Машина жасау өнеркәсібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 15:23, контрольная работа

Описание работы

Машина жасау бүкіл әлемде ұлттық өнеркәсіптің технологиялық деңгейінің көрсеткіші ретінде қабылданады. Бұл сала жанама салаларды дамыту үшін мультипликативтік әсер береді, халықтың жұмыспен қамтылуын бірнеше рет ұлғайтады және сол арқылы тұтастай алғанда экономиканың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етеді.
Ендеше, Қазақстан экономикасының өсуі машина жасаудың озық өсуімен қатар жүруі тиіс.

Содержание работы

I) Кіріспе
II) Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама.
2. Машина жасау кешенінің қазіргі заманғы жай-күйін бағалау
3. Саланың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерді талдау

5. Саланы дамытудың негізгі проблемалары.Саланы дамытуда мемлекеттік реттеудің қолданыстағы
саясатын талдау. Қоршаған ортаға әсерді бағалау.
6. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері. Қажетті ресурстар.
III) Қорытынды
IV) Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

мж2.docx

— 76.21 Кб (Скачать файл)

«АЗИЯ АВТО» АҚ 2003 жылдан бері жеңіл автомобильдер  шығарумен айналысады және «General Motors» (Сhevrolet және Саdilaс маркалары); «Volkswagen» (Skoda маркасы), «КІА Моtоrs» (КІА маркасы), «АВТОВАЗ» (LADАмаркасы) компанияларының әріптесі болып табылады. Жаңа автомобильдер сегментінде 2008 — 2009 жылдары қазақстандық зауыт өнімі 10-12 %-ды иемденді. 
Кеден одағына (бұдан әрі — КО) кіру және кейіннен импорттық баж салығының ұлғаюы әлемдік жетекші автомобиль компанияларымен және бірлескен құрастырмалы өндірістерді ұйымдастыру үшін КО елдері аумағындағы өнім экспорты жақсы ынталандыру болып табылады. 
«АЗИЯ АВТО» АҚ ресейлік он тоғыз және белорустық бір зауытпен қатар, импорттық баж салығын төлемей өз өнімін КО аумағы бойынша орналастыруға құқығы бар кәсіпорындардың ресми тізбесіне енгізілген. Бұл Қазақстанда шығарылатын автомобильдерді сату үшін нарық көлемін ұлғайту республикада толық циклді (дәнекерлеу, бояу, құрастыру) автоөндірісті ұйымдастыруға, автокомпоненттер өндірісін құруға, құрастырылатын автомобильдердегі қазақстандық қамтудың ауқымын біртіндеп көтеруге мүмкіндік береді. 
Ең тартымды сегмент сұраныс құрылымының 48 %-ын құрайтын жеңіл автомобиль өндірісі, сондай-ақ қолда бар парктегі жоғары тозумен және экономиканың әлеуетті өсуімен байланысты жүк автомобильдері өндірісі болып табылады. Мысалы, «АЗИЯ АВТО» АҚ (жеңіл автокөліктері), «Камаз инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі — ЖШС) (жүк автокөліктері), «Агромашхолдинг» АҚ («Sang Yong» жолсызда жүретін көліктер) негізінде автомобиль құрастыру жоспарланып отыр.

