Курстық жұмыстың мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2015 в 07:53, реферат

Описание работы

Керамика – деп keramike грек сөзі (keramos – саз деген сөзден шыққан) – қыш өнері деген мағынада. Кермикалық деп әр алуан ылғалдылықтағы, көпшілігінде минералдық немесе органикалық қоспалары бар, саздық бір келкі массадан түрлі тәсілдермен қалыпталып және жоғары температурада күйдіріліп жасалатын жасанды тас материалдары мен бұйымдарын айтады.

Содержание работы

Кіріспе
Цехтың жұмыс ережесі;
Өнеркәсіп бұйымдарының номенклатурасы және олардың техникалық сипаттамасы;
Шикізат және қосымша материалдар;
Бұйым өндірісінің тәсілін таңдау және негіздеу;
Бұйым өндірісінің технологиялық схемасы;
Материалдық балансты есептеу;
Негізгі технологиялық жабдықтарды есептеу;
Жылу қондырғыларының өнімділігін есептеу;
Шикізаттың, дайын өнім сапасын және өндірісті бақылау;
Техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
Қолданылған әдебиет тізімі.

Қорытынды

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс 15 млн дана кирпич.doc

— 321.50 Кб (Скачать файл)

Курстық жұмыстың мазмұны

 

Кіріспе

Цехтың жұмыс ережесі;

Өнеркәсіп бұйымдарының номенклатурасы және олардың техникалық сипаттамасы;

Шикізат және қосымша материалдар;

Бұйым өндірісінің тәсілін таңдау және негіздеу;

Бұйым өндірісінің технологиялық схемасы;

Материалдық балансты есептеу;

Негізгі технологиялық жабдықтарды есептеу;

Жылу қондырғыларының өнімділігін есептеу;

Шикізаттың, дайын өнім сапасын және өндірісті бақылау;

 Техника  қауіпсіздігі және қоршаған ортаны  қорғау;

 Қолданылған  әдебиет тізімі.

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Керамика – деп keramike грек сөзі (keramos – саз деген сөзден шыққан) – қыш өнері деген мағынада. Кермикалық деп әр алуан ылғалдылықтағы, көпшілігінде минералдық немесе органикалық  қоспалары бар, саздық бір келкі  массадан түрлі тәсілдермен қалыпталып және жоғары температурада күйдіріліп жасалатын жасанды тас материалдары мен бұйымдарын айтады.

 

Керамикалық материалдар  мен бұйымдар өнеркәсібі қазіргі  кезде бүкіл процестері механикаланған және автоматикаланған өндіріс саласы. Мұндағы ең басты өндіріс процесі  – қалыпталынып кептірілген шикі материалдар мен бұйымдарды пештерде жоғары температурада белгілі режимде  өртеу. Сондықтан, бұл өндірісте  шығарылатын өнімдер күйдірілген (өртелген) материалдар мен бұйымдар деп аталады. Керамикалық материалдар  номенклатурасы орасан көп. Оларға жататындар: кәдімгі күйдірілген кірпіштер, түрлі мақсатқа арналған керамикалық  тастар, черепицалар, құбырлар, қаптаушы плиталар, санитарлық техникалық бұйымдар, электер айырушы материалдар  мен бұйымдар, жеңіл толтырушылар және жылу айырушы материалдар (керамзит, перлит, вермикулит, аглоперит) және т.б. толып жатқан түрлі кермикалық материалдар  мен бұйымдар.

 

Керамика біздің ерте заманнан бері қолданылып келе жатқан өте көне материалдың бірі. Керамикалық өнеркәсіптің соңғы жүз жылдықтардағы дамуы  орыс ғалымдарының еңбектері мен  байланысты екенінде дау жоқ. Әсіресе  академик В.И.Вернадскийдің және проф. А.П.Земятченскийдің керамика өндірісіне керекті шикізат қасиеттерін  зерттеу жұмыстары, академик П.П.Будниковтың, Д.Н.Полубояриновтың, А.К.Киптенко және т.б. ғалымдарының керамикалық материал өндірісін жетілдіру тұрғысындағы еңбектері, керамикалық өнеркәсіптің жан-жақты дамуына, сан-алуан құрылыстық керамиканы жергілікті шикізаттар негізінде  қалыптасқан технологиясымен жасап  шығаруға және санын көбейтіп, сапасын  жақсартуға ғылыми-өндірістік әсер етті.

 

Жақсылап дайындалған  сапалы шикізаттардан технологиялық  нақтылы режимде жасалынып күйдірілген  материалдар мәңгілік жетерліктей  басым және де түсі, фактурасы бойынша  сырты еш бір қосымша өңдеуді  қажет етпейтіндей болып шығады.

