Машина жасауды дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2012 в 11:15, реферат

Описание работы

«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 302 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

Файлы: 1 файл

Машина жасауды дамыту.docx

— 23.28 Кб (Скачать файл)

Машина жасауды дамыту

 

 

 

 Қазақстан Республикасының  машина жасауды дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны  бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қыркүйектегi N 1002 Қаулысы

 

 

 

     

«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасын  үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк  бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 302 қаулысын iске  асыру мақсатында Қазақстан Республикасының  Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп  отырған Қазақстан Республикасында  машина жасауды дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан  Республикасы Индустрия және  жаңа технологиялар министрлiгi  мүдделi министрлiктермен, облыстардың,  Астана және Алматы қалаларының  әкiмдерiмен бiрлесiп, Бағдарламада  көзделген iс-шаралардың тиiсiнше  және уақтылы орындалуын қамтамасыз  етсiн.

      3. Жауапты  орталық және жергiлiктi атқарушы  органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар  және ұйымдар (келiсiм бойынша)  «Салалық бағдарламаларды әзiрлеу  және мониторингiлеу ережесiн  бекiту туралы» Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 наурыздағы  № 218 қаулысымен бекiтiлген Салалық  бағдарламаларды әзiрлеу және  мониторингiлеу ережесiне сәйкес  Бағдарламаның iске асырылу барысы  туралы ақпарат берсiн.

      4. Осы қаулының  орындалуын бақылау Қазақстан  Республикасы Премьер-Министрiнiң  орынбасары - Қазақстан Республикасының  Индустрия және жаңа технологиялар  министрi Ә.Ө. Исекешевке жүктелсiн.

      5. Мыналардың  күшi жойылды деп танылсын:

      1) «Отандық  машина жасауды дамыту жөнiндегi шаралар кешенiн бекiту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  2008 жылғы 29 қарашадағы № 1115 қаулысы;

      2) «Қазақстан  Республикасы Үкiметiнiң кейбiр  шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу  туралы» Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң 2009 жылғы 20 шiлдедегi №  1101 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан  Республикасы Үкiметiнiң кейбiр  шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң  18-тармағы (Қазақстан Республикасының  ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 33, 317-құжат).

      6. Осы қаулы  қол қойылған күнiнен бастап  қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан  Республикасының

      Премьер-Министр                                    К. Мәсiмов

Кiрiспе

      Машина жасау  бүкiл әлемде ұлттық өнеркәсiптiң  технологиялық деңгейiнiң көрсеткiшi  ретiнде қабылданады. Бұл сала  жанама салаларды дамыту үшiн  мультипликативтiк әсер бередi, халықтың  жұмыспен қамтылуын бiрнеше рет  ұлғайтады және сол арқылы  тұтастай алғанда экономиканың  бәсекеге қабiлеттiгiн қамтамасыз  етедi.

      Ендеше, Қазақстан  экономикасының өсуi машина жасаудың  озық өсуiмен қатар жүруi тиiс.  Бұл өнеркәсiп кәсiпорындарындағы  механикаландыру деңгейiн арттыруға  және республика экономикасы  салаларындағы еңбек өнiмдiлiгiн  ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.

      Қазақстан  Республикасында машина жасауды  дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға  арналған бағдарламаны әзiрлеу  үшiн негiздеме Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi №  302 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан  Республикасын Үдемелi индустриялық-инновациялық  дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға  арналған мемлекеттiк бағдарламасын  (бұдан әрi - ҮИИДМБ) iске асыру  жөнiндегi Iс-шаралар жоспарының 5-тармағы  болып табылады.

      Бағдарлама  жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды  жоғары технологиялық және қазiргi заманғы жабдықпен жаңғыртуға, халықаралық  стандарттың бәсекеге қабiлеттi өнiмiн  шығару бойынша жаңа кәсiпорындар  құруға, барлық жұмыс iстеп тұрған  отандық машина жасау кәсiпорындарының  байланыстары мен кооперациясын  дамытуға бағытталған.

