Көне Қытай философиясы
Қытай – көне тарихтың, мәдениеттің, философияның
елі мен жері. Мамандар Қытай өркениетінің
басталуын ся дәуіріне, яғни б.д.д. III –
II мыңжылдықтың саясына жатқызады. Б.д.д.
XVII-XIIғ.ғ. Шан-Инь мемлекетінде қола мәдениеті
дамиды, шаруашылықтың құлдық қоғамдық
түрі жетілді. Шан-Инь дәуірінде Қытайда
алғаш жазу пайда болған. Ежелгі Қытай
тілінің грамматикасы қалыптаса бастаған.
Шан-Инь қоғамының саяси билігі ван топтары
арқылы жүргізілді. Ван шаруашылық мәселесіне
де, әскери, діни билікте де ең жоғарғы
басшы болды. Ванның билігін шандықтар
дәріптеп, оны тәңірге теңеген. «Шан-ди»
деген титулға ие болған ван өзін «Мен-адамдардың
арасындағы ерекше жаратылыспын. Жалғызбын»
деп жариялады. Шан — жер кіндігінің Ұлы
қаласы, Қытай — жердің Ұлы орталығы деген
уағыздар таралды.
Өте көне дәуірде, аспан мен жер де болмаған
заманда, әлем түрсіз хаосқа ұқсаған. Сол
түрсіз тұңғиықта, делінген мифте, екі
рух (немесе екі құдай) – инь және ян пайда
болды да, дүниені реттейді. Кейіннен ян
рухы аспанды, инь рухы жерді басқаратын
болды.
Ян – еркек бастамасы, күн нұрындай жарық,
ашық бекем және күшті. Ян жалпы жағымды
нәрсенің бастамасы.
Инь - әйел бастамасы, аймен байланысты,
сондықтан көлеңкелі, күңгірт және әлсіз.
Екі бастама өзара байланыста болған,
сол үйлесімділіктің нәтижесінен күллі
мәнді нәрселер туындайды. Дүниеге деген
осы қосжақты көзқарас кейінгі чжоу дәуіріндегі
философиялық тексте усин бағдарламасымен
толықтырылды. Усин бағдарламасы бес алғашқы
элементтердің немесе бес субстанцияның
– оттың – судың – жердің – металдың
- ағаштың өзара байланысымен өзара алмасуына
негізделеді, соған сүйенеді.
Қытайдың көне текстері – философиялық
толғаныстың шежіресіндей. Көне текстерде
«Өзгерістер кітабында» («И цзин»), «Өлеңдер
кітабында» (Ши цзин»), «Тарих кітабында»
(Шу цзин») және т.б. ертедегі мифтер мен
рухани қайнар көздерге толы шығармалар
болып табылады.
Көне Қытай философиясындағы негізі мектептер
Конфуцийшілдік – адамды әлеуметтік өмірдің
өзекті мәселесі деп қарастыраты ежелгі
философиялық мектеп.
Конфуций (Кун- Фу-Цзы) – б.з.д. 551-479 жылдары
өмір сүрген. Оның негізгі шығармасы –
«Лун Юй» - «Сұхбаттар мен пікірлер», ол
6 кітаптан тұрады. Ескіні елеп, жаңаға
жақындау - қытайдың көне дәстүрі. Ескіні
дәріптеу конфуций дәуірінде өзіндік
мақсатқа айналады. Конфуций ілімінің
түп тамыры адам және қоғам мәселесіне
тіреледі.
Адам табиғаты Конфуций философиясында
басты мәселелердің қатарына жатады. «Аспан
адамға нені сыйласа, ол адамның табиғатын
құрайды». Табиғат — адамның алғашқы қасиеті.
Адам өмірге немен келсе, сол бастама оның
табиғатын құрайды.
Бірақ адамның табиғатын тек табиғатпен
салыстыру шеңберінде анықталынбайды.