Саланы  дамытудың негізгі проблемалары. Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамытуға мынадай проблемалар кедергі болады: 
1) өндірістің тиімділігін арттыруға кедергі келтіретін жабдық тозуының жоғары деңгейі (43 — 80 %); 
2) машина жасау өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, ауқымсыз номенклатура және қазақстандық машина жасау өнімін тұтынудың үлесінің төмендігі; 
3) өнеркәсіптік-өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің, төмен техникалық жағдайы және саладағы инновациялық белсенділіктің мардымсыз деңгейі; 
4) қолда бар өндірістік қуаттарды толық пайдаланбау; 
5) саланың инвестициялық тартымсыздығы және кәсіпорындарда айналым қаражатының жеткіліксіздігі; 
6) ірі металлургиялық өндірушілердің машина жасау кәсіпорындарына қатысты жосықсыз баға саясаты; 
7) өндіріс және кәсіпорынды басқару саласында білікті кадрлардың тапшылығы; 
8) машина жасау кешені инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы: инфрақұрылымның маңызды бөлігін (ғылыми-зерттеу институттары, конструкторлық бюролар, тәжірибе-экспериментальдық базалар, сынақтар мен техникалық бақылау орталықтары) жоғалту, стандарттау, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың болмауы, т.б.; 
9) республиканың машина жасау кәсіпорындары мен таяу шетел кәсіпорындарының және жетекші әлемдік соған ұқсас өнім өндірушілердің арасындағы кооперациялық байланыстар деңгейінің төмендігі; 
10) мемлекеттік сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жетілмегендігі; 
11) технологиялық болжау тетігінің болмауы; 
12) өндірісте қосылған құны жоғары ғылымды қажетсінетін өнімнің, жоғары технологиялық бұйымдар үлесінің төмендігі; 
13) көптеген кәсіпорындар өнімді жекелеген мөлшерлерде және ұсақ партиялармен шығаруды жалғастыруда, бұл кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерінде (бағада) теріс көрініс табады, яғни, сұрыпы мен сапасы бойынша соған ұқсас өнім импортына себеп болып табылады; 
14) кәсіпорындардың қазіргі заманғы сапа менеджменті жүйесінің болмауы, өндірісті басқарудың әлсіз маркетингі мен менеджменті; 
15) сатудан кейінгі машина жасау өнімдері сервисі деңгейінің төмендігі; 
16) мұнай және т.б. компаниялар мен ұйымдардың жер қойнауын пайдаланушыларды техникалық қайта жарақтау жоспарлары туралы ақпараттың болмауы.

 

Саланы  дамытуда мемлекеттік реттеудің  қолданыстағы 
саясатын талдау.

 «Экономиканың  стратегиялық маңызы бар салаларындағы  меншіктің мемлекеттік мониторингі  туралы» Қазақстан Республикасының  2003 жылғы 4 қарашадағы заңында машина жасау басқа салалармен қатар экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларына жатқызылған. 
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашада № 1115 қаулысымен бекітілген Отандық машина жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешені іске асырылу үстінде, оның іске асырылу барысын талдау онда қойылған міндеттер толығымен орындалып жатқанын көрсетеді. 
Машина жасау саласына мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында жеткілікті қайта өңдеу тауарлары өлшемдерін 50 %-дан 30 %-ға дейін төмендетуді көздейтін «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы № 1054 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 62 қаулысы қабылданды. 
Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті отандық автокөлік құрастыру өндірісі өнімін құру мақсатында «Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, «Еркін қойма» кеден режимі қолданылатын аумақта өндірілген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 355 қаулысына толықтырулар енгізілді. 
Қазақстанда мемлекеттік қолдау көрсету шараларын жасау нәтижесінде дөңгелекті және шынжыр табанды тракторлар, комбайндар, жүк және жеңіл автокөліктері, тұрмыстық техникалар, мұнай-газ жабдықтары және т.б. құрастыру өндірістері құрылды. 
Елде жүргізілген жұмысқа қарамастан, әзірге машина жасаудың негізгі проблемалары шешілген жоқ: оның өсуі тұрақсыз, кәсіпорындардың жүктемесі әлсіз, инновациялық белсенділік төмен, түпкілікті өнімді шығаратын кәсіпорындардың үлесі төмен және т.б.

 