 

Саздан жасалынып, жоғары температурада өртелген материалдар  керамика технологиясында керамикалық  шыны (черепок) деп аталады. Шикі зат құрамына және күйдіру температурасына  байланысты керамикалық материалдар  екі топқа бөлінеді: толық күйдірілген, сындырылған жері жылтыр, тығыз структуралы  керамика – су сіңіруі 2-4 %-дан аспайды (мысалы, фарфорлар, шала фарфорлар, жол  кірпіші, еден плиталары және т.б.); жарым-жартылай күйдірілген, сондықтан, кеуектілі  керамика – су сіңіруі 8-20 %-ға дейін (толық денелі, қуыс денелі және жеңіл кірпіш, керамикалық тас, черепица, қаптаушы плиталар, дренажды құбырлар және т.б.). Тағы дөрекі (ірі) және жұқа (майда) керамикаға бөлінеді. Дөрекі керамика сынығы бір келкі емес, ірі түйіршікті структурасымен сипатталады (мысалы, құрылыс және шамот кірпіштері), ал жұқа керамиканікі – майда түйіршікті, бір текті және бір ыңғай бойанған структура (мысалы, фарфор, шала фарфор, фаянс).

 

Керамикалық өнеркәсіпте  қолданатын негізгі шикізаттар –  саздар мен каолиндер. Дегенмен, металлургия, электротехника, радиотехника өндірістерінде қолданатын аспаптар жасау қажеттігі  және т.б. өндірістерінің қатаңдау және жеке талаптары таза тотықтар, карбиттер, нитриттер, бориттер және т.б.с.с. қосындылар негізінде отқа тұрақты электроайырушы және т.б. техникалық керамика материалдарын  өндіруге себепкер болды. Олардың кейбіреулерінің  балқу температурасы 3500-4000°С дейін  жетеді.

 

Әсіресе, металл мен кермикадан тұратын керамет деп аталатын бұйымдарының практикалық маңызы орасан зор. Ауыспалы құрамдағы отқа берік  материалдар тамаша қасиеттері бойынша  теңі жоқ қазіргі өндірістерде қолданатын жаңа материалдар өкілі. Бұл материалдардың бір беті қиын балқитын таза металдан тұрады да, екінші беті – отқа берік  керамикалық материалдардан, мысалы, бериллий оксидінен жасалынады. Осы  аталған екі қабат аралығындағы материалдар құрамы кілт өзгермей біртіндеп  жұмсақ өзгеретіндіктен, материалдардың жылулық соққыға тұрақтылығы  басым болады.

 

Көптеген техникалық керамика материалдарының қасиеттері саздан және каолиннен жасалынған бұйымдардың  қасиеттерінен мүлде басқаша. Сондықатн, барлық керамикалық материалдар  мен бұйымдарды бірлестіретін белгі  ретінде оларды жоғарғы температурада  күйдіріліп алынуын және өндірісте  ұқсас технологиялық тәсілдері (шикізаттарды өңдеу және керамикалық массаны  дайындау, материалдарды қалыптау, кептіру және күйдіру) қолдануын  айтуға болады.

 

Керамикалық материалдарды  және бұйымдарды әшекейлеу үшін және оларды сыртқы әсерлерден қорғап мәңгілігін қамтамасыз ету мақсатымен бетін  ангобамен немесе глазурмен сырлайды. Бұйымдарды әшекейлеу керамикалық  бояуларды жағу арқылы орындайды. Отқа төзімді керамикалық жамылтқы металдарды тотығудан және жоғары температура  әсерінен қорғайды.

 

Керамика бұйымдарының пайдаланулық және көркемдік-әшекейлік тамаша сапалары оларды тек қана құрылыста ғана емес, техника мен тұрмыста да кең қолданылуына арқа болды. Сонымен керамиканы құрылыстық, техникалық және тұрмыстық деп те ажыратуға болады.

 

Ғимараттар мен имараттарды  тұрғызуға қолданылатын материалдардың ең бір көп тараған түрі керамикалық  кірпіш болып табылады. Кірпішті қолданудың мыңжылдық тәжірибесі бұл материалды уақытқа төзімді материалдардың қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кірпішті қалау технологиясы дизайнерлер мен сәулетшілерге  творчестволық ойларын іске асыруда  шексіз мүмкіндіктер береді. Керамикалық  кірпіш жоғары отқатөзімділігі мен  салыстырмалы төмен жылуөткізгіштігі арқылы сыртқы факторлардың әсерінен сенімді қоршау беріп, тұрғын үй және өнеркәсіп ғимараттарының жоғары қауіпсіздік  пен жайлылық деңгейін қамтамасыз етеді.

