Жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың кәсіби іс-әрекеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 13:53, реферат

Описание работы

Жоғары оқу орындарындағы оқытушыларды топтастырылуы.
Оқыту барысындағы оқытушы мен студенттердің қарым-қатынас деңгейлері.
Коммуникативті әрекеттесу стильдерінің шартты түрде бөлінуі.
Педагогикалық қарым-қатынасты тиімді орнату тәсілдері.
Тұлғаның жалпы сипаттамасы.

Файлы: 1 файл

8 Дәріс.doc

— 79.50 Кб (Скачать файл)

Оқыту қарым-қатынас  жасай алу іскерлігіне сөйлеу және тыңдай алу, шығармашылық ойлау, топпен жұмыс істей алу іскерліктерінің  дамуына назар аударуы тиіс.

Оқытуды гуманизациялау нақты психология сабағында психологиялық міндетті шешу жолын іздеуден көрінеді. Ол талқылау процесі, мұнда әрбір пікір қабылданады.

Дұрыс жауап  эмоционалды мадақтау мен ашық демеуден көрінуі тиіс. Мүғалімнің қолдауы  мен сәтті оқудан алған қанағаттану  оқушы үшін дұрыс жылжуға бағдар болып табылады. Оқыту психологияда көп мадақталған оқушылар еш мадақталмаған оқушыларға қарағанда үлкен табыстарға жетеді. Және керісінше, оқуда сәтсіздікке ұшыраған оқушыларда оқу мотивациясы төмендейді. Тіпті сәтсіздік туралы хабардың өзі оқушының оқу сәттілігіне әсер етеді. Сәтсіздік немесе тапсырманы орындай алмағандығына сену оқушылардың өзі туралы ойына әсер етіп, кейіннен ол сәттілік немесе сәтсіздік фактісіне ғана әсер етіп қоймай, оқушының оқу нәтижелерін қабылдауына да елеулі әсер етеді.

Сондықтан психология мұғалімі білімді оқудағы жағымды  эмоциялардың маңыздылығын естен шығармауы  керек. Сонымен бірге оқушының дұрыс  жасап жатқаны туралы ақпарат  беретін кері байланыста өте маңызды. Кері байланыс оқушыға өзінің әрекеттерінің нәтижесін білуге өзі мәселесін түсіну және оны келесі жолы жақсырақ етіп шешуге мүмкіндік береді.

Осыған сәйкес мұғалімнің келесі функцияларын көрсетуді  жөн көрдік.

1. Мұғалім әңгімелесуші ретінде (эмоционалды демеу функциясы). Мұғалімнің аталған функцияны жүзеге асыруы өзге адамдардың өміріне ортақтаса алудан көрінеді. Мұнда мұғалім белгілі бір деңгейде психотерапиялық функция атқарады. Басқаша айтқанда мұғалім оқушыға, ол үшін маңызды заттарға назарын аударады. Мұнда мұғалімнің оқушыға назарын аудару дегеніміз жасөспірім қызығушылығына алаңдауды білдіреді.

Мұғалім эмоционалды  көріністермен жұмыс істеу үшін келесі іскерліктерге ие болуы керек: эмпатия, сыйлау, шынайылық (мұғалім өз сезімдерін ашық көрсету), коммуникация нақтылығы.

Эмпатиялық  түсінудің психологиялық деңгейінің ішінде мұғалім-психолог бойында соңғысы болуы тиіс.

  1. Мұғалім оқушының эмоционалды көріністерін ескермесе, онда реніш, тіпті өшпенділік сезімін тудырады.
  2. Мұғалім оқушының эмоционалды көріністеріне реакция көрсетеді, бірақ бұл реакциялар оқушының шынайы сезімдері емес, мұғалімнің оқушыға «жабыстырған» сезімдері болып табылады.
  3. Мұғалім оқушының беткі сезімдеріне нақты түсіністікпен қарайды, бірақ оқушының одан да тереңде жатқан сезімдерін қате интерпретациялайды.
  4. Мұғалім оқушының беткі сезімдеріне емес, тереңде, жасырын жатқан сезімдеріне реакция көрсетіп, оқушыға ол да соны сезінетіндігін көрсетеді.