Қоршаған  ортаға әсерді бағалау. Қоршаған ортаға түсетін өнеркәсіп шығарындылары ірі көлемі ішінде машина жасауға оның болмашы бөлігі — 1 — 2 % тиесілі. Бұл көлемге машина жасау кешенінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын әскери бағдарланған салалар, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының шығарындылары да жатады. 
Қазақстан Республикасында 2016 жылға дейін есептелген табиғатты қорғау шараларының кешені жүргізіледі. Зиянды заттардың шығарындыларын азайту үшін негізгі табиғатты қорғау шаралары жоспарланды және орындалды. 
Кәсіпорындарда атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын қысқарту мақсатында газ тазалау қазандарын күрделі жөндеу, атмосфераға құрамында кремний бар шаң шығарындыларын қысқарту мақсатында пештерді газбен тазалау жүргізіледі. Шығарындыларды азайту брикеттер мен күйдірілген шекемтастарды пайдалану есебінен жүргізіліп жатыр. Санитарлық қорғау аймағын жайластыру: учаскелерді жоспарлау, аймаққа шаң жүктемесін төмендету мақсатында ағаш және бұта отырғызу жүргізіледі. 
Зауыттардың өнеркәсіп алаңдарында топырақ суларын азайту бойынша іс-шаралар, су жоғалтуды қысқарту және жерасты сулары мен топырақтың ластануын болдырмау мақсатында түрлі мақсаттағы суағарларды күрделі жөндеулер және олардың жай-күйіне мониторинг жүргізе отырып, жерасты суларын қорғау бойынша іс-шара өткізіледі. 
Кәсіпорындардың көпшілігінде ИСО 14001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық менеджмент жүйесі әзірленіп, енгізілді. Бұл жүйе күш-жігерді барынша маңызды проблемаларға бағыттауға мүмкіндік беретін қоршаған ортаға әсерді тұрақты талдауды болжайды. 
Энергия ресурстары шығынын төмендету шеңберінде белгілі бір жұмыс жүргізіледі. Бірқатар кәсіпорындарда өндірісті қайта жаңарту және жаңғырту жүзеге асырылды, жабдықтар ауыстырылды. Ірі кәсіпорындарда жыл сайын энергия ресурстарының азаю жағына шығыстарының үлестік нормалары қайта қаралады. 
Алдын ала талдау негізінен энергияны қажетсінудің төмендеуі электр энергиясы шығындарын үнемдеу жолымен, ал еңбек өнімділігінің артуы жабдықты жаңғыртудың есебінен жүреді. 
Пайдаланылатын тәсілдерден басқа энергетикалық және материалдық ресурстарды болмашы өсімімен жалпы ішкі өнімді ұлғайтуға мүмкіндік беретін ғылымды қажетсінетін өндірістерді құру бойынша белсенді жұмыс жүргізу қажет. 
Қазіргі уақытта машина жасаушы кәсіпорындар инвестициялар тарту және парникті жаңа технологияларды қолдануға, газдардың шығарындыларын қысқарту, энергияны және ресурсты үнемдеу, жерді және орман отырғызуды рекультивациялау жолымен саланың экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде.

 

Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары  және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері.

Бағдарламаның мақсаты 
Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010  — 2014 жылдарға арналған Бағдарламаның негізгі мақсаты қосылған құны жоғары түпкі өнім өндіруді ұлғайту есебінен ішкі нарықтың қажеттілігін барынша қанағаттандыру және экспортты кеңейту болып табылады.

Бағдарламаның негізгі  міндеттері 
1. Технологиялық жаңғыртуды ынталандыру және жаңа өндірістер құру. 
2. Ішкі нарықтың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану. 
3. Машина жасау өнімінің экспортын қолдау және дамыту. 
4. Машина жасау саласын дамытуды қажетті кадрлармен қамтамасыз ету.

Нысаналы индикаторлар 
Бағдарламаны іске асыру мыналарды қамтамасыз етеді: 
1. Жалпы қосылған құн салығының 74 %-ға өсіру. 
2. Саладағы еңбек өнімділігін жылына бір адамға 7 592 мың теңгеге ұлғайту. 
3. Өндіріс көлемін 588 млрд. теңгеге дейін ұлғайту. 
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер көрсеткішері  кестеде көрсетілген.

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер көрсеткіштері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі көрсеткіштер

Өлшем бірлік

Күтілетін нәтижелер

2010

2011

2012

2013

2014

1

Көлік машинасын жасау, соның ішінде:

           
 

жеңіл автомобильдер мен құрамдас бөліктерді жинақтауыштарды өндіруді оқшаулау деңгейі

%

-

5

10

20

30

 

жол-құрылыс техникасын өндіру

бірлік

-

200

200

200

200

 

мамандандырылған  платформа өндіру

бірлік

-

300

300

300

300

 

темір жол арбасын өндіру

бірлік

-

-

5000

5000

5000

 