 

Керамикалық кірпіш құрылыста  дефицит металл, цемент және басқа  да материалдарды үнемдеуді мүмкін етеді. Қабырға материалының өнідрілуі  мен қолдануының ортақ балансында керамикалық кірпіштің алатын орны 30%. Күн энергиясын өзіне жинаған  кірпіш жылуды баяу және бірқалыпты береді, бұл қасиеті жаздыкүні шамадан  тыс қыздырудан, ал қысқы мезгілде жылудың сақталуын қамтамасыз етеді. Кірпіш қабырғасы өзінің денесі булануды өткізіп, «демалады». Нәтижесінде ғимарат  ішінде дымқылдық деңгейі тепе-теңдікте сақталады.

 

Қазіргі уақытта құрылыс  керамикалық кірпіштің өндірісінде  технологияны жетілдіруге, шығарылатын  бұйымның сапасы мен ассортиментін  кеңейтуге көп көңіл бөлінуде. Жаңа кәсіпорындар құрылысында қазіргі  отандық және сырт елдің технологиялық  линия базасында автоматтандырылған және жоғары механизацияланған қондырғыларды  орнату орын алуда. Шикізатты үнемдеп  қана қоймай, сыртқы қабырғаның қалыңдығын                  (жылуөткізгіштігін жоғарлатпай) төмендету  және де құрылысты индустриазацияландыру  үшін жеңілдетілген конструкция  панельдерін шығаруға арналған  тиімді қуыс денелі бұйымды шығару көзделіп отыр.

 

Ассортименттің кеңейтілуі, жекеше алғанда, өлшемдерін арттырып, орташа тығыздығын 1250-1350 кг/м3-қа дейін төмендеуі және де бұйымның тиімді формасын қолданып, қуыстар санын көбейту 1м2 сыртқы қабырғаға кететін материалдар шығынын 20-30%-ға үнемдеуге мүмкіндік береді. Жұмыс істейтін зауыттардың әрі қарай механизацияландыруы және автоматтандырылуымен қатар шығарылатын кірпіштің сапасы артып, беріктік қасиеті көп қабаттық ғимараттар мен арнайы ғимарат құрылысында қойылатын талаптарға жауап беретін бұйым шығаруға көзделіп отыр. Құрылыста жоғары маркалы кірпішті көтеруші конструкцияда қолдану оның шығынын 15-30%-ға төмендетуі мүмкін.

 

Өнім сапасынының артуы  өндіріс мәдениетінің жоғарылауына алып келеді: технологиялық нормаларды қатаң сақтауға, өңдеуді жақсартуды, әр-түрлі қоспаларды соның ішінде өнеркәсіп қалдықтарын қосып  шихта сапасын артырудыталап  етеді.

 

Тұрғын үй бағдарламасының  ғимараттардың ішкі жайлылығы мен  сыртқы келбетіне  қойылатын сапасы артқан бетте, өндірістік құрылыс материалдарға  да қойылатын сапа жоғарылады, соның  ішіне керамикалық кірпішке де. Тұтынушы жоғары маркалы(М 200 және одан да жоғары), беттік сапасы жоғары, әр-түрлі түсті  және көлемді, бағасы тиімді керамикалық  кірпішті талап етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Цехтың жұмыс  ережесі

 

Цехтың жұмыс ережесі  жылдағы жұмыс күндер, жұмыс ауысымдар, ауысымдағы жұмыс сағаттарымен сипатталады. Осы үш көрсеткішті көбейтіп, цехтың жылдық жұмыс уақытының қорын  анықтайды. Өндірістік бағдарлама және қабылданған жұмыс ережесі шикізат  мөлшерін, техникалық жабдықтар санын  және жұмысшылар құрамын есептеу  үшін бастапқы мәлімет болып табылады. Жұмыс ережесін тағайындау негізінде  осы өнеркәсіп саласындағы техникалық жобалау нормаларын жетекшілік жасау  керек. Пештері үздіксіз жұмыс істейтін цехтарда, үздіксіз жұмыс апта және тәуліте үш ауысым жұмыс істеуіне байланысты жұмыс ережесі қабылданды.

 

Жылына – 365 тәулік

 

30 тәулік  күрделі жөндеу  жұмыстарды орындау  үшін

 

365 – 30 = 335 тәулік

 

1 тәулікте  – 24 сағат

 

3 ауысым  жұмыс істейді

 

24 / 3 = 8 сағат (1 ауысым)

 

Шикізатты даярлайтын және шихтаны даярлайтын бөлімдер 2 ауысым жұмыс істейді.

