Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 22:24, реферат

Описание работы

Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы мен олқылығы.
Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау.
Шағын кәісіпкерліктің ролі мен алатын орны.
Орта және ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі және оның көздері.

Файлы: 1 файл

нуреке.doc

— 235.50 Кб (Скачать файл)

     Қазақстан  Республикасы нарыққа өтудің  басында (1990ж) басқа старттық  жағдайда болды. Республика экономикасы  Кеңес Одағының халық шаруашылығы  кешенімен тығыз біріккен болды. Өндірістің құлдырау жағдайында ақшалай табыстардың өсуі тауар массасымен қамтамасыз етілмеді. 1990ж халықтың жинақтағы қалдықтары 13млрд. сом құрады, ал қанағаттандырылмай қалған сұраныс 17млрд. сом немесе жылдық тауар айналымы мен ақылы қызметтердің 76%-нан көбін құрады. Жабық инфляция ашық инфляцияға ұласты және қаржы жүйесі бақылаудан шықты.

     Қазақстан  реформаны дербес тек 1993 жылдың  қараша айында ұлттық валютаны  енгізгеннен кейін, 1994 жылдан бастап, жүргізе бастады. Реформа жылдарында мерзімдік баспасөз келтіргендері бойынша инфляция деңгейі  13250 есе өсті, өндірістің құлдырауы 1991 жылдың деңгейінің 50%-ға жетті.

 

3.2. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу болашағы мен

кейбір мәселелері.

 

       Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісі сферасындағы рөлін жоғарлату үшін мемлекеттік ресурстық потенциалын толығымен жүзеге асыру қажет, сонымен қатар өнеркәсібі дамыған елдерден тәуелділік жағдай болмас үшін дайын өнім өндіретін салалардың ролін жоғарлату керек. Бұған, елге жаңа серіктестіктерді тарту жолы, сонымен қатар экспорттық-импорттық саясатты жақсарту және Қазақстанды ғылыми сыйымды өнімдер нарығына тарту арқылы жетуге болады.

       Жаңа серіктестіктерді іздеу. Қазақстан үшін капиталын тарту технологиялық артта қалушылықты жеңудің және т.б. кедергілерді жоюдың негізгі факторы болып табылады. Ол үшін тұрақты инвесторларды іздеу керек.

Қазіргі кезде Қазақстан  мұнайлы аймақтарды игеру жөнінен  шамамен 30 мұнай жобасы бар. Теңізден Қара теңіз портына дейін мұнай құбырлары салынуда. Иран Ислам Республикасының территориясы арқылы өтетін және мемлекет территориясында мұнай құбырларын салу туралы мәселелер қаралып жатыр. Мұнайдан түрлі өнімдер жасап шығаратын және қазіргі бар зауыттарды қайта құру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Мысалы, ел экономикасының құрылымын айтарлықтай өзгерте алатын және белгілі бір дәрежеде бар сәйкессіздіктерді жоя алатын Қарағанды металлургия комбинатын және басқа да ірі объектілерді қайта құру.

Республиканың көптеген елдермен экономикалық байланыстары бар: АҚШ-мен, Алманиямен, Франциямен, Австриямен, Турциямен, Оңтүстік Кореямен және басқалармен. Мұнай газ кен орындарын игеру үшін шетел

23

капиталын қатыстыру  көпшілік мақұлдаған дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес жүргізілу керек. Біздің қимылымыздың бастамасы дүниежүзілік ортақ ережелер, дүниежүзілік тәжірибе болу керек, әйтпесе біз өзіміздің байлығымызды жоғалтып аламыз. Осы ережелерден басқа, үкімет 1993 жылдан бастап сыртқы экономикалық байланыстардың дамуы аймағында қатаң шараларды қолдана бастады.

Инвестициялық саясатты жақсарту үшін, Қазақстан елдің экспорт  және импорт баланстарын жасауы керек.

Экспорттық-импорттық  стратегия. Экспорттық-импорттық стратегияны  “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасына сәйкес дайындау керек. Оған сәйкес экспорт, импорт сферасында Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнын және рөлін өсіретін бағыттары бар.

