Мұнай жане кен орындары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2012 в 18:36, реферат

Описание работы

Мұнай және газ кен орындары

Жер қойнауында бір тектес құрылымдағы мұнай мен газ кеніштерінің жиынтығын мұнай және газ кен орындары деп атайды. Мұнай газ кен орындары көмірсутектерінің алғаш пайда болған жері емес, олардың көшіп-қону (миграция) арқылы әр түрлі құрылымдарға шоғырланып жиналған орны.
Жалпы алғанда кен орнының қатарына мөлшері, сапасы бойынша техникалық-технологияның дәрежесіне және экономикалық тұрғыда пайдалану жағдайларына байланысты мұнай мен газдың өндірісте игерілуі мүмкін табиғи жинағы жатады. Кен орындары қор мөлшеріне байланысты ірі, орташа және ұсақ болып бөлінеді. Қоры көп мұнай алаңдарын игеру мәселесі – экономикалық мол пайдаға жолықтыратыны сөзсіз.
Қор мөлшеріне және сапасына байланысты баланстық және баланстан тыс қорлар болып екі топқа бөлінеді. Баланстық қор өндіруге пайда келтіретін, ал баланстан тыс қорлар таяу мезгілдерде игеруге пайда келтірмейтін қорлар.

Файлы: 1 файл

Практика.doc

— 1.88 Мб (Скачать файл)

Мұнай және газ кен орындары

 

Жер қойнауында бір тектес құрылымдағы мұнай  мен газ кеніштерінің жиынтығын мұнай және газ кен орындары деп атайды. Мұнай газ кен орындары көмірсутектерінің алғаш пайда болған жері емес, олардың көшіп-қону (миграция) арқылы әр түрлі құрылымдарға шоғырланып жиналған орны.

Жалпы алғанда  кен орнының қатарына мөлшері, сапасы бойынша техникалық-технологияның  дәрежесіне және экономикалық тұрғыда  пайдалану жағдайларына байланысты мұнай мен газдың өндірісте игерілуі мүмкін табиғи жинағы жатады. Кен орындары қор мөлшеріне байланысты ірі, орташа және ұсақ болып бөлінеді. Қоры көп мұнай алаңдарын игеру мәселесі – экономикалық мол пайдаға жолықтыратыны сөзсіз.

Қор мөлшеріне  және сапасына байланысты баланстық  және баланстан тыс қорлар болып  екі топқа бөлінеді. Баланстық қор өндіруге пайда келтіретін, ал баланстан тыс қорлар таяу мезгілдерде игеруге пайда келтірмейтін қорлар.

Кен орындарының  тілмесінде бір немесе бірнеше мұнай-газ  кеніштері кездеседі. Тілмеде тек  қана бір кеніш (горизонт) кездесіп, оның қорын игергенде экономикалық пайда келетін болса, ондай шоғырды – кен орны деп те атауға болады.

Кен орындары тек  табиғи бір текті құрылымдар арқылы ғана бөлін-бейді. Кей жағдайларда  көлем-пішіні созылыңқы моноклиналдарда  кен орындары шұбатылып, түрлі кедергілерге тіреліп орналасуы мүмкін. Саны бір кен орнында бірнеше түр бойынша топтасқан әр типті кеніштер кездесуі де мүмкін.

Жер қойнауындағы геосинклиналдық және платформалық құрылымдармен байланысты екі түрлі  кен орындары кездесетін жағдайлар  бар. Оның екі түрі бар:

І сынап –  геосинклиналдық облыстарда пайда  болған кен орындары;

ІІ сынап  – платформалық облыстарда пайда  болған кен орындары.

І сыныпқа жататын  кен орындары Кавказда, Кырымда, Шығыс  Карпат, Түркмения, Ферғана, Өзбекстан, Тәжікстан, Сахалинде т. б. аймақтарда кездеседі. Қалған кен орындары ІІ сынапқа жатады, олар Еділ мен Орал аралығында, Батыс Сібір аймақтарында т. б. аудандарда кездеседі.

Жер қойнауындағы мұнайдың физикалық жағдайын оны  жер бетіне шығарғандағы қасиетімен салыстыруға болмайды. Себебі, жер астында мұнай шығаруға температура және қабат қысымымен байланысты сақталады. Ал, оны жер үстіне шығарғанда температура төмендейді, қысым жойылады, мұнайдан газ бөлініп шығады, мұнайдың көлемі кішірейеді.

Мұнайдың қабат  бойындағы физикалық қасиеттерін білу, әсіресе мұнай қорын есептеу мұнай өндірудің технологиялық схемаларын орынду, техникалық және технологиялық шараларды іске асырып, меңгеру жұмыс салаларында өте қажет.