      Бағдарламаны:

      саланы жүргiзiлген  маркетингтiк зерттеулер негiзiнде  айқындалған бәсекеге қабiлеттi өнiмдi шығаруға бағытталған жаңа сапалық  деңгейде қалпына келтiрудi және  дамытуды бастауға, оның өндiрiс  көлемiн ұлғайтуға және тұрақты  өткiзу нарықтарын табуға арналған  бағдарлама;

      қайта жаңарту,  жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру  және өндiрiстiң озық шетелдiк  технологиялары мен кәсiпорындарды  басқару менеджментiн енгiзу есебiнен  жұмыс iстеп тұрған машина жасау  кәсiпорындарын жедел дамыту бағдарламасы;

      машиналардың, технологиялар мен жабдықтардың  жаңа түрлерiн жасауға бағытталған  барынша тиiмдi, ғылыми-техникалық  және технологиялық әзiрлемелердi  игеру негiзiнде өнiм сапасын  тұрақты жетiлдiру бағдарламасы  ретiнде қарастыру керек.

3. Ағымдағы ахуалды талдау

3.1 Саланың қазiргi заманғы  жай-күйiн бағалау

      Қазiргi кезде  Қазақстанда машина жасау экономикалық  қызметтiң мынадай түрлерiн қамтиды:  машиналар мен жабдықтардан басқа,  дайын металл бұйымдары өндiрiсi; компьютерлердi, электрондық және  оптикалық өнiм өндiрiсi; электр  жабдығы өндiрiсi; басқа санаттарға  қосылмаған машиналар мен жабдықтар  өндiрiсi; автокөлiк құралдары, трейлерлер  мен жартылай тiркемелер өндiрiсi; өзге де көлiк құралдары өндiрiсi; машиналар мен жабдықтарды жөндеу  және орнату.

      2008 жылғы  iшкi өндiрiс көлемi 303 млрд. теңгенi құрады. Экспорт көлемi - 154,5 млрд. теңге, ол  өз кезегiнде экспорттың жалпы  көлемiнiң 2 % - ын құрайды.

      2009 жылдың  қорытындылары бойынша 282,5 млрд. теңге сомасына өнiм өндiрiлген, бұл 2008 жылмен салыстырғанда (303 млрд. теңге) 6,8 %-ға төмендеген. Оның iшiнде машиналар мен жабдықтар  115,5 млрд. теңгеге, электр жабдықтары 61,5 млрд. теңгеге, көлiк құралдары  105,5 млрд. теңгеге өндiрiлген, алдыңғы  жылмен салыстырғанда өндiрiлген  машиналар мен жабдықтар көлемi  құндық көрiнiсте 9,8 %-ға, электр  жабдығы - 13,4 %-ға төмендеп, ал көлiк  құралдары 1,4 %-ға ұлғайған.

1-кесте. Машина жасау  өндiрiсiнiң құндық көлемiнiң серпiнi№ Атауы 2005 2006 2007 2008 2009

1 2 3 4 5 6 7

1 Өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi, млрд. теңге 5 253,0 6 509,9 7 815,9 10 196,2 8 925,2

2 Машина жасау, млрд. теңге 179 229 281 303 282,5

3 Машиналар мен жабдықтар өндiрiсi, млрд. теңге 53 67 98 128 115,5

4 Электр жабдығы, электронды және оптикалық жабдық өндiрiсi, млрд. теңге 42 54 66 71 61,5

5 Көлiк құралдары мен жабдығы өндiрiсi, млрд. теңге 80 108 117 104 105,5

6 Өнеркәсiптiк өнiм көлемiндегi машина жасау үлесi, % 3,4 3,5 3,6 3,0 3,2

 

      Машина жасау  секторы 2008 жылға дейiн барынша  жоғары қарқынмен өстi, 2008 жылы  басқалармен салыстырғанда дағдарысқа  орай көп зардап шектi.  Бұл  бiрiншi кезекте машина жасау өнiмiне  сұраныстың инвестициялық сипатымен  байланысты. Соңғы жылдары машина  жасау өнiмiне сұраныс өсiмiнiң  өзектi драйверi мұнай-газ саласына  инвестициялардың өсуi және құрылысты  ауқымды дамыту болды. Дағдарыс  басталғалы берi тұтынушы сала  компаниялары бiрiншi кезекте операциялық  қызметтiң тиiмдiлiгiн сақтай отырып, өндiрiстi ұлғайтуға және жаңғыртуға  ауқымды инвестициялардан бас  тартты. Оның үстiне қаржы саласындағы  дағдарыс халыққа арналған кредиттiк  ресурстардың қол жетiмдiлiгiн  төмендетуге әкелдi, бұл да сұраныстың, мысалы автоөнеркәсiп өнiмiне сұраныстың  азаюына әкелдi.

      Қазақстанның  өнеркәсiп өндiрiсiнiң жалпы көлемiндегi машина жасау өнiмiнiң үлесi 1990 жылғы 15,9 %-дан 2008 жылы 3,0 %-ға дейiн  төмендедi, ал 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда  ол өсiп, 3,2,%-ды құрады (1-кесте).

