Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 18:43, курсовая работа
Тәуелсіздік алумен Қазақстанда нарықтық экономикаға ауысуға бағытталған ірі реформалар жүргізіле бастады. Мемлекеттің халық шаруашылығын басқару мен реттеуде Үкімет ролі азайып, Адам Смиттің айтып өткен «көрінбейтін қол» нарықтық қатынастарды орнатуға мүмкіндік жасады. Тиісті саяси-әлеуметтік жағдай мен КСРО-дан мұрагерлікке қалған инфраструктура, дәмі татылмаған ішкі нарық, төмен бәсекелестік Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіпкерліктің дамуына жағдай туғызды.
КІРІСПЕ 4
1 КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
1.1 Кәсіпкерлік түсінігі және оның мәні 6
1.2 Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы маңызы мен оның ерекшеліктері 7
1.3 Шағын бизнес құрудың өзекті формалары 11
1.4 Шағын инновациялық кәсіпкерліктің формалары 12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ 15
2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуын бағалау 15
2.2.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту мәселелері. 18
2.3 Отандық шағын кәсіпкерліктің құқықтық қамтамасыз ету көздері 19
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 20
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30
Кіші бизнес ірі фирмалардың және компаниялардың жақсы жұмыс істеуі үшін жағымды шарттар қалыптастырады. Мысалы, Жапонияда 50– жылдардан бастап контракт арқылы ірі фирмалардан мамандандырылған шағын фирмаларға берілген жұмыстың көлемі өте тез өскен. 1966 жылмен 1981 жылдары арасында ірі компаниялармен контракт арқылы жұмыс істейтін шағын фирмалардың үлесі 53,5 %-дан 65,5 %-ға дейін көбейген. Ал, электронды өнеркәсіпте бұл үлес 1981жылы 85,7%- ға дейін жетті.
Сызба 2. Шағын бизнесті құру жожолдары.
Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Ол шағын бизнестің серпінді, өндіріп отырған тауардың түрін, ассортиментін тез өзгерту қабілеттілігі, технология және басқа салаларда да жаңалықтар енгізуде икемді болуынан көрінеді. Шағын бизнестің басты ерекшелігі- коллективтік еңбекке ұмтылу, жұмыстың максималды жемісті нәтижесіне жету үшін жалпылықтың қызығушылығының болуы. Қазіргі уақытта көптеген елдердің экономикасы үшін шағын бизнес өте маңызды болып келеді. Шағын бизнес- жаңа идеялардың, табыстың, жұмыс орнымен қамтамасыз етудің негізгі көзі және экономика дамуының негізгі кепілі екенін біле отырып, көптеген мемлекеттер оны дамыту үшін маңызды іс-шаралар қабылдап, оған максималды түрде қолдау көрсетеді.
Қазіргі кезде шағын бизнесті құрудың өзекті формалары: франчайзинг және отбасылық бизнес. Ең алғаш франчайзингтік келісім XIX ғасырда тігін машиналарды өндіретін компаниямен оның диллерлері арасында жасалған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін франчайзинг мейманхана комплексі, бөлшек сауда, фармацевтика салаларында франчайзинг принциптері кең қолданылған.
60-70 жылдарда тамақты
тез дайындау технологиясы кең
таралғанда («Макдональдс» фирмасы)
франчайзингтік қатынастардың к
Франчайзингтік компаниялар өздерінің франчайзи-мүшелеріне фирманың атын, сауда маркасын, өнімді, жабдықты және тағы басқаны пайдалану құқығын береді. Бастап келе жатқан кәсіпкер үшін франчайзинг жаңа кәсіпорын ашуда тәуекелділікті маңызды төмендетеді. Франчайзингтік келісім жаңа бизнеске үлкен кәсіпорынның жинақталған тәжірибесін пайдалану құқығын береді. Сондықтан, шетелде әрбір 12–кәсіпорынның франчайзингтік болып келуі кездейсоқ жағдай емес.