Адам мәнісі - табиғилықтан тыс, әлеуметтік
- мәдени жетістік. «Адамның бәрі де байлық
пен беделге ұмтылады. Адамның бәрі де
кедейлік пен жамандықты жек көреді» —
дейді ұлы Ұстаз. Екі қасиет те адамның
табиғатына тән ерекшелік. Адамға үнемі
тыныштық бермейтін төрт ұмтылысты Конфуций
тізіп өтеді. Олар — жасын ұзартпақ, даңққа
ұмтылған, қоғамда орнын таппақ, байлыққа
деген ұмтылыс. Осы атақты нәрсеге жеткендер,
рухтан тартынады, күштен сескенеді, адамнан
қорқады, жазадан қауіптенеді. Бәрінен
жоғары тұрған қасиет – «адамды сүйе білушілік»
(жэнь). Ұлы Ұстаз адамды сүйе білудің жолы
мен жөнін (дао) талдайды. Дао Конфуций
үшін адамды шынайы жолға салатын, адамға
оң ықпал ете отырып, оны басқаруға кажетті
бүкіл идеялардың, амал-әрекет пен қағидалардың
жиьнтығы. Адамның табиғатын үш тұрғыдан
саралайды: қайырымды ер (цзюнь-цзы), шағын
адам (сяо-жэнь), адамсүйгіштік (жэнь). Адамсүйгіштік-тің
мәнісі - өз олқылығын жеңіп, сөзі мен іс-әрекетінде
дұрыс жолға түсуде. Даоның осы идеясы
«вэнь» термині арқылы жеткізіледі. Түптеп
келгенде «вэнь» - сөз бен білімділік арқылы
жеткізуге болатын рухани мәдениет. «Вэньге»
ниет қойған адам күнделікті өмірде көптеген
қиыншылыққа ұшырайды. Асыл да ақылды
жандарға жалған мен жаман ортада тіршілік
жасау жеңіл болмайды. Бірақ ұлысты ұстаз
болу үшін, дейді Конфуций мына қасиеттерді
игеру шарт: 1) өзінше ұстаздыққа жету;
2) ұстаздыққа ылайық биязы болу; 3) ұстаздыққа
іштей бейімділігі; 4) адамдармен тіл табыса
білуі; 5) өз өсиетіне берік болуы; 6) өз
уәжінде тұру; 7) ұстаздың даралығы; 8) ұстаздың
еркін тәуелсіздігі; 9) жұмыстағы мінез
- құлықтың ұстамдылығы; 10) ұстаз ниетінің
адалдығы; 11) ұстаз жанының мейірімділігі;
12) ұстаздың ақылдыны айқындап, таланттыны
қолдай білуі; 13) жолдасқа деген сенімділігі;
14) ұстаздық талапты орындауы; 15) ұстаздың
қарым-қатынастағы тартымдылығы; 16) ұстаздың
құрметтеуі және төзімділігі.
Даосизм - қоршаған дүниенің құрылымы
мен тіршілігінің негізін түсіндіру және
адам, табиғат пен ғарыштың игілікке апаратын
жолын табу мәселесін қарастырады.
Даосизмнің негізін б.з.д. VI ғ. соңы - б.з.д.
V ғ. басында өмір сүрген Лао Цзы (Қарт ұстаз)
салды. Даосизмнің қайнар көзі - «Дао-Дэ-
цзин» деп аталатын философиялық трактатта
көрсетілген. «Дао» - «жол, алғашқы бастама,
алғашқы түпнегіз» деген мағынаны білдіреді.
Дао-заттардың табиғи өсу, өнуімен бірге,
әлемнің негізін құрайды. Бүкіл әлем Дао
заңына бағынады. Даосизм философиясының
негізгі мәселесі - ұлы Дао туралы, жалпылама
Заң және Абсолют туралы ілім. Даоны ешкім
жасаған жоқ, бірақ бәрі де содан тараған.
Дао барлық жерде, әрқашан, әр уақытта,
шексіз өз үстемдігін жүргізеді. Оны сезім
арқылы көруге, естуге болмайды. Дао табиғаттың,
қоғамның, адам мінезі мен ойының табиғи,
бірақ көрінбейтін заңы. Оның бастамасы
да, аяғы да жоқ. Сондықтан ол атаусыз.
Ол уақыт пен кеңістіктен тәуелсіз, солай
бола тұра, жарық дүниедегі барлық нәрсенің
негізі мен бастамасы, аты мен түрі. Дао
сансыз заттарды жасаса да, әрекетсіз
күйін сақтайды; бос қуыс сияқты, бірақ
мәңгі, таусылмайды, оларды әруақытта
реттейді.
Ұлы аспанда Даоның ықпалында. Өмірдің
мәні де, мақсаты да, оны танып білу, соның
тәртібіне еру, сонымен жарасу. Даоны тану
дегеніміз табиғаттың заңын ұғыну және
сол тәртіпке үйлесе білу.
Легизм – (латынша заң дегенді білдіреді)
– фацзя мектебінің заң туралы ілімі,
ерте қытайдағы саяси-этикалық ілім, адамды,
қоғамды және мемлекетті басқару туралы
көзқарастар. Легизм Чжоу династиясының
билігі ыдырай бастағанда қалыптасады.
Легизмнің көрнекті өкілдері – Гуань
Чжун (б.д.д. 645), Шан Ян (б.д.д. 390-338), Хань
Фэй цзы (280-233 шамасы). Легистер байырғы
рулық қатынастарды, оның тірегі – ақсүйектік
тұқым қуалаушылықты сынады. Олар елді
басқарудың рулық дәстүрі мен рәсімдерін
қабылдамады. Осыған орай бастапқы Конфуций
ілімімен тай-таласта қалыптасты. Конфуцийдың
этикалық талаптарын «ойын» сөзге жатқызды.
Конфуций басқару идеясын жэнь және ли
принципіне сүйеніп жалғастырса, легистер
оның орнына заңға (фа) сүйенген мемлекеттік
реформаны жасады, басқару теориясын ұсынды.
ГуаньЧжун: «Заңдар – халықтың әкесі де,
шешесі де... Билеуші мен шонжар да, мәртебелі
мен төменгілер де, байлар мен кедейлер
де – бәрі де заңға бағыну керек. Басқарудың
түп өнері осында»,- дейді. |