Мұнай жане кен орындары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2012 в 18:36, реферат

Описание работы

Мұнай және газ кен орындары

Жер қойнауында бір тектес құрылымдағы мұнай мен газ кеніштерінің жиынтығын мұнай және газ кен орындары деп атайды. Мұнай газ кен орындары көмірсутектерінің алғаш пайда болған жері емес, олардың көшіп-қону (миграция) арқылы әр түрлі құрылымдарға шоғырланып жиналған орны.
Жалпы алғанда кен орнының қатарына мөлшері, сапасы бойынша техникалық-технологияның дәрежесіне және экономикалық тұрғыда пайдалану жағдайларына байланысты мұнай мен газдың өндірісте игерілуі мүмкін табиғи жинағы жатады. Кен орындары қор мөлшеріне байланысты ірі, орташа және ұсақ болып бөлінеді. Қоры көп мұнай алаңдарын игеру мәселесі – экономикалық мол пайдаға жолықтыратыны сөзсіз.
Қор мөлшеріне және сапасына байланысты баланстық және баланстан тыс қорлар болып екі топқа бөлінеді. Баланстық қор өндіруге пайда келтіретін, ал баланстан тыс қорлар таяу мезгілдерде игеруге пайда келтірмейтін қорлар.

Файлы: 1 файл

Практика.doc

— 1.88 Мб (Скачать файл)

Магистралдық  құбырлар келесі көрсеткіштермен сипатталады: ұзындығы, диаметрі, өткізгіш қабілеттілігі, айдайтын стансиялар саны.

Ұзындығы 1000 км-ге жететін және одан асатын қазіргі  магистралдық құбырлар дегеніміз –  жеке көлік өнеркәсібі. Олар аса  қуатты негізгі және аралық айдайтын стансиялары бар кешенмен жабдықталған, түрлі өндірістік және көмекші ғимараттары бар, құйғыш станциялармен жабдықталған. Олардың өткізгіш қабілеті жылына 50 млн. т. Мұндай құбырлардың шартты диаметрі 500, 700, 800, 1000, 1200, 1400 мм. болатын жасалады.

Мұнай және мұнай  өнімдерін, алысқа жібергенде, құбырда пайда болатын едәуір гидравликалық кедергіні женуге тура келеді. Сондықтан бір сорап стансиясы берілген қысымда айдаудың қалыпты режимін қамтамасыз ете алмаған жағдайда, құбырдың бойына бірнеше сорап салынады.

Құбыр көлігі тиімділігімен  қатар, табиғат жағдайларынан тәуелсіз болатындықтан, жыл бойы жұмыс істей береді, бұл басқа көлік тұрлеріне қарағанда өте пайдалы. Сол себепті, магистралдық құбырлардың ұзындығы жылдан-жылға өсіп келеді. (Қазақстан бойынша келесі тарауды қара).

Айдау принципіне қарай, іс жүзінде екі түрлі жүйе қолданылады: подстансиялық және транзиттік.

Айлаудың подстансиялық  жүйесі бойынша, мұнай және мұнай  өнімдерімен, әуелі аралық стансиялардың  резервін толтырады, содан кейін  келесі стансияларға жіберіледі (1, а-сурет). Егер стансияда бірнеше резервуарлар бар болса, өнім айдау үзіліссіз жүріп тұрады; бір резервуарға өнім келп түсіп жатса, екіншісі құбырдан кетіп жатады.

 

 

1 сурет. Мүнай айдау жуесі.

1-резервуар; 2-сорап.

 

Айдаудың транзиттік жүйесі бойынша, бір сораптан екінші сорапқа, өнім резервуар арқылы өтеді.

Резервуар арқылы айдағанда, алдыңғы сорап стансиясынан кейінгі сорап станциясына, газ  бен суды мұнайдан айырғыш резервуар  арқылы өтеді            (1, б-сурет).

Өнім бір  сораптан екінші сорапқа айдалғанда, аралық резервуарларға соқпай, сорап станциясынан келесі станцияға тікелей бағытталады (1, в-сурет). Бұл, ең жетілген және тиімді жүйе. Себебі аралық резервуарда саңылаусыздандыру жақсы қамтамасыз етілгендіктен, булану әсерінен пайда болатын шығындар болмайды.