Франчайзингтік қатынастардың үш типі бар:
Франчайзингтің
Маркетингтік көмек франчайзер сауда маркасын және атын пайдалану құқығына негізделген. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде соңғы 5 жылдың ішінде қалыптасқан франчайзингтік фирмалардың 97%-ы әлі күнге дейін жақсы дамып отыр. Франчайзингтің негізгі кемшіліктеріне келесілерді жатқызуға болады: франчайзинг құны, фирма өсуінің шектелуі, франчайзерге тәуелді болуы. Кемшіліктеріне қарамастан, 1970 жылдан 1990 жылға дейін франчайзингтік фирмалар арқылы жүргізілген сауданың көлемі 10%- дан 15%- ға дейін өсті. Франчайзинг жүйесі арқылы АҚШ-та сауда көлемі 758 миллиард долларға дейін жетті, франчайзерлердің көлемі- 2177, ал франчайзи саны- 542000. АҚШ-та 374 франчайзерлердің қарамағында шетелде 35000 франчайзи бар, оның 75%-ы Канадада, Жапонияда, Шығыс Еуропада және Австралияда.
Шағын бизнес құрудың келесі формасы- жанұялық бизнес.Кез-келген жанұялық бизнес- отбасы мен бизнестің симбиозы болып келеді. Жанұялық бизнестің басты артықшылығы-бизнес жүргізуге көмектесетін туысқандық қатынастардың жақсы болуы. Жанұялық бизнесте ірі корпорацияларға қарағанда қызметкер үшін жасалынатын жұмыс жағдайы жақсырақ болып келеді. Сондықтан, АҚШ-та кәсіпорындардың 80-90% жанұялық бизнес болып келуі кездейсоқ жағдай емес. Қазақстандағы кәсіпорындарға келетін болсақ, жанұялық бизнес қазіргі кезде жақсы даму үстінде. Бизнестің бұл түрін көбінесе шаруа қожалықтары құрайды.
Жалпы «Инновация» ұғымы ағылшынның
«innovation» сөзінен
1-ші кезеңде іргелі ізденістік ғылыми – зерттеулік жұмыстар жүргізілді.
2-ші кезеңде қолданбалы ғылыми–зерттеулік жұмыстың соңғы іске асуына мүдделі, инвесторлардың тапсырыстары мен қаржылық құралдар есебіне қолданбалы ғылыми- зерттеулік жұмыстың іске асу үрдісі сипатталады.
3-ші кезеңде инновациялық жобаны қаржыландырудағы технико- экономикалық үйлесімдік турасында негізгі шешімі өнделетін тәжірибелі- конcтрукторлық жұмыс жүргізіледі немесе кейбір компоненттер инвестицияланады.
4-ші кезеңде ғылыми сыйымдылықтағы өндіріс іске қосылады, технологияның жобалық–сериялық шығарылуынан бастап, масштабтық өндіріспен нарыққа шығуға дейінгі кезең.
Шағын инновациялық кәсіпкерліктің формаларына келетін болсақ, оның келесідей негізгі үш түрі бар.
Бірінші формасы
ескі қызмет етуші компаниялар негізінде
мүлдем жаңа шағын кәсіпкерлік
Бұрыннан қызмет етуші
компаниялар шегінде
Екінші форма
тәуекелділік-венчурлік
Тәуекелділік–венчурлік фирмалар елеулі түрдегі тәуекелділіктегі инновациялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін құрылатын субъектілерді сипаттайды. Жаңа технологиялар мен жаңа өнімдер саласында жаңа керемет ойларды игерген бірнеше адамдардан құралатын жобалық топ, сол өздерінің жаңа жобаларын іске асыру үшін қажетті қаржылық және басқа да құралдарды иемденбегендіктен венчурлік технологияларға маманданған венчурлік қорлар немесе инвесторлармен ынтымақтастық құрады.
