемет бірліктіруші күш ретінде қабылдау;
    •  
      Барлық қарым – қатынастарда конформистік ұстанымда болу;
    •  
      О дүниедегі емес, осы тіршіліктегі өмірді құрметтеу;
    •  
      Қарияларды, жасы үлкендерді құрметтеу.

 
Қытай философиясының өзекті мәселесі адам проблемасы. Ол өз болмысында космостық қуаттың (энергияның) үш түрін біріктіреді:

    •  
      цзин
    •  
      ци
    •  
      шэнь

 
«Цзин» - тірі организмнің бастауы, яғни барлық, тіршілік иелерінің бастауы. 
 
«Ци» - барлық тіршілік иелерін құрастыратын материалдық – рухани қуат. 
 
«Шэнь» - адам тұлғасының өзегін білдіретін рухани қуат. 
 
Қытай философиясының ең көрнекті ағымы даосизм, оның негізін Лао-Цзы қалаған. Лао-Цзы «Кәрі ұстаз философ» деп аударылады, яғни бұл құрметті лауазым «Цзы» деген қосымша «бала» немесе «философ» мағынасын береді. 
 
Лао – цзы - Конфуцийдің үлкен замандасы. Ол «Дао дэ цзин» деген еңбек жазған. Бұл кітап – тақырып бойынша жинақталған афоризмдер жинағы. 
 
Трактаттың атын былай анықтауға болады: 

    •  
      Дао – жол (заттардың)
    •  
      Дэ – жанның эманациясы (көрінісі)
    •  
      Цзин – мән

 
Жалпы кітаптың атын «Жолдар мен оның көріністері туралы кітап» деп алуға болады. 
 
Көне Қытай философиясы білім мен ізігілік мәселесін қатар қояды. 
 
Ізгілік жолы оңай емес. Ізгілік өте нәзік, оны көріп бағалау әркімнің қолынан келе бермейді. Ол да үлкен адамшылықты қажет етеді. Өзіңе сын көзіңмен қарап, өз интеллектіннің өрісін білу өте маңызды. Даосизм ілімнің негізін қалаған Лао – цзы осыған үлкен мән берген. 
 
Біздің эрамызғa дейінгі IV-III ғасырларда жасалған «Дао және дэ туралы ілім» деген трактатта: «Білімі бар бола тұрып, білмеймін деп есептейтін адам дана. Білімі жоқ бола тұрып білетін сияқты түр көрсететін адам ақымақ. Шын дана өзін ешқашан да ұлымын деп есептемейді, сондықтан да ол ұлы бола алады» делінген. 
 
Адамның дамуына үлкен кесілін тигізетін кедергі өзі жөніндегі көтеріңкі пікірі мен өзін - өзі дәріптеушілігі болып табылады. Атақ құмарлық, менмендік сияқты ұсақ, кемшіліктерді жеңе білу – шын мәніндегі даналыққа апаратын алғашқы қадам. 
 
Даосизм ілімінің негізгі ұғымы – дао. Дао табиғат пен адам арасындағы жарастықты, тылсым байланысты ерекше дәйектейді. Ғаламның шексіздігін, мәңгілігін еске алсақ, адамдар әлжуаз, көзге ілінер – ілінбес қана тіршілік иелері. 
 
Адамдар табиғат ананың шексіз қуатымен жарастықта бола алмаса, ұзақ өмір сүре алмайды. Даосизмнің басшылыққа алар негізгі желісі осы. Табиғаттың шектелуді білмейтін алып құдіреті – Дао болып табылады.  
 
Қытай мәдениетінің көрнекті білгірі А.С.Мартиновтың пікірі бойынша, конфуцийлік тұлға өзінің мән – мағынасын табиғаттан алады. Сондықтан мемлекеттік аппарат оны табиғаттың сиы, ерекше дары деп бағалаған. 
 
Даолық жолдың мәні – оның табиғылығынды. 
 