      Өңдеушi өнеркәсiптегi машина жасау саласының үлесi 9,5 %-ды құрайды. Өнеркәсiп кәсiпорындарының  жалпы көлемiнде машина жасау  өнiмiн өндiрушiлерi тек 6 %-ды  құрайды.

2-кесте. Машина жасау  кәсiпорындарындағы негiзгi қызмет  персоналының саныКөрсеткiш атауы 2005 2006 2007 2008 2009

Персонал саны, мың адам 80,0 81,0 84,3 85,6 79,8

Алдыңғы жылға қарағанда % -бен 110,3 101,3 104,1 101,5 93,2

 

      2-кесте деректерi машина жасау саласынан бiлiктi кадрлар кетуiнiң елеулi болғанын  көрсетедi. 2009 жылы Қазақстан Республикасы  Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша бұл салада 79,8 мың адам  жұмыс iстеген, 2008 жылғы деңгеймен  салыстырғанда 93,2 %-ды құрады.

      Машина жасау  саласы үшiн кадрларды даярлау  Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан,  Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау,  Павлодар облыстарында 5 мамандық  бойынша 19 техникалық және кәсiптiк  бiлiм беру (бұдан әрi - ТжКБ) орындарында  (8 бiлiктiлiк бойынша) және 18 жоғары  оқу орнында (050712 - Машина жасау  мамандығы бойынша) жүргiзiледi.

      Бүгiнгi күнi  машина жасау саласының инвестициялық  жобаларын iске асыру бойынша  кадрларға деген қажеттiлiк осы  Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес 6 299 адамды құрайды. Машина жасау  кәсiпорындары жұмысының негiзгi көрсеткiштерi 3-кестеде келтiрiледi.

3-кесте. Машина жасау  кәсiпорындары жұмысының негiзгi көрсеткiштерiКөрсеткiш атауы 2005 2006 2007 2008 2009

Өнеркәсiп кәсiпорындары  мен өндiрiстер саны - барлығы 1583 1566 1589 1504 1409

оның iшiнде: 

 

  

 

  

 

  

 

  

 

 

«Өнеркәсiп» қызметiнiң негiзгi түрiмен 861 854 860 883 856

Өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi, млн. теңге 179491 228732 281243 302771 282497

 

4-кесте. Машина жасау  өндiрiсiнiң нақты көлемi индексiнiң  серпiнi     Көрсеткiш атауы 2005 2006 2007 2008 2009

Өнеркәсiп өнiмiнiң нақты  көлем индексi, алдыңғы жылға %-бен 104,8 107,2 105,0 102,1 101,7

Машина жасау өнiмiнiң  нақты көлем индексi, алдыңғы жылға %-бен 124,7 119,4 114,6 92,6 85,7

 

      Машина жасау  өнiмi өндiрiсiнiң нақты көлем  индексiн талдау бiрте-бiрте төмендеу  серпiнiн көрсетiп отыр (4-кесте). 2009 жылы нақты көлем индексi 85,7 %-ды  құрады.

5-кесте. Машина жасау  өнiмiнiң импорты мен экспорты 

 

 

  2007 ж. 2008 ж. 2009 ж.

Импорт Экспорт Импорт Экспорт Импорт Экспорт

1 2 3 4 5 6 7

Барлығы, млрд. теңге, оның iшiнде: 4012,7 5852,4 4558,0 8563,4 4190,3 6371,4

ТМД елдерi 1788,4 976,1 2104,9 1332,7 1780,0 1001,7

әлемнiң басқа да елдерi 2224,2 4876,3 2453,2 7230,7 2410,3 5371,2

оның iшiнде:           

Машиналар, жабдық және механизмдер, электр техникалық жабдық 1078,9 42,9 1209,3 55,0 1140,0 40,3

ТМД елдерi 245,5 34,3 287,4 40,6 233,8 25,6

әлемнiң басқа да елдерi 833,4 8,6 921,9 14,4 906,1 14,8

Жер үстi, әуе және су көлiгi құралдары 698,5 69,9 551,5 96,5 421,9 16,2

ТМД елдерi 199,9 16,1 182,5 26,0 125,1 5,3

әлемнiң басқа да елдерi 498,6 53,8 369,0 70,5 296,8 10,9

Оптикалық, өлшем, бақылау, аспаптары  мен аппараттары 91,7 2,2 100,8 3,0 93,8 2,5