Венчурлік фирма – ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен айналысатын коммерциялық ұйым. Олар, осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді. Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына, сатып алушылар қажеттеріне, шығындардың төмендеуіне сәйкес келмесе,күйіп кету мүмкіндігі мол. Сондықтан венчулік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез аяқтап, оның басқа жаңа түрлерін жасаумен айналасуға тырысады. Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-та пайда болған. Венчурлік бизнес АҚШ-та пайда болып және сол жерде кең қанат жайды. Кез-келген кіші инновациалды бизнес материалдық және қаржылық ресурстарда шектеулі. АҚШ-та кіші инновациалды бизнесті дамыту үшін арнайы комплекстік бағдарлама әзірленген. Ол бағдарлама бойынша мемлекет кіші кәсіпкерлікті федералды бюджеттен тікелей қаржыландырады. АҚШ-тағы венчурлік бизнестің негізгі мәні: инновациялық фирмалар жаңалықтарын өткізу инвесторлардың көмегімен жүргізілуінде және кейіннен инвесторлардың осы қалыптасқан компанияның акцияларын сатып алғанда бағаға жеңілдіктер болуында. Қазіргі уақытта Ресейде венчурлік кәсіпкерліктің дамуына барлық алғышарттар қалыптасты. Біріншіден, ол – дамыған құнды қағаздар нарығының болуы. Екіншіден, ол – шетел фирмаларының Ресейдегі зиялы меншік нарығына өтуі,яғни шетел инвесторларының отандық инвестиция жобаларына инвестиция салуы. Алғышарттың бірі болып мемлекеттік зиялы меншіктің жасырын жекешелендіруі болып келеді. Ғылыми жаңалық ашқан шағын кәсіпорынды дамыту аса маңызды, оның тиімділігі экономикада, сонымен қатар әлеуметтік салада байқалады.
Үшінші формада – технологиялық бизнес-инкубаторлардың қалыптасуы мен қызмет етуіне байланысты.
Технологиялық бизнес–инкубаторлар билік немесе ірі жеке меншік компаниялармен немесе ғылыми мекемелермен кәсіпкерліктің жаңа субъектісін жетілдіру мақсатында құрылатын ұйымдар. Инкубатор ұйымдар жаңа құрылған кәсіпорынға жеңіл төлем негізінде жалға беру, экономикалық, техникалық, білімдік, құқықтық және басқарушылық сияқты кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру бойынша кеңестер беруге арналып құрылады. Бизнес-инкубаторлар көбінесе коммерциялық емес ұйымдар болып келеді, олардың құрылудың негізгі мақсаты шағын бизнесті дамыту. «Бизнес–инкубатор» сөзінің мағынасы жаңа кәсіпорын құруда икемді тәсілдердің жүйесін білдіреді. Бизнес–инкубаторлардың тараған жері АҚШ, сонымен қатар бұл жүйе Францияда, Германияда, Швецияда, Англияда, Жапонияда, Қытайда кең қанат жайған болатын. Инкубаторлардың көлемі АҚШ-та 1980 жылы 10 болса, 1994 жылы оның саны 500-ге дейін жетті. Бизнес–инкубаторлардың Ұлттық Ассоциациясының мәліметі бойынша, қазіргі кезде бизнес-инкубаторлар 82000 жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Бизнес–инкубатордың болуы–шағын кәсіпорындардың банкротқа ұшырау мүмкіндігін төмендетеді. Бизнес-инкубаторлар келесідей қызмет көрсетеді: қаржылық көмек көрсету бойынша консультация, ғимаратпен және жабдықпен жеңілдетілген бағамен қамтамсыз ету. Инкубаторлардың негізгі миссиясы – шағын кәсіпорынның дамуы. Шын мәнінде, бизнес–никубаторлардың негізгі идеясы – жаңа кәсіпорын құруда көмек көрсету және оның жақсы дамуына жағдай жасау. Тәжірибе жинақтаған және потенциалы бар кәсіпорын уақыт өте келе өз күшімен дамиды, яғни, аймақтың экономикасының дамуына әсер етеді, жаңа ашылуларды енгізеді, жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етеді. Бизнес–инкубаторлар бизнестің өзге түрі болғандықтан, оны құру үшін ең алдымен маркетингтік зерттеу жүргізіп, қаржы көздерін анықтап, бірнеше фирмалардың дамуын қамтамасыз ететін түрлі бағдарламалар жасау. Университеттің және ғылыми–зерттеу орталықтарының негізінде құрылған бизнес-инкубаторлардың орны ерекше. Олардың негізгі мақсаты – жаңа технологияларды дамыту жолымен ғылыми зерттеулерді коммерциализациялау мүмкіндіктерін іздестіру. Осындай бизнес-инкубатордың алғашқысы Филадельфияда құрылған. Оның орналасатын жерінің ауданы 400 мың шаршы метр. Орталықта 6000-ға жуық адам жұмыс істейді.