хоппер-вагон өндіру

бірлік

-

300

400

500

600

2

Ауыл шаруашылығы  машиналарын жасау, соның ішінде:

           
 

комбайндарды өндіру

бірлік

-

500

600

700

800

 

трактор өндіру

бірлік

1000

1000

1000

1000

1000

3

Мұнай-газ машиналарын  жасау, соның ішінде:

           
 

газ айдайтын агрегат  өндіру

бірлік

-

-

-

8

8

 

газ-турбина электр станциясын өндіру

бірлік

-

-

-

6

6

4

Тау-кен машиналарын  жасау — өнім шығару көлемін ұлғайту

%

110

140

175

210

270

5

Электр техникалық машиналарын жасау — өнім шығару көлемін ұлғайту

%

106

115

135

155

170


Бағдарламаны  іске асыру кезеңдері.  Бағдарламаның орындалуы оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары арқылы жүзеге асырылады. 
Бірінші кезең (2010 — 2011 жылдар) — машина жасау кәсіпорындарында технологиялық аудит жүргізу, салалық конструкторлық бюро құру және саланың инфрақұрылымын нығайту. 
Бірінші кезеңнің мақсаттары мен нәтижелері: 
жалпы қосылған құнның 2012 жылға 10 %-ға өсуі 
машина жасау өнімінің өндіріс көлемін 2012 жылға 10 %-ға ұлғайту; 
саладағы еңбек өнімділігін 2012 жылға 64 %-ға ұлғайту 
Екінші кезең (2012 — 2014 жылдар) — машина жасау кәсіпорындарының потенциалын жүзеге асыру, интенсивті өсу. Бұл кезеңде бірінші кезеңде алынған позитивті нәтижелерді тарату, саланы қолдау мақсатыңда қолда бар инфрақұрылымдарды жүйелі нығайту және жаңа инфрақұрылымдарды құру, саланы жүйелі нығайту, мұнай-газ, тау-кен металлургиялық, ауылшаруашылық, электрлік техника және темір жол машина жасау салалары үшін жаңа өнім түрлерін игеру жүзеге асырылады. 
Нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін саланы дамыту бойынша келесі негізгі іс-шараларды жүзеге асыру қажет: 
1. Шығарылатын ассортиментті кеңейту жөніндегі икемді өндірістер құру мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және машина жасау өнімінің жаңа түрлерін игеру. 
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және қолда бар кәсіпорындарды қайта құрылымдау машина жасау кәсіпорындарында технологиялық аудит жүргізу нәтижесі бойынша, перспективті технологияларды сатып алу/енгізуге инновациялық гранттарды беру арқылы, өндірістік процестердің үнемділігін қамтамасыз ететін басқарушылық технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылады. 
2014 жылға қарай «Өскемен арматура зауыты» АҚ-ның өндірістік қуаты жаңғыртылады, Өскемен қаласы. 
Сондай-ақ, Қостанай қаласы «Агромашхолдинг» АҚ-ның ауыл шаруашылығы техникасын қызмет көрсету бойынша сауда-сервистік орталықтары жаңғыртылатын болады. 
2. Бөлшектер мен құрамдас бөліктер өндірісін игеру арқылы оқшаулау деңгейін ұлғайта отырып, ірі құрастыру өндірістерін ұйымдастыру. 
Қазақстанды индустрияландырудың 2010 — 2014 жылдарға арналған картасына енген инвестициялық жобалардың шеңберінде бөлшектер мен құрамдас бөліктер өндірісін игеру арқылы оқшаулау деңгейін ұлғайта отырып, мынадай ірі құрастыру өндірістерін ұйымдастыру жобаларын жүзеге асыру қарастырылады: «Жолаушы вагондарының өндірісі», «Электровоздар өндірісін ұйымдастыру», «Өскемен қаласында толық циклді автозауыт және автоқұрамдар шығаратын технопарк салу». Негізгі инвестициялық жобалар осы Бағдарламаның 2-қосымшасында келтірілген.          3. Қосылған құны жоғары машина жасау өнімін өндіру бойынша қазіргі заманғы жаңа кәсіпорындар құру. 
Көлік машинасын жасауда 2014 жылға қарай Қарағанды және Қостанай қалаларында оқшаулау деңгейін 30 %-ға дейін жеткізе отырып, жеңіл автомобильдер құрастырып өндіру ұйымдастырылатын болады. 
Қазақстанды индустрияландырудың 2010 — 2014 жылдарға арналған картасына енген инвестициялық жобалардың шеңберінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда: 
Өскемен қаласында «Азия Авто» АҚ базасында құрамдас бөліктердің өндірісі ұйымдастырылады, соның ішінде: пластиктен жасалған өнімдер (бампер, панель), резинатехникалық өнімдер, пайдаланылған жүйелер, жанар-май бактары, Аталған жобаны жүзеге асыруға инвестиция көлемі 74 млрд. теңгені құрайды. 
Қостанай қаласында «Агромашхолдинг» АҚ-ның базасында жылына 200 бірлік көлемінде жол-құрылысы техникасын өндіру жолға қойылады (автогрейдерлер, жаппай тиегіштер, гидравликалық экскаваторлар, тракторлар). Инвестиция көлемі 2,1 млрд. теңге. 
Темір жол машинасын жасауда да инвестициялық жобалар жүзеге асырылады: 
«Таман» ЖШС, Екібастұз қаласы жүк вагондарын өндіру, қуаты жылына 2500 бірлік. Инвестиция көлемі 7,6 млрд. теңгені құрайды. 
«Байтерек А» ЖШС, Атбасар қаласы, электровоздарды құрастырып шығару, қуаты жылына 50 бірлік. Инвестиция көлемі 9,9 млрд. теңгеден астамды құрайды. 
Бұдан басқа, Астана қаласында «Локомотив Лизинг» ЖШС локомотивтер өндірісі ұлғайтылатын болады. 
Аталған жобаларды жүзеге асыру есебінен локомотивтер мен жүк вагондарының өндірісі ұлғаяды. 
Петропавл қаласында «ЗИКСТО» АҚ базасында қуаты жылына 1200 бірлікке дейінгі мамандандырылған платформа, жылына 5000 бірлік темір жол арбасын, жылына 400 бірлік хоппер-вагон өндіру игеріледі. Аталған өндірістерді жүзеге асыру үшін инвестиция көлемі 832 млн. теңгені құрайды. 
Өскемен қаласында «Шығысмашзауыты» АҚ базасында және Қарағанды қаласында «Пархоменко атындагы Қарағанды машина жасау зауыты» АҚ базасында ірі габаритті құйма өндіру, оның ішінде темір жол машинасын жасаудың мұқтажы үшін жылдық шығару көлемі 30 мың тонна болатын өндірістер ұйымдастырылатын болады. «Шығысмашзауыты». АҚ жобасын жүзеге асыру үшін қаржы көлемі 7,1 млрд, теңге, «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» АҚ — 3,1 млрд. теңгені құрайды. 
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауда 2014 жылға қарай өнім шығару 2 есеге ұлғаятын болады. 
Қостанай қаласында «Агромашхолдинг» АҚ-ң базасында «Енисей» және «Еssil» комбайндарын жасау жылына 800 бірлікке дейін ұлғаятын болады. 
Қазақстанды индустрияландырудың 2010 — 2014 жылдарға арналған картасына енген инвестициялық жобалардың шеңберінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда: 
Семей қаласында «СемАз» ЖШС базасында қуаты жылына 1 мың бірлік көлемінде «Беларусь» тракторларын құрастырып шығару ұйымдастырылатын болады. Инвестиция көлемі 1,36 млрд. теңгені құрайды. 
Ақмола облысы Ақкөл қаласында «Астакар» ЖШС базасында «ЛЕМКЕН» герман фирмасымен бірлесіп аспалы жабдық жасау, оның ішінде: культиваторлар қуаты 34 бірлікке дейін, тырмалар қуаты 25 бірлікке дейін, бүріккіштер қуаты 12 бірлікке дейін, шөп шабатын машиналар қуаты 36 бірлікке дейін ұйымдастырылатын болады. Инвестиция көлемі 85 млн. теңгені құрайды. 
Елдің ірі облыстарында ауыл шаруашылығы техникасын сату және қызмет көрсету бойынша тоғыз сауда-сервистік орталықтан тұратын желі құрылады, атап айтқанда: Солтүстік Қазақстан облысында екеу, Шығыс Қазақстан облысында біреу, Ақмола облысында үшеу, Қостанай, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында бір-бірден. 
Мұнай-газ машиналарын жасауда 2014 жылға қарай отандық өнім үлесін 22 %-ға артып, өнім шығару 2,5 есеге артады, оның ішінде: құбыр арматурасы, сұйықтық сорғыштары, ұтқыр-бұрғылау қондырғылары, сыйымдылық құралдары қондырғылары. 
Алматы қаласында «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Белкамит» бірлескен кәсіпорны» АҚ, «Имсталькон» АҚ базаларында; Өскемен қаласында «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «Шығысмашзауыты» АҚ, «Машзауыты» АҚ базаларында; Петропавл қаласында «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Мұнаймаш» АҚ, «Қазмұнайгазмаш» АҚ базаларында; Ақтөбе қаласында «Ақтөбе мұнай құрылғылары зауыты» АҚ базасында құбыр арматурасы, сұйықтық сорғыштары мен ұтқыр — бұрғылау қондырғылары өндірісі дамитын болады. 
Орал қаласында «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ базасында жылына 8 бірлік газ айдайтын агрегат және жылына 6 бірлік газ-турбина электр станциясын өндіру игеріледі. Инвестиция көлемі 3 млрд. теңге. 
Атырау қаласында «ҚазТурбоЖөндеу Сервистік орталығы» ЖШС базасында газ-құбыр қондырғылары мен жабдығын жөндеу мен сервистік қызмет көрсету, оның ішінде 18 күрделі және 12 ағымдағы жөндеу ұйымдастырылатын болады. Аталған жоба «ҚазТурбоЖөндеу» ЖШС компаниясымен «Siemens» герман компаниясы арасындағы лицензиялық келісімді жүзеге асыру арқылы енгізіледі. Инвестиция көлемі 5,2 млрд. теңге. 
Кен машиналарын жасауда 2014 жылға қарай прокатты орнақ, рольганг, шахталық гидробагандар, гидрожылжытқыштар өндірісін дамыта отырып, «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Целингормаш» ЖШС (Степногорск қаласы) секілді және Қарағанды машина жасау консорциумының кәсіпорындары өндірісін дамыту арқылы өнім шығару көлемі 2,7 есе артады. 
Сонымен қатар Қарағанды машина жасау консорциумының базасында гидравликалық және пневматикалық перфораторлар, өздігінен жүретін бұрғылау және тиеу-көлік жабдығын өндіру игеріледі. 
Электр техникалық машиналарын жасауда 2014 жылға қарай өнім шығару 1,77 есеге артады. 
Талдықорған қаласында «Қайнар АКБ» ЖШС қорғасын аккумуляторларының өндірісі ұлғаяды, қуаты 600 мың бірлік. Аталған өндірісте инвестиция көлемі 570 млн. теңгені құрайды. 
Кентау қаласында «ҚазТрансформатор» АҚ-да трансформаторлар өндірісі 2010 жылы 2 млн.кВА-тан 2014 жылы 4 млн.кВА дейін ұлғаяды, сондай-ақ кернеулігі 220 вольт және одан да жоғары, қуаты 1 млн.кВА дейін трансформаторлар шығару игеріледі. 
Павлодар қаласында «Қазэнергокабель» АҚ базасында және Сарань қаласында «Қазцентрэлектропровод» ЖШС негізінде, «EAST INDUSTRY COMPANY ltd» ЖШС базасында оқшаулағышпен оралған сым жасау артады, қуаты жылына 33 600 км. Инвестиция көлемі 753 млн. теңгені құрайды. 
Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру Қазақстанды индустрияландырудың 2010 — 2014 жылдарға арналған картасы шеңберінде инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. 
Жүзеге асыруға ұсынылатын саладағы негізгі инвестициялық жобалар осы Бағдарламаның 2-қосымшасында көрсетілген. 
Қорғаныс өнеркәсібінде 2014 жылға қарай қазіргі бар проблемаларды шешуге және республиканың мемлекеттік қорғаныс тапсырысындағы қазақстандық қамтудың үлесін барынша ұлғайту үшін нақты әлеует құруға бағытталған бағдарламалық шаралар іске асырылатын болады. 
Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарын дамытудың негізгі бағыттары мемлекеттің скери ұйымының әскери мақсаттағы тауарларына деген барынша перспективалы қажеттіліктермен айқындалатын болады. 
Мемлекеттік органдар мен қорғаныс кәсіпорындары қазақстандық әскери мақсаттағы өнімдердің экспортын ұлғайту жөнінде тиімді, келісілген шаралар қабылдайтын болады. 
Мемлекет пен қорғаныс кешенінің қорғаныс өндірісі саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының саны мен сапасын ұлғайтуға бағытталған өзара іс-қимылы жанданатын болады. 
Қорғаныс өнеркәсібін дамыту бойынша шаралар қорғаныс өнеркәсібі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын өкілетті мемлекеттік органмен қабылданады. 
Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз етуі. 
Білім беру жүйесі басымды салалардың ағымдағы қажеттілігін кадрлардың қажетті санымен қамтамасыз етеді. Алайда, перспективті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін басымды салалардағы жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін кадрлық қажеттіліктер туралы мәліметтерді ескеру қажет. Осылайша, білім беру жүйесі мамандандырылған кадрлармен бүгінгі күннің міндеттерін ғана емес, сонымен қатар саланың болашақтағы жалпы дамуын да қамтамасыз етуі қажет. 
Жаңа ірі кәсіпорындардың ашылуы кезінде саланың интенсивті даму қажеттіліктері мамандандырылған кадрлардың қосымша санын талап етеді. 
Машина жасау саласы үшін 16 мамандық бойынша: бақылау-өлшеу құралдарын және автоматиканы жөндеуші, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика бойынша темір ұстасы, темір ұстасы-электрлік монтаждаушы, қырнаушы, жонушы, кең профильді станокшы, темір ұстасы-сайманшы, механика-құрастыру жұмыстарының темір ұстасы, темір ұстасы-жөндеуші, техник-механик, дәнекерлеуші (барлық атауы), электрлік газ дәнекерлеуші, жылжымалы құрамды жөндеу бойынша темір ұстасы, электр құралдарын жөндеу бойынша темір ұстасы-электрші, машина жасау саласы үшін технологиялық құралдарды жөндеуші кадрларға қажеттілік жоғары оқу орындарында және Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында 19 ТжКБ оқу орнында кадрлар даярлау есебінен өтелетін болады. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 005 «Білім және ғылым объектілерінің құрылысы және қайта жөндеу» бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттардың шеңберінде 2012 жылы Өскемен қаласында 700 оқушы орынға арналған машина жасау саласы үшін Өңіраралық кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі орталық салу басталады. Республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 2 300 млн. теңгеден астам құрайды. 
Дамыған елдердің алдыңғы қатарлы машина жасау кәсіпорындарында басқару кадрларының біліктілігін арттыру кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі. 
Мысалы, «Агромашхолдинг» АҚ-ның басқарушы кадрлары «Ssang Yong» компаниясында (Оңтүстік Корея), «АЗИЯ АВТО» АҚ «Volkswagen» концерні зауыттарында (Германия), «Daewoo Bus Казахстан» АҚ «Daewoo Bus Global Corporation» компаниясында (Оңтүстік Корея), «Lokomotiv-leasing» ЖШС «General Electric» компаниясында (АҚШ) және т.б. өз біліктілігін арттыратын болады. 
өз қызметін ел аумағында жүзеге асыратын шетелдік инжинирингтік компаниялар үшін (жылына персонал санының кемінде 30 %) қазақстандық кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру мақсатында компаниялардың жанында оқу орталығының болуы жөніндегі міндетті талаптар енгізіледі. 
 Техникалық регламенттерді енгізу. Экспортқа шығарылатын өнімнің сапасын дүниежүзілік ұқсас деңгейіне дейін жоғарылату, шетелдерде отандық өнімнің тартымдылығын жоғарылату мақсатында технологиялық регламенттерді ендіру, халықаралық талаптарға сәйкес мемлекеттік стандарттарды әзірлеу және енгізу қарастырылады. 
2010 — 2014 жылдар аралығында 013 «Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер бюджеттік бағдарламасы шеңберінде: автокөлік құралдарының; объектілерді қорғау үшін өрт техникасының; желдету жүйелерінің, төмен вольтті жабдықтардың; ауыл шаруашылығы және ағаш дайындау тракторларының, тіркемелері мен машиналарының; мұнай-газ кәсіпшілігінің; бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтардың; стационарлық компрессорлық тоңазыту қондырғыларының; ауыл шаруашылығы шикізатын және өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу жабдығының; ауыл шаруашылығы шикізатын және мал шаруашылығы өнімін өңдеу жабдығының, су жылытатын және бу қазандарының, шахтаға көтеру қондырғыларының; қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың; лифтілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бойынша 14 техникалық регламент және 169 мемлекеттік стандарт әзірленеді және енгізілетін болады (оның ішінде сынақ әдістеріне — 98, өнімге — 80 және менеджмент жүйесіне — 7). 
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру бойынша бағдарламасының шеңберінде машина жасау өнімін өндіруді метрологиялық қамтамасыз ету және оның қауіпсіздігі мен сапасын бақылау үшін геометриялық шама мен физика-химиялық өлшемдердің мемлекеттік эталондары жетілдіріледі. 
Техникалық регламенттер мен стандарттар, сонымен қатар оларды орындамағаны үшін жауапкершілік шаралары өз қызметінде пайдалану үшін машина жасау өнімін өндіретін және тұтынатын өнеркәсіп кәсіпорындарына, мамандандырылған орталықтар мен зертханаларға жіберілетін болады. Аталған құжаттар Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің сайтында орналастырылады.

Инновацияларды  дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу. Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу мақсатында Ғылымды, инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу бағдарламасы шеңберінде сегменттер бойынша кәсіпорындардың қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін 5 конструкторлық — ауыл шаруашылығы, электр техникалық, кен, көлік және мұнай-газ машиналарын жасау бюросын құру. 
Машина жасау кәсіпорындарының негізгі қорларын жаңарту және технологиялық қайта жарақтандыру үшін жеңілдікті шартпен жабдықтар лизингі ұйымдастырылады. 
Жыл сайын «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы жабдықтарды ауыстыруға жеңілдікпен кредит беруге кредиттер бойынша ставкаларды субсидиялау және жеңілдікті жағдайлармен жабдықтар лизингін беру үшін қаражат бөлінетін болады. 
Корпоративтік табыс салығы бойынша салық салынатын базаны ҒЗТК бойынша нәтижелерді енгізу шығыстарының 150 %-на қысқарту жолымен ҒЗТК дамытуды ынталандыру мақсатында өкілетті мемлекеттік органмен Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Тікелей инвестициялар  үшін тартымды жағдай жасау. Лизингтік  компанияларға өндірісті қаржыландыру кезінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өтінімдері болмаса да, лизингке одан әрі беру үшін ауыл шаруашылығы техникасын отандық өндірушілерден сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беру бойынша мәселелер талқыланады. 
Жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялардың және мемлекеттік органдардың сала кәсіпорындарының тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін басымдықпен сатып алуы үшін саланың дамуын қолдау «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысының орындалуын бақылау және мониторингті күшейту арқылы жүзеге асырылатын болады. 
Ауыл шаруашылығы техникасына ішкі сұраныс «ҚазАгроҚаржы» АҚ базасында отандық өндірістің техникасын жылдық 4 % жеңілдік шартпен лизингке сатып алу есебінен қамтамасыз етіледі. 
Отандық машина жасау өніміне ішкі сұраныс отандық машина жасау өнімін сатып алуға арналған кредиттер бойынша сыйақының бір бөлігін өтеу тетігін пысықтау арқылы қамтамасыз етіледі. 
Автомобиль машинасын жасау өніміне атқарушы биліктің мемлекеттік органдары, олардың аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелер үшін автомобиль техникасын сатып алу мәселесі «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысының орындалуын бақылау және мониторингті күшейту арқылы пысықталады.

Информация о работе Машина жасау өнеркәсібі