Адам жерге тартады, жер аспанға, аспан – даоға, ал дао - өзіне тартады. Қытай халқына тән ойлау мәдениеті туралы К.Г.Юнг былай жазады: «Біз кездейсоқтық деп анықтаған құбылыс, осы бір ерекше ойлау типі үшін, негізгі принцип дәрежесіне көтеріліп, ал біздер себеп салдарлық байланыс деп соншалықты дәріптейтін құбылыс олар үшін ешқандай мағынасы жоқ нәрсеге айналады». 
 
Оларды салдарлы себеп туындататын гипотетикалық себептерден бұрын бақылау сәтінде бірден көзге түсетін әртүрлі кездейсоқ оқиғалардың өзара байланысы көбірек қызықтырады. 
 
Батыс ойлау мәдениеті әрнәрсені саралап, салыстырып, теріп алып, жүйелеп, бөлектейді, ал қытайлықтар бір сәтке көре алатын бір кішкентай бөлшекке, құбылысқа мән береді. Өйткені, оны осы бір кішкентай құбылыс немесе бөлшектің өзі емес, осы бақылауда болып тұрған сәт көбірек қызықтырады. 
 
Дао - дегеніміз барлық әлемнің негізі. Дэ – бұл күш пен энергия. Ол даомен байланысқан, оның көрінісі. 
 
Ци – бұл әмбебап ғарыштық субстанция (энергия). Ци тек тәнді ғана емес, ойды да тудырады. Ци әлемнің материалды күші ретінде өмірді тудыра отырып, конструктивті, ал сонымен қатар, жолындағының бәрін жаппай, құрта отырып, деструктивті роль атқарады. 
 
Пайда болумен, туындаумен және жоғалумен, құрдымға кетумен, байланыстының бәрі ци ұғымының тікелей мәнін түсіндіреді. 
 
Қытай философиясының тағы да бір көрнекті ағымы – конфуцийшілдік. Оның негізін – Конфуций қалаған. 
 
Кунь-Цю (551-479 ж. б.э.д.) Еуропа тілдерінде Конфуций басқаша айтқанда «Ұстаз Кун» Лу провинциясында Цюй фу деген кішкентай қалашықта дүниеге келген, әкесінен ерте айырылып, анасының тәрбиесінде болды. Жеті жасында мектепке барып, он жыл бойы аса үлкен ыждаһаттылықпен оқыған. Ол рәсімдер мен әртүрлі рәміздерге көп көңіл аударған.  
 
19 жасында үйленіп, астық амбарларының күзетшісі болған. 66 жасқа дейін Қытайдың барлық жерлерін аралап көрген. Сонан соң өзінің туған қаласына оралған. Оның ілімі тез арада тарап, көп ізбасарлары пайда болған. Өмірінің ақырында оның 3 мыңға жуық оқушылары болған. 
 
Конфуцийдің негізгі еңбектері «Көктем мен күз», «Кеңес пен толғам». 
 
Конфуций адамның қоғамдағы және мемлекеттегі орны, тәртібі, өмір сүру канондары жөнінде көп ойланған. Яғни, ол этика мәселесімен терең айналысқан. 
 
Конфуций пікірінше, аштан өлу – кішкентай оқиға, ал моральдан айырылу - өте үлкен оқиға. 
 
Конфуций ілімінің өзегі, негізі - Цзюн – цзы, яғни мәрт азамат кісі. 
 
Конфуцийдің ойынша аспан аясындағы бес асыл қасиетті бойына жинаған адам кісілікті деп танылмақ. 
 
Нақты қандай қасиеттер ?

    •  
      Сыпайылық, кеңдік, шыншылдық, зиялылық, мейірбандық

 
Сыпайылық – сыйынды арттырады. 
 
Кеңдік – құрмет туғызады. 
 
Шыншылдық – сенімге жеткізеді. 
 
Зиялылық – табысқа бастайды. 
 
Мейірбандық – билікке жол ашады. 
 