 

Мұнай және мұнай өнімдерін сақтайтын ыдыстар

Мұнай кәсіпшілігінде, мұнай өңдеу зауыттарында, мұнай  базаларында және магистралдық мұнай  құбыры стансияларында жинау, сақтау және есепке алу үшін, әр түрлі материалдардан жасалған, пішіндері әр түрлі, көлемдері  әр түрлі ыдыстар болады. Қолданысында қарай, бұл ыдыстар ашық түсті мұнай өнімдерін, қоңырқай түсті мұнай өнімдерін сақтайтын резервуарлар деп бөлінеді.

Жасалған материалына  қарай, металдан және металл еместен  жасалған болып бөлінеді. Метал ыдыстарға  болаттан жасалған ыдыстар, металл еместерге темірбетон резервуарлары жатады. Бұл резервуарлардың барлығы, пішіні жағынан тік цилиндрлік, көлденең, тамшы тәріздес болып бөлінеді.

Резервуарлар, қондырғы үлгісіне қарай, былай бөлінеді: түбінің деңгейі тұрғаналаңның  ең төменгі белгісіненжоғары, не бірдей болып келетін жерүсті резервуарлары: резервуардағы сұйықтың деңгейі тұрған алаңның ең төменгі белгісінен 0,2 м-ден кем болмайтын төмендікте орналасқан жерасты резервуарлары. Резервуарлардың көлемдері 100 м3-ден 120 000 м3-ге жетеді.

Ашық түсті  мұнай өнімдерін сақтауда көбінесе болат резервуарлар, соныменқатар іші  жұқа болатпен қапталған темірбетон резервуарлары қолданылады. Мұнайдың мөлшері өте көп болған жағдайда, қоңырқай түсті мұнай өнімдерінкөбінде темірбетон резервуарларында сақтайды. Жағар майлар әрқашан болат резервуардарда сақталады.

Бір типтегі  резервуарлар тобын, құбыр коммуникацияларына қосып резервуар паркі деп атайды. Жерүсті резервуарларының әрбір тобы биіктігі төгілген сұйық деңгейінен 0,2 м. жоғары, қалыңдығы 0,5 м. болатын топырақ қоршаумен қоршалады.

Тік цилиндрлі резервуарлар понтондары бар, қалқып жүрген қақпақтары баржәне төменгі қысымды деп бөлінеді. Әрбір резервуар жабдықтарын қарап-бақылап отыру үшін, сынақ алу үшін, өнімдер деңгейін тексеріп отыру үшін, қажетті басқышпен қамтамасыз етілген. Басқыштың резервуар қақпағына қосылған жерінде алаң бар, оған өлшеуіш аспаптары орнатылған.

Резервуардың  қаптамасын атмосфералық жауын-шашыннан сақтау үшін, тұрақты материалдан  жасалғандықтан, понтонды жеңіл синтетикалық матадан жасауға болады. Қалқымалы қақпағы бар резервуарлардың тұрақты қаптамасы болмайды, болат табақтардан жасалған диск, қақпақ орнына жүреді.

Тамшы тәріздес резервуарлар, жеңіл буланғыш мұнай  өнімдерін сақтауға қолданылады. Резервуардың сыртқы қабығы, тамшы пішіндес болғандықтан да, корпустың үстіндегі бүкіл элементтер сұйық қысымының әсерімен бірдей күшпен созылады, бұл резервуар жасағанда болаттың мөлшері аз жұмсалады.

Тамшы тәріздес резервуарларда газ кеңістігіндегі ішкі қысым               0,04-0,2 МПа және вакуум 0,005 МПа болғандықтан, тез буланғыш мұнай өнімдері ешбір шығынсыз сақталады, бу тек қана резервуарларды толтырғанда ғана шығарылады.

Тамшы тәріздес, сырты тегіс корпусты резервуарлар жатады. Бұлардың көлемі 5000-6000 м3, қысымы 0,075 МПа. Бірнеше сыртқы қабықтары мен торабы бар корпусты көп күмбезді немесе көп кемерлі резервуарлар деп атайды. Мұндай резервуарлардың көлемі 5000-20 000 м3, қысымы 0,37 МПа-ға дейін жетеді.

Металл емес резервуарлардың негізгі конструкциясы  металл материалынан емес, темірбетоннан, резинаматадан және жасанды материалдардан жасалғандар жатады, олар көбінесе, жылжымалы сауыттар ретінде қолданылады.

Темірбетон  резервуарларында сақталатын өнім түрлері: мазут, мұнай, майлар және ашық түсті  мұнай өнімдері.

Мұнай мен мазуттың бетонға химиялық әсері болмайтындықтан әрі өзінің ауыр фракцияларымен, шәйірімен ұсақ саңылаулы материалды бітеп тастайтын қасиеті болғандықтан, резервуардың қабырғасын, түбін арнаулы қорғағыш материалмен қаптамайды. Жағар майды сақтағанда, оларға кір қосылмас үшін, резервуардың ішкі жағын қаптап тастайды. Тез буланғыш фракцияларды сақтағанда да солай етеді, өйткені олар бетон арқылы оңай өтіп кете алады.

Темірбетон  резервуарларының металды үнемдеуден басқа да технологиялық артықшылықтары бар, олар жылуын тез жоғалтпайтындықтан мұнай және мұнай өнімдерінің қызуынжақсы сақтайды. Жерасты темірбетон резервуарлары күн сәулесінен қызбайтындықтан, олардатез буланғыш ашық түсті мұнай өнімдері сақталады. Мұндай резервуарлар дөңгелек, не төртбұрыш пішінді болып келеді. Дөңгелек пішінділері экономикалық жағынан тиімді болса, төртбұрыш пішінділері жасауға жеңіл.

 

Табиғи газды тасымалдау

Магистралдық  газ құбырынан газды өңдірген жерінен газ таратушы стансиялары, қалаларға және өнеркасіп орындарында  тасымалдайтын құбырлар тартылады.

Қазіргі кезде  магистралдық газ құбырлары 7,5МПа  қысымда газ өткізу қабілеті 15-25 млн/жыл диаметрі 1200 және 1400мм. болып  келетін етіп салады. Магистралдық газ құбырлары мұнай құбырларына  көп жағынан ұқсас, құбырлары, айдайтын стасиялары және телефон байланысы сияқты негізгі элементтерінен тұрады.

Дегенмен газдың меншікті көлемі жағынан ұлкен, не айдау  кезіндегі қысымның әсері бұл  көлемнің өзгеріп тұруы сияқты газ  құбырларының ерекшеліктері де болады. Бұл ерекшелікке айдайтын газдың салмағы мұнай өнімімен бірдей болғанда, газ құбырының диаметрі мұнай құбырына қарағанда үлкенірек болады. Екінші бір ерекшелігі – құбырдың бүкіл тартылу жолында диаметрі болып келгенмен, соңғы стансиялар арасындағы құбырдың қысымын әжептәуір жоғары дәрежеде ұстап отырудың қажеттілігі туады

Магистралдық  газ құбырының тағы бір ерекшелігіне құбыр ішінде гидраттық тығындардың  пайда болып қалмауына қарсы  және газдың өрт қаупінің жоғарылығына қарсы шаралар қолдану жатады. Соныңда, ең басты ерекшелігі газдың құбырмен үздіксіз жүріп тұруына қойылатын талапты күшейту жатады, себебі әрбір ұзін үзіліс тұтынушыларды газбен қамтамасыз ету тәртібін бұзады және газ өңдіруді тоқтатады.

Газ құбырларға жіберілместен бұрын тасымалдауды қиындататын немесе қылығымен қауып  тудыратын қоспалардан тазартылады. 

Газ өнеркәсібі жұмысының өзіне тән ерекшелігі тұтынушылардың газды бірқалыпты пайдаланбауында. Қалаларда, ауылдардың, өндіріс орталықтарының, элетростансиялардың газды ең көп  қажет ететін мезгілі – қыс, ең аз қажет ететін мезгілі – жаз. Сондай –ақ тәуліктік ауытқу байкалады, күндізгі сағаттарда газдың тұтынуы түнге қарағанда көбірек. Одан басқа, электростансиялардағы пештер ремонтқа қойылғанда, газ жүмсалуы азаяды. Ірі тұтынушыларға газбен үздіксіз қамтамасыз етіп отыру үшін, олардың жанына буферлік қоймалар орнатады. Газ аз жұмсалған кезде, бұл қоймаларда газ жиналып, керегінде алып отырады.

Газды сақтау үшін мынадай газголдердің түрі қолданылады:

    1. цилиндрлік (тік және көлденен) немесе сфералық газголдерлер, олар тұрақты көлемді және ауыспалы қысымды келеді;
    2. ауыспалы көлемді және тұрақты қысымды газголдерлер;
    3. табиғи жерасты қоймалары.

 

 


Информация о работе Мұнай жане кен орындары