Оқушыны сыйлаудың  көрінуі оны бірегей және құнды  екендігін мойындау болып табылады. Мұғалім оқушыларға қатысты қамқорлық  көрсетсе, балалар да өзін еркін сезінеді. Психология мұғалімі баланы сыйламауы мүмкін емес жайт. Шынайы болу қабілеті мұғалімнің вербалды және вербалды емес деңгейде шынайы реакция көрсете алуынан көрінеді.

Қарым-қатынастағы  нақтылыққа өзараәрекеттестік жақынырақ, қарым-қатынас тілінің нақтылануы арқылы қол жеткізеді.

2. Мұғалімнің  зерттеуші ретінде (зерттеушілік  функциясы).

Психология  мұғалімінің зерттеушілік функциясы 3 аспект арқылы жүзеге асырылады.

Бірінші аспект бұл мұғалімнің педагогикалық шындық шеңберінде өз бетінше психологиялық мәселелерді анықтап және оларды шешумен байланысты. Өзарақатынас динамикасының талдауын жасай алу іскерлігі зерттеушілік функциясының негізі болып табылады.

Сонымен қатар  аудиторияның мотивациялық дайындығы  принципі жағдайды бірден зерттеу керектігін білдіреді.

Екінші аспект психологияны оқытуда қолданылатын психодиагностикалық әдістер мен шараларды пайдаланумен анықталады. Осыларды қолдана отырып, психолог-мұғалім шынайы зерттеуші рөлінде болады. Осыған сәйкес ол зерттеуге зейінін шоғырландырып, зерттеу шараларын салауатты өткізуі тиіс.

Үшінші аспект мұғалім-психолог оқу процесі барысында тұлғалық өсу «технологияларын» қолданудан көрінеді.

Тұлғалық даму ресурстарын, рефлексияны анықтау  мұғалімнен болмашы өзгерістерге үлкен  сезімталдылықты талап етеді. Мұғалім-психолог оқушының оқу процесіндегі дамуын бағыттап және түзеп отыруға қабілетті болуы тиіс.

3. Мұғалім  оқу жағдайын жасаушы адам (фасилитаторлық  функция).

«Фасилитация» және «фасилитартор» (ағылшын тілі facilitate – жеңілдету, көмектесу) ұғымдары педагогикаға гуманистік психологиядан енген. Педагогикада аталған ұғымдардың енуі американдық мектептен оқыту парадигмасына ауысу себеп болады. Оқытудың жаңа парадигмасы бойынша мұғалім тек білім беріп қоймай, сонымен қатар оларды баланың өз бетімен анықталуына жағдай жасауы тиіс. Осылайша фасилитартор-мұғалім – бұл оқушыға жаңа білімді меңгеруге және игеруге себепші мұғалім.

4. Мұғалім  сарапшы ретінде (сарапшылық функциясы).

Психолог-мұғалім  психологиялық мәселелерде сарапшы  болуы тиіс. Мұғалімнің сарапшылық функциясы терең білімге ие мұғалімге деген оқушы қажеттілігінен туындайды. Таным сферасы немесе тәжірбиелік іс-әрекетпен айналысатын мұғалім жасөспірімді өзінің сарапшылық қызығушылықтарына тарта алады.

Сарапшылық  функциясын жүзеге асыру қажеттілігі психологияны оқытудағы көзқарастардың авторлық концепциясынан келіп шығады. Егер біз тақырыптық жоспардан және сабақ жоспарынан бас тартып, аудиторияның дайындық деңгейіне бағдарлансақ, онда мұғалім өте білікті болып, арнайы дайындықсыз материалды меңгере алуы тиіс. Бұл – бірінші момент – тәжірбиеге тұлғалық өсу тенденцияларын енгізу одан да үлкен кәсіби психологиялық біліктілікті талап етеді – бұл екінші момент.

Психология  пәні мұғалімнің жалпылама портреті психологияны мектепте оқытатын мұғалімнің бойында белгілі бір қасиеттер болуы шарт.

Осы адам қандай болу керек деген ойымыз гуманистік педагогика парадигмасындағы мұғалім  идеалына сәйкес келеді. Енді сол портретті  келтіре кетсек.

5. Тұлғаның жалпы сипаттамасы. Гуманды, әділ, шынайы, демократ, эмпатияға қабілетті, сыныппен және жекелеген оқушылармен тез қарым-қатынас құра біледі.