Республиканың экспорттық стратегиясын нақты бір нарықтардың  ерекшеліктерін есепке ала отырып дайындау керек. Сондықтан, жаңа дүниежүзілік нарықтарға ену мүмкіндіктерін зерттеу кезінде ең алдымен коньюктуралық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру маңызды болып табылады.

Жаңа технологияны сатып  алу және біріккен кәсіпорындар құру арқылы, өндірісті ұйымдастыру мүмкіндігі болса да, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің кейбір түрлерін, медициналық құрал-жабдықтарды және медикаменттерді сатып алуға мүмкіндік беру керек.

Екінші бағыт –  республиканың халық шаруашылығының әрбір саласы импорттық саясатын дайындауы керек, әсіресе аграрлық секторда, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде, машина жасау өнеркәсібінде.

Үшінші бағыт –  бұл едәуір аз шығындармен өнім шығаруға және қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар  импорты. Бізбің елімізде лизингті ұйымдастырып, дамыту қажет. Бұл мәселелерді шешу дүниежүзілік экономикалық жағдайға күрделі талдауды қажет етеді. Барлығын қымбатырақ сату және арзанырақ сатып алу саясаты – бұл люмпен саясаты.

Ғылыми сыйымы тауарлар импортымен ғана шектелуге болмайды, сонымен қатар халықаралық экономикалық қатынастарда мемлекетіміздің рөлін жоғарылатуға мүмкіндік беретін жаңа техника мен технологияларды шығару керек.

Қазақстан ғылыми-сыйымды  өнімдер нарығында. Ғылыми сыйымды  өнімдермен айырбас қызмет көрсетуді, тауарлармен жасалынатын сауданы, лицензиялар мен патенттерді сату, сатып алуды төмендетеді. Ғылыми сыйымды өнімдер әлемдік нарығының субъектілері болып мемлекеттер, фирмалар, университеттер, қорлар, жеке тұлғалар, ғалымдар мен мамандар табылады. Ғылыми сыйымды өнімдер әлемдік нарығының объектілері болып заттай формадағы (агрегаттар, инструменттер, технологиялық желілер, өнеркәсіптік үлгілер және т.с.с.) және заттай емес формадағы (патенттер,  лицензиялар, “ноу-хау”, тауарлық белгілер және т.б.) интеллектуалды қызметтің нәтижелері табылады. Халықаралық маманданған ұйымдардың

24

терминологиясын қолдана  отырып, заттай емес формадағы технологиялық  айырбастың немесе ғылыми сыйымды өнімдер  айырбасының объектісі болып  өнеркәсіптік меншік, яғни изобретение, тауарлық белгілер және өнеркәсіптік үлгілер табылады.

Республика нарықтық экономикаға өту кезінде ғылыми сыйымды өнімдер айырбасы мәселелерін  шеше отырып, белгілі бір қиындықтарды басынан кешіру мүмкін. Бірақ-та әлемдік  нарыққа ғылыми сыйымды өнімдермен шығу келесі мәселелердің шешілуін талап  етеді:

   - ең алдымен әлемдік деңгейге сәйкес келетін жаңа технологиялардың тізімін жасау керек;

   -  әлемдік нарыққа ұсыныла алатын және онда бәселекестікке төзе алатын жоғарғы технологияны өнім түрлерінің тізімін жасау;

   - жоғарғы технологиялар әлемдік нарығын зерттеу, яғни әлемдік нарық коньюктурасын білу керек;

   - жоғарғы технологиялы бәсекелестік қабілеттілігі жоғарғы өнімдерді, технологияларды сату.

         Алғашқы кездерде республиканың немесе фирманың жоғарғы сапалы өнімдер өндіретіндігін куәландыратын имиджі болмайынша, бұл өнімдерге өте төмен бағалар төлейді. Бір кездерде әлемдік нарықта жапон тауарларының арзан болғандығын, ал қазіргі кезде Оңтүстік Корея тауарларының арзан екендігін есте сақтау керек. Бізде осы жағдайдан өту керек, әйтпесе бізді әлемдік нарықта қабылдамайды.

       Екінші бағыт - ғылыми жұмыстар едәуір нәтижелі орындалатындай орта құру. Мұнда, Республиканың ғылым және жаңа технологиялар Министрлігінің рөлі зор.