 

Престеу, кептіру бөлімі 2-3 ауысым жұмыс істейді.

 

Пеш бөлімі үздіксіз 3 ауысым жұмыс істейді.

 

335 * 3 * 8 = 8040 сағ/жыл

 

335 * 2 * 8 = 5840 сағ/жыл

 

R = 0,8 – 0,9 –  жабдықтардың  пайдалану коэффициенті.

 

Жабдықтардың жұмыс істеу  уақыты

 

8040 сағ * 0,85 = 6834 сағ/жыл

 

5840 * 0,85 = 4964 сағ/жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 1. Цех бұйымдарының номенклатурасы және сипаттамасы:

Рет № 

Бұйым аталуы және эскизі 

Маркасы 

Өлшемдері, мм 

Салмағы

 

Ұзындығы 

ені 

қалындығы

 

1. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

100 

250 

250 

138 

3,96 кг

 

2. 

150 

4,75 кг

 

 

 

 

 

 

Кесте 2

Рет № 

Бұйым аталуы 

Жылына 

Тәулікте 335 

Аусымда 3 

Сағатына 8

 

Қалыңдатылған кәдімгі кірпіш 

6 млн 

17910 

5970 

746

 

Қалыңдатылған қуысты кірпіш 

 

 

6 млн 

 

 

17910 

 

 

5970 

 

 

746

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығаратын бұйым  номенклатурасы

 

Иілімді пресстелген сазды кірпіш ең көп тараған қабырға керамикалық материал. Әдетте зауытта кірпішпен бірге тиімді және үлкен өлшемді тастарды, беттік кірпіш пен тастарды; бұл материал тобына жартылай құрғақ тәсілмен пресстелген кірпіш те жатады. Кірпіштерді және тастарды МЕСТ 530-95 бойынша сазды және кремнеземның түрлерінен(трепел, диатомит), лесс сазы және көмір өндірісінің, көмірбайытудың қалдықтарынан, минералды және органикалық қоспасы бар немесе жоқ шламнан шығарады. Кірпішті қуысты немесе қуыссыз, ал тасты тек қана қуыссыз етіп шығарады.

 

Кірпіштер мен тастар өлшемдеріне  сай 1 кестеде көрсетілгендей бөлінеді

 

1 кесте.

 

Құрылыс керамика өлшемдері  мен параметрлері

Бұйым түрі 

Ұзындығы 

Ені 

Қалыңдығы

 

Кірпіш 

250 

120 

65

 

Қалыңдатылған кірпіш 

250 

120 

88

 

Модульді өлшемді кірпіш 

288 

138 

63

 

Тас 

250 

120 

138

 

Модульді өлшемді тас 

288 

138 

138

 

Іріленген тас  

250 

250 

138

 

Қуыстары көлденең орналасқан тас 

250 

250 

120

 

 

 

 

 

Жылутехникалық қасиеті  мен тығыздығына қарай кірпіш пен тастар тұрақты массасына  дейін кептірілген жағдайында 3 топқа  бөлінеді:

Тиімді, қабырғаның жылутехникалық қасиетін жақсартып, қалыңдығы кәдімгі кірпіштен жасалған қабырғаға қарағанда жұқа. Бұл топқа тығыздығы 1400 кг/м3  аспайтын кірпіштер және тығыздығы 1450 кг/м3   аспайтын тастар жатқызылады.

Шартты тиімді, қоршағыш конструкцияның жылутехникалық қасиетін жақсартатын. Бұл топқа тығыздығы 1400 кг/м3  асатын кірпіштер және тығыздығы 1450 кг/м3  –ден бастап 1600 кг/м3  болатын тастар жатқызылады.

Кәдімгі кірпіш, тығыздығы 1600 кг/м3  жоғары.

 

Кірпіш пен тастың массасы МЕСТ 22951-78-ке сай болуы керек.

 

Беріктігіне қарай кірпіштер  мен тастарды мынадай маркаларға бөледі М 300,250, 200, 175, 150, 125, 100, 75.

 

Аязғатөзімділігіне қарай  кірпіштер мен тастарды жіктейді F15, F25, F35 және F50.

 

Шығарылатын бұйымға  қойылатын техникалық талаптар

 

Кірпіш пен тастар стандарттарға  жауап беріп, берілген технологиялық  регламент бойынша шығарылуы  керек.

 

Брутто ауданына қатысты  кірпіштің иілуге және сығылуға беріктік шегі және тастың иілуге және сығылуға беріктік шегі (кеуек ауданын алмағанда) 1.1 кестеде көрсетілген мәліметтерден кем болмауы керек.

 

1.1 кесте

Информация о работе Курстық жұмыстың мазмұны