Сыныптағы мінез-құлық. Икемді (жағдайға қарай үлкен қаталдық немесе жұмсақтық көрсетеді). Өзі беретін пәнін жетік біледі. Сұрақ қоя біледі. Оқушылар білімін тексерудің нақты шараларын бекітеді, сонымен бірге оқушыға көмекке келуге дайын екендігін көрсетеді. Эксперимент жасауға, жаңаны іздеуге талпынады және солай жасай алады. Жалпы оқушылармен рефлексиялық қатынас танытады.

Өзін-өзі  қабылдауы. Өзін-өзі жағымды бағалайды, оптимизм, өзін-өзі қабылдау байқалады.

Өзгелерді қабылдауы. Негізінен өзгелерді жағымды қабылдау тән. Өзгелерді шынайы адам деп есептейді. Оқушыларға сенімге ие болуға, сыйлауға және жоғары бағалауға лайықты индивидтер деп қарайды.

Ал,қазіргі оқытушыларды студенттер мынандай топтарға бөледі:

        1. «Мәңгі студент»-оқытушылар. Олар студенттерді өте жақсы түсінеді. Интеллекттері жоғары, студенттермен кез-келген тақырыпта еркін тіл табысып, әңгімелесе береді.
        2. «Әскери тәртіпті» оқытушылар- жоғары оқу орнында «әскери тәртіп» орнатуға талпынатын оқытушылар. Олардың ойынша студенттер оқытушылардың айтқандарын екі етпей, кез-келген ойларымен келісуге міндетті.  Олар логикалық ойлау қабілеті мен интеллекттен гөрі, «құлдық сананы» қолдайды. Яғни, әр түрлі әкімшілік шаралармен студенттердің «мендерін» жаншуға тырысады.
        3. Тек белгіленген сағаттары бойынша сабақтарын беріп жүрген оқытушылар. Олар мазамды алмаса болды деген оймен студенттердің айтқандарының барлығына келісе береді.

Жоғарғы курс студенттері  оқытушыларды  «немқұрайлы», «қызғаншақ», «шектелген», т.б. деп бөледі, сондай-ақ, «жұмысына берілген», «өз ісінен ләззат алатын» т. б. топтарға бөледі. Олардың пікірлерінше жоғары оқу орындарында «стандарт-оқытушы» түрі кең тараған. Мұндай оқытушылар өз пәндерін жақсы білетін, жұмысына берілген, бірбеткей, студенттерге де өзіне де қызықсыз жандар.

Басқаша айтқанда, қазірде студент мәселесінде  де оқытушы мәселесінде де қиындықтар баршылық.

Жалпылама айтар  болсақ, бүгнгі таңда оқытушылар өздерінің  алған білімдері мен қалыптасқан көзқарастарына сәйкес өмір сүріп, заман ағыма сай өзгерістерге айтарлықтай мән бере бермейді. Ал, өмірдегі кез-келген нақты жағдай уақыт өте өзгеріп отырады және оның себептері де басқаша күйде көрініс береді. Жалпы қай заманды алсақ кез-келген жаңалыққа сын тұрғысынан қарайтындар педагог мамандар болып келеді. Мұның жақсы жағы да бар. Себебі педагогтар студенттерге сонау жылдардан бері сақталып, әбден тексерілген білімдерін беріп, саналарына сіңіреді. Алайда бұл бір жағынан жастардың жаңа өмірге, жаңашыл жағдайларға бейімделулерін тежеуі де мүмкін. Қоғамдағы орын алған өзгерістер әр адамға әр түрлі әсер ететіндіктен, әркімнің мұндай өзгерістерге бейімделуі де әр түрлі өтеді. Бұл мәселені әркім өзіне ыңғайлы жолмен шешеді.Бұл жерден біз оқытушылардың өздері оқытып отырған студенттер жайлы ақпарат алуға деген қызығушылықтарының айтарлықтай екенін көреміз. Біз көбінесе оқытушылардың студенттері жайлы «Оларға ештеңе де керек емес, оларды ештеңе қызықтырмайды» деген сыни пікір естіп жатамыз. Алайда жағдай бұлай емес. Тек, олар оқытушылар «қалауға тиіс» деп есептейтін дүниелерді қаламайды. Сондай-ақ, оқытушылар «студенттер қызығуға тиіс» деп есетпейтін дүниелерге ғана қызықпайды.

Сонда, «Бүгінгі таңда студент қандай болуға тиіс?» . Бұл сұраққа педагогтар бұрынғы жылдарға қарағанда өзгеше жауап береді.