ТМД елдерi 17,4 0,7 18,2 1,3 15,9 0,9

әлемнiң басқа да елдерi 74,3 1,5 82,6 1,8 77,9 1,6

Машина жасауда аталғандардың  барлығы: 1869,2 115,0 1861,6 154,5 1655,7 59,0

ТМД елдерi 462,8 51,1 488,2 67,9 374,9 31,7

әлемнiң басқа да елдерi 1406,3 63,8 1373,5 86,6 1280,8 27,2

 

      Қазақстандағы  машина жасау өнiмiне деген  қазiргi сұраныс импорт есебiнен  толықтай қанағаттандырылады, ол iшкi өндiрiс пен импорттан 5 еседен  астамға артық: 2009 жылы импорт  көлемi 1655,7 млрд. теңгенi (5-кесте), ал iшкi өндiрiс 282,5 млрд. теңгенi құрады.

      Қазақстанның  негiзгi сауда әрiптесi Ресей болып  табылады - оның үлесi машина жасау  өнiмi импортында 19 %-ды және экспортта  31 %-ды құрайды. Ресейден басқа  машина жасау өнiмiнiң негiзгi импорттаушылары:  Германия (11 %), Қытай (11 %), АҚШ (10 %) және Жапония (6 %) болып табылады. Қазақстаннан машина жасау өнiмi  экспортының негiзгi бағыттары Ресейден  кейiн: Ұлыбритания (экспоттың  15 %-ы), Түркия (13 %), Германия (7 %) және  Швейцария (6 %) болып табылады.

      1-сурет. 2008 жылы машина жасау өнiмiнiң экспортымен  импортының құрылымы.

      Импорт құрылымында  автомобильдер, станоктар, мұнай-газ,  тау-кен шахта және металлургиялық  машиналар жасау өнiмi, ауыл шаруашылығына  арналған тұрмыстық техника мен  техника 40 %-дан асады (1-сурет).

      Экспорт  құрылымында компоненттер, электр  техникасы мен электр жабдығы,  сондай-ақ автомобильдер басым.

      Өндiрiстiң  дамушылығы мен бәсекеге қабiлетiнiң  көрсеткiшi ретiнде машина жасау  өнiмiнiң сыртқы сауда айналымы  саланың экспортқа бағдарланушылығының  әлсiздiгiн көрсетiп отыр. Машина  жасау өнiмiнiң импортқа айтарлықтай  тәуелдiлiгi де саланың төмен  дамығанын көрсетедi.

3.2 Саланың күштi және әлсiз  жақтарын, мүмкiндiктерi мен қауiп-қатерлердi  талдау

      Қазақстанда  машина жасауды одан әрi дамыту  стратегиясын дамыту мен айқындауды  объективтi талдау үшiн оның  күштi және әлсiз жақтарын, сондай-ақ  қолда бар мүмкiндiктер мен  қауiп-қатерлердi нақты айқындау  қажет.

      Төменде  келтiрiлген 6-кестеде Қазақстандағы  машина жасаудың негiзгi күштi және  әлсiз жақтары, мүмкiндiктерi мен  қауiп-қатерлер ұсынылған. Одан  арғы шараларды айқындау үшiн  келеңсiз факторларды жою, қауiп-қатерлердiң  алдын алу және сонымен бiрге  оң факторларды күшейту, мүмкiндiктердi  пайдалану қажет.

6-кесте. Машина жасау  жағдайын SWОТ - талдауКүштi жақтары:

1. Iшкi сұраныстың бiрiншi кезекте  жанама салалар тарапынан артуы.

2. Көлiктiк және энергетикалық  инфрақұрылымның негiзгi өндiрiстiк  кластерде болуы.

3. Iрi кәсiпорындарда өндiрiстiк  инфрақұрылымның болуы.

4. Қолда бар машина жасау  кәсiпорындары. Әлсiз жақтары:

1. Iшкi нарықтың тiптi болашақта  да салыстырмалы кiшi көлемi.

2. Бiлiктi кадрлар тапшылығы,  соның iшiнде мамандардың шет  елге кетуi.

3. Қазақстанның машина  жасау өнiмiнiң бәсеке қабiлеттiгi  деңгейiнiң төмендiгi (негiзгi қорлар  тозуының жоғары болуы, қуаттардың  төмен жүктемесi себебiнен және  т.б.).

Мүмкiндiктерi:

1. Ресей Федерациясымен  және Беларусь Республикасымен  Кеден одағына кiруiне байланысты  нарықтың кеңеюi.

Информация о работе Машина жасауды дамыту