Конфуций мемлекеттің тұрақтылығы туралы мәселе алдыңғы шепке шығып, қоғамдық маңызға ие болған ерекше тарихи дәуірде өмір сүрді. Сондықтан қоғамда баянды тұрақтылық немесе өмір сүру заңдылықтары ұдайы орын алуы үшін оны қалай басқару керек деген сұрақ ойшылдың көкейінде әруақытта тұрды. Ал адам Конфуцийді белгілі бір жүйеліктің заңды бөлшегі ретінде қызықтырады. Сондықтан да оның адам туралы ілімі мемлекетті басқару ілімімен тығыз байланыста болады. Өйткені, Конфуций әртүрлі жағдайларда адам өзін - өзі қалай ұстауы керек екендігін көрсетуге тырысады. Оның ізденістерінде адам туралы теориялық пайымдаулардан гөрі практикалық ақыл – кеңестер басым болып отырады. 
 
Конфуций пікірі Қытай халқының дүниеге көзқарасының ерекшеліктеріне сүйенеді. 
 
Ол адамды табиғаттың оған бағынатын заңды құбылысы ретінде қарастырады, сонымен қатар адамның табиғатқа өзін қарсы қоя алатындығын да ескереді. Мұның өзі адамның Аспан мен Жердің ортасында тұрғандығымен түсіндіріледі. Бір жағынан, адам жер мен көкті өзара біріктіретін дәнекер ретінде дүниенің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, өзінің дүниедегі өзіндік орнына байланысты ол жермен де, көкпен де ерекше қарым – қатынаста бола алады. 
 
Конфуций дүниенің құрылымы және дүниеге көзқарас мәселесімен айналасуды қаламаған, рухтар туралы да айтудан бас тартқан.  
 
Барлық адамдардың өзін - өзі ұстауы туралы өте құнды ілім жасады. Ұстаз айтыпты: 
 
Адамды жақындастыратын – тумыс, табиғат, алыстататын – болмыс, ғадет. 
 
Конфуций жүйесінде көне дағдылардың дәрежесі және олардың ілімдері өте жоғары бағаланды, дегенмен алдыңғы қатарға білімнің тек өзі емес, дұрыс әдеп шығып отырады. 
 
Білімнің құндылығы оның жақсы әдептердің қалыптасуына жағдай жасауында болып табылады. Конфуций ілімдері этикет тәртібі бойынша қолданылады. Оларды дұрыс қолдану әр адамның өзіне байланысты болады. «Ритуал» нормаларына сәйкес болу үшін өзін - өзі ұстай білу – осының өзі адамгершілік. Адамгершілікті іске асыру адамның өзіне байланысты, оған басқалардың қатысы бар ма? Сөйтіп, адамгершілік ритуалға бағынышты болып табылады. Ізгілікті адам болу үшін өзін - өзі әруақытта жеңіп, этикет тәртіптерімен басқарылатын қоғамдық қарым – қатынастарға толығымен еніп, оның міндеттерін керекті дәрежеде орындау қажетті шарт болып табылады. Қытай дәстүрінде адам табиғаты екі жақты: бір жағынан оның туа біткен қасиеттері, екінші жағынан, ұдайы өзін - өзі дамытып отыру қабілеттілігі бар. Өйткені адам өзінің көптеген қасиеттерін еркін жұмсап, тәртібін қадағалап дұрыс пайдалануға тырысады. Басқаша айтсақ, адам өзін - өзі басқара білуі керек. Конфуций ізденістері осы қисынға бағытталған. 
 
Ұлы ойшыл мұрасының тамаша бір жалғасы – тәрбие мәселесі. Ол ерекше көңіл бөлген, дамсытқан қағидалар қазіргі уақытта да өзінің ғылыми – практикалық, дидактикалық маңызын жойған жоқ. 
 
 
6. Көне Үнді философиясы. 
 
1. Көне Үнді философиясының жалпы сипаты. 
 
2. Ортодоксалды философиялық мектептер (астика). 
 
3. Ортодаксалды емес философиялық мектептер (настика). 
 
Көне Үнді философиясының дамуында мынадай тарихи кезеңдер бар.

  1.  
    Ведалық дәуір біздің дәуірімізге дейінгі XV-VII ғасырларды қамтиды. Ведалық әдебиеттің төрт түрін көрсетуге болады: самхиттер – гимндер жинағы; брахмандар – ведалық текстерге түсініктеме және ритуалдарды баяндау; араньяктар («орман кітаптары» орман кезіп, өмір сүретін дервиштерге арналған жинақ); упанишадтар – жартылай поэтикалық, жартылай философиялық трактаттар.
  2.  
    Эпикалық дәуір. Біздің дәуірімізден бұрынғы VI ғасыр мен біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырлардың аралығын қамтиды. Осы тарихи уақытта ірі поэмалар Рамаяна мен Махабхарата дүниеге келген. Бұл дәуірдегі философияның дамуын үш сатыға бөлуге болады:

 
А) Ведалардың беделін мойындамайтын мектептер – джайнизм, буддизм және чарвака – локаята материалистік мектебі, б.э.д. VI ғ. 
 
Б) Бхагавадгита мен кейінгі упанишадтарды теологиялық тұрғыдан реконструкциялау б.з.б. V – IV ғ. 
 
В) Веданың беделін мойындайтын және оған сүйенетін мектептер – санкхья, йога, миманса, веданта, ньяя, вайшешика, біздің заманымызға дейінгі III және біздің заманымызға дейінгі II ғасыр аралығында дамыған.  
 
Бұл мектептерле классикалық үнді философиясының жүйелері қалыптаса бастады.

  1.  
    Философиялық сутралар және оған түсініктемелер дәуірі. Осы уақытқа дейінгі жиналған материалдарды қысқарту және жинақтау уақыты болды.

 
Сутралар қысқа әрі нұсқа текстер болғандықтан оларды қосымша түсіндіру қажет болды. 
 
Үнді философиясының дәстүрінде бәрі мойындайтын және пайдаланатын іргелі ұғымдар бар. Ең алдымен, бұл карма ұғымы. Карма – жазмыш заңдылығы, тағдыр адамға істеген әрекетінің табиғатына қарай несібе сыйлайды. Егер адам өзінің эгоистік пиғылдағы әрекетінен тазарып, тек жоғары құндылықтарға ұмтылып отырса, онда ол карманың кәріне ұшырамайды. Карма ұғымы сансара туралы іліммен тікелей байланысты. 
 
Сансара дегеніміз – жанның жай таппай жиһан кезуі, бір денеден екінші денеге ұдайы ауысып отыруы туралы ілім. 
 
Қайтадан туу қатары үзіліп, сансарадан азат болуды мокша деп атайды. 
 
Ведалар – бұл магиялық дұғалар мен салтанатты әуендердің, қасиетті әндер мен құрбан шалу формаларының жиынтығы. 
 
Олардың ең маңыздысы және ең алғашқысы – Ригведа. Ригведаның гимндерінде атақты құдайларды мадақтап, көтеріңкі әдемі түрде олардың іс - әрекетін жариялау, туысқандық байланыстары мен ұлы потенциясын, негізгі функциясын айқындау бар. 
 
Екінші веда, Самаведа, негізінен Ригведаның гимндерін қайталайтын самхит. 
 
Үшінші – Яджурведа, әртүрлі мектептерге лайық самхиттердің бірнеше варианттарын ұсынады. 
 
Атхарваведа – төртінші және соңғы самхит. 
 
Ведалық әдебиет ұзақ уақытта және алғашқы мемлекеттің қалыптасуының қиыншылықтары жағдайында пісіп – жетілген. Көшпенді, мал бағатын арийлердің алғашқы тайпалары бірте – бірте өзгеріске ұшырап, жіктелген таптарға айналып, дамыған жер өңдеуші, сауда, қолөнері бар қоғам қалыптасты. Мұнда негізгі сословие пайда болды. 
 
Брахмандар – дінбасылары мен монахтар. 
 
Кшатрийлер - әскерлер мен бұрынғы тайпа көсемдері, вайшилер жер өңдеушілер, қолөнершілер және саудагерлер. 
 
Шудралар – тікелей өндірушілер. 
 
Ведалық текстер көзқарастар мен идеялардың бірыңғай жүйесі емес. 
 
Ведалық дін – бұл күрделі, бірте – бірте дамитын діни – мифологиялық көзқарастар мен оған сәйкес рәсімдер мен культтік ырымдардың жиынтығы. «Ригведада» арийлердің жауларын жоятын найзағай құдайы Митра маңызды орын алады. От құдайы – Агни, Күн құдайы – Сурья. 
 