Жоғары келтірілген мысалдарды негізге ала отырып, шағын бизнесті дамыту және оны құруда тәуекелділікті азайту үшін бизнес–инкубаторлардың болуы – маңызды үрдіс.
Бұл бөлімде бизнеспен
айналысатын шағын
ҚР-ның Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарда елде тіркелген ШОК саны 1331386 бірлікке дейін өсуі байқалып отыр. Бұл көрсеткіш 2011 жылғы 1 қаңтардағы деректер бойынша 928 999 бірлікті құраған. Белсенді ШОК саны 667 225-тен 739812-ге дейін артты. Елдегі шағын кәсіпкерліктің қарастырылып отырған кезеңдегі салалық құрылымы іс жүзінде өзгерген жоқ: 49% дейін ол автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды сатумен және жөндеумен көрсетілген; 15% ауыл шаруашылығында; 7% көлік және қоймалауда; және тек 3-4%-дан құрылыс пен өнеркәсіпте. [13]
Кесте 2. ҚР-ның статистика агентігінің 2012 жылғы 1 қаңтарына экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген кәсіпорындар саны:
Барлығы |
соның ішінде | ||||
заңды тұлғалардың |
жеке кәсіпкерлердің |
шаруа (фермерлік) қожалықтарының | |||
Всего |
в том числе | ||||
юридических лиц |
индивидуальных предпринимателей |
крестьянских (фермерских) хозяйств | |||
1 |
2 |
3 |
4 | ||
Қазақстан Республикасы |
1 331 386 |
216 486 |
924 373 |
190 527 | |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы |
201 537 |
10 304 |
706 |
190 527 | |
Өнеркәсіп |
39 130 |
18 226 |
20 904 |
||
Кен өндіру
өнеркәсібі және карьерлерді |
1 683 |
1 526 |
157 |
||
Өңдеу өнеркәсібі |
35 613 |
15 546 |
20 067 |
||
Элктрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау |
224 |
42 |
182 |
||
Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау |
1 610 |
1 112 |
498 |
||
Құрылыс |
50 832 |
38 298 |
12 534 |
||
Жалғасы | |||||
1 |
2 |
3 |
4 | ||
Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу |
657 442 |
87 639 |
569 803 |
||
Көлік және қоймалау |
103 021 |
||||
8 805 |
94 216 |
||||
Ақпарат және байланыс |
12 633 |
5 739 |
6 894 |
||
Тұру және тамақтану бойынша қызметтер |
28 730 |
2 809 |
25 921 |
||
Қаржы жәнесақтандыру қызметі |
458 |
- |
458 |
||
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар |
51 828 |
6 436 |
45 392 |
||
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет |
37 954 |
19 085 |
18 869 |
||
Әкімшілік және қосалкы қызмет көрсету саласындағы қызмет |
35 142 |
10 042 |
25 100 |
||
Білім беру |
4 737 |
2 554 |
2 183 |
||
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер |
6 163 |
2 604 |
3 559 |
||
Өнер, ойын-сауық және демалыс |
7 746 |
1 378 |
6 368 |
||
Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну |
93 939 |
2 567 |
91 372 |
||
Үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтары қызметі |
94 |
- |
94 |
Информация о работе Шағын бизнесті дамыту мәселелері және оларды шешу жолдары