Осыдан 15 жылдай бұрын, идеалды студент қандай болуға тиіс деген сұраққа жауап берерде, оқытушылар бірінші кезекте студенттердің  тәртіп, жауапкершілік сияқты қасиеттерін  атайтын. Сондай-ақ, ол кездің студенттерінде жоғары білім алуға деген құлшыныстарын атап өтетін.

Ал, бүгінгі  таңда оқытушылар студенттердің  еркін ойлау қабілетін бірінші  кезекте назарда ұстайды.

Ал, мұның бәрі уақыттың өзгерістерінен туындаған  жайт. Бүгінгі жастар шешімі ата-аналарының өмір тәжірибелерінде жоқ мәселелермен бетпе-бет жолығады. Және ондай мәселелердің жауабы оқу бағдарламасында да,  ғылыми еңбектерде де жоқ. Сондықтан да, бүгінгі жастар осы сұрақтардың жауабын тауып, оларды зерттеуге тиісті. Және  жаңа мәселелердің жаңаша жауаптарын табу жолында  ескі  тәжірибенің кері әсерінің болуы да мүмкін. Егер бұған дейін «тәртіпке бағыну» жетістікке жетуге жағдай жасаса, бүгінде кез-келген мәселенің оң шешімін табу үшін еркін, ерікті іс-әрекет, тәуелсіз ойлау аса қажет.

Алайда, іс жүзінде бұл мәселелердің барлығы айтарлықтай үйлесім тауып тұрған жоқ. Студенттердің айтуларынша, олардың еркін, тәуелсіз ойлау, кез-келген мәселенің шешімін табудың тың, қайталанбайтын жолдарын іздеулері педагогтардың наразылығын тудырады екен. Яғни, олардың көпшілігі өздерінің еркін ойлауларына тосқауыл қойлады дегенпікірде.

Әсіресе, студенттер мен оқытушылар арасындағы туындаған  конфликт жағдайлары көңілге қаяу түсіреді. Себебі, түсініспеушілік туындаған  жағдайда оқытушылардың студенттерге өшігіп алулары, соңдарына түсіп, өш алуға әрекеттенуі деген сияқты мәселелер белең алған.

1998-99 жылдары жүргізілген  зерттеу материалдарында студенттердің  « Оқытушылар студенттердің сұрақтарына  немқұрайлы, қалай болса солай  жауап береді», « Оқытушылар  емтихан кезінде студенттерді сөзбен қағытып, төмендетіп, содан рахат алады»  деген пікірлері бар.

Мемлекеттік комитеттің бас  кеңесі шығарған «Қоғамдық пікір», «Студент санасындағы өткен мен  болашақ бейнесі» материалдарында  оқытушылардың 60 пайызының авторитарлық ұстанымда екендері, және студенттердің пікірлерімен санаспайтындықтары көрінеді. Жоғарғы оқу орындары да бұрынғыдай авторитарлық түрде жұмыс істеп келеді. Сондықтан да, бүгінгі таңда жоғарғы мектептегі білім беру жүйесін алға дамыту үшін жасалып отырған жағдай мәз емес.

Осының нәтижесінде студенттер мен оқытушылардың денсаулықтарына  зиян келуде. Жастардың 45 пайызы әр түрлі  созылмалы сырқаттармен ауырса, көпшілігі  тез шаршайды және осыдан 20-30 жыл  бұрынғы ата-аналарынан гөрі демалуға екі есе көп уақыт қажет  етеді. Бұл олардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейлерінің де төмендігін көрсетеді. Ал, оқытушылардың 50 пайызы әр түрлі теріс эмоцияларға берілгіш, невроз және басқа да соматикалық аурулармен ауырады.

Негізгі әдебиеттер:

1. Барабанщиков А.В. Проблемы  педагогической культуры преподавателей вузов. М., 1981.

2. Есарева З.Ф. Особенности деятельности  преподавателя высшей школы. Л., 1976.

3. Кузьмина Н.В. Методы исследования  педагогической деятельности. Л., 1970.

Қосымша әдебиеттер: 

4. Кулюткин Ю.Н. Психология  обучения взрослых. М., 1985.

5. Фридман Л.М. Педагогический  опыт глазами психолога. М., 1987.

6. Харькин В.Н. Педагогическая  импровизация. Теория и методика. М., 1992.


Информация о работе Жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың кәсіби іс-әрекеті