 

 

 

      Мұнай және газдың физикалық қасиеттері

 

Жер қойнауындағы мұнай көлемінің жер бетіне шығарғандағы көлеміне қатынасы – мұнайдың көлемдік коэффициенті деп аталады. Ол былай жазылады:

   (1)

мұндағы: b – мұнайдың көлемдік коэффициенті; Vпл – мұнайдың қабат бойындағы көлемі, м3; Vнор – мұнайдың жер бетіне шығарылғандағы көлемі, м3.

Бұл коэффициент  арқылы жер бетіне шығарылған 1 м3 мұнай жер астында қандай орын алатынын білуге болады. Көп жағдайларда бұл коэффициенттің мазмұны 1-ден артық болып, 3-ке дейін жетуі де мүмкін.

Мұнайдың негізгі  қасиеттерінің бірі-тұтқырлық. Мұнай тұтқырлығының өндіріс саласындағы маңызы өте зор. Ол арқылы мұнай өндіру үрдісімен, оны құбыр арқылы айдағанда жұмыс қарқынына көптеген  әсер келтіретіні белгілі. Тұтқырлығы төмен, жеңіл, сұйық мұнайлар құбыр арқылы тез өтеді, ал тұтқырлығы басым, қою мұнайды өндіру, жинақтау, құбыр арқылы жүргізу жұмыстары көптеген қосымша еңбекті керек етеді.

Негізінде мұнайдың тұтқырлығына әсер ететін жағдайлар-оның құрамын-дағы парафин, шайыр қосымшалары және температура.

Мұнай тектес табиғи жанар газдар жер қойнауындағы өз алдына жеке-жеке таза газ кендерін, болмаса мұнай ішінде еріп, тұтас мұнай-газ горизонттарын құрастырып немесе тікелей мұнай бетінде шоғырланып орналасады. Мұнай кеніштерін игеру, өндіру процесінде мұнаймен араласып, сыртқа шығатын газды – ілеспе газ деп атайды.

Жалпы алғанда  мұнай қабаттарында, қандай мөлшерде болмасын, еріген газ кездеседі.

Жанар газдардың құрамы (СН) көмірсутектерінен тұрады, олардың  ішінде метан, этан, пропан, бутан, пентан т. б. газдар кездеседі. Таза газдан тұратын горизонттардың құрамында метанның көлемі басымырақ келіп, аумағы 98%-ке дейін жетеді.

Газ құрамында жеңіл газдар (метан және этан) көп болған сайын  оның салмағы жеңіл келуімен қатар  тез қызу бөледі, ал ауыр газдардың  құрамында метан мен этан аз мөлшерде болады.

Атмосфералық жағдайда (және 00С температурада) метан мен этан газ күйінде кездеседі. Пропан мен бутан газ күйінде кездессе де шамалы қысым арқылы сұйық көмірсутегіне тез айналады.

Геологиялық барлау жұмыстарының түрлері мен кезеңдері

Іздеу және барлау жұмыстары жер қойнауында мұнай-газ кендерінің барлығын анықтау, ашу, олардың қорларының санын есептеу және кен орындарының игеру жобаларын жасау мақсатында жүргізіледі.

Кешенді іздестіру-барлау жұмыстарына  алаңды геологиялық, геофизикалық және геохимиялық тұрғыдан зерттеу жатады, одан әрі кен орындарын түгелдей барлап, кемерлеу үшін ұңғылар қазі әдістері белгіленеді.

Іздеу жұмыстары бірнеше  кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде – жер  бедерінің жалпы геологиялық көрініс картасы жасалады. Осымен байланысты табиғи қалыптасқан тау жыныстарының ашылуына дейін жер бедері тазартылады да оның геологиялық бетбедерлерінің мүсіндері көрсетіледі.

Екінші кезеңде – зерттелетін  алаңның геологиялық құрылысын, негізгі қабаттардың тұрпаты  мен пішінін көрсету мақсатында тереңдігі 20 м-ден 300 м-ге дейін картировтық және құрылымдық ұңғылар қазылады. Алынған мағлұматтар бойынша шартты белгілерді пайдалана отырып, жер қабаттарының көнелігі мен аумағы көрсетілген геологиялық карта сызылады. Бұл карта ұңғылардың тілмесі, геологиялық пішіндер арқылы толықтырылып жазылады.

Құрастырылған стратиграфиялық тілмеде жер қойнауының қазылып өтілген тау жыныстарының сипаттамалары колонка арқылы көрсетіледі.