        Республиканың әлемдік тәжірибеде жоқ ғылыми идеяларға, жаңа технологияларға иеленбейді деп есептеуге болмайды. Барлығын ретке келтіру керек. Ғылыми идеялар жаңа технологиялар тізімін жасау қажет. Өз кезегінде ғылыммен тек қана орталықта айналысады, ал қалғандары оның нәтижелерін өндіріске таратумен айналысады деп түсінеді.

       Республикада пайда  болған кейбір жаңа идеялар қабылданбады. Мысалығы: алғашқы кезде Лисаковск ГОК-н салу туралы екі жоба болаты: алматылық және ленинградтық. Алматылық жоба – тыңайтқыштарды, алюминий тотығын, темір рудасын шикізатын табуды және өңдеуді, ал ленинградтық - темір рудасын ғана шығаруды қарастырған. Мәскеу жобаны таңдап алды. Бірінші күні Қарағанды металлургия комбинаты Лисаковск рудасына  тапсырыс қысқартты. Сондықтан Лисаковск ГОК-і басқа өткізу нарықтарын (Батыс Сібір, Орал) табуы және басқа да өңдеу салаларын дамытуы керек.

        Қазіргі кезде қазақстандық технологиялар артықшылықтарын танылып жатыр. Мысалы, қорғасын өндіруден жетекші орын алатын “Коминко” канадалық фирмасы – неміс мамандары ұсынған технологияны қабыл алмай, қазақстандық мамандармен және ғалымдармен шығарылған технология негізінде өз зауыттарын қайта жаңғырту туралы шешім қабылдады. Фирма

25

акционерлерінің ішінде неміс кәсіпкерлерінің болғандығына да қарамастан қабыл алмады. Біз  жетекші болып табылатын немесе өндірілген өнімдеріміз әлемдік стандартқа сәйкес келетін, ғылым және техника салалары бар. Бірақ, осының барлығын әлемдік нарыққа республикамыздың экономикалық қауіпсіздігін сақтай отырып, жеткізе ала білуіміз керек.

        Бірақ Қазақстанды жоғарғы дамыған мемлекетке айналдыру сыртқы нарыққа нәтижелі қатысуына және халықаралық мамандануды ұтымды таңдауына байланысты. Республика экспортын ұлғайтудың негізгі көздері болып ғылыми сыйымды бұйымдар және жоғарғы технологиялар табылады.

Батыс эксперттері жаңа технологияларға және жаңа бұйымдарға жоғарғы қызығушылық білдіреді. АҚШ Ресейден ғарыш кемелерін қондырғанда қолданылатын “Топаз-2” плутоний-238 ядролық реакторын алдын-ала сатып алды. АҚШ үш мыңнан асатын технологиялар тізімін жасады.

        Осы технологиялар тізіміндегі Қазақстанның үлесі қандай немесе мүлдем жоқ па? Осыны анықтау керек. Ғылыми сыйымды өнімдердің сыртқы нарыққа шығуы біздің кәсіпорындардың, біріншіден, олардың сыртқы экономикалық сапалығының жоғарылауын; екіншіден, жоғарғы технологиялар әлемдік нарығының ерекшеліктерін ұғынуын талап етеді. Қазіргі кезде технологиялық потенциал әрбір мемлекеттің экономикалық және қорғаныс күшінің негізі болып табылады. Сондықтан Солтүстік Америка, Батыс Еуропа және Жапония арасындағы экономикалық бақталастықта негізгі орынды технологиялық жетекшілік үшін күрес алады. ТМД (Ресей, Украина, Өзбекстан, Қазақстан, Белоруссия) елдерін қамтыған

экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстанның болашақтағы 

мүмкіндіктері айтарлықтай  жоғары. Экономика құрылымында аграрлық сектор үлес салмағының басым болуы, басқарудың қатаң түрде жүргізілуі, бай табиғи ресурстардың болуы, Қазақстан экономикасының қайта қалпына келуіне мүмкіндік береді. Батыс мұнайгаз корпорацияларының ірі инвестициялары жеке меншік капиталдың ағып келуін күшейтеді. Қазақстанның шаруашылық жағдайы жоғарғы экономикалық интеграция дәрежесіне қарай Ресей қарым-қатынасымен анықталатын болады. Сондықтан экономикалық және технологиялық саясат дүниежүзінің жетекші технологиялық елдерімен тең құқылы қарым-қатынасты дамыта отырып, ғылыми сыйымды секторды шаруашылық өсудің “қозғаушы күші” етіп жасауы мүмкін.

