Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 15:23, контрольная работа
Машина жасау бүкіл әлемде ұлттық өнеркәсіптің технологиялық деңгейінің көрсеткіші ретінде қабылданады. Бұл сала жанама салаларды дамыту үшін мультипликативтік әсер береді, халықтың жұмыспен қамтылуын бірнеше рет ұлғайтады және сол арқылы тұтастай алғанда экономиканың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етеді.
Ендеше, Қазақстан экономикасының өсуі машина жасаудың озық өсуімен қатар жүруі тиіс.
I) Кіріспе
II) Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама.
2. Машина жасау кешенінің қазіргі заманғы жай-күйін бағалау
3. Саланың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерді талдау
5. Саланы дамытудың негізгі проблемалары.Саланы дамытуда мемлекеттік реттеудің қолданыстағы
саясатын талдау. Қоршаған ортаға әсерді бағалау.
6. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері. Қажетті ресурстар.
III) Қорытынды
IV) Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақстан Республикасында мұнай-газ машина жасау өнімі өндірісі
Көрсеткіш атауы |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
Сұйықты қайта айдауға арналған ортадан тепкші сорғы; өзге сорғылар; сұйық көтергіштер, дана |
7115 |
5758 |
7773 |
10253 |
12900 |
Мұнай-газ өңдеу жабдықтары, млн.теңге |
535 |
366 |
133 |
148 |
398 |
Мұнай кәсіпшілік жабдықтары, млн.теңге |
1547 |
1434 |
1902 |
1386 |
1452 |
Кестеде деректеріне сәйкес республикада сорғылар және көтергіштер өндірісінің өсуі байқалады (2009 жылы өсу қарқыны 2005 жылмен салыстырғанда 181 %-ды құрады). 2008 жылға дейін өнімнің мына түрлері бойынша өндірістің төмендеуі байқалды: мұнай кәсіпшілігі жабдықтары және мұнай-газ өңдеу жабдықтары, бірақ 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда өсуі өнім түрлері бойынша өсу байқалады: мұнай-газ өңдеу — жабдықтары 2,7 есеге дейін, ал мұнай кәсіпшілігі жабдықтары 4,8 %-ға өсті.
Тау-кен
металлургиясы машиналарын
Машина жасау өніміне ішкі сұраныс көлемі
Қазақстан Республикасының тау-кен өнеркәсібі
мен металлургиясы үшін 2008 жылы 145 млрд.
теңгені құрады. Сұраныстың елеулі бөлігі
машина жасау өнімінің импорты есебінен
қанағаттандырылып, ішкі өндіріс көлемі
27 млрд. теңгені құрады (сұраныстың 18 %-ы).
Импорт алмастыруға бағытталған мемлекеттік
саясат 2008 жылдары Қазақстан Республикасының
өзіндік өндірісінің ішкі сұраныс үлесін
өсіруге ынталандырды, ол 2006 жылы 2 есеге
дейін өсіп, 16 % құрады (2006 жылы 8 %). Одан
әрі мемлекеттік қолдау көрсету және салада
ннжинирингтік қызмет пен технологиялар
трансфертін дамыту кезінде ішкі өндіріс
ішкі сұранысты 2014 жылға қарай 30 %-ға дейін
қанағаттандыруы мүмкін
Тау-кен шахталары жабдығы зауыттарының
жай-күйіне жүргізілген талдау олардың
бірқатары бұрын шығарған номенклатураларды
қалпына келтіруге немесе жаңа өндірісті
ұйымдастыруға қабілетті екенін көрсетеді.
Тау-кен металлургиясы машиналарын жасауда
отандық өнімі ішінде барынша перспективалық
салалар: өздігінен жүретін бұрғылау және
тиеу-көлік жабдығы, гидравликалық және
пневматикалық перфораторлар, редукторлар,
таспалық конвейерлер, прокат жабдығының
ауқымды номенклатурасы, қосалқы бөлшектер
өндірісі және т.б. болып табылады.
Қазақстан Республикасында тау-кен және
металлургиялық машина жасау өніміне
сұраныс көлемі орташа жылдық серпінмен
7 % өседі деп болжанып отыр.
Сегмент өніміне сұраныстың өсуінің негізгі
факторлары мыналар болып табылады:
пайдалы қазбалар көлемі мен болат және
басқа да қорытпалары көлемінің ұлғаюы;
тау-кен металлургия секторының негізгі
қорларын жаңарту қажеттілігі.
Тау-кен металлургия
машиналарын жасау өнімі
Көрсеткіш атауы |
Өлшем бірлігі |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар |
дана |
184 |
480 |
430 |
372 |
341 |
Пайдалы қазбаларды өндіруге және құрылысқа арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі |
млн. теңге |
9 168,0 |
11 233,1 |
21 201,4 |
27 948,2 |
25401,8 |
Металлургияға арналған машиналар және жабдықтар өндірісі |
млн. теңге |
7 548,7 |
7 763,4 |
11 180,8 |
14 657,2 |
12 054,6 |
Көтеру көліктік жабдықтары өндірісі |
млн. теңге |
3 625,6 |
4 131,3 |
5 397,8 |
6 785,6 |
7866,0 |
Келтірілген кесте деректері бойынша өнімнің мына түрлері бойынша өндірістің төмендеуі байқалады: тау-кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар (2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 8,3 %-ға төмендеді), машина және пайдалы қазбаларды өндіруге және құрылыс өндірісі (9 %-ға), металлургияға арналған машиналар және жабдықтар өндірісі (17,7 %-ға).
Темір жол
машиналарын жасау. Әлемдік машина жасау
өндірісінің жалпы көлемінде темір жол
машинасын жасаудың үлесі аз — 1 % қамтиды.
Осыған қарамастан, темір жол машиналарын
және жабдықтарын сату өсімінің серпіні
орта есеппен жылына 23 %-ды құрады — бұл
саладағы ең жоғарғы көрсеткіштердің
бірі болып табылады.
Қазақстандағы жалпы локомотив паркі
— 1 689 локомотивті, оның ішінде, 578,5 электровозды,
1 110,5 тепловоз және 29 паровозды құрайды.
Пайдалану паркі 1220 бірлікті (78 %-ы мүкәммалдық).
2009 жылы Қазақстан Республикасының жалпы
жүк вагондары паркі 94 348 бірлікті құрады,
оның ішінде 59 381 бірлігі (63 %) мүкәммалдық,
ал 34 967 бірлігі (37 %) — жекеменшік болып
табылады. Пайдаланатын парктің жалпы
мүкәммал вагондар санындағы үлесі 75 %
(44 563 бірлікті) құрайды. Жүк вагондарының
қызмет мерзімі және техникалық жағдайы
бойынша істен шығуы жаңару және мүкәммал
паркін толықтырудан айтарлықтай озық
болып отыр.
Қазақстан Республикасының темір жол
машиналарын жасау өніміне ішкі сұранысты
жүк вагондары мен локомотивтердің негізі
тұтынушысы — «Қазақстан темір жолы»
Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
(бұдан әрі — «ҚТЖ» ҰК АҚ) қалыптастырады.
Компанияның жоспарына сәйкес 2014 жылға
дейін жыл сайын шамамен 1,4 — 5,2 мың вагон
және 100 локомотив сатып алынады, сондай-ақ
қолда бар вагондар мен локомотивтер паркіне
күрделі жөндеу жүргізіледі. Темір жол
машиналарын жасау өніміне сұраныстың
өсуіне негіз болатын негізгі факторлар
жүк айналымының өсуі мен темір жол техникасы
паркі тозуының жоғарылығы болып табылады.
Экономика үшін көлік түрі ретіндегі темір
жолдың жоғары маңызы (жүк тасымалының
60 %-ы, жолаушылар тасымалының 50 %-ы темір
жол арқылы жүреді) экономиканың жоспарланып
отырған өсімімен біріге жүк тасмалының
өсуіне алып келеді (темір жол жүк тасымалы
өсуінің орташа жылдық болжамы 2008 — 2014
жылдар аралығында жылына — 4 %-ды құрайды).
Сұраныстың өсуіне әсер ететін басқа маңызды
фактор жұмыс істеп тұрған техника паркі
тозуының жоғары болуы болып табылады.
Қазақстанда пайдаланылатын тепловоздардың
орташа тозуы 75 %-дан асады, жолаушылар
вагондарының сындарлы тозу шегінің 70
%-ынан асады.
Қазақстандағы жиынтық импорт 2008 жылы
97,7 млрд. теңге сомасына шамамен 5,5 мың
әр түрлі үлгідегі жүк вагондарын құрады
(шамамен 45 %-ы цистерналарға тиесілі),
бұл импортты-алмастыратын өндірістер
құруға маңызды әлеует қалыптастырады.
Жоспарға сәйкес «ҚТЖ» ҰК АҚ отандық тауар
өндірушілер игеретін темір жол өнімінің
номенклатурасын 2 мыңнан 5 мың атауға
дейін ұлғайтуды және отандық тауар өндірушілерден
машина жасау өнімін сатып алудың көлемін
он есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Ауыл
шаруашылығы машиналарын жасау.
Қазақстан Республикасындағы тракторлар
паркі 137 мың бірлікті, астық жинау комбайндары
— 45 мың машинаны, дән себетін машина —
91 мың бірлікті, егін оратын машина — 15
мыңды құрады. 2001 — 2007 жылдардағы техниканы
жаңғыртудың жылдық орташа қарқыны 0,8
— 3,2 %-ды құрады, бұл 10 — 12 жылға машиналардың
орташа қызмет көрсету мезгіліне шарттасқан
оңтайлы деңгейінен 8-10 %-ға төмен. Жаңартудың
төмен қарқыны техникалар тозуының жоғары
болуына алып келді: Қазақстан Республикасында
машиналардың шамамен 85 %-ы амортизациялау
мерзімінен тыс пайдаланылады. Мәселен,
комбайнның қызмет көрсету мерзімі 8-10
жылдан аспайтын болғанымен, комбайндар
паркінің 70 %-ы 16 жылдан астам мерзім бойы
пайдаланады. Барлық қолда бар
машиналардың ішінде тракторлардың 74
%-ы, астық жинайтын комбайндардың 60 %-ы,
егін оратын машиналардың 71 %-ы және егін
себетін машиналардың 77 %-ы есептен шығарып
алуға жатады.
Тозудың жоғары болуынан басқа болашақта
сұраныс ауыл шаруашылығы машиналарымен
қамтамасыз етуді арттыру қажеттілігіне
байланысты болады. Қазіргі уақытта Қазақстан
Республикасында астықты алқаптың 1000
га жеріне — 4, ал Канадада — 9, Италияда
— 17, Германияда — 20 комбайн келеді. Машинамен
жеткіліксіз қамтамасыз ету агротехникалық
операцияларды (жер жырту, егін жинау және
т.б.) орындау уақытын ұлғайтуға алып келеді,
бұл нәтижесінде егіннің сапасын төмендетеді.
Қазақстанның трактор паркінің құрылымында
жалпы мақсаттағы тракторлардың шамамен
үштен екісін: «Кировец» типі 5 тарту класының,
Т-150К 3 тарту класының дөңгелекті тракторлары,
шынжыр табанды тракторлардың үштен бірі
Т-4А, Т-95.4 4 тарту класының және ДТ-75М 3 тарту
класының тракторлары құрайды. Қазақстан
Республикасының шаруа қожалықтарында
65 мыңнан астам МТЗ-80/82, ЮМЗ-8040.2 1,4 тарту
класының дөңгелекті тракторлары пайдаланылады.
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өнімін өндіру
Көрсеткіш атауы |
Өлшем бірлігі |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
Ауыл шаруашылығы тракторлары өндірісі |
млн теңге |
2 240,9 |
2 433,0 |
3 246,8 |
5 532 |
4 686,1 |
Ауыл және орман шаруашылығына арналған өзге де машиналар мен жабдықтар өндірісі |
млн. теңге |
4 329,6 |
4 243,6 |
8 853,2 |
12 198,6 |
12 112,8 |
Қатарлық жатқалар |
дана |
338 |
222 |
259 |
367 |
188 |
Ауыл шаруашылығы
тауарлары (2005 жылмен салыстырғанда 2009
жылғы өсім қарқыны 209 %-ды, ал 2008 жылмен
салыстырғанда 84,7 %-ды құрады), ауыл және
орман шаруашылығына арналған өзге
де машиналар мен жабдықтар (2005 жылмен
салыстырғанда 2009 жылғы өсім қарқыны
280 %-ды ал 2008 жылмен салыстырғанда 99,3 %-ды
құрады) өндірісінде тепе-тең емес серпін
байқалады, қатарлық жаткалар өндірісі
2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 2 есеге
қысқарды .
Қазақстанның ауыл шаруашылығы машиналары
мен жабдықтары нарығын қазіргі кезде
түгелге дерліктей импорт өнімдері иеленеді.
Отандық өндірушілер барынша басым үлеске
ауыл шаруашылығы машиналары (сиыр сауу
кешені, ауыл шаруашылығы өнімін қайта
өңдеуге арналған машиналар т.б.) сегментінде,
компоненттер мен қосалқы бөлшектер сегментінде
— 50 %-дан астам, комбайндар мен аспа жабдығы
сегментінде ең аз үлеске ие.
Бүгінде Қазақстанда астық жинау комбайндары
өндірісі Қостанай дизель зауытының базасындағы
«АгромашХолдинг» акционерлік қоғамында
(бұдан әрі — АҚ) ғана жүргізіледі. 2008 жылы
467 комбайн құрастырылды.
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы
машиналарын жасауды дамыту үшін 3 және
4 сыныпты астық жинау комбайндары, дөңгелекті
тракторлар, аспа жабдығы мен астық және
жемдік дақылдарды қайта өңдеуге арналған
машиналар сегментінде барынша жоғары
әлеует бар.
Қазақстан Республикасында оның әртүрлі
өңірлерінің климаттық жағдайларына барынша
бейімделген аспа жабдығын жасайтын жағдайлары
бар. Паркті жаңарту және өңделетін жердің
ұлғаюына орай оған елеулі сұраныс та
бар.
Электр
жабдығы. 2008 жылы Қазақстан
Республикасында нарық көлемі 159 млрд.
теңгені құрады, олардың 26 %-ын отандық
өнімді сату құрады. Сегмент өніміндегі
қажеттіліктің елеулі бөлігі 2008 жылы көлемі
шамамен 118 млрд. теңгені құрған импорт
есебінен қанағаттандырылады.
2008 жылы Қазақстанның электр жабдығы экспорты
өнімінің 79 %-ын Рессей импорттады және
Ресеймен отандық импорт көлемі орташа
есеппен жылына 62 %-ға өсті.
Қолда бар өндірістердің арасында 2008 жылғы
Қазақстан Республикасының электр жабдықтары
экспортының төрттен үшінен астамын аккумуляторлар
мен трансформаторлар өндірісі иеленді
Бұдан өзге, Қазақстан Республикасында
мыналар өндіріледі:
электрлік тізбекті қайта қосу немесе
қорғауға арналған аппаратура;
электр конденсаторлары;
электр қозғалтқыштары;
оқшауланған өткізгіштер мен кабельдер
(оның ішінде оптикалық талшықты) және
т.б
Электр жабдықтары өндірісі
Көрсеткіш атауы |
Өлшем бірлігі |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Электрлік трансформаторлар |
мың кВа |
650 |
1308 |
1587 |
2056 |
1511 |
Электр аккумуляторлары мен олардың бөліктері |
млн. теңге |
4337 |
4151 |
6737 |
8523 |
4070 |
Қозғалтқыштар мен көлік құралдарына арналған электр жабдықтарын өндіру |
млн. теңге |
25,6 |
28,6 |
32,4 |
23,6 |
32,1 |
Қозғалтқыштар мен көлік құралдарына арналған электр жабдықтарынан басқа, өзге де электр жабдықтарын өндіру |
млн. теңге |
4 110,6 |
5 681,3 |
6 771,2 |
2 949,5 |
4 433,9 |
Электр қозғалтқыштары, генераторлар мен трансформаторлар өндірісі |
млн. теңге |
8 898,1 |
10 799,3 |
13 189,2 |
14 142,1 |
13 464,8 |
Кестедегі деректерге
сәйкес 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда
республикада электрлік трансформаторлар
(27 %-ға) және аккумуляторлар (52 %-ға) өндірісінің
көлемі төмендеген, қозғалтқыштар мен
көлік құралдарына арналған электр жабдықтары
өндірісінің көлемі 36 %-ға, өзге де электр
жабдықтары өндірісінің көлемі 50 %-ға артқаны
байқалады.
Электр энергетикасының негізгі қорлары
айтарлықтай тозған. Бөлу желілерінің
тозуы сарапшылардың бағалауы бойынша
70 %-дан асады. Олардың ұзындығы 370 мың км
құрайды; басым бөлігі 30-35 жыл бұрын салынған
болатын. Бұл электр жабдықтарына, атап
айтқанда, трансформаторларға және оқшауланған
өткізгіштерге жоғары жедел сұранысқа
әкеледі.
Электр жабдығына сұранысты дамытудың
екінші маңызды факторы электр энергиясы
генерациясының көлемін арттыру болып
табылады. Болжамдарға сәйкес таяу бес
жылда Қазақстан Республикасы Бірыңғай
энергетика жүйесі бойынша барынша электр
жүктемесі шамамен ширекке ұлғаяды. Бұл
үшін жинақтаушы қуаттылықтар мен электр
жүйесінің құрылысын дамыту қажет.
Ауылдық жерлерде 112 мың км астам 110 кВ
және одан төмен кернеулі жоғары вольтты
желілерін, жиынтық қуаты 4,13 млн. кВт 110
және 35 кВ кернеулі 614 бөлу қосалқы станцияларын
және жиынтық қуаты 4,3 млн. кВт астам 23,7
мың тұтыну қосалқы станцияларын салу
қажет.
Автомобиль
жасау. Қазақстан Республикасының
автомобиль жасау сегменті саладағы барынша
ішкі сұранысқа ие және 2008 жылы машина
жасау өнімдерінің көлемі 16 %-ды құрады,
бұл ретте 2004 — 2007 жылдар кезеңінде халық
табысының артуы мен жеңіл автомобильдерді
сатып алу арқасында нарық 28 %-ға өсті.
Қазақстандық автокөлік нарығы сол бұрынғы
күйінде молықпай отыр. Егер Еуропада
1000 тұрғынға орташа алғанда 450 — 500 жеңіл
автомобильдерден келсе, Ресейде бұл көрсеткіш
231 автомобильді құрайды, ал Қазақстанда
2008 жылы автомобильдендіру деңгейі 1000
тұрғанға 164 автомобильді құрады.
Республикалық автокөлік паркі 2 621,1 мың
жеңіл, 370,5 мың жүк автокөлік құралдары
және 92,4 мың автобус (Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы
жай-күйі бойынша мәліметтері) бар.
Автомобильдер паркі жоғары тозуымен
сипатталады. 12 жылдан астам пайдаланылған
автокөлік құралдарының үлес салмағы
63 %-ды, оның ішінде автобустар 57 %-ды, жеңіл
автомобильдер 59 %-ды және жүк автомобильдері
84 %-ды құрайды.
Қазақстан Республикасында автомобиль
жасау өніміне ішкі сұраныстың көлемі
2008 жылы 300 млрд. теңгеден асты. Сұраныстың
айтарлықтай бөлігі машина жасау өнімі
импортының есебінен қанағаттандырылды
— ішкі өндіріс көлемі 14 млрд. теңгені
(сұраныстың 5 % -ы)құрады.
Автомобиль жасаудың негізгі өнімдерін
өндіру кестеде көрсетілген.
Автомобиль жасау өнімдері өндірісі
Көрсеткіш атауы |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
Жеңіл жолаушылар автомобильдері, дана |
2268 |
2945 |
6311 |
3271 |
1245 |
Он немесе одан көп адам тасымалдайтын автомобильдер, дана |
91 |
119 |
40 |
115 |
2 |
Жүк автомобильдері, дана |
144 |
1523 |
2043 |
1013 |
353 |
Арнайы және мамандандырылған автомобильдер, дана |
132 |
170 |
321 |
61 |
80 |
Тіркемелер және жартылай тіркемелер; контейнерлер, дана |
213 |
136 |
99 |
57 |
38 |