Геологиялық пішіндер қабаттың көтеріңкі бағытына қарама-қарсы  бағытта масштаб бойынша тік жазықтыққа түсіріледі.

Табылған кен орнының  пішінін толық дәлелдеу мақсатында геологиялық картаға қосымша  материал ретінде, қазылған ұңғылардың көрсеткіштері бойынша, құрылым картасы жасалады. Құрылым картасында зерттелетін қабаттың бет-бедері (ойлықырлылығы) жарма сызықтар арқылы көрсетіледі.

Мұнай-газ кендерінің құрылымдарын жете көрсету, ондағы қордың мөлшері, ұңғыларды қазу керектігін дәлелдеп көрсету мақсатында іздестірудің екінші кезеңінде геофизикалық және геохимиялық зерттеулер жасалады.

Жоспарланған  жұмыстар орындалып болғаннан кейін  үшінші кезендік – ұңғыларды тереңдеп қазу басталады. Алғашқы қазылған ұңғы тілмесінде мұнай-газ белгісі пайда болып, өнім алынған жағдайда кен орындарын нақтылы барлау әдісі жүргізіледі. Құнарлы алаңдарда кемерлеу ұңғылары қазылып, кен орнының аумағы, қалыңдығы, мұнай-су шекаралықтары анықталады. Одан кейін бағалау, тергеу егжей-тегжейлі тексеру мақсатында т. б. категориялы ұнғылар тағайындалып, қазыла бастайды.

Кен орнының  көлемі мен қоры сияқты қажетті мағлұматтар анықталып біткеннен кейін барлау жұмыстары аяқталып, енді мұнай мен газды игеру жұмыстары басталады, яғни бұл өндіру ұнғыларын қазуға ұштасады. Мұндай ұңғыларды арнайы, рет бойынша кен орындарына орналастырып қазып, олардан өнім алу мақсатында ғылыми-зерттеу институттарында немесе жергілікті ғылыми лабораторияларда игеру проектілері (жобалары) жасалады.

Мұнай-газ кен  орындарын іздеу-барлау жұмыстарының табысты болуы бастапқы кезеңде  геофизикалық және геохимиялық зерттеу  әдістерінің ең нәтижелі бағыттарын іріктеп, таңдап алып, оларды іске асырумен тығыз байланысты.

Геофизикалық  барлау әдістерінің бірнеше түрі бар, олардың негізгілері сейсмикалық  және электрлік әдіс.

Сейсмикалық барлау әдісі. Мұндай барлау тау жыныстарының, қабаттардың жарылған оқ дәрілер арқылы пайда болатын серпінді толқындарды өз бойларынан өткізуі, я болмаса кейін серпуі арқылы алынатын көрсеткіштер арқылы зерттеледі.

Жер қойнауындағы қабаттардың қайсыбірінде серпінді толқындар жылдам, ал қайсыбіріне  жәй тарайтыны белгілі. Сейсмикалық барлау жұмысын жүргізу үшін белгілі бір қашықтықта шұңқырлар қазылып, олардың ішіне токтың әсерімен жарылатын дәрі салынады.

Оқ дәрінің  жарылуына байланысты жер қыртыстарына тараған толқындар тау жыныстарының әр қабаттарынан түрліше жылдамдықпен өтеді. Толқындардың қандай жылдамдықпен өткенін жер үстіндегі сейсмограф таспаға жазып тұрады. Қатты тау жыныстарынан құралған қабаттардан толқын жылдамырақ өтеді де ол жұмсақ жыныстардан тұратын қабат-тардан толқын баяулау өтеді. Алынған көрсеткіштер арқылы жер қабат-тарының тереңдігі өлшеніп, карталары тұрғызылады.

Бұл әдіс мұнай  және газ кендерін барлау жұмыстарында кеңінен пайдаланылады. Сейсмикалық  барлау әдістерін алғашқы рет  Г. А. Гамбурцев ойлап шығарған.

Электрлік барлау әдісі тау жыныстарының өз бойынан электр тогын өткізуіне байланысты жүргізіледі. Мысалы, кейбір тау жыныстары (гранит, әктас, бойына тұзды су сіңген құмтастар) өз бойларынан электр тоғын жақсы, ал басқалары (саз, мұнай сіңген құм, құмтастар) нашар өткізетіні белгілі. Осымен байланысты бойынан электр тогын өткізбейтін тау жыныстарының электрлік кедергісінің мағынасы көп болады. Әр түрлі тау жыныстарының электрлік кедергісінің өзгеруі олардың табиғи орналасу тәртіптерін зерттей білуге мүмкіндік туады.