Кейбір ведалық гимндерде қоршаған ортаның жекеленген процестері мен заттарын біріктіретін жалпы принциптерді іздестіруді көреміз. Бұл – бәрін біріктіретін бәрінен жоғары тұратын әмбебап ғарыштық тәртіп принципі. 
 
Ведалық культтің негізі - өз міндеттерін бұлжытпай орындап отыруын сұрап, құдайға жалбарынып, құрбан шалып отыру. 
 
Брахманизм діни философиялық көзқарастар мен рәсімдік – культтік практика ретінде ведалық әдебиеттің тікелей мұрагері болып табылады. Онда әлемнің пайда болуы мен дамуы туралы пікірлер бар. Кейбір жерлерінде әлемнің түпкі субстанциясы су деген пікір де кездеседі. 
 
Брахмандар дегеніміз - ең алдымен, ведалық рәсімдерді орындауға бағытталған практикалық нұсқаулар. 
 
Брахман – абыздар төрт негізгі принципті есепке алуға міндетті: шыққан тегі бархмандық болуы және соған лайықты өмір сүруі, білім алуы және білімділігімен көзге түсуі бірден – бір қажеттілік. Олар адамдарға көмектесіп, солар үшін құрбан шалуы тиіс. 
 
Мұның өзі брахмандардың қоғамдағы орнын ерекше дәрежеге көтерді, оларға тиісе алмады, мүлкіне қол сұқпады. Абыз – брахмандар өзінің осы беделін әрдайым нығайтуға тырысты. 
 
Упанишадтар ведалық әдебиетті аяқтайды. 
 
«Упа-ни шад» термині ұстаздың жанында отыру дегенді білдіреді, ұстазға өте жақын отырып, оның аузынан шыққан әрбір сөзге құлақ түріп, оның мағынасын түсінуге тырысты. 
 
Алғашқы упанишадтар өмірден баз кешіп, ойға шомылған аскеттердің көмегімен жасалған. Брахман өзінің дамуында төрт кезеңнен өтеді: бала кезінде ол ұстазының үйінде ведаларды оқып үйренеді, отбасының қожайыны ретінде түсініктемелерді басшылыққа алады; толыққан шағында араньяктармен танысады, өмірінің соңында өмір қызықтарынан бас тартып кезбеге айналған упанишада даналығына назар аударады. 
 
Аскеттер болмыс пен адамның іргелі сұрақтарына жауап іздестіреді. Ең алдымен, өмір мен өлім, әлемнің құрылымы мен космология, адам мен ғарыш, адам мен құдай қарым – қатынасы туралы мәселелерге жауап іздестіреді. Өмірдің иесі кім? Су ма, тамақпа, от па, жылу ма? 
 
Упанишадтарда ұйқы мәселесіне қатты көңіл бөлінген.Өмірдің мәңгі айналымы туралы идея бар. Адам өлгенде оның рухани және материалдық бастаулары бір – бірінен бөлінеді. Рухани бастау аса маңызды. Ол қайтадан туындауы мүмкін. Сөйтіп, Индияда қайтадан туындаудың шексіз қатары туралы концепция қалыптасты. 
 
Бұл концепцияның мәнісі - өлім, бұл жайбырақаттанудың немесе тынышталудың ақыры емес. Ол шексіздіктің жай ғана үзілісі, содан кейін жаңа өмір басталады, яғни бір кезде тәннен ажыраған жаны жаңа түрге енеді. 
 
Қарма идеясы жақсылық пен жамандық мәселесін жеткілікті түсіндіріп, шешіп отырды. Бәрі өзіңе байланысты, өзінің әрекеттеріннің, істеріннің табиғатына байланысты. Жаман әрекеттерің үшін міндетті түрде жауап бересің. 
 
Упанишад идеалы – Брахманды тану, онымен бірігу, рахаттану. Брахман – бұл жоғары абсолютті реалдылық, жоғарғы күш. 
 
Брахман – жоғары рухани бірлік, яғни әлемнің рухани түп негізі абсолют. 
 
Әркімнің жеке жаны – Атман. Атман – индивидуалды рухани мәнді бейнелейтін ұғым.

Информация о работе Қытай философиясы