Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 18:43, курсовая работа
Тәуелсіздік алумен Қазақстанда нарықтық экономикаға ауысуға бағытталған ірі реформалар жүргізіле бастады. Мемлекеттің халық шаруашылығын басқару мен реттеуде Үкімет ролі азайып, Адам Смиттің айтып өткен «көрінбейтін қол» нарықтық қатынастарды орнатуға мүмкіндік жасады. Тиісті саяси-әлеуметтік жағдай мен КСРО-дан мұрагерлікке қалған инфраструктура, дәмі татылмаған ішкі нарық, төмен бәсекелестік Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіпкерліктің дамуына жағдай туғызды.
КІРІСПЕ 4
1 КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
1.1 Кәсіпкерлік түсінігі және оның мәні 6
1.2 Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы маңызы мен оның ерекшеліктері 7
1.3 Шағын бизнес құрудың өзекті формалары 11
1.4 Шағын инновациялық кәсіпкерліктің формалары 12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ 15
2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуын бағалау 15
2.2.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту мәселелері. 18
2.3 Отандық шағын кәсіпкерліктің құқықтық қамтамасыз ету көздері 19
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 20
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30
Кәсіпкерліктің жоғарғы қарқында дамуына кезінде үлкен масштабта қолдау көрсеткен АҚШ-ның мемлекеттік реттеу әдістері мен жаңа формаларының кейбіреуін біздеде қолдануға болады:
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламаларында олардың екі түрі қарастырылады: негізгі және қамтамасыз етуші. Негізгі бағдарламалардың мақсаты болып кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау. Қамтамасыз етуші бағдарламалар шағын кәсіпорындарға бизнестің сәйкес инфрақұрылымын құру жолымен және қажетті ресурстармен қамтамасыз ету арқылы (материалдық, қаржылық, еңбектік, ақпараттық) іс жүзіне асады.
Жаңадан құрылатын не қайтадан құрылатын кәсіпорындарға қатысты мемлекеттің саясаты мемлекеттік қызмет органдары тарапынан ауқымды ұйымдастырушылық күш-жігер талап етіп, келесідей бағыттарды қамтиды:
Осы бағыттар шет елде шағын бизнесті дамытудың негізі ретінде қарастырылып, оларға жеткілікті түрде назар аударылуда. Өйткені әр елдің экономикасына серпінділік беретін ірі бизнес алғашқыда осы бастапқы шағын деңгейден басталады.
Біздің республикада да шағын кәсіпкерлікті қолдаумен шұғылданатын арнайы мемлекеттік органды құрудың объективтік қажеттілігі жетілді. 1997 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Экономика және сауда Министрлігінің құрамында арнайы шағын кәсіпкерлікті қолдау органы – шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша Агенттік құрылды. Арнайы шағын бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік орган құру мемлекеттік демеушіліктің бірінші бағыты.
Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша Агенттігінің қызметінің негізгі бағыттары болып келесілер саналды:
Кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекеттің қызметінің екінші бағыты қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету. Еуропалық Одақтың барлық елдері шағын және орта бизнеске қаржыландыру көзіне қол жеткізуде әртүрлі тетіктерді қолдана отырып мәселелерді шешуге тырысады. Кейбір елдер (Ұлыбритания, Нидерланды және т.б.) негізінен займ кепілдігін қамтамасыз ету жүйесіне тірек етеді. Еуропалық Одақ елдерінің басым бөлігі шағын бизнесті қолдау мақсатында төлемақылар, жәрдемақылар немесе займдардың жеңілдетілген түрін, инвестицияға фискалдық жеңілдіктер сияқты ерекше резерв құрады. Бельгия, Франция елдерінде шағын бизнеске тәуекелділік капиталын ұсыну тәжірибеленуде. Осы елдердің үкіметтері тәуекелділік қорының болуы мүмкін шығындарын өтеуге кепілденеді. Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша инвестициялық Қорды қалыптастыру.Қазақстан Республикасында қызметі конкурстық негізде шағын бизнес жобаларын қаржыландыруды (5 миллион тенгеге дейін) жүзеге асыруға бағытталған 1997 жылдың 24 сәуірінің №665-ші Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен “Шағын кәсіпкерліктің даму Қоры” құрылды. Оның негізгі мақсаты:
Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша көмек көрсетудің үшінші бағытында мемлекеттің қызметі кәсіпорындарды басқарудың, яғни менеджментін құруда тиімді жүйесін қалыптастыру. Жаңа кәсіпорындардың қызметін қайта тоқтатып жатуының бір себебі тиімсіз менеджмент болып саналуда. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде шағын бизнес саласындағы кәсіпорындар келесідей факторлармен ұшырасқанда қиыншылықа ұрынады: өндіріс (технологиялар, “ноу-хау”), маркетинг (өндіріс және сату жоспарын құру, іске асыру), қаржылық менеджмент және бақылау, ұйымдастырушылық құрылым және басқарушылық шеберлік.
Жоғарыда тізбектелген кәсіпкерлікті демеу жолдарымен қатар мемлекет келесідей кеңестік қызметтерді ұсына алады: бухгалтерлік қызметтер, заңдық кеңестер, жаңа кәсіпорындарды құру бойынша, және де қызметтердің басқа түрлерін тегін не төмен бағамен атқару. Мұндай консалтингтік бағдарламалар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жоғарғы деңгейдегі ынталандырушылықты қамтамасыз етіп, серпінділік береді.
Мемлекеттің төртінші қызметі – бизнеске жан-жақты ақпараттық қызмет көрсету, ол өзіне келесілерді енгізеді: нарық туралы, тұтынушы қажеттіліктері, технологиялық жаңа енгізілімдер, жаңартуды қажетсініп тұрған өндіріс және тауарлар туралы ақпараттар. Мұндай ақпараттар болашақ кәсіпкерлерге нарықтың жаңа “қуыстарын”, өндіріс пен өнімдерді жетілдіру мүмкіншіліктерін, бизнесті ұйымдастырудың жаңа тәсілдемесін игеруге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік көмектің бесінші бағыты – салықсалу жүйесі арқылы кәсіпкерлердің белсенділігін арттыру. Салықсалу жүйесі арқылы мемлекет кәсіпкерлік қызметті сауда-саттық, коммерция саласынан өндіріс саласына бағдарлай алады. Мемлекеттік органдар тарапынан әртүрлі тексеріс, шектеулер көлемінің қысқаруы кәсіпкерлердің белсенділігін арттырып, олардың қызметінің ашық, жариялы түрде бағыт алуына, сонымен қатар бюджеттік төлемдердің түсімін тұрақты қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік көмектің алтыншы бағыты – қоғамда кәсіпкерлік климатты қалыптастыру, бұл өз кезегінде қоғамда іргелі өзгерістерді талап етеді, қоғамдық ой-пікірдің жаңа бағытын қамтамасыз етеді.
“Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры” филиалдары бойынша 2004 жылға қаржыландырылған бизнес жобалар:
Информация о работе Шағын бизнесті дамыту мәселелері және оларды шешу жолдары