Геохимиялық барлау жұмыстарының қатарына газ барлау әдісі жатады. Газдар тереңдікте орналасқанмен сезгіш аспаптар арқылы олардың аз да болса жер бетіне шығып жататынын байқауға болады. Әрине газдың қабаттардан өту мөлшері өте нашар мыңнан бір процент болуы мүмкін. Бірақ та осы нәзік көрсеткіштер арқылы жер қойнауында газ кенінің барлығын байқауға болады.

1934 ж. инженер  М. М. Бальзамов геохимиялық  газ каратажын ойлап шығарды.  Газ каратажы төмендегі жағдайы  негізделген: ұнғыда қазу процесі  жүріп жатқан кезде бұрғы ерітіндісін  зерттеу арқылы оның құрамында жер қабаттарынан бөлініп шыққан газдарды жікке бөліп шығуын зерттеп, олардың мөлшерін диаграмма ретінде таспаға жазып тұрады. Осы диаграммалар арқылы жер қойнауындағы мұнай, газ кендерінің қандай тереңдіктерде кездесетінін болжайды. Ол барлау жұмысын жүргізуде ойдағыдай пайда келтіреді.

Өндірісте ұңғылар бойын геофизикалық әдістермен зерттеудің гамма-каратаж, нейрондық гамма-каратаж, термокаратаж т. б. түрлері кездеседі. Олардың барлығы да ұңғы тілмесін өндіріс-геофизикалық зерттеу әдістерінің қатарына жатады.

Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау

Ұңғы дегеніміз жер қыртысында арнайы бұрғылау аспаптарының көмегімен қазылатын диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр пішінді тау-кен құрылыс орны.

Ұңғының басталатын жері сағасы, цилиндрлі беті қабырғасы немесе оқпаны, ең төменгі шеті түбі деп аталады. Сағасынан түбіне дейінгі оқпан бойынша ара қашықтық ұңғы ұзындығы, ал ұңғы өсі проекциясының тіке аралығы тереңдігі деп аталады.

Ұңғыларды тіке және көлбеу бұрғылайды. Олардың диаметрі аралықтан аралыққа кішірейіп отырады.

Мұнай және газ  ұңғыларының бастапқы диаметрі 900 мм-ден аспаса, ал соңғының диаметрі 165 мм-ден кем болмайды.

Ұңғыларды тау жыныстарын тұтастай (кернсіз) немесе оның шет жағын ғана талқандау (керн алу) арқылы тереңдетеді.

Ұңғының құрлысы 1 суретте көрсетілгендей төменгі түп жағында – (6,8), ол мұнай не газ шығатын жиектердің тұсында болады, ал жоғарғы жағы – саға – (1). Бүйір қабырғасын-оқпан – (5) дейміз. Ұңғының ішіне мұнай мен газ құйылу үшін, қабаттағы қысым – Pпл – (9) түп жағындағы Р3 – (6) қысымнан көп болу керек, яғни Рпл > Р3 ұңғының бүйір қабырғалары – (5) пайдалану кезінде құлап қалмауы үшін темір құбырлармен бекітеміз – (4). Оны тізбектелген шеген құбыр дейді. Оның диаметрі жоғарыдан төмен қарай азая береді.

Ең жоғарғы  шеген құбырды – (2) бағыттаушы шахталы құбыр дейміз. Оның тереңдігі – 5-10 м, диаметрі – 200-500 мм. Негізгі міндеті-жердің жоғарғы жағындағы топырақты бекіту және саз балшық ерітіндісінің айналымын қамтамасыз ету. Оның ішінен, жоғары су қабаттарының ағымынан сақтау мақсатымен сағалық құбыр – (3) кондуктор жібереді.

 

1 сурет. Ұңғы үлгісі

 

Тереңдігі жоғарғы  су қабаттардың орналасуына байланысты 40 м.-ден 400 м.-ге дейін жетеді. Кондуктордың ішінен ұңғының тіреңдігіне және қазу (бұрғылау) қабаттарының орналасу ерекшеліктеріне байланысты бір немесе екі қосымша шеген құбырларын жібереді. Егер де кондуктордан кейін қанша тізбекті құбырлар жіберсе, сонша тізбекті құбырлар деп атаймыз. Ең соңында пайдалану (өндіру) құбырын – (4) жібереді. Әлбетте, оның диаметрі – 146, 168 мм, тереңдігі – 4500-5000 м. шамасында болады. Мұнай мен газ өндіру үшін оның сағасына, фонтанды қондырғы арқылы, кіші диаметрлі мұнай мен газ көтергіш құбырлары жіберіледі. Оның диаметрі – 40-70 мм. аралығында болады.

Информация о работе Мұнай жане кен орындары