       Басқа жағынан қарағанда, қазіргі кезде біздің кәсіпорындар батыс технологияларына үлкен қызығушылығын білдіреді.

       Біздің кәсіпорындардың өздері-ақ болашақта өріс алатын жобаларды ұсына алады. Ол үшін әлемдік нарықта қалыптасқан жағдайларды, ережелерді, шарттарды ескере отырып, үйлесімді бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру қажет. Қазіргі кезде технологиялармен айырбас жөнінен келісім-шарттарының қатаң сақталуын, өнеркәсіптік меншік иелері құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін жүйе керек. Бұл мәселені шешу үшін интеллектуалды меншік әлемдік ұйымының көмегіне және

26

халықаралық сауда палатасының  тәжірибесіне сүйенуге болады.

Қазақстан тек қана шикізат пен материалдарын ғана емес, сонымен қатар жоғарғы технологиялы дайын өнімдер (электроника, өнеркәсіптік құрал-жабдықтар және т.с.с.) экспортына маманданғанда ғана халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде беделді орынға ие бола алады.

 

3.3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды  дамыту мүмкіндіктері мен болашағы.

 

        “Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму жағдайлары мен басым факторлары” елімізде кәсіпорындар қызметіне қолайлы экономикалық ахуал жасау тапсырмалары, кәсіпорын функцияларын ырықсыздандыруға талдау қарастырылады және кәсіпорындардың қызмет ету негізінде заңды-нормативтерді жетілдіруге ұсыныстар көрсетіледі.

Қазіргі кездегі халықаралық  бизнес ерекшелігі - тәуелді барынша  төмендетуге ұмтылу. Өз кезегінде  тәуекел дәрежесі экономикалық кеңістіктегі бизнес климатынан болады. Қолайлы экономикалық, заңды-құқықтық институтционалдық жүйе негізінде шаруашылық субъектілердің қызмет етуін “қолайлы экономикалық ахуал” деп аталады. “Қолайлы экономикалық ахуалдың” принципты базасына болып келесі факторлар жатады:

- жетілген салық жүйесі;

- оңайлатылған валюталық  режим;

- бюджет жүйесі;

- кедендік режим;

- тиімді есеп беру  мен  есепке алу;

- жетілген банк жүйесі;

- шаруашылық басқару  органдарын жаңарту;

- жетілген сақтандыру  жүйесі;

- әкімшілік басқару органдарын жаңарту;

- жетілген сақтандыру  жүйесі.

        Әлемдік тәжірибеде инвестиция  тартуға қолайлы жағдай жасау, сонымен бірге кәсіпорын құру, көп жағдайда заң шығару негізін жетілдірумен байланысты. Өзара байланысты экономикалы, құқықтық, ұйымдастыру және ақапараттық бағыттар кешешнінің ішінде маңыздысы келесілер:

1) инвесторлар басының  және меншігінің қорғауды қамтамасыз  ету;

2) қаржылық валюталық,  салықтық, тарифтік және тарифтік  емес реттеуде құқықтық негізін  жетілдіру;

3) шетел инвестициясын сақтандыру және кепілдендіру жүйесін құру және жеке ұлттық инвестициялармен кепілзат операцияларын жүргізу механизмін қалыптастыру;

4) инвестицияны реттеу  мәселелерін шешуде мемлекеттік  және аймақтық органдар ықпалын  шектеу;

27

5)  әртүрлі ведомостволар тарапынан үстемдікті жою.

      Қазақстада  “қолайлы экономикалық ахуал”  қалыптастырудың негізгі элементі  “Шетел инвестициялары туралы” Заң болып табылады. Осы заңға сәйкес, шетел инвестицияларының кез-келген түрі және олармен байланысты барлық қызмет түрлері қолайлы жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс. Бұл заңның негізгі қабылданған мақсаты – біздің еліміздегі шетел инвестицияларына, олардың қызметіне максималды